Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:32, курсовая работа
Ақша – несие сясаты ақша, несие және банктердің атқаратын қызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардың ерекше жүйесін зерттейді.
КІРІСПЕ 2
1. АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері 3
1.2 Ақша жүйесі, оның элементтері және негізгі типтері 5
2. НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ
2.1 Несие саясаты, оның элементтері 7
2.2 Несие механизмінің мазмұны 12
2.3 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері 13
2.4 Несиелеу әдістері 15
3. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
3.1 ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары
17
3.2 ҚР-да ақша – несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі
20
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
3. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
3.1
ҚР-ның ақша-несие
саясатының қалыптасу
негізі, мақсаты мен
тапсырмалары
Қазақстандағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан ары тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының қүрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
2000 жылы шамамен алғанда жылына 5-6% мөлшеріндегі инфляция қарқынына жету үшін ақша-несие және бюджет саясатын қатайтумен қатар ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін қаржылық тетіктер дамыйтын болады. Жинақтаушы зейнеткерлік қордағы жинақталған ақша қаражатының айтарлықтай бөлігін тәуекелсіз инвестициялауды қамтамасыз ету қажет
Үкімет
мемлекеттік бюджет пен бюджеттен
тыс қорлардың зәрулігін жабу
үшін Ұлттық банктің несиесін пайдаланбайтын
болады. Мемлекеттік бюджеттің
Республиканың қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қолдау үшін ақшалай-несиелік реттеу рычагтарын пайдалану жетілдіріле түспек. Банк жүйелерінің дамуына орай ақша-несие саясатының құралдарын мейлінше белсенді қолдану жоспарлануда: ҚҰБ (Қазақстанның Ұлттық банкі) сыйақы (мүдделер) ставкасын бекіту, міндетті резервтердің сараланған мөлшерін реттеу, және, әсіресе, ашық рынокта операциялар жүргізу. Мүдде ставкасына қатысты Ұлттық банктің саясаты тиісінше инфляция деңгейінің динамикасымен және инфляциялық тосуға байланысты өзгеретін нақты көріністегі біркелкі оң ставканы қолдауға, сондай-ақ, қаржылық рыноктар жағдайларына бағытталатын болады. Ақша – несие саясатының дәстүрлі құралдарын пайдалану, банктік қадағалауды күшейту, қаржылық жаңа құралдарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу ішкі жинақтауды көбейтіп және оларды ұтымды орналастыруға ықпал ететін болады.
Алдағы үш жыл ішінде Қазақстанның қаржылық секторы, банктермен қатар, қаржылық қызмет рыногында: ломбард, несиелік серіктестіктер, делдалдық фирмалар, лизингтік және сақтандыру компаниялары, жинақтау зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және активтерді басқару жөніндегі компаниялар секілді мекемелермен толығатын болады. Депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында, депозиттерді міндетті ұжымдық сақтандыру тетігін жасау және жүзеге асыру жөнінде екінші деңгейлі банктермен жұмыс жалғаса бермек.
Қор рыногын дамыту жөніндегі заңнама жетілдіріле түседі.
Валюталық рыноктың жұмыс істеуін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында, валюталық реттеуді бұдан ары ырықтандырудың нарықтық құралдарын дамытумен қатар валюталық ағыстың жүйелік мониторингісі, талдау және төлемдік теңгерімнің жағдайын болжамдау жөніндегі жұмыс жақсартылатын болады. Жалпы алтын – валюта резревтері үш айлық импорттың көлемінен кем болмайтындай деңгейде қолдау көреді.
Валютаның айырбастау бағамының саясаты валютаның сатып алушылық қабілетінің жалпы пара – парлығын қамтамасыз ету, ішкі валюталық рынокта алыпсатарлық операциялардың белсенді дамып кетуін болдырмауды және төлемдік теңгерімнің бекітуін есепке ала отырып жасалынады.
Республикадағы бүгінгі банктік екідеңгейлі жүйе мынадай жүйелер – бірінші деңгей Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін, көрсетеді, екінші деңгей – екінші деңгейдегі банктер. Қаржы рыногының маңызды институты болған өтпелі кезеңдегі банктердің дамуы тұрақсыздыққа және құрылымдық қайта құрылуға қатты ұшырады. Жүйелі нарықтық қайта құрылуда банктік капитал ролінің көтерілуі, капиталдандырудың халықаралық стандарттарын және қаржылық орнықтылықты банктердің сақтауларының қажеттілігі олардың қайта құрылым жасау, ірілену, тарату және қосылу секілді заңды процестеріне бастау салды.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру, оларды жеке басқаруға беру, сыртқы экономикалық байланысты монополиядан шығару, инвестициялық ахуалды ішкі рыноктар капиталдарының есебінен күшейту банктер ролін арттырады. Мұның сыртында, алып пайдалану бағдарламасын жүзеге асыруда және мақсатты несиелер мен сыртқы инвесторлардың қарыздарын жабуда қаржылық делдалдар ретінде банктік институттардың маңызы көтерілді.
Банктер жүйесінің осылайша қалыптасуы дамыған нарықтық экономикалы көптеген елдер үшін объективті болып келеді, олардың қаржылық рыноктарында ақшалай қаражаттардың үздіксіз қозғалысы, ақшалай қорлардың жинақ объектісінен инвестицияның объектісіне банктік институттар болып саналатын қаржылық делдалдар арқылы ауыстырушылықта болады.
Көптеген нарықтық институттар ішінде республиканың банктік жүйесі өзінің дамуында айтарлықтай қысқа кезеңде қалыптасуының теріс салдарларын көп жағынан жеңе білді, экономика секторының қайта құрылуы бойынша жетекші болды, олардың өлшемі қолайлы инвестициялық ахуалдың және инвестицияның елге құйылысының кепілдемесі болып отыр. Ақашалай – несиелік реттеудің құралдары нарықтық экономиканы дамытудың макроэкономикалық тұрақтануында, оның салалары мен нарықтық инфрақұрылымның өрлеуі мен дамуында аса маңызды рол ойнайды. Банкілік жүйелердің дамуына орай ақша рыногы инфрақұрылымының жұмыс істеуі арқылы дәстүрлі және баламалы қаржылық құралдарды пайдалана келіп, ішкі жинақтау тетіктерін жандандыру мүмкін болды.
Банктік қызмет рыногында бәсекес көтерілді. Банктерді инвестициялық және депозиттік банктерге бөлу банктер мен банктер қызметі туралы заңдармен ғана таратылған жоқ, сондай-ақ банктер заңнамаларын одан әрі жұмсарту банктерді дәулетті көтерме корпоративтік келушілерге қызмет көрсетуге қайта бағдарлаудан халықтың қаражатын тарту жұмысына, банк қызметін кеңейтуге, банктер жұмысының беделді жақтарын нығайту жөніндегі мемлекеттік зерттеулерді өрістетуге бағдарды тездетті.
Өтпелі
экономиканың жағдайында банк бәсекелестігін
дамыту банктердің қосымша ресурстарын
тартудағы өзара байланысты және олардың
көлемін сол банктердің қаржылық орнықтылығы
дәрежесімен экономиканың нақтылы секторында
қайта инвестициялауды күшейтеді. Әлемдік
практикада осыған ұқсас үрдіс бар, атап
айтқанда, берілген несиелердің көлемі
шектеусіз өсе келе, басқа операциялар
бойынша банк табысынан асып түсіп, пайданың
орнына зиян шектіреді. Әрбір банктің
бір – бірлерінің қызмет нәтижелерін
жоққа шығарарлықтай қарама-қайшлықтарының
үйлесуі өткір проблемаға айналды: операциялардың
табыстылығы көтерілді және ол бойынша
тәуекел төмендеді.
3.2
ҚР-да ақша –
несие жүйесінің
қызметі мен оны
жетілдірудегі Ұлттық
Банкінің ролі
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
ҚР-дағы ақша жүйесі келесі бағыттарда әрекет етеді:
Несие жүйесі кең мағынада несие қатынастарының, несие нысандарының, қаржы мекемелерінің жиынтығы. Несие жүйесі тар мағынада бұл есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы елдегі ақша айналысын реттейтін басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер тарабы болып табылады.
Несие жүйесінің - өз қызметтерін орындау барысында несиелік қатынастар туындайды. Несие жүйесі – уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтайды, оны қайтару және төлеу шарттарды қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелерінің әртүрлі субъектілерінің арасындағы экономикалық байланыстар. Несие жүйесінің экономикадағы ролі 3 суретте көрсетілген.
Сурет 3 - Несие жүйесінің экономикадағы ролі
ҚР-ның
несие жүйесінің элементтері 4 суретте
көрсетілген.
Сурет
4 - Несие жүйесінің элементтері.
Сурет
4 - ҚР-ның несие жүйесінің
ҚР-ның
несие жүйесінің маңызы 5 суретте
көрсетілген. рпрпрпрпррпррпрпр
Сурет
5 - ҚР-ның несие жүйесінің маңызы
Сурет
5 - ҚР-ның несие жүйесінің маңызы
Айналыстағы
ақша массасының көлемін реттеу жолымен
Қазақстан Республикасында
Кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады. Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді. Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді. Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді. Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді.
Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу-сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциялық нормативтер белгілейді.
Қазақстан
Республикасында информациялық
процестерді ақша-несие
ҚР-ның Ұлттық банктің міндеттері:
Ұлттық банк жұмысының негіздері келесіде: