Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:32, курсовая работа
Ақша – несие сясаты ақша, несие және банктердің атқаратын қызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардың ерекше жүйесін зерттейді.
КІРІСПЕ 2
1. АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері 3
1.2 Ақша жүйесі, оның элементтері және негізгі типтері 5
2. НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ
2.1 Несие саясаты, оның элементтері 7
2.2 Несие механизмінің мазмұны 12
2.3 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері 13
2.4 Несиелеу әдістері 15
3. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
3.1 ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары
17
3.2 ҚР-да ақша – несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі
20
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: 19 ғ. аяғы 20-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие саясатында ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.
Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына жасалады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен проценттік төлем ақысы сақталады. Сондай-ақ клиенттерге банк қызметінің қосымша түрлері көрсетіледі.
Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды. Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей тұрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі; ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.
Төртіншіден,
несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер.
Арнаулы несие – қаржы
Несие
саясаты несиелік қызметінің міндеттерін,
оларды іске асыру құралдары мен
әдістерін, сондай-ақ несиелі процесті
ұйымдастыру принциптері мен
тәртібін белгілейді. Несие саясаты
несие механизмі көмегімен
Жалпы несие саясаты мынадай сипатта болуға тиіс:
Несие саясаты несиелік қызметтің келесідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді (сурет 1).
Сурет
1 - Несие саясаты арқылы анықтайтын несиелік
қызметінің бағыттары
Несие саясаты несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несие саясатының қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несие саясатында мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:
Іс
жүзінде несие саясатын іске асыру
тәсілдері мен әдістерін
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта – «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.
Несие саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты – бұл несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартына мынадай сұрақтар қарастырылады:
Несиелік
нұсқаулық несиелеу процедураларын
іске асырудың жалпы алгоритімін
бекітетін кезектіліктің
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы,
несиелік саясатта қарыз алушы туралы
қажетті ақпараттар жинау және несиелік
қабілетіне талдаудан бастап, несиелік
талдау және аудит, несиелер бойынша
мүмкін болар зиян процесін қамтитын
несиелік процестің барлық кезеңдері
көрсетіледі.
2.2
Несие механизмінің
мазмұны
Несие механизмі – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Қазіргі несие механизмі экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несие механизмі несиелеуді экономикалық ұйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.
Несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.
Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады (сүрет 2).
Сүрет
2 - Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері
2.3
Несиелеуді ұйымдастыру
принциптері
Несиелеу
принциптері несиенің мәнін және
қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды
ұйымдастыру облысындағы
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі
несиелік қатынастарды ұйымдастыру
принциптері екі топқа
1 топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
2
топқа – несиенің мәнін
Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциалануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Кепіл
несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты
формасы ретінде мынадай
Несиелерді
қамтамасыз етудің келесі бір жолы
– несиелерді сақтандыру. Бұл енді
біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен
де, оның айналысында көптеген мәселелер
орын алуда.
2.4
Несиелеу әдістері
Несиелеу әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға
дейінгі кезеңдегі отандық
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті.
Айналым бойынша несиелеу әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің берілуі мен бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша ұштасып қалып отырды.
Айналым
және қалдық бойынша несиелеудің
іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде
айналым – қалдықтық әдісі
түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде,
несиеге деген қажеттіліктің
туындауына байланысты несие берілсе,
ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң
түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие
тауарлы – материалды құндылықтарды кепілге
алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде
берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің
банк алдындағы мерзімді міндеттемелері
негізінде өтеледі.