Ақша мәні, қызметтері, теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2011 в 22:39, курсовая работа

Описание работы

Берілген курстық жұмысының мақсаты-ақша теорияларының қалыптасу тарихын неғұрлым кең ауқымда қарастырып, оның бүгінгі таңдағы жағдайын анықтау.
Осыған байланысты жұмысқа төмендегідей міндеттер қойылады:
* ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәнін ашып, оның даму тарихын қарастыру;
* Ақшаның атақаратын қызметтерін талдау;
* Ақшаның түрлеріне шол жасау;
* Ақшаның сандық теориясына сипаттама беру.
* ҚР-ғы сандық теориясының даму.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні.............................3
1.1 Ақшаның даму тарихы..................................................................................5
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны ...................................9
1.3 Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары .................................................15
2 Ақша теорияларына сипаттама.....................................................................20
2.1 Ақшаның металдық теориясы......................................................................20
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...............................................................23
2.3 Ақшаның сандық теориясы..........................................................................25
Қорытынды............................................................................................................28

Пайданылған әдебиеттер тізімі............................................................................30

Работа содержит 1 файл

Акша1.doc

— 150.00 Кб (Скачать)

   2.3 Ақшаның сандық теориясы 

   Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстің ашқан  ақша айналысының занымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша салымы айналыстағы  ақша санымен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің  айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі сәйкестіктің болуын талап етеді.

   1920 жылы ұлы депрессиядан кейін  ақшаның сандық теориясы өзінің  күшін жоғалта бастады. Себебі, кейнстік теория ақша массасын  емес нақты экономиканы басқаруға  көп көңіл бөлді. Соңғы он  жылдықта етек ала бастаған  инфляциялық процестер ағылшын американ экономистерінің сонетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырады. Себебі, қазіргі кездегі ақша массасымен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда.

   Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті ақшаның жалпы көлемін қысқартады. Бұл қарыз міндеттемелерінің көп бөлігі қөарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді. Неғұрлық тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет етіледі. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн. Айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервін қалыптастырады. Осының нәтижесінде айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі формуламен беріледі: 

   Тб.с. – Н т.б.с. + Ө т.м.с.

   А 

   Тб.с. - тауар бағасының сомасы;

   Т б.с. - тауар бағасының сомасы;

   Н т.б.с.  – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы;

   Т с  - қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;

   Ө т.м.с. - өзара есептескен талаптар мен міндеттемелер сомасы;

   АР- ақша резервтер;

   А – ақшаның төлем және айналыс  құралдары ретіндегі айналымның орташа саны.

   Теңдікте  көрсетілгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкін себептердің бірі ретіндегі тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады. Бұл жағдайда Т с шамасы кері таңбаға ие. Алайда бұл нарықтық экономикаға өтуші Қазақстанда және басқа да елдерде өнеркәсіптер арасында орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын

   көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды.

   Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті  ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік  бермейді. Ол шаруашылық қатынастар мен  экономикалық даму факторларының жалпы  жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды. Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттіліктеріне сәйкес несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін өзінің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады.

   Ақша  екі түрлі формада болады: қолма-қол  және банктік айналымның ақшалары. Ақшаның бұл екі формасы бір-бірімен тығыз байланысты.

   Ақша  массасының көбеюі бірнеше каналдар бойынша жүреді:

  • Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен;
  • Орталық банктен комерциялық банктен несие алуы жолымен;
  • Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін несие беру арқылы;
  • Орталық банктің бағалы металдарды шетел волюталары және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жолымен  (депозиттер негізінде несиелік ақшаларды түсіру);

   Коммерциялық  банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттердің міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғұрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдалынылады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтілігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффицентімен анықталады. Осыдан ақша массасының көлемі орталық банк жүргізетін ақша несие саясатымен тығыз байланысты. Мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуін сақтау екенін көреміз. Мақсатты белгілеуде орталық банк келесі көрсеткіштерді ескереді:

  • Нақты бейнелеудегі ЖҰӨ -нің болжанатын өсімі;
  • Жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін (жылдық ЖҰӨ номиналдық шамасының орташа жылдық ақша массасына қатынасы, жылдамдығы);

   Жоспарланған  кезеңдегі инфляцияның максималды рұқсат етілген деңгейі. Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциялының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнімді орналастыру коэффицентінің өте төмендігін білдіреді. Ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалыф түрде жылдар жұмсауды және жоғары конъюктураны білдіреді. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына кері пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосвмша эмиссияға қажеттілікті қысқартуы тиіс. Керсінше ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектілердің жинақтауға ұмтылысын ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсуін көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Қорытынды 

   Аталған жұмыста алғашқы мәліметтерге сүйене отырып, ақша категориясына анықтама беріліп, оның атқаратын қызметтері мен негізгі ақша теориялары қарастырылған  болатын. Атап айтқанда ақша тауар өндірісінің  дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті шарттарды құрайды.

   Сонымен, курстық жұмыстың бірінші тарауында  ақшаның тауардан дами отырып тауар  болып қалыптасқандығы мәлім  болды. Бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент. Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуы мен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітіліп, қазіргі кезде қағаз және несие ақшаларында көрініс табады.

   Жалпы алғанда ақшаның мәні оның үш қасиетің бірігуі мен көрініс табады: жалпыға  тікелей айырбасталу, айырбас құнының  дербес формасы: еңбектің сыртқы заттық өлшемі болып табылады.

   Ақшаның атқаратын қызметтері бірінші тараудың екінші бөлімінде кең ауқымда  қарастырылып, онда ақшаның бес түрлі  қызметі: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор, қазына жинау құралы және дүниежүзілік ақшаға сипаттама  беріп өттік.

   Сонымен бірге берілген тараудың бір бөлімі «Ақша түрлері» деп анықталып, онда толық құнды және толық құнсыз ақшалар қарастырылып өтті. Атап айтқанда, толық құнды ақшалар деп номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құны мен сәйкес келетін ақшалар анықталса, толық құнсыз ақшалар-номиналқы құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді.

   Курстық жұмыстың екінші тарауы ақша теорияларына сипаттама беруга арналып, онда ақшаның  металдық теориясы, ақшаның номиналистік және сандық теориялары қарастырылды.

   Жалпы алғанда ақшаның металдық теориясы фитишистік сипатта болған, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның  рөлінде алтын күміс сияқты кез  келген бағалы металл бола алады. Металдық теорияны өкілі М. М. Сперанский барлық пайымдауларының негізі ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасты білдірген.

   Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің  метализмге қарсы іс-әрекеті болып  табылады. Тауар өндірісі мен айналымның өсуіне байланысты металл монеталар, вексель,  банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алады.

   Ақшаның сандық теориясы сәйкес, ақшаның төлем  құралы ретінде қызмет етуі айналысқа  қажетті ақшаның жалпы көлемін  қысқартады. Бұл қарыз міндеттемелерінің көп бөлігі қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсіндіріледі.

   Қазіргі кезде ақша теорияларының дамуы  кең ауқымды зерттеуді қажет  ететін экономикалық мәселелердің бірі болып табылады.

   Өйткені, ақшаның өзі, сондай-ақ оның қызметтерінде жылдар бойы белгілі өзгерістер орын алып отырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Пайданылған әдебиеттер тізімі 

  1. Антонов Н.Г., Пессель М.А. Денежное обращение, кредит и банки-М., 1995
  2. Ақша, қаржы және несие. Оқу құралы-Қарағанды, 2002ж.
  3. Бунина М.К. Деньги. Банки. Валюта: Учебное пособие-М., 1994г.
  4. Балабанова И.Т. под ред. Банки и банковское дело, СПб., 2003г.
  5. Банковский портфель т.1.-М., 1994г.
  6. Вусов В. Деньги. Денежное обращение. Инфляция: учебное пособие для вузов-М., 1999г.
  7. Жуков Е.Ф. под ред. Общая теория денег и кредита, М., 1998г.
  8. Жуков Е.Ф. под ред. Деньги, кредит, банки, М., 2003г.
  9. Кошенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары-А., 2000ж
  10. «Қазақстан Республикасының банктері және банк қызметі туралы» ҚР Заңы. 31.03.1995ж
  11. Лаврушина О.И. Деньги, кредит, банки, М., 1999г.
  12. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, А., 2004ж.
  13. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер., А. Экономика, 2001ж.
  14. Уткин Э.А. Словарь банковских терминов., М.,1997г.

Информация о работе Ақша мәні, қызметтері, теориясы