Ақша мәні, қызметтері, теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2011 в 22:39, курсовая работа

Описание работы

Берілген курстық жұмысының мақсаты-ақша теорияларының қалыптасу тарихын неғұрлым кең ауқымда қарастырып, оның бүгінгі таңдағы жағдайын анықтау.
Осыған байланысты жұмысқа төмендегідей міндеттер қойылады:
* ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәнін ашып, оның даму тарихын қарастыру;
* Ақшаның атақаратын қызметтерін талдау;
* Ақшаның түрлеріне шол жасау;
* Ақшаның сандық теориясына сипаттама беру.
* ҚР-ғы сандық теориясының даму.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні.............................3
1.1 Ақшаның даму тарихы..................................................................................5
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны ...................................9
1.3 Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары .................................................15
2 Ақша теорияларына сипаттама.....................................................................20
2.1 Ақшаның металдық теориясы......................................................................20
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...............................................................23
2.3 Ақшаның сандық теориясы..........................................................................25
Қорытынды............................................................................................................28

Пайданылған әдебиеттер тізімі............................................................................30

Работа содержит 1 файл

Акша1.doc

— 150.00 Кб (Скачать)

Жоспар: 
 
 

Кіріспе..................................................................................................................3 

1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні.............................3

1.1 Ақшаның даму  тарихы..................................................................................5

1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны ...................................9

1.3 Ақшаның түрлері  мен қазіргі формалары .................................................15 

2 Ақша теорияларына сипаттама.....................................................................20

2.1 Ақшаның металдық  теориясы......................................................................20

2.2 Ақшаның номиналистік  теориясы...............................................................23

2.3 Ақшаның сандық  теориясы..........................................................................25 

Қорытынды............................................................................................................28 
 

Пайданылған әдебиеттер тізімі............................................................................30 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Кіріспе 

   Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Қазіргі кезде көптеген экономикалық мәселелердің басын анықтауда ақша теорияның мәні зор болып табылады. Қандайда болмасын уақытында сай жаңа қоғамдық жүйе мемлекеттің реттеуінде болады. Сол сияқты ақша теорияларының қаншалықты дамуына байланысты барлық экономикалық, әлеуметтік мәселелерінің шешімі табылады. Осыған байланысты қазіргі кездегі экономика саласының актуальді мәселелерінің бірі болып, ақша теорияларының қазіргі кезіндегі даму деңгейі табылады.

   Берілген  курстық жұмысының мақсаты-ақша теорияларының қалыптасу тарихын неғұрлым кең ауқымда қарастырып, оның бүгінгі таңдағы жағдайын анықтау.

   Осыған  байланысты жұмысқа төмендегідей міндеттер  қойылады:

  • ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәнін ашып, оның даму тарихын қарастыру;
  • Ақшаның атақаратын қызметтерін талдау;
  • Ақшаның түрлеріне шол жасау;
  • Ақшаның сандық теориясына сипаттама беру.
  • ҚР-ғы сандық теориясының даму.

   Берілген  курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан , қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімімен тұрады.

   Атап  айтқанда негізгі бөлімінің бірінші  тарауы «Ақшаның шығу тарихы мен мәні» деп белігіленіп, онда ақшаның даму тарихы, ақшаның атқаратын қызметтері мен ақшаның түрлеріне сипаттама берілген болатын.

   Берілген  курстық жұмысты жазу барысында  ақша теорияларын кең ауқымда  зерттеген экономика ғылымдарының мамандары Ғ.С. Сейітқасымов, С.Б. Мақыш, Б.А. Кошенова, Е.Ф.Жукова, Э. Дж. Долланның еңбектеріне сүйеніп, мерзімді басылым беттеріндегі соңғы мәліметтерді қарастырған болатынбыз.

       1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні 

   1.1 Ақшаның түсінігі және даму тарихы 

    Ақша- өндіру мен бөлу процестерінде адамдар  арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория  болып табылады. Экономикалық категория  ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

  • жалпыға тікелей айырбасталу;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

   Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаның пайдалану, кез келген материалдық  құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің  бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік  елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектеледі. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдалланудың көлемі едуәір кеңіді.

   Ақшаның айырбас құнының дербес формасы  ретінде пайдалану тауарларды тікелей  өткізуіменен байланысты емес, ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

   Еңбектің  сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

   Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар  ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонтезациялануы  аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін  орындауды толығымен тоқтатты. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немес жайлаңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар  жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүреді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның жартылай демоентезациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

   Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері-(қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атақарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

   Ақша  адамдарға ежелден таныс. Бірақ  оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап береді. Ақша- тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолданылуының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.

   Қоғамдық  дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек  өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде бксқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбек нәтижесі-өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі- тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар –еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, онда еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда  ол тауар емес, тұтыну заты.

   Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі-тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиетті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны- тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетіне шығады да, ал басқа тауарларға айрбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әр бір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол – құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

   Айта  кететін жәйт, кез келген пайдалы  зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өнделмеген тың жер, өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз- тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі-еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнім құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет- ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта- нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.

   Капитал сөзінің шығуы малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл  сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

   Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде  айырбас үшін жүнді пайдаланады. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша  әр түрлі тауарлар сатып алу барысында  құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері  Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылады. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте, Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдарының бірі болды.

   Жылы  теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде  бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғұлт бақалшақ Кари көптеп таралды.

   Бақалшақ  ақшалар тауар ақшалардың ең бір  тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін  өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске  ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны- қара түсті (курила), ақ түсті (галиа),  аса қымбат- қызыл түсті (ронго) пайдаланды.

   Әлемде  әр түрлі «экзотикалық» ақшалар  болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменінің тасын еске түсіреді.

   Юлий  Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде  құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестіріледі.

   Өнер  мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік  мінездемелері бар эквиваленттер  пайда болды. Бұл аз бұзылатын  өсімдік өнімдері-зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма және т.б.

   Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана  басталды. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын  түріндегі ақшалар пайдаланылды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс  ақша ретінде пайдаланылды.

   Металл  ақшаларының артықшылығы, олар-біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б.

   Кейін келе металдардың арасында басты  роль алтын мен күміске өте  бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

   Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ  уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Бірақ б.э. дейін ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр, марка салмақ бірліктері атауымен аталады. 

   1.2 Ақшаның атқаратын  қызметтері, олардың мазмұны  

   Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл  ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралдары қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі. Ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнының көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керсінше толық құнды ақшаны қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауарлар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді. Сонымен, ақшаның бірінші атқаратын қызметі ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ.

Информация о работе Ақша мәні, қызметтері, теориясы