Қаржы мониторингінің операциялры

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 17:05, доклад

Описание работы

Қаржы монитонгісі – ақшамен немесе өзге мүлікпен операциялар туралы қаржы мониторингісі субъектілерінен келіп түсетін ақпаратты жинақтау және талдау жөніндегі шаралардың жиынтығы. Ал ақшамен немесе өзге мүлікпен операциялар – олармен байланысты азаматтық құқықтарды және міндеттерді белгілеуге, өзгертуне немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсіліне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ақшамен немесе өзге мүлікпен іс - әрекеті.

Содержание

Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және өзге мүлікпен жасалатын операциялар түрлері
Қолма – қол шетел валютасын айырбастау пунктері арқылы сатып алу, сату және айырбастау операциясы
ҚР – сының Ұлттық банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелу мен әкетуді қоспағанда, қолма – қол валютаны ҚР-сына әкелу не әкету операциясы
Мәдени құндылықтарды сатып алу (сату) операциясы
Бiржолғы операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктiк есепшотынан алу немесе банктiк есепшотына салу, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операциясы

Работа содержит 1 файл

Заңсыз ақша.doc

— 81.00 Кб (Скачать)

     Сақтандыру  төлемін жүзеге асыру  және сақтандыру сыйлыақысын  алу - сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында көзделген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемесiн қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы.  
      Сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншiк құқығымен тиесiлi болады.  
      2. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заңнамалық актiлермен белгiленедi.  
      Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заңдармен белгiленуi мүмкiн.  
      3. Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн айқындау кезiнде, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тәуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасы өлшемiнен өндiрiлетiн сақтандыру сыйлықақысының ставкасын белгiлейтiн сақтандырушы әзiрлеген сақтандыру тарифiн қолдана алады.  
      4. Шартта сақтандыру сыйлықақысын мерзiмдiк сақтандыру жарналары түрiнде бөлiп-бөлiп төлеу көзделуi мүмкiн.  
      5. Егер сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделген болса, шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды қоса алғанда, шартта кезектi сақтандыру жарналарын белгiленген уақытта төлемеудiң зардабы айқындалуы мүмкiн.  
      6. Егер сақтандыру жағдайы енгiзу мерзiмi өтiп кеткен белгiлi бiр сақтандыру жарнасын төлеуден бұрын басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау кезiнде мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарнасының

        Сақтандыру төлемi:      

1. Сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы.  
            2. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбi шартта белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.  
      3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi.  
      Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.  
      4. Мүлiктi және азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде сақтанушыға (сақтандырылған адамға) келтiрiлген нақты зиянның мөлшерiнен аспауы керек.  
      5. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтанушыға (сақтандырылған адамға) әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша, сақтандырудың басқа шарттары бойынша оған тиесiлi сомаларға қарамастан және зиянның орнын толтыру тәртiбiмен жүзеге асырылады.  
      6. Мүлiктiк сақтандыру шартының талаптарымен сақтандыру өтемiнiң сомасы шегiнде сақтандыру өтемiн зиянның заттай нысандағы өтемiмен ауыстыру көзделуi мүмкiн.  
      7. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде сақтандырушы өзiне сақтанушыдан тиесiлi болатын сақтандыру сыйлықақыларына не сақтандыру жарналарына есеп жүргiзуге құқылы.  
  

     Бiржолғы операция ретiнде  ақшаны клиенттiң  банктiк есепшотынан  алу немесе банктiк  есепшотына салу, сонымен  бiрге қатарынан  күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операциясы     

1. Банктiк  шот шарты бойынша бiр тарап  (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) пайдасына  түсетiн ақшаны қабылдауға, клиенттiң  клиентке немесе үшiншi тұлғаларға  ақшаның тиiстi сомаларын аудару (беру) туралы өкiмдерiн орындауға және банктiк шот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.  
      Банктiк шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен адамға клиенттiң банктегi ақшасына есеп жүргiзу мақсатында тараптар келiскен шарттар бойынша клиенттiң бiр ыңғайландырылған дербес коды берiледi. Клиенттiң бiр iзге түсiрiлген дербес кодын беру, жою, банктiң клиент ақшасына есеп жүргiзу тәртiбi банктiк заңдармен белгiленедi.  
      2. Заңды тұлғалар мен азаматтар қызмет көрсету банктерiн өз бетiнше таңдайды және олар банктiк шот шартын бiр банкпен де, бiрнеше банкпен де жасауға құқылы.  
      3. Егер заң актiлерiнде немесе тараптар келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, банктiк шот шарты мерзiмсiз болып табылады.      

  Банктiк шот шартының нысаны      

1. Банктiк  шот шарты жазбаша түрде жасалуға  тиiс.  
      2. Банктiк шот шартының жазбаша түрiн сақтау осы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.      

 Клиенттiң ақшасына билiк ету  -   1. Банк клиенттiң банктегi ақшасын алып қоюды егер заң актiлерiнде немесе банктiк шот шартында өзгеше көзделмесе, клиент өкiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.  
      Егер заңдарда немесе банктiк шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттiң ақшаны пайдалану бағытын белгiлеу мен бақылауға және оның өз қалауынша ақшаға билiк ету құқығына заңдарда көзделмеген шек қоюға құқығы жоқ.  
      2. Егер ақшаны азамат салған болса, банктегi ақшаға билiк ету құқығын не азаматтың өзi, не ол осы құқықты сенiп берген адам пайдаланады.  
      Егер ақшаны заңды тұлға салған болса, банктегi ақшаға билiк ету құқығын осы заңды тұлғаның басшысы және (немесе) ол уәкiлдiк берген өзге адамдар пайдаланады.  
      3. Банктегi ақшаға клиент атынан билiк етудi жүзеге асыратын адамдардың құқықтары клиент банкке заңдарда және шартта көзделген құжаттар ұсыну арқылы расталады.  
     4. Банктiк шот шартында банктегi ақшаға билiк етудiң тәртiбi белгiленуге тиiс. Мұндай тәртiпке қойылатын талаптар банктiк заңдармен белгiленедi.         

   Банктiк шот шарты бойынша банк орындайтын  операциялар      

 1. Банктiк шот шартына сәйкес банк:  
      1) клиент талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз етуге;  
      2) клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға;  
      3) клиенттiң үшiншi тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы өкiмiн орындауға;  
      4) үшiншi тұлғалардың, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және (немесе) банктiк шот шартында көзделсе, клиенттiң ақшасын алып қою туралы өкiмдерiн орындауға;  
      5) банктiк шот шартында белгiленген тәртiп бойынша клиенттен қолма-қол ақша алуды және оған берудi жүзеге асыруға;  
      6) клиенттiң талап етуi бойынша клиенттiң банктегi ақша сомасы және жүргiзiлген операциялар туралы ақпаратты шартта көзделген тәртiппен беруге;  
      7) клиентке шартта, заңдарда және банктiк тәжiрибеде қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларында көзделген өзге де банктiк қызмет көрсетуге мiндеттi.  
      2. Банк клиенттiң пайдасына келiп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-ақ клиенттiң ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын берудi, егер заң актiлерiнде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған нормативтiк құқықтық актiлерде өзге мерзiмдер көзделмесе, оның бiр iзге түсiрiлген дербес коды бойынша тиiстi нұсқаумен банкке келiп түскен күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, сондай операцияларды көрсете отырып жүргiзуге мiндеттi.  
 
 
 
 

          

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс – қимыл туралы заң, 2009 ж 28 тамыз
  2. Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң, 2005 ж 13 маусым
  3. Ойын бизнесі туралы заң, 2007 ж 13 қаңтар
  4. Мәдениет туралы заң, 2006 ж 15 желтоқсан
  5. Азаматтақ  кодекс, 1994 ж 27 желтоқсан
  6. Ұлттық Банк туралы заң, 1995 30 наурыз

Информация о работе Қаржы мониторингінің операциялры