Қаржы мониторингінің операциялры

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 17:05, доклад

Описание работы

Қаржы монитонгісі – ақшамен немесе өзге мүлікпен операциялар туралы қаржы мониторингісі субъектілерінен келіп түсетін ақпаратты жинақтау және талдау жөніндегі шаралардың жиынтығы. Ал ақшамен немесе өзге мүлікпен операциялар – олармен байланысты азаматтық құқықтарды және міндеттерді белгілеуге, өзгертуне немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсіліне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ақшамен немесе өзге мүлікпен іс - әрекеті.

Содержание

Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және өзге мүлікпен жасалатын операциялар түрлері
Қолма – қол шетел валютасын айырбастау пунктері арқылы сатып алу, сату және айырбастау операциясы
ҚР – сының Ұлттық банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелу мен әкетуді қоспағанда, қолма – қол валютаны ҚР-сына әкелу не әкету операциясы
Мәдени құндылықтарды сатып алу (сату) операциясы
Бiржолғы операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктiк есепшотынан алу немесе банктiк есепшотына салу, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операциясы

Работа содержит 1 файл

Заңсыз ақша.doc

— 81.00 Кб (Скачать)
 
 
 

          Жоспары:

  1. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және өзге мүлікпен жасалатын операциялар түрлері
  2. Қолма – қол шетел валютасын айырбастау пунктері арқылы сатып алу, сату және айырбастау операциясы
  3. ҚР – сының Ұлттық банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелу мен әкетуді қоспағанда, қолма – қол валютаны ҚР-сына әкелу не әкету операциясы
  4. Мәдени құндылықтарды сатып алу (сату) операциясы
  5. Бiржолғы операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктiк есепшотынан алу немесе банктiк есепшотына салу, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операциясы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          Қаржы монитонгісі  – ақшамен немесе өзге мүлікпен операциялар туралы қаржы мониторингісі  субъектілерінен келіп түсетін ақпаратты жинақтау және талдау жөніндегі шаралардың жиынтығы. Ал ақшамен немесе өзге мүлікпен операциялар – олармен байланысты азаматтық құқықтарды және міндеттерді белгілеуге, өзгертуне немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсіліне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ақшамен немесе өзге мүлікпен іс - әрекеті.

          Қаржы мониторингіне  жататын, ақшамен және өзге мүлікпен жасалатын операциялар қолма-қол нысандағы және қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы операциялар болып бөлінеді.

Қолма-қол  нысандағы операциялар

      1 млн. теңгеге тең немесе одан асып түсетін сомаға тең қолма-қол нысандағы операциялар:

1) бәс  тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар  ойындар, сондай-ақ лотерея өткiзу  нәтижелерi бойынша ұтысты, оның iшiнде электронды нысанда алу;

     7 млн. теңгеге тең немесе одан  асып түсетін сомаға тең қолма-қол операциялар:

2) қолма-қол  шетел валютасын айырбастау пункттерi арқылы сатып алу, сату және  айырбастау;

3) бiржолғы  операция ретiнде чек немесе  вексель бойынша ақша алу, сонымен  бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi  күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;

4) бiржолғы  операция ретiнде құны бiр банкнотты  құны басқа банкнотқа айырбастау, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк  жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын  операция;

5) бiржолғы  операция ретiнде ақшаны клиенттiң  банктiк есепшотынан алу немесе  банктiк есепшотына салу, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;

8) бiржолғы  операция ретiнде үшiншi тұлғаның  пайдасына жинақ есепшотын (салымын)  ашу және (немесе) мұндай есепшотқа  ақшаны енгiзу, сонымен бiрге қатарынан  күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;

10) мәдени  құндылықтарды сатып алу (сату), Қазақстан Республикасына әкелу  не Қазақстан Республикасынан  әкету;

12) Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкi, банктерi  мен Ұлттық почта операторы  жүзеге асыратын әкелудi немесе әкетудi қоспағанда, қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;

13) сақтандыру  төлемiн жүзеге асыру немесе  сақтандыру сыйлықақысын алу;

14) жинақтаушы  зейнетақы қорларына ерiктi зейнетақы  жарналарын енгiзу, аудару, сондай-ақ ерiктi зейнетақы жарналарының есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру;

15) қаржы  лизингiнiң шарты бойынша мүлiктi алу немесе ұсыну;

16) қызмет  көрсету, оның iшiнде мердiгерлiк,  тасымалдау, көлiк экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi мәмiлелер;

17) қымбат  металдарды, асыл тастарды және  олардан жасалған бұйымдарды  сатып алу-сату және олармен  өзге де операцияларды жүргiзу;

     45 млн. теңгеге тең немесе одан  асып түсетін сомаға тең қолма-қол нысандағы операциялар:

19) бағалы  қағаздармен жасалатын мәмiлелер.

     Қолма-қол  және қолма-қол емес нысандағы операциялар

     2 млн. теңгеге немесе одан асып  түсетін сомаға тең қолма-қол  және қолма-қол емес нысандағы  операциялар:

6) бiржолғы операция ретiнде оффшорлық аймақта тиiсiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеудi немесе аударуды жүзеге асыруы не көрсетiлген санаттағы тұлғалардың пайдасына клиенттiң ақшаны аударуы, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;

7) бiржолғы  операция ретiнде жасырын иеленушiге  арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақшаны аудару, жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттан (салымнан) ақшаның түсуi, сонымен бiрге қатарынан күнтiзбелiк жетi күн iшiнде жүзеге асырылатын операция;

9) өтеусiз  негiзде басқа тұлғаның пайдасына  клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;

7 млн.  теңгеге тең немесе одан асып  түсетін сомаға тең қолма-қол  және қолма-қол емес нысандағы  операциялар:

11) мемлекеттiк  тiркеу сәтiнен бастап үш айдан  аз уақыт өткен заңды тұлғалардың  жасаған операциялары;

45 млн.  теңгеге тең немесе одан асып түсетін сомаға тең қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы операциялар:

18) мiндеттi  мемлекеттiк тiркеуге жататын  жылжымайтын және өзге де мүлiкпен  жасалатын мәмiлелер;

     Ойын бизнесі туралы заңына сәйкес”, бәс тiгу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесiн ұйымдастырушымен ұтыс көзделiп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм; 
  құмар ойын - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесiн ұйымдастырушымен ұтыс көзделiп, олар қатысатын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм; 
1ұтыс - құмар ойынының және (немесе) бәс тiгудiң нәтижесi шыққан кезде құмар ойынының және (немесе) бәс тiгудiң қатысушысына мiндеттi түрде төленуге немесе берiлуге тиiс, ойын бизнесiн ұйымдастырушы белгiлеген ережелерде көзделген, ақша немесе өзге де мүлiк түрiндегi мүлiктiк пайда, соның iшiнде мүлiктiк құқықтар.

     Ойын  мекемелерiнiң кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемiнде  жетi тәулiк сақтауды қамтамасыз ететiн  және құмар ойнына және (немесе) бәс  тiгуге барлық қатысушылардың әрекеттерiн тiркейтiн бейне жазу жүйелерiмен жабдықталуға тиiс.  Кассада немесе ойын бизнесiн ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тiгуге қатысушыға ұтысты төлеу үшiн ақша жетiспеген жағдайда ойын бизнесiн ұйымдастырушы белгiленген ережелердi ескере отырып, жетпеген сомаға мiндеттi резервтердi пайдалануы тиiс.

     Мiндеттi резервтер Қазақстан Республикасының  атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана ойын бизнесiн ұйымдастырушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тiгуге қатысушыларға ұтысын төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау мақсатында және ойын бизнесiн ұйымдастырушының шоттары мен кассасында ақша жетiспеген жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкiн.

     Қолма – қол шетел  валютасын айырбастау пунктері арқылы сатып алу, сату және айырбастау операциясы, “Валюталық реттеу және валюталық бақылау” туралы заңына сәйкес, айырбастау пункттерi - шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргiзiлетiн арнайы жабдықталған орындар;  
       валюта - мемлекеттер заңды төлем құралы ретiнде қабылдаған ақша бiрлiктерi немесе банкноттар, қазынашылық билеттерi және монеталар, оның iшiнде қымбат металлдардан жасалған монеталар (айналыстан алынғандарын немесе алынатындарын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбасталуға жататындарын қоса алғанда) түрiндегi, қолма-қол және қолма-қол емес нысандардағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражат;

Шетел валютасы - шет мемлекеттiң валютасы, сондай-ақ халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерi. Шетел валютасын сатып алу және сату:

1. Өздерiне берiлген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен берiлген құқыққа сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкiлеттi банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында, сол сияқты шет елдерде сатуға және сатып алуға құқылы.  
2. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкiлеттi банктерден, осындай уәкiлеттi банктердiң айырбастау пункттерi, сондай-ақ уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi арқылы ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген  тәртіппен жүргізеді. 
 ҚР – сының Ұлттық банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма – қол валютаны ҚР-сына әкелу не әкету операциясы.

Валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық  
 валютаны, әкелу және әкету:

     1. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар әкетiлетiн қолма-қол шетел валютасының қайдан алынғанын растайтын құжаттарды ұсынбай-ақ баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.  
Резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасынан баламасы он мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкететiн кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына баламасы он мың АҚШ долларынан асатын сомаға олардың қайдан алынғандығының заңды екендiгiн растайтын құжаттарды табыс етуi қажет.  
 Әкетiлетiн қолма-қол шетел валютасының қайдан алынғандығының заңды екендiгiн растайтын құжаттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. 

     2. Резидент және резидент емес жеке тұлғалардың баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын және баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегi қолма-қол ұлттық валютаны Қазақстан Республикасына әкелуi және одан әкетуi қолма-қол шетелдiк және (немесе) ұлттық валютаның әкелiнетiн немесе әкетiлетiн бүкiл сомасына кедендiк декларация беру арқылы Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде декларациялануға тиiс. 

     3. Номиналдық құны (номиналы) ұлттық  валютамен және шетел валютасымен көрсетiлген төлем құжаттарын (вексельдердi, чектердi, оның iшiнде жол чектерiн) Қазақстан Республикасына әкелу және әкету жазбаша декларациялауға жатпайды және шектеусiз жүзеге асырылады.   4. Валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құжаттарын, сондай-ақ резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды әкелуiн және әкетудi кедендiк декларациялау тәртiбi кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

     Мәдени құндылықтарды сатып алу (сату), Қазақстан Республикасына әкелу не әкету операциясы: Мәдениет туралы заңға сәйкес, мәдени құндылықтар - зайырлы және дiни сипаттағы мәдени мұра заттары, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәнi бар құндылықтар; 
       1. Уақытша экспозиция, гастрольдiк қызмет, реставрациялау жұмыстары және ғылыми зерттеулер, тұсаукесерлер, көрмелер және халықаралық мәдени iс-шаралар өткiзу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де жағдайларды қоспағанда, мәдени құндылықтарды және ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған. 
      2. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге заңсыз әкетiлген және (немесе) оның аумағына заңсыз әкелiнген мәдени құндылықтар мен ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерi мiндеттi түрде қайтарылуға жатады. Бұл ретте заңсыз әкетiлiп, қайтарылған, сондай-ақ соттың шешiмiмен тәркiленген мәдени құндылықтар тиiстi бейiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мұражайларға тапсырылуға тиiс. 
      3. Автордың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша немесе тұрақты тұруға баратынына қарамастан, өзi жасаған мәдени құндылықтарды әкетуге құқығы бар. 
      4. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу ережелерi шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында жасаған объектiлерiне де қолданылады. 
      5. Егер бұл iс-әрекеттер мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуге және әкелуге ықпал етуi мүмкiн болса, мәдени құндылықтар иелерiнiң аталған құндылықтарды иелену, пайдалану және иелiк ету жөнiндегi құқықтарын басқа бiреуге беруiне жол берiлмейдi.

Информация о работе Қаржы мониторингінің операциялры