Акша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 08:45, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді.

Работа содержит 1 файл

акша реформасы курсовая.doc

— 90.50 Кб (Скачать)

Реформаның басты элементтернің  бірі бұрынғы шығарылған мемлекеттік  займдары ( 1947 жылғы займнан басқасы) 1948 жылы біртұтас 2%-тік займға конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдар облигациялары 3:1 қатынасымен айырбасталды.

Ақша реформасын жүргізумен қатар, барлық азық- түлік және өнеркәсіп  тауарларына деген карточкалық  жүйе алынып тасталынды және карточкалық  жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді.

Еркін мемлкеттік сауданың ықпалымен  колхоз нарықтарындағы бағалар төмендеді. 1948 жылдың бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41 %-ға өсті.

1947 жылғы ақша реформасы ақша  жүйесінің түбірімен қайта құрылуын  білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен  кейін де реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымысақталды. Бұның сәл ғана айырмашылығы сол , Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.

Реформа ақша жүйесін нығайта отырып ақшаның барлық қызметтерінің маңызын  арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілеті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс аралығындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын  төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.

   

2. 2. 1961 жылғы ақша реформасы

 

Үкiмет рубльдiң бағамын шетел  валюталарына қатысты көтеру және оны  алтын базасына өткiзу қажеттiгiн  мойындады. Оған дейiн рубльдiң шетел  валюталарына қатысты бағамы алтын  базасында емес, қандай да бiр алтындық құрамы бар және алтынға айырбасталатын шетел валютасының базасында белгiленiп келдi. Бастапқы кездерi рубльдiң бағамын анықтау үшiн база ретiнде француз франкi қабылданған болатын, себебi Франция валютасының тұрақты алтындық құрамы болды, ал девальвацияланған болатын. Бiрақ 1936 ж. француз франкi де девальвацияланды, сөйтiп оның бағамы бiршама түсiп кеттi. 1937 ж. рубльдiң бағамын АҚШ долларының базасында есептеу енгiзiлiп, 1 доллар=5 рубль 30 тиын болды. 1950 ж. 1 наурыздан бастап үкiмет рубльдiң алтындық құрамын (баға масштабы) 0,222168 г таза алтынмен белгiледi. Осы бекiтiлген алтындық құрамына байланысты рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Осылайша бұрынғы 5 рубль 30 тиыннның орнына-1 доллар (доллардың алтындық құрамы ол кезде 0,888671 г алтынды құрады) үшiн 4 рубль болып жаңа бағам белгiлендi. Ағылшын фунт стерлингiне қатысты алғанда-бұрынғы 14 рубль 84 тиынның орнына 11 рубль 20 тиын бекiтiлдi. Соған сәйкес басқа да шетел валюталарына қатысты бағам өзгердi. Шетел валюталарыныңғ алтындық құрамы немесе олардың бағамдарының кейiнгi өзгерiстерi болған жағдайларды КСРО Мембанкi өзiнiң түзетуiн енгiзуге тиiс болды. Шетел валютасына қатысты рубль бағамының жоғарлануының зор маңызы бар. Рубльдiң қатаң белгiленген алтындық құрамы оның халықаралық есеп айырысуларды пайдалануын кеңейттi. 1961 жылғы деноминация Рубль бағамын алтын базасына өткiзгеннен кейiнгi он жылдың iшiнде (1950-1960 жж.) елдiң ақша айналымы, мемлекеттiк бюджеттiң мөлшерi, сондай-ақ өндiрiс, ұлттық табыс көлемi және т.б. шамадан тыс өстi. Экономикалық қызметтердiң көптеген көрсеткiштерi жұздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнелендi. Осындай ұлкен сомалардағы шоттармен жұмыс жасау iс жүзiнде қаржы-банктiк және шаруашылық органдардың жұмысын қиындатып жiбердi. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкiмет баға масштабын 10 есеге iрiлендiру, рубльдiң алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешiм қабылдады. 
1961 ж. қаңтарынан бастап, айналысқа жаңа үлгiдегi мынадай ақша бiрлiктерi шығарылды: 1,3,5 қазыналық билеттер мен 10,25,50 және 100 рубльдегi мемлекеттiк банк (банкнот) билеттерi, сондай-ақ 1,2,3,5,10,15,20 және 50 тиындық монеталар. Ескi үлгiдегi ақша билеттерi және монеталар жаңа үлгiге 1:10 арақатынасымен ауыстырылды. 1,2,3,5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандықтан айналыста номинал бойынша қала бердi. Айырбас 3 ай iшiнде 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап 1 сәуiр аралығында ешқандай шектеусiз жүргiлдi. Сондықтан да 1961 ж. I тоқсанында айналыста ескi және жаңа ақшалар қатар жұрдi. Барлық ақшалай операциялар 1:10 арақатынасымен жұргiзiлдi. Сонымен бiрге осындай арақатынаста тауарлар мен қызметтер бағасы, жалақы тарифтерi, зейнетақы мөлшерi степендия, барлық төлемдер мiндеттемелер, келiсiм-шарттар және т.б. жүргiзiлдi.  
Баға масштабын iрiлендiру ақша есебiн және олардың техникалық қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi. Ақша билеттерiнiң пiшiндерi қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi. Ақша билеттерiнiң пiшiндерi шағын болып келуi, оларды айналыста қолайлы еттi. Баға масштабын iрiлендiрумен бiрге рубльдiң алтынды құрамын көтердi және оның шетел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асты. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдiң алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 өзгертiлiп, қайта белгiлендi. Рубльдiң жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзiлiк бағасын тауарлар бағасымен теңестiрiп, мемлекеттiк бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделi қайта есептеулердi қалыпқа келтiрдi.  
1964 ж. Экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкiнiң құрылуымен байланысты, 1991ж. дейiн экономикалық өзара көмек кеңесiне мүше елдердiң арасында көп жақты клинрингтiк есеп айырусылар үшiн қолданылатын ақша бiрлiгi-аудармалы рубль енгiзiлдi. 1993 ж. 23 шiлдесiнде Ресейдiң Орталық банкi 1961-1991 жж. Кеңес ақшаларының белгiлерiн, сондай-ақ 1992 ж. 5000 жән 10000 рубльдердi айналыстан бiр апта берiлдi. Айырбастауға 35 мың рульден аспайтын сомалар жатты.

 

2.3. Қазақстан  Республикасының 1993 жылғы ақша  реформасы

          Бір адамның ауыстырылатын ақшасының ең жоғарғы мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбасталуға рұқсат етілді. Белгіленген лимидтен жоғары соммада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.

1991 жылы 23 қаңтардан бастап бір  уақытта салымдарды беруге де  шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айна 500 рубльден аспайтын соммада беріле отырып, ол туралы төлқұжаттарына белгі қойылды.

«Павловск» реформасы нәтижесінде  айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болатын.

Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу  қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшаның ұстамсыз өсуінде байқалды.

Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық –түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсті: 1989 жылы 300 тенге, 1990 жылы 234 теңге.

1990 жылы нақты ақшаның эмиссиясы  25 млрд рубльді құрады, бұл 1981-1985жылдарды  қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.

1991 жылы қаңтарда «1961 жылғы 50 және 100рубльдік ақша бірліктерін  КСРО Мембанкінде  төлем ретінде  қабылдауды және олардың айырбастау  тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма қол ақша беруді шектеу туралы» Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.

КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса лағанда , тәуелсіз мемлекеттер аумағында  айналыста жүре берді. Әртүрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелдікке ұмтылуы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономикалық социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.

КСРО ыдырған соң ақшаны дизинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.

КСРО республикалырының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір біріне тәуелсіз түрде  орталық банктер рөлін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жаты. Мысалы, Украина ұлттық банкі 1992 жылы маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындарды міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталанды. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан «қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды. 1992 жылы  талық банктердің  корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей мен бұрыңғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырды. Келесі қадам меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 жылы маусым шілде айларындаЭстония, Латвия; 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғыстан, тамызда Грузия өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. Бұл жерде соңғы болып енгізілгендер қатарына (1995 жылы Тәжікстанды қоспағанда) Түркіменстан, Өзбекстан, Армения, молдова және Қазақстан (1993ж қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 жылы рубльдік банкноталарды жаңартуларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің оның қатарында Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.

1992 жылы 9 қазанда ТМД елдерімен  қол қойылған «Рубльді ресми  төлем құралы ретінде пайдаланатын  мемлекеттердің біртұтас ақша  жүйесі мен келісім ақша-несие  және валюта саясаты туралы»  соңынан 1993 жылы қыркүйекте алты  мемекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қана қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан  кейін Қазақстан ТМД-ның басқа  да елдерімен бірге «рубль  аумағында» қала берді. 1992 жылы  айналысқа 200,500,1000 рубльдік купюралар  шықты. Олардың эмитенті ретінде  жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 жылдың маусымында алғаш рет Ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралыры шығарылды.

Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста  ақшаның үш түрі: 1961-1991 жылдары кеңес  ақшалары, 1992 жылы кеңес үлгісіндегі (200,500,1000 рубль) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жарытысында шығарылған реселік ақшалар жүрді.

1993 жылы 23 шілдеде Ресейдің Орталық  банкі 1961-1991 ж.ж Кеңес ақшаларының  белгілерін, сондай-ақ 1992 жылы 5000 және  1000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын соммалар жатты.

Қазақстан Республикасы президентінің  жарлығымен екі күн өткен соң  айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.

1992 жылдың бірінші жарытысында  Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның «харрисон» фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1,3,5,10,20,50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесі бар.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының  президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан  Республикасына Ұлттық валютаны  енгізу туралы» Жарғыға қол   қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қаршада  сағат 8-ден бастап ұлттық валюта теңге енгізілді.

КСРО Мембанкінің және 1992-1993 ж.ж. Ресей үлгісіндегі қазыналық  және банктік билеттерді айырбастау 20 қаршада сағат 18-де аяқталды.

Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдары және міндеттемелердің теңгеге  айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль  шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас  бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимидтен асқан қаражаттың шығу тегінің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімінен бұрын босатылады.

15 қарашадан 18 қаршаға дейін аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алады. Сондықтан заңды тұлғалар мен сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсеттетін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданады: теңгеде – шексіз, 1961-1993 ж.ж. 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубльдегі ақшаларды 1993 жылы шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын соммада, 1,3 коэффициентке түзілетін шамада қабылдады.

 Кәсіпорындардың баланстарындағы  рубльмен берілген активтер мен  пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінеді. Қолма-қол ақшаларды айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі  теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар=4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200,500,1000 және 2000 купюрадағы  ақшалар  айналысқа шығарылады.1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығыпқалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1,3,5,10,20 теңгедегі монеталар шығарыла бастады. Сонымен қатар Абай құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталары шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1,2,5 және 10 мың теңгелік алтын монеталр кірді. 1995 жылдың аяғында «Жібек жолы» жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жиынтық 816 доллар трды.Сонымен Қазақстан Теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады.және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.

 

Қорытынды

 

Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы  басталып, оның Қазақстанға да өзіндік  ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Ақша құнсыздана бастады. Ақшаның қатты құнсыздануына байланысты оның нәтижесі: шаруашылық қатынастарының натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылыуы болып табылады.

1922-1924 жылдары ақша реформасында  көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын  арттырды. Бұл  реформа өз кезегінде  бірнеше рет төлем қабілетті  бар сұраныс пен тұтыныс салдарында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.

КСРО ыдырағаннан соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп, және бұрыңғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев «Қазақстан Республикасына  Ұлттық валютаны енгізу туралы»  Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қаршада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта теңге енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер  тізімі:

  1. Блеутаева К.Б. Ақша  және  банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.
  2. Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
  3. Сейтқасымов Ғ.С.  Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
  4. Байназаров Ғ. Теңге  маған  тарихи  жауапкершілікті  тарту  етті.// Егемен  Қазақстан. 14 қараша 2003.  2-3 б
  5. Мәжитов Д.М.  Басты мақсат – тұрақтылықты  ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001.  3 б.
  6. Тобаяқов Б.  Тәуелсіздік  рәмізі  немесе  теңгеден  деңгеге  дейін. // Егемен  Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.
  7. Әубәкіров  Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С.  Экономикалық  теория  негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998.  479 б.
  8. ҚР Президентінің  ұлттық  валютаның 10 жылдығына  байланысты  сұхбаты. Теңге-ел тұрақтылығымен   тәуелсіздігінің  белгісі. // Егемен  Қазақстан. 18 қараша 2003. 1-2 б.
  9. Донских А.  Теңгенің  жаңа  дизайны: сіз  не  туралы  сұрап үлгермедіңіз?  // Егемен Қазақстан 30  қыркүйек  2006. 7 б.
  10. Нысанбаев Ә.  Тәуелсіз  елдің  ұлттық  валютасы. // Егемен Қазақстан  13 қараша 2003. 3 б. Тұрапбайұлы А.  Теңгенің тегеуріні.  // Егемен Қазақстан  15 қараша  2005. 2-3 б.
  11. Кәпқызы  Е.  Теңге  мүшелге  толды.  // Түркістан. 16 қараша 2006. 1 б.
  12. Кәпқызы Е.  Теңге  және  ұлттық  рух.  // Түркістан. 25  қазан 2006. 3 б.
  13. Сәйденов Ә.  ҚР-ң ұлттық  банкі  хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді.  // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005.  6 б.
  14. ҚР-сы  Ұлттық  Банкінің  ресми хабары. «Көшпенділер  алтыны» монеталар  сериясынан  күміс  монетаны  айналысқа  шығару  турасы.  //  Егемен Қазақстан.  15 қараша 2005 жыл.  2 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Акша реформасы