Акша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 08:45, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді.

Работа содержит 1 файл

акша реформасы курсовая.doc

— 90.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

 Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска   кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді. КСРО-да ақша реформасы екі рет — жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі Отан корғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарьшан нақты акшаның айналыс қажеттілігі де азайды.Ақша реформасы айналысқа банк билеттері - червонецтерді шығаруды көздеген 1922 жылғы заңнан басталады. Червонец таза алтынның 7,74234 г., яғни ескі 10 сомдық аліын шақаға (монетаға) теңелді. Кеңес Үкіметінің Министрлер Кеңесі мен БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша реформасын жүргізу және азық-түлік  пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды жою туралы " қаулысында: "Акша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуге және кеңес мемлекетінің күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі " деп көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы мемлекеттің қазыналық билеттер құрылысына ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы басы артық ақша жойылды, жалдаптар жинаған ірі ақшаларынан айырылды және карточка жүйесі жойылғаннан кейін олардың арзандатылған бағамен тауарларды көптеп сатып алуына мүмкіндік қалдырылмады. Ақша реформасы мен карточка жүйесінің жойылуының экономикалык маңызы зор болды, шаруашылықта ақшаның мәні көтерілді, кеңес сомының кұны толығынан қалпына келді. 1961 жылы "Баға масштабын өзгерту және ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы" қаулы қабылданғаннан бастап, ескі ақша жаңа акшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Төл теңгеміз дүниеге келген күні бәріміздің бөркімізді аспанға ата қуанғанымыз рас. Оған да міне, он бес жылдың жүзі болыпты. Осы орайда ұлттық валютамыздың туу тарихын еске түсіру орынды.

 

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 І Бөлім Ақша реформасының маңыздылығы

                              1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі

 

Революцияға дейінгі Қазақстанда  жүргізілген 1895-1807 жылдары ақша реформаларын нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92 пайыз алтынмен қамтамасыз етілген мемлекеттік банктың несиелік билеттері жатады. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

1917 жылы жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін  шығарды олар шынының бетіне  жабыстырылған этикеткаларға ұқсас,  бұны халық арасында «керенки»  деп те атайды. Несиелік ақшалар  мен керенкилерден басқа Уақытша  үкімет айналысқа сурогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.

Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды  шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай  сурогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшалардың массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша он мың есеге құнсызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа да жерлерде жергілікті ақша бірліктерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында шығарылды.

Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынстардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы  болып табылады.1920 жылдардың соңынан бастап «еңбек паегін» ақысыз беру басталды. 1921 жылы наурызды болған РКП (б) – ның х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды.Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төменнен кейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды.

Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу  қалпына келтірілді. Егер 1921 жылдың көктемінде ақшалай еңбекақыны төлеу  тек 10 пайызы ғана құраса, онда 1923 жылы бірінші желтоқсанында ол 800 пайыздан астамын құрады. Бұл ақша реформасының  арқасында ғана мүмкін болды.

1921 жылы қазанда Ресей Кеңестік  Федеративтік Социалистік Республикасында  Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық  орталығы болып саналады. Мемлекеттік  банктің басты міндеті ақша  реформасын жүргізуге дайындық  жасау болды.

Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдерінің көлемінің өсуі (бидай, мақта және т.б) тауар айналымының артуы жатады.

Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты – бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етілуі. 1922 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейінгі жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млннан 31 млн рубльге дейін жетті. 1922 жылы сәуірде бағалы металдарды жән тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі  ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.

Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 жылы мемлекеттік  ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың  рубльге теңесті. Ақшаларды қайта  есептеу олардың төрт нөлін сызып тастау арқылы жүргізілді. 1922 жылдың 1 мамырынан бастап барлық есептеулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейін кассаларда қабылдады. Екінші рет деноинациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің 1 миллионына теңесті.

Деноминациялар ақшаны есепке алуды  қайталатты, ақша айналысын бірқалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсі үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.

 

1.2. Ақша реформасын  жүргізудің маңыздылығы.

 

Ақша реформасы екі кезеңде  жүргізілді. 1922 жылы 25 шілдеде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мемлекеттік банкке 1,2,3,4,5,10,25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234г) 10 рублге теңесті. Мемлекеттік банк червонецтерді кәсіпорындарда векселдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарылып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігмен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.

Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында  банкке  қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия саласынан 25 пайыз алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын  рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды.Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылады.

Сауда саттықтың жән банктік  несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер  де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнының 1.04.1923 жылы – 15%, 1.07.1923ж – 37%  және 1.10.1923ж – 74 % құрады. Кәсіпорындар арасында барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады.

Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналысында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мемлекеттік банктің несиелеу барысында шығарған червонецтерді және халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.

1924 жылдың бірінші мамырында  айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға – 762,3 квадрильон рубльге жетті. Бұл ақша массасының нақты құны 15,2 млн рубльді құрады.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқтырды. Сөйтіп ұсақ ақшалар ретінде әртүрлі  ақшалар, әсіресе, тұрақты валюталарда бейнеленген сурогаттарды шығарды.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы  шаруаларға үлкен зиян келтірді. Червонецтер  қаланың валютасы болды, іс жүзінде  олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы  өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік  экономикалық алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен ауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды ( 1.01.1923ж 10,9 млн рубльден, 1.02.1924 ж 153,6 млн рубльге дейін)

1924 жылдың бесінші ақпанында  Орталық атқару комитеті және  Халық Комиссарлар кеңесі декретіне  байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1,3 және 5 рубльдегі қазыналық  билеттершығарылды, мұндағы 10 қазыналық  рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілеріншығару тоқтатылды.

1888 жылы дүниеге келген Григорий  Яковлевич Сокольков (Бриллиант) 1922-1924 жылдар арасында ақша реформасын  ұйымдастырушы және теоретигі  болды. Ол 1922 жылдың басынан бастап  валютаның тұрақтылығы елдің экономиклық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелері құнсыз кеңестік ақша белгілерінің эмиссиялануы – ұлттық табысты бірінші кезектегі мемлекеттік қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар тәсілі деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г.Я. Сокольников барлық тауарлық шаруашылықта ақша тек қана айналыс және төлем құралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған.

Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген  қажеттілік алтынның , тұрақты валютаның келуін талап етті. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я. Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.

Алтын қорының үш рөлі болды:

    1. халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;
    2. Ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мемлекеттік банк алтынды шетел валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алынып отырады);
    3. Көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві

Червонец тарихқа «алтын» деген  атпен кірді, бұл жерде оның мазмұны патшалық он рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің қатысы болғандықтан емес.

Мемлекеттік банк валюталық бағамды  өзгеріссіз қалыпта ұстау мақсатында «еркін нарықта» алтынды және шетел  валютасын сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыны қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын ныңайтға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар червонецтер кеден  баждарын төлеуге де қабылданды. Червонецке тұрақты бағамда валюталау мүмкіндігі, сондай ақ червонецтегі бағалардың тұрақтылығының қамтамасыз етілуін оған деген сенімді арттырып қоймай, оның пайдалану аясын кеңейте түсті. 1923 жылдың бірінші шілдесінде червонецтер елдегі ақша массасының 45пайызын құрайды. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану құралы болып табылады. Валюталық нарыққа алтынның және  шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.

1922-1924 жылдары ақша реформасында  көптеген адамдар құнсыз ақшалардың  орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып  Ұлы Отан соғысында тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік  жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

 

 

 

  ІІ Бөлім Қазақстандағы ақша реформалары

                               2. 1. 1947 жылғы ақша реформасы

 

Ұлы Отан соғысы елге – 679 млрд рубльге  шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады.

Өндіріс пен халық  тұтынатын  тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу үшін халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, әскери адамдарға салық және жалғыз  басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылады. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4 % шамасында қаражаттар түсті

Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды. Өндіріс көлемінің қысқаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған  нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі заттар пайдаланылды . Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы қол жеткізілді. Рубльдің сатып алу қабілеттілігі төмендей берді.

Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу қабілеттілігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте  және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге ( КСРО Кеңес министрлігімен БКП ( О)К қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14 желтоқсанында «Ақша реформасын жүргізу туралы және азық түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы») мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1: 10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге дейінгі ақшалары қайта бағалауға ұшыраған жоқ, 3000 рубльден 10000 рубльге дейін 3:2 жеңілдік арақатынасымен 10000 жоғары 2:1 арақатынасымен қайта бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы  ақша қаражаты жеңілдік қатынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде жаңа ақшамен төленді.

Информация о работе Акша реформасы