Кеден одағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 14:54, реферат

Описание работы

Мақсаты:
1) ЕҚЫҰ тарихына қысқаша шолу жасай отырып, Қазақстаның төрағалығы турасында сөз қозғау.
2) ЕҚЫҰ. Астана саммитінің алға қойған негізгі мәселерін талдау.
3) Қазақстанның әлем алдындағы беделіне төрағалық қалай әсер ететінін айқындау.
Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың алдына қойған мақсатына байланысты анықталды. Жұмыс барысында материалдарды жаппай іріктеу, сипаттау, салыстыру, бақылау, жүйелеу әдістері қолданылды.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) ЕҚЫҰ-ға төрағалық – Қазақстанның жұлдызды шағы;
Б) ЕҚЫҰ. Астана саммитітінің негізгі мәселелері;
В) Төрағалықтың еліміз үшін маңызы мен пайдасы.
III. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Жоспар.docx

— 35.02 Кб (Скачать)

Қазақстанның төрағалығы несімен ерекшеленді дегенге  келетін болсақ, бұнда атап атап айтар мәселе баршылық. Бір ғана Қырғызстан жағдайын ретке келтіріп, әлем елдерінің алдында абырой иеленудің  өзі неге тұрады. Ал жалпылама айтатын  болсақ, соңғы жылдары ЕҚЫҰ қызметіне  қатысты көптеген сындар айтылып  жүрді. Ұйымның үні әр елдерде  өтіп жатқан сайлауларға баға беруде қаттырақ шықса, күрделенген мәселелердегі, оның ішінде аймақтық қақтығыстарды  реттеудегі салмағы азайып бара жатқан секілді еді. Халықаралық беделі бар сарапшылардың басым бөлігі осындай пікірді айтып жатты. Оның үстіне әлемнің түкпір-түкпірінде бұрыннан келе жатқан шиеленістерді  шешудегі, жаңа қатерлерді болдырмаудың алдын алудағы ұйымның жігері соншалықты байқала бермеді. Мәселен, Ирак жағдайын алып қарайық, ұзақ жылдар бойы өңір соғыстан көз ашпады. АҚШ Президенті әскерін әкету жөнінде күн тәртібіне мәселе қойғанымен, бұл өңірде тыныштық лебі ұзаққа дейін  сезілмеді. Әлем елдерін алаңдатқан тағы бір отты нүкте Ауғанстан болса, тұрақтылықтың шегі бұнда да көрінбеді. Иран мен АҚШ арасындағы, Таяу Шығыстағы текетірес сол деңгейде сақталуда. Мұндай шиеленістерді айтпағанда, жер жаһандағы демократиялық өзгерістерді немесе әр тұстағы халықтың әл-ауқатын, тұрмысын алып қарасаңыз, адамзаттың дамуы да, кері қарай құлдырауы да екі жаққа бірдей өсіп бара жатқанын байқайсыз. Бұның барлығы ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік мәселесіне қатысты атқарғанынан жүзеге асырылуға тиіс мәселесінің көптігін білдіретін секілді. Сондықтан да беделді ұйымның басшылығына кім келсе де, ең алдымен, ұйымның беделін қайтаруға жұмыс істеуі шарт еді. Бұл міндетті еліміз ойдағыдай орындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

  1. Дабыр НҰРҚАМЫТҰЛЫ, «Әлем үмітін арқалаған саяси оқиға», «Заң газеті»,       № 43; 4б;
  2. ЕЫҚҰ-ның ресми сайты: www.osce.com\kz
  3. ЕЫҚҰ-ның Астанадағы Саммитінің ресми сайты    www.astanasummit.com
  4. Төлен ЕСКЕНДІРОВ, « Астана саммиті – Қазақстанның жұлдызды шағы », « Ана тілі » газеті, № 182; 6б;
  5. Таңатар ТАБЫНҰЛЫ, « Саралы сөз », « Айқын », № 77; 13б

 

 


Информация о работе Кеден одағы