Кеден одағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 14:54, реферат

Описание работы

Мақсаты:
1) ЕҚЫҰ тарихына қысқаша шолу жасай отырып, Қазақстаның төрағалығы турасында сөз қозғау.
2) ЕҚЫҰ. Астана саммитінің алға қойған негізгі мәселерін талдау.
3) Қазақстанның әлем алдындағы беделіне төрағалық қалай әсер ететінін айқындау.
Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың алдына қойған мақсатына байланысты анықталды. Жұмыс барысында материалдарды жаппай іріктеу, сипаттау, салыстыру, бақылау, жүйелеу әдістері қолданылды.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) ЕҚЫҰ-ға төрағалық – Қазақстанның жұлдызды шағы;
Б) ЕҚЫҰ. Астана саммитітінің негізгі мәселелері;
В) Төрағалықтың еліміз үшін маңызы мен пайдасы.
III. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Жоспар.docx

— 35.02 Кб (Скачать)

Жоспар:

 

 

    1. Кіріспе

 

    1. Негізгі бөлім

 

А) ЕҚЫҰ-ға төрағалық –  Қазақстанның жұлдызды шағы;

 

Б) ЕҚЫҰ. Астана саммитітінің негізгі мәселелері;

 

В) Төрағалықтың еліміз үшін маңызы мен пайдасы.

III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып өзектілігі:

Тәуелсіздіктен бергі  уақытта қазақ халқы елдіктің де, ерліктің де қандай болатынын сан  мәрте көрсетті. Аз ғана мерзім ішінде бірнеше аймақтық салмақты ұйымдарға  – Тәуелсіз мемлекеттер достастығына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразия экономикалық қоғамдастығы мен АӨСШК-ге төрағалық етіп үлгердік. Енді, міне, 56 елді біріктірген ЕҚЫҰ-ны табысты басқарудамыз. Шындығында, еліміздің осынау мәртебелі ұйымға жетекшілікке қол жеткізуінің өзі үлкен жетістік еді. Қазақстан – кешегі кеңестік республикалар арасында және Азия елдері қатарында мұндай зор сенімді бірінші болып арқалаған мемлекет. Еліміздің осындай жетістігі жұмыс тақырыбының өзектілігін айқындайды деп ойлаймыз.

 

Мақсаты:

  1. ЕҚЫҰ тарихына қысқаша шолу жасай отырып, Қазақстаның төрағалығы турасында сөз қозғау.
  2. ЕҚЫҰ. Астана саммитінің алға қойған негізгі мәселерін талдау.
  3. Қазақстанның әлем алдындағы беделіне төрағалық қалай әсер ететінін айқындау.

 

Зерттеу нысаны: ЕҚЫҰ –ға еліміздің төрағалығы

 

Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың алдына қойған мақсатына байланысты анықталды. Жұмыс барысында материалдарды жаппай іріктеу, сипаттау, салыстыру, бақылау, жүйелеу әдістері қолданылды.

 

Жұмыстың дереккөздері: Республикалық, шетелдік әлеуметтік-саяси басылымдар.

 

Жұмыс нәтижесі: Зерттеу жұмысы ЕҚЫҰ  ұйымы және ұйымға еліміздің төрағалығы жайында қоғамның білімін толықтыруға, елімізге төрағалықтың оң әсерін түсіндіруде барынша ақпарат көзі ретінде қызмет ете алады. Жалпы ұйымның қазіргі және өткен жұмыстарына анализ жасалды.

ЕҚЫҰ-ға төрағалық  – Қазақстанның жұлдызды шағы

Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы болды. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның  онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы  Ыстамбұлда өткен болатын. Еліміздің бас қаласында өткен осы мәртебелі жиын туралы сөз қозғамас бұрын, ұйымның тарихына қысқаша шолу жасап шықсақ.

ЕҚЫҰ – 1973 жылы шығыс пен  батыстың әріптестігі мен диалогын дамыту үшін шақырылған Еуропадағы қауіпсіздік  және әріптестік жөніндегі кеңес  негізінде құрылған болатын. Кеңсесі  Прагада орналасты. Жалпы, сарапшылар ұйымның қызметін айтқанда басқасын ысырып қойып, негізгі екі мәселені баса айтады. Оның біріншісі ретінде 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды  актісінде мемлекетаралық қатынастардың  негізгі қағидаттары бекітілгенін айтуға болады. Құжаттың қамтуында  теңдік пен егемендік, шекаралар  ынтымақтастығы, күш қолданбау, дау-дамайларды бейбіт келісімдермен реттеу, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, дін мен сенім, ой еркіндігі, адам құқын қорғау, халықаралық міндеттемелерге адалдық секілді қағидалар бар. Кейін де әлемге төнген қауіп-қатердің алдын алу, қарулануға бақылау орнату, экономикалық және экологиялық қауіпсіздік секілді мұраттармен толықты. Екіншіден, Хельсинки Қорытынды актісінен кейінгі маңызды қадам 1990 жылы Парижде жасалған еді. Сол жылы Франция астанасында ұйымға мүше елдердің басшылары Еуропадағы аумақтық тұтастық ұстанымын құрметтеу жөніндегі Декларацияға қол қойды. Сол арқылы қырғи-қабақ соғысқа тосқауыл болды. Шындығын айтайық, осыдан кейінгі жылдарда салмағы тарихи деуге саятын, 56 ел түгелдей құрметтеген ірі саяси құжат дүниеге келе қойған жоқ. Ал заман да, мемлекеттер де 90-ыншы жылдардан бері танымастай өзгерді, ұлттық, адамзаттық құндылықтарға деген көзқарас та қазір мүлдем басқа. Режимдік идеологиялардан арылған ғалам ортақ түсінікпен тұтасуды қалап келеді. Осының бәрі Астана саммитінің әлемдік маңызын арттыра түседі. Жалпы, әлемдегі мәдениеттер, өркениеттер алмасуы әлі де жүріп жатыр. Оның үстіне, халықтардың араласуы бұрынғыдан да күшейіп келеді. Ендігі күні адамзат алдында жаңа проблемалар, мемлекеттер алдында жаңа қатерлер пайда болды. Мәселен, әлемдік деңгейде босқындар мәселесі өте өткір тұр. Өйткені бір ел дамуы жағынан қатты ілгері кетсе, екінші бір мемлекет сол бұрынғы деңгейде қалып отыр. Тіпті басқаны қойып, ТМД елдерінің өзінен бұл көрініске мысал таба аламыз. Босқындардың мәселесі өзекті бола түсуіне орай, Қазақстан да арнайы заң қабылдауға мәжбүр болды. Бұл – халықаралық шешімін күтетін үлкен мәселе. Екінші жағдай, қазір діни миссионерлік қызмет көбейді. Бірқатар жерлерде қақтығыстардың өршуі діни наным-сенімнің үйлеспеуінен туындауда. Бұл да — кезек күттірмей шешімдер қабылдауды қажет ететін мәселе. Осының бәрі жинақтала келе Астана саммитінің әлемдік маңызын арттыра түседі. Өйткені біршама жылдар бойы ұйысып қалған адамзаттық проблемаларды реттеуді әлемнің көптеген дамыған елдерінің басын қосып жүзеге асыру, сондай-ақ осыған ортақ үнқатысу үшін Астана саммиті секілді айтулы басқосу әуелден-ақ сұранып тұрған. Қазақстан өз төрағалығында бұны да жөнімен көтеріп отыр. Көптеген халықаралық саясаткерлер Астана саммитінен жаңағы алға тартқан адамзаттық проблемаларды шешу жолдарын көргісі келетін тәрізді. 

Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан ұйымға төрағалық еткен бірінші мемлекет болды. Бұл тарихи шешім мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатының  өз пәрменділігін сақтағанын көрсетті, сонымен қатар республикамыздың стратегиялық маңызды өңірдегі және бүкіл ЕҚЫҰ кеңістігіндегі барған сайын  артып келе жатқан рөлінің мойындалғаны болды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының  ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім  – халықаралық қатынастарда барлық елдер үшін қажет басты ресурс,  соншалық мәнді тарихи өзгерістер кезінде ол өзінен өзі түсінілетін нәрсе бола алмайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың  барған сайын артып отырған маңызын сезіну.

Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының алдын  ала байқалған дағдарыс нышандарын еңсеруде және оларды Ұйымға қатысушы елдер арасынан аластау бағытындағы  саяси жігерінің айқын көрінісі болды. Оған қоса, Саммиттің Еуразия жүрегінде, Еуропаның жағырапиялық шекараларынан мыңдаған шақырым жерде өтуі еуропалық қауіпсіздіктің өзгерген қазіргі заманғы парадигмасының көрінісі іспетті. Қазақстан астанасындағы басқосу Ұйым кеңістігін жайлаған халықтардың қауіпсіз болашағына қарай бірге басқан қадамның жалғасына айналды. Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.

Қазақстан Президенті қауіпсіздік  пен ынтымақтастықтың анағұрлым  кең координаттардағы – «мұхиттан  мұхитқа дейінгі» жаңа деңгейіне  көшу туралы мәлім етті. Атап айтқанда, әңгіме қауіпсіздіктің төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру жөнінде өрбіді. Осылайша, Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті біртұтас және бөлінбес қауіпсіздіктің Еуро-атлантикалық және Еуразиялық қоғамдастығы құрылуына бастау жасап берді десек артық айтпаспыз деп ойлаймыз.

Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер  мен ынтымақтастық жөніндегі  серіктестерден 38 мемлекет және үкімет басшысы, бір вице-президент, жеті үкімет төрағасы орынбасары, он төрт министр  және өзге де жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар  басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, өзге де халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер көшбасшылары бар. Бұл аталған қонақтар тізімі еліміздің әлемдік аренадағы беделін одан әрі айғақтайды.

Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға,  жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам  құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге қарсы лайықты жауап қату мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді. Саммиттің басты қорытындысы жаңа тарихи шарттар жағдайында «Хельсинки рухын» жаңғырту болды.  Оған қоса, жоғары деңгейдегі басқосу ЕҚЫҰ беделін және оның әлемдегі қажеттілігін арттыруға, мүше мемлекеттер арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.[1;4 ]

Ендігі кезде  Астана саммитінің негізгі мәселелерін  сөз етсек.

Саммитте о баста сөз  болған өзекті мәселелердің бәрі қамтылған  Астана хартиясы секілді әлем мойындаған, әлемдік проблемалар жан-жақты  қарастырылған маңызды құжат қабылданды. Бір сөзбен айтқанда, елорданың дөңгеленген дүниеге жаңа ой ұсынатыны даусыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның төрағалық қызметіне кірісуіне байланысты жасаған үндеуінде бұл орайда мынадай пікір білдірген болатын: «ЕҚЫҰ-ның болашағын айқындайтын сауал мынадай: – Ұйым ХХІ ғасыр әлемінің сан алуандығын мойындайтын құрылым ретінде бой көрсете ала ма, әлде «Венадан шығысқа қарай» кеңістігінен дәстүрлі Батыс дараланып тұратын, блоктарға жіктелген ұйым болып қала бере ме?».

Яғни Еуропадағы қауіпсіздік Еуразиялық қауіпсіздікке ойысуы керек. Себебі, бұндағы еліміздің ұстанымы бесенеден белгілі. Қазақстанның және оның Президентінің әлемге ұсынып жатқан, халыққа түсіндіріп отырған негізгі идеясы – еуразиялық кеңістіктің аймағын бір-бірімен байланыстыру, өзара қоян-қолтық даму. Қазақстан ЕҚЫҰ-ны басқарғанда да осы идеядан танған емес, Ислам конференциясы ұйымына төрағалықта да бұл бағыттағы іс-әрекеттер жалғасты деп ойлаймын. Жалпы, Қазақстан ұйымды Еуропаның немесе ұйым мүшелігіне енген елдердің ғана емес, Батыс пен басқа да ұлан-ғайыр дүниені шын мәніндегі ынтымақтастық ошағына айналдыруды ұстанып отыр. Қазіргі таңда, БҰҰ-ның әр аймақта бір тұтанатын қақтығыстардың алдын алуға күш-жігері жетпей отырған шақта ЕҚЫҰ-ның ықпалы нақ осылай күшеюі жанталасқан жаһан үшін ауадай қажет. Бұл біздің ғана байлам-болжамымыз емес, Еуропа да, Азия да Астанаға осындай үміт-тілекпен қарап отыр. Бүгінде ғасырлар бойы әлемге төрелік айтып келген АҚШ-тың әр қиырдағы өңірлік шиеленістерді қарудың күшімен шешуге бағытталған саясаты өзін-өзі ақтамағаны баршаға белгілі. Бұның айқын мысалы – Ауғанстан. Ендеше, осындай жағдайда Орталық Азиядағы дәстүрлі елдер өз ішінде жікке бөлініп, діни және экономикалық терең дағдарысқа ұшырып жатқанда, лаңкестік дараның емес, белгілі бір топтардың да емес, тұтас аймақтық құрылымдардың кәсібіне айналған кезде 56 мемлекет басшыларының ЕҚЫҰ-ға төраға болып отырған елде бас қосуы бес құрлықты түгел елеңдететіні даусыз. Сол ынта-назардың басты себебі – Қазақстанның және ел Президентінің халықаралық қауымдастық алдындағы зор беделі. Шындығына келсек, бүгінгі әлем жұмыр жердің әр түкпіріндегі өткір мәселелер қатар қарастырылған, барынша анық әрі дәлелді жаңа идеяларға зәру. Осындай өзекті мәселелерді салмақтай келе, мен Астана саммитінде бұл орайда келелі әңгімелер өрбитініне сенемін. Тіпті елордада ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия филиалын құру жөнінде ұсыныс жасалуы әбден мүмкін деген ойдамын. Саммит туралы көзқарасын толассыз білдіріп жатқан саясаткерлердің ортақ байламын сараптасақ та осыны аңғаруға болады. Анығында Еуропа үшін де, мазасыз Азия үшін де аталған құрылым қазіргі күндегі саяси-әлеуметтік маңызы зор қажеттіліктердің бірі. 140 этнос пен 40-тан астам конфессия өкілдерін бір шаңырақтың астында ынтымақтастырып отырған Қазақстанның дін хақындағы ұстанымы таным мен сенім алшақтығына төзімсіз шығыс үшін тиімді болар еді. Исламның көп негіздерінің бірі болып табылатын төзімділік дәстүрі қазақ жерінде орныққан. Біз қабылдаған бірлік пен теңдік доктринасы Орталық Азияның қаруы қолынан түспей жүрген елдері үшін бейбіт өмірге оралудың игі жолына айнала алар еді. Бағзы ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды ХХІ ғасырдағы жалпы адамзаттық өркениетпен сәйкестендірудің осы заманғы озық үлгісі де бізде. Ал құрлықтар жақындаспай, қоян-қолтық араласпай тұра алмайды. Өзара үндесу мен сіңісу – қазіргі кезеңнің өмірлік талабы. Міне, осы бауырласу миссиясын Орталық Азияда жүзеге асыра алатын жалғыз мемлекет – Қазақстан. Батыс пен Шығыстың өркениетін бірдей сіңірген, оны ұлттық рухы арқылы оңтайлы сіңірген ел де сол. Қазақ жері сондықтан да кірпияз Шығыс пен шартарапқа ашық, заманға бейімделгіш Батыстың арасына тартылған ұлағат көпірі бола алады. [2;7] 

ЕҚЫҰ саммитінен келетін нәтиже туралы болжауға болады. Ал пайдасына келсек, біздің елге бұл  жиын не береді?

Расында, қазірде зиялы  қауым арасында саммит Қазақстан  мен Астанаға, бізден тысқары елдерге  не берді деген сауал жүр. Алдымен  сырт мемлекеттер жайында айтсақ, оған Елбасы ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа кіріскен кезде жан-жақты жауап берген болатын. Саммит ұйымға мүше мемлекеттердің осы заманғы қауіп-қатердің алдын алуға бейімделуіне ықпал етеді. Бұдан бөлек, басқа елдердің осы халықаралық құрылымға сенімі мен құрметін арттырады. Хельсинки Қорытынды актісі мен Париж декларациясын жаңа мазмұнда байытуға мүмкіндік туғызады. Соның нәтижесінде 56 мемлекет алдағы кезеңде ұстанатын әлемдегі қазіргі қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа міндеттері анықталады. Ол бәлкім жаңа Астана декларациясы түрінде өмірге келуі де ғажап емес. Ал ЕҚЫҰ саммиті еліміз үшін не әкеледі десек, ең алдымен Қазақстанды әлемге қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде тағы да танытады. Оның халықаралық үйлесімділікке бағытталған өміршең ой-идеяларына жаһан қанығады. Республиканың батыстағы жетекші мемлекеттермен стратегиялық әріптес болу мүмкіндігі де арта түседі, Азия мен ТМД-дағы көшбасшылық беделі нығая түседі. Басқасын айтпағанда, саммиттің бас қаламызға да берері көп. Осы аса маңызды жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен келген бұқаралық баспасөз өкілдері саммиттің жұмысы туралы жедел ақпаратты шартарапқа тарата жүріп, Астананы барлық қырынан көрсетті. Аз уақыттың ішінде салынған көркем шаһардың көркіне көптеген елдер көз қанықтырды. Астанамен іскерлік қатынас орнатуға ынталы топтардың қатары көбейді. Туризм, құрылыс және басқа салаларда Астана жаңа әріптестер тапты. Осының бәрі, айналып-үйіріліп келгенде, елеулі экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. [3;6]

 

 

 

 

 

Қорытынды

ЕҚЫҰ төрағалығы бойынша  тізгінді жас Қазақстанның алуында  да, одан кейінгі еліміздің әлемдік  маңызға ие саммитке бастамашы болуының да астарында үлкен мән жатыр. Біріншіден, бұл ұйымға төрағалыққа тың серпін беріп отыр. Екіншіден, Қазақстан мәртебелі ұйым тізгінін қолға ұстаған санаулы уақыт ішінде әлемдік деңгейдегі бірнеше маңызды қадамдарға ұйытқы болды. Атап айтайық, БҰҰ Бас ассамблеясы Елбасының идеясымен 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы қарар қабылдады. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жұмысы жанданды, Орталық Азияның тұрақты дамуына арналған қадамдар жасалды. ЕҚЫҰ төрағалығына келгеннен бастап, Қазақстан Ауғанстандағы күрделі жағдайды реттеудің тың ұсыныстарын көтеріп, оны жүзеге асыруға өзі де көп жағдайда мұрындық болды. Адамзатты тұтас алаңдатып отырған есірткі қатерінің жолын кесуге әлемді түгел жұмылдыру шаралары да жемісін беруде. Ал іргеміздегі Қырғызстандағы оқиға кезінде ЕҚЫҰ көшбасшысының күш-жігерімен сол елдің ішкі алапат апаты дер кезінде ауыздықталды. Осының бәрі әлем мемлекеттерінің республикамызға, оның Президентіне деген сенімін күшейтті. Көптеген сарапшылардың пікірлеріне сүйенсек, бүгінде ЕҚЫҰ Қазақстанның бұл артықшылығына, әлем алаңдаған өзекті мәселелерге дер шағында назар аударып, олардың шешімін таба білетін ұшқырлығына, ұсыныстарды жүзеге асырудағы іскерлігіне тәнті бола отырып, осы қабілет-мүмкіндігін одан әрі де пайдалануға ынталы. Бұл үшін, әрине, Қазақстан ұйымның құрылымына тереңдеп ене түсуі керек.

Информация о работе Кеден одағы