Жастардың субмәдениеті - мәдени, әлеуметтік феномен ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 20:36, доклад

Описание работы

Батыстан бастау алатын субмәдениет қазір, әсіресе жастар арасында кең таралған. Субмәдениет ұғымы қазіргі кезде кең қолданылып жүрген терминдердің бірі. Бұл терминнің мағынасы өте үлкен. Әсіресе жастардың субмәдениетіне қатысты мәселелер қазіргі кезеңде өте өзекті болып отыр. Түрлі музыкалық әуендерге әуестеніп, өзіндік стиль қалыптастырып, бейнесі мен келбеті арқылы ерекшеленіп тұратын, сондай - ақ сөйлеген сөзі мен іс -қимылдарында да белгілі бір өзгеше тұстары бар бейформальдар қоғамның толық белсенділері болғысы келеді. Жастардың субмәдениеті мәдениеттануда әлеуметтендіру тұжырымдамасы аясында қарастырылады.

Работа содержит 1 файл

Жастардың субмәдениеті.doc

— 55.00 Кб (Скачать)

   Қоғабаева Гүлім.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

                                                                                     Мәдениеттанушы, бакалавр.

 

Жастардың субмәдениеті - мәдени, әлеуметтік феномен ретінде.

      Батыстан бастау алатын субмәдениет қазір, әсіресе жастар арасында кең таралған. Субмәдениет ұғымы қазіргі кезде кең қолданылып жүрген терминдердің  бірі. Бұл терминнің мағынасы өте үлкен.  Әсіресе жастардың субмәдениетіне қатысты мәселелер қазіргі кезеңде өте өзекті болып отыр.  Түрлі музыкалық әуендерге әуестеніп, өзіндік стиль қалыптастырып, бейнесі мен келбеті арқылы ерекшеленіп тұратын, сондай - ақ  сөйлеген сөзі мен іс -қимылдарында да белгілі бір өзгеше тұстары бар бейформальдар қоғамның толық белсенділері болғысы келеді. Жастардың субмәдениеті мәдениеттануда әлеуметтендіру тұжырымдамасы аясында қарастырылады. Мәдени стандартқа үйрену, үстемдік етуші мәдениетке ену күрделі әрі қарсылық тудырушы үрдіс деп есептелінеді. Ол әрқашан психологиялық және т.б қиыншылықтарға әкеледі. Осының өзі жастардың рухани қордан өз өмірінің екпініне сай өмірлік талпыныстарын туғызады.  «Жастардың мәселесі» - ол қоғамның мәселесі. Жастар бүгінгі мен болашақты жалғастырушы көпір іспетттес. Әлемде жастардың мәселесі ғылыми талқыланудың өте жоғары деңгейінде, әсіресе қоғамдағы беделі, мәдени, саяси, әлеуметтік күштері шеңберінде мемлекеттік деңгейде үлкен дәрежеде талқылануда. Ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық бетбұрыс - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», « жастар - болашақтың негізі, болашағын қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктерге ие болады» делінеді. Жастардың субмәдениеті - қарым -қатынас түрінің талғамы, іс - әрекеттер нормасы және құндылықтар, 10 жастан бастап 20 жасқа дейінгі аралықты қамтитын, үлкендердің мәдениетінен ерекшеленетін жүйе. Жастардың  субмәдениеті 60-80 жылдары өте қарқынды дамыды. Жастардың субмәдениеттік белсенділігі бірнеше факторларға байланысты: білім деңгейіне. Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге қарағанда, колледжда білім алатын студенттерде  өте жоғары болды. Екіншіден, жас ерекшелігіне байланысты,  16 -17 жас аралығында белсенді, ал 21-22 жаста төменгі деңгейде болады. Үшінші фактор, тұрғылықты жері. Субмәдениет ауылдық жерге қарағанда қалада кең тараған, өйткені қала іс - әрекеттер формасы мен құндылықтар жүйесін таңдауға шынайы мүмкіндік береді.  Жастардың субмәдениеті шығармашылық, танымдық мінездеме бермейді, керісінше ойын - сауықтық және тұтынушылық сипатта көрініс табады. Бүкіл әлемде жастардың субмәдениеті батыс құндылықтарының жүйесіне сүйенеді. Бүгінгі күні әлеуметтанушылар жастарға қатысты дабыл қағады, өйткені жастар үшін алдыңғы орындарда теледидар, компьютер, сосын мектеп, соңғы орындарға жанұя қойылады екен. Жастар қоғамдағы дамудың жаңа формаларын позитивті және негативті құбылыстарымен бірдей қабылдайды. Бос уақыттарында  ойын - сауық құруға дағдыланған жастар тұрақты болмайды, сондықтан да олар өздерінің жаңа тәсілдерін ойлап табады. Қазіргі кезде үлкен қала өмірі жастарды әр түрлі топтарға бірігуге әкеліп отыр, яғни жастардың топтасуынан ұжымдық сана, жауапкершілік, әлеуметтік мәдени құндылық туралы ортақ түсінік қалыптасады. Осыдан жастар субмәдениеті пайда болады. Жастар субмәдениетінің қалыптасуының бірнеше белгілері бар. Көптеген ғалымдар осы тақырыпқа байланысты өздерінің көзқарастарын ұсынған:

       Әлеуметтік құқықтық белгілері бойынша:  
1) әлеуметтік белсенді топтар. Мысалы: экологиялық қорғау топтары, қоршаған ортаны, ескерткіштерді қорғау. 
2) әлеуметтік белсенді емес топтар, яғни әлеуметтік процестерге нейтральды қараушылар. Мысалы: музыкалық және спорттық фанаттар. 
3) асоциалды - хиппилер, панктер, қылмыстық топтар және т.б.

Қызығушылықтарына сәйкес әлеуметтанушы  М.Топалов жастар бірлестігін былай топтастырады:  
-музыкамен айналысушылар;  
- спорттың арнайы түрімен айналысушылар;  
- философиялық-мистикалық топтар;  
- қоршаған ортаны қорғаушылар.

Ал профессор С.А.Сергеев жастардың субмәдениетінің мынадай жіктемесін ұсынады:  
- романтико-эскаписттік субмәдениет (хиппи, индианистер, толкинистер, байкерлер). 
- гедонистік-ойын сауықтық (мажорлар, рэйверлер, рэпперлер және т.б.), 
- қылмыстық ("гопниктер", "люберлер") 
- анархо-нигилистік (панктер).

     Жалпы, жастардың субмәдениетін мынадай топтарға бөлуге болады: 
- Музыкамен байланысты, яғни белгілі бір музыкалық үлгіні ұстанушылар: рокерлер, металлисттер, панктер, готтар, рэперлер. 
- Өмір сүру салтымен және дүниеге деген көзқарасымен ерекшеленетіндер: готтар, хиппилер, индианисттер, панктер, растамандар. 
- Спортпен байланысты: спорт фанаттары, роллерлер, скейтерлер, стрит – байкерлер, байкерлер. 
- Ойынмен байланысты, яғни басқа әлемге ену идеясы негізінде: ролевиктер, толкиенисттер, геймерлер. 
- компьютер технологияларын жетік меңгергендер: хакерлер, юзерлергеймерлер. 
- Қауіп қатер тудырушы немесе асоциалды топтар: панктер, скинхэдтер, гопниктер, люберлер, нацисттер. 
- Діни бірлестіктер: сатанистер, секталар, кришнаиттер, индианисттер. 
- Қазіргі жаңа өнер түрлерімен айналысатын топтар: графиттер, брейк-дансер, скульпторлар, музыка топтары. 
- Элита: мажорлар, рейверлер. 
- Көпшілік мәдениеті немесе контрмәдениет: гопниктер, реднектер. 
- әлеуметтік- белсенді: қоршаған ортаны қорғаушылар.

        Белгілі бір субмәдениетке енген адам онымен біртұтас болады. Сол мәдениеттің барлық заңдарын, жаңа қоғамның тәртіптерін қабылдайды, тіпті өмірге деген көзқарасы, құндылықтар жүйесі  өзгереді. Қазіргі жастар субмәдениетті қолғапша ауыстырудан шаршамайды. Өйткені олар тек сыртқы түріне байланысты, айналадағы адамдардың қолдауымен сол мәдениетті қабылдайды, ал өзінің ішкі сезіміне, сол мәдениеттің құндылығына назар аудармайды. Қоғамға қауіп-қатер, зиян әкелетін субмәдениет топтары өздерінің әрекетінің мәнін түсінбейді, тек сол мәдениетке сай әрекетерді жасау арқылы оның мүшесі атану олар үшін мақтаныш болып есептелінеді. Рухани жан-дүниемен мәдениеттің барлық құндылықтарын игеріп, ену қоғамға да, жалпы қоршаған ортаға да жақсы әсер ететінін ескеру қажет. Психологиялық жағынан қарасақ та, жастардың психикасының зардап жегуі соңында өкінерлік жағдайларға әкелетінін де ұмытпау керек. Жастардың субмәдениетінің біздің елде таралуы Батыстан кем емес. Ол күнделікті өмірден де көрініс тауып жатыр. Қазақстанда жастардың субмәдениетінің типологиялық анализін жасауда ғалымдар субмәдениеттің жаңа көріністері көбінесе Алматы, Қарағанды, Павлодар секілді жастар қалаларында кең тарағандығын айтады. Қазақстанда жастардың субмәдениетін топтастыру өте қиын, қазірде оны зерттеу төмен деңгейде. Сонымен қатар жаһандану үрдісі елімізді мүлдем басқа кеңістікке әкеткендей. Батыстың және Ресейдің рухани құндылықтарын сіңіре отыра жастар  күнделікті өмірде Отандық БАҚ,  бағдарламаларды қолдануда төмен дәрежеде. Себебі бәрімізге белгілі жастарымыз «қара роктың»  патшасы Макл Джексонның  фанаттары, сонымен қатар Отандық телеарналарды қараудан, өзіміздің дәстүрлі әндерімізді тындаудан гөрі Муз-ТВ, Эм-ТИ-ВИ, НТВ және т.б Ресейлік, шетелдік телеарналарды тамашалауды жөн көреді.  Компьютерлік ғасыр, Интернеттің үстемдік етуі  кезеңінде жастар субмәдениетінің жаһандану процесі  жүреді. Сондықтан да қызығушылықтарына, білім деңгейлеріне байланысты белгілі бір жастар ұйымдары пайда болып жатыр. Қазақстандағы жастар субмәдениетінің мынадай топтамасын ұсынуға болады:

      - Ойын сауықтық - рокерлер, рэперлер, металлистер, эмолар, готтар, байкерлер;

   - Беделді адамдардың, элита, саяси шеңбердегі өкілдердің, әртістердің, жалпы өнер адамдарының балалары да белгілі бір субмәдениетті құрайды.

    -Діни субмәдениет. Бұл топқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестіктердің табынушылары кіреді. Қазіргі кезде дінге байланысты жастардың көзқарасының  адасушылық жолда болуы бәрімізді қатты алаңдатуда.

  -  Студенттердің субмәдениеті. Қазақстан қоғамының білімді және белсенді бөлігі. Бұл топқа 17-22( кейде 25) жас аралығындағы  жастар кіреді.  Студенттік кезеңде жастардың әлеуметтік, саяси көзқарастары қалыптасып, тұлға ретінде өзіндік мінездемесін орнықтырады. Университет қабырғасы, жатақхана студентке болашақтың үлкен бір терезесін ашып, жол сілтейді.

    Осы аталған  жастардың  субмәдениеттерінің өзіндік дүниеге көзқарастары, құндылықтары бар. Психолог мамандардың айтуынша, біздің қоғамда бейформальды топтардың пайда болуы бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, бұл құбылыстың пайда болуы рухани тәрбиенің жоқтығынан деуге болады. Ата-ана қамқоры мен назарының аздығынан жастар өздеріне ұқсас қызығушылықтары бар ортаны табуға тырысады. Солай бір-бірін тауып, бейформальды топ құрады. Олар кішкентай мемлекет іспеттес. Жалпы субмәдениет өкілдеріне деген көзқарас қандай? Көптеген адамдар оларға басқаша көзқараспен қарайды. Себебі жастардың субмәдениетін терең түсінбейді. Ал осы субмәдениет өкілдерінің негізгі мақсаты - көпшіліктен ерекшеленіп, өмірде өз орнын табу. Өзіндік үлгі, музыка, сленг қалыптастырып қоғамнан ерекшеліп жүру қазіргі жастар арасында жиі кездеседі. Сондықтан да айналадағы өзгеше киінген, ерекше тіл табысатын жастарға жалпы субмәдениет ретінде қарамай, керісінше сол адамның жеке, өзіндік тұлғалық қасиеттеріне мән беріп таныған жөн.

     Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғамда өзгерудің күрделі процесі жүріп жатыр және ол жастардың әлеуметтенуіне әсер етуде.  Бүгінде Қазақстанда әлеуметтік, саяси бетбұрыстарға байланысты басты дәстүрлі құндылықтар дағдарыс үстінде.  Жастардың әлеуметтенуінде материалды құндылықтардың басым болуы жастардың  күнделікті  өмірдегі ұстанымдарын басқа арнаға бұруда, яғни жастар ата-анадан материалдық көмек алып, ал рухани жағына келгенде, ата-ананың кеңесіне құлақ аспайды. Осындай іс-әрекеттер қоғамда бейформальды жастар ұйымдарының қалыптасуына әкеледі. Сондықтан да мемлекет пен ата-ана жастардың тәрбиесіне бесіктен бастап үлкен мән беруі керек.  Ұлы Абай : «Адамның адамшылығы, адамгершілігі -  ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан, - » дейді. Ұлттық сана, ұлттық болмыс негізін қалыптастыру жастарды  жалпы адамзаттық құндылық, бағалық, ұлттық төл мәдениет негізінде дүниенің мән мағынасын түсініп, игеруіне, өзгеріске толы әлеуметтік экономикалық, саяси жағдайға бейімделіп,  өмірден өз орнын табуына көмектесу – бәрі-бәрі тұлғаның ізгілікті қасиетіне байланысты. Абайдың пікірінше ізгіліктің басты арқауы - өз халқының төл мәдениеті. Оған ұлттық бағдар тән. Ал ізгілікті қасиет - адамның білімі, мен намысы, сенімі, ар-ұжданы, мұраты, мақсаты, әлеуметтік әдет, мінез-құлық бітісі, тәртіпті қатынасты реттеуші негіз, дүниетаным діңгегі. Гумандық қасиеттердің түп-тамыры - адамгершілік. Сондықтан да қазіргі жастардың жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытуына әсер ететін «руханилық» және «әдептік» ұғымдары. Жалпы, жастардың субмәдениетінің мәдени, әлеуметтік, рухани жағынан кеңеюі қоғамға қажетті өмірлік қағидаларды ұлттық дүниетанымдық көзқараспен сараптай алуына байланысты. Менің ойымша, жастардың қандай субмәдениетке енетіндері өз қалаулары, тек қоғамға қауіп келтірмей, керісінше материалдық, рухани жағынан баии түссе, дүниетанымдық көзқарастары кеңейсе нұр үстіне нұр болатынына сенемін.

Қоғабаева Гүлім.  

 «Жастардың субмәдениеті - мәдени, әлеуметік феномен ретінде».

                   Түйін.

     Берілген  мақалада қоғам дамуының бүгінгі кезеңіндегі  жастар субмәдениетінің ерекшелігі, әлеуметтік-рухани құндылықтары қарастырылды.

                                                Резюме.

    В статье  рассматриваются особенность и социально-духовная ценность  молодежной субкультуры на современном этапе развития общество.

                                              Summary.

  The article considers peculiarity, social and spiritual values of youth subculture on the modern stage of the world development.

  

    

              

 


Информация о работе Жастардың субмәдениеті - мәдени, әлеуметтік феномен ретінде