Қырқынан шығару

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2011 в 08:32, доклад

Описание работы

Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі.

Работа содержит 1 файл

Қырқынан шығару.doc

— 1.59 Мб (Скачать)

                                

                                    Қырқынан шығару 

  Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырық күн өткеннен кейін баланың өмірінде жаңа кезең басталады деп есептеледі. Қазақ халқының ұғымында қырық саны – қасиетті сандардың бірі.

  Қырқынан  шығаруға жиналған әйелдер баланы  теңге, сақиналар салынған тегешке  шомылдырады. Әйелдердің үлкені  «Отыз омыртқаң жылдам бекісін,  қырық қабырғаң жылдам қатсын»  деп, баланың үстіне қырық қасық  су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі.

  Келесі кезекте  баланың шашын, тырнағын алады.  Шашын шүберекке түйіп, киімінің  иығына қадайды. Тырнағын адам  баспайтын жерге көмеді.

  Бала қырқынан  шыққанға дейін киген ит жейдесіне  тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді. Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді бөліседі.

   Баланы  қырқынан шығару дәстүрін бесік  тойымен бірге өткізу жиі кездеседі. 

Информация о работе Қырқынан шығару