Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 20:25, реферат
Түменбай Қуандық Ералыұлы 1955 жылы 22-тамызда Қызылорда облысы, Шиелi ауданы, “Қызылту” колхозында (қазiргi Ыбырай Жаћаев атындаѕы ауыл) дүниеге келдi. 1972 “Қызылту” орта мектебiн бiтiрген соң қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiне түсiп, 1977 жылы бiтiрiп шықты.
Қуандық Түменбай
Түменбай Қуандық Ералыұлы 1955 жылы 22-тамызда Қызылорда облысы, Шиелi ауданы, “Қызылту” колхозында (қазiргi Ыбырай Жаћаев атындаѕы ауыл) дүниеге келдi. 1972 “Қызылту” орта мектебiн бiтiрген соң қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiне түсiп, 1977 жылы бiтiрiп шықты.
1977-78 жылдары “Лениншiл жас” (“Жас алаш”) газетiнде тiлшi, 1978-79 жылдары республикалыћ “Жалын” баспасында редактор, 1979-84 жылдары Алматы облыстық “Жетiсу” газетiнде тiлшi, 1984-89 жылдары республикалыћ “Жұлдыз” журналы проза бөлiмiнiң редакторы болып iстедi. 1989 жылы жас жазушылардың Москвада өткен Бүкiлодақтық кеңесiне қатысып, кеңес қорытындысы бойынша Горький атындаѕы Әдебиет институты жанындаѕы Жоѕарѕы әдеби курсқа конкурссыз қабылданып, екi жыл тыңдаушы болды.
1991-92 жылдары “Алматы ақшамы” газетi Бас редакторының орынбасары. 1992-96 жылдары ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi мерзiмдi басылымдар Бас басћармасының Бас редакторы, 1996-98 жылдары республикалық “Қазақстан” баспасының Бас редакторы болып қызмет атқарды. 1998-2001 жылдары шығармашылық демалыста болды. 2001-2003 жылдары “Қазақстан” журналы Бас редакторының орынбасары, ал 2007 жылдан берi республикалық “Жұлдыз” журналы бас редакторының орынбасары.
Қ.Түменбай студент кезiнде жастардың “Арман қанатында” жинағының тұңғыш кiтабына шықты(1977). Сонан берi “Қайың сапты кетпен” (1982), “Жүрдек поезд” (1987), “Каникулды күткен қыз” (1990), “Жiгiттiң Көктөбесi” (1995), “Сотталған домбыра” (1998), “Қанаты күйген қызғыш құс” (1998), “Көз” (1999), “Жасыл жанып тұрғанда” (2000), “Қой мен қойшы”(2004), “Ар мен Дар” (2005) атты роман, повесть, әңгiмелер кiтаптары жарық көрдi. Жекелеген шығармалары, атап айтқанда, “Узоры на песке”, (“Простор”, N9, 1990), “Муки человеческие” (“Горизонт”, 1996, 14-25 қаңтар), “Горемыка” (“Новое поколение”,N29, 30, 31, 32-1995), т.б. көптеген әңгiме, повестерi орыс тiлiнде, “Қайың сапты кетпен” атты әңгiмесi ұйғыр тiлiнде (“ұйғыр авази”, 25 қыркүйек 1998 ж.), “Қандас көршiлер” әңгiмесi немiс тiлiнде (“Фроиншафт”, 11 тамыз 1992) жарияланды.
Ол 1989 жылдан КСРО, ал 2001 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесi.
Балалар мен жасөспiрiмдерге арналған республикалық жабық бәйгенiң төрт мәрте жүлдегерi (“Каникулды күткен үыз” – 1986, “Бiздiң үйдiң солдаттары” – 1987, “Тұңғиық” – 1988, “Күндi күтiп жүрмiн” – 1989).
“Қазақ әдебиетi” газетiнiң лауреаты (1985 ж.).
Ғабиден Мұстафиннiң туғанына 100 жыл толуына арналѕан жабық бәйгенiң жүлдегерi (“Мылқаулар” атты әңгiмесi үшiн, 2002 ж.). Ал, 1998 жылы “Сотталған домбыра” атты кiтабы үшiн Халықаралық Алаш сыйлыѕына ие болды.
Қ.Түменбай шығармаларынан үзiндiлер қазақ орта мектебiнiң 5-сыныбына арналған қазақ тiлi оқулығына, орыс мектептерiнiң 10-11 сыныптарына арналған “Диктанттар жинағына” енген.
Республикалық балалар мен жасөспiрiмдер кiтапханасы “Қазақстан жазушылары – жастарға” айдарымен Қ.Түменбай шығармашылығына арнап “Жарыса аққан қос өзен” атты әдiстемелiк құрал шығарған.
Халықаралық
«Алаш», «Сорос–Қазақстан» сыйлықтарының
лауреаты. Балалар мен жасөспірімдерге
арналған республикалық жабық бәйгенің
бірнеше мәрте жүлдегері. Қызылорда облысы,
Шиелі ауданының Құрметті азаматы.
Шығармалары: Қайың сапты кетпен. Әңгімелер.
А., «Жалын», 1982; Жүрдек поезд. Повестер
мен әңгімелер. А., «Жалын», 1987; Каникулды
күткен қыз. Повестер мен әңгімелер. А.,
«Жазушы», 1990; Жігіттің Көктөбесі. Повестер
мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1995; Қанаты
күйген қызғыш құс. Деректі повесть. Шымкент.
«Жібек жолы», 1995; Сотталған домбыра. Әңгімелер.
А., «Өнер», 1998; Көз. Хикаяттар мен әңгімелер.
А., «Зерде», 1999; Жасыл жанып тұрғанда. Роман
және әңгімелер. А., «Сөздік—словарь»,
2001; Қой мен қойшы. Роман, хикаяттар, әңгімелер.
А., «Жазушы», 2004; Ар мен дар. Көсем сөз кітабы.
А., «Қазығұрт», 2005; Көзбояуы жоқ көріністер.
Новеллалар мен публицистикалық мақалалар.
А., «Жазушы», 2008; Қобыздың мұңы. Хикаяттар
мен әңгімелер. Астана. «Раритет», 2008.