Тіл туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:27, реферат

Описание работы

Кіріспе
"Ұлт" деген ұлағаты бойында, қандас, бауырмал, өзектес жандардың шаруашылық тауқыметі ойында, болашағы отбасы мен Отанының жолында, өз тағдыры өз қолында, тілі бір, ділі бір жандардың қауымдастығы болса керек. Оларды ортақтастыратын тілі, тағдырластыратын тарихы, сырластыратын, сыйластыратын, мұңдастыратын, жырластыратын, әдебиеті, ата мекенінің тұтастығын, бүгіні мен ертеңін ойластыратын, Отанын қорғауды ұйымдастыратын мемлекеті. Ендеше, тіл, тарих, әдебиет - ұлттың жаны мен қаны, рухани болмысы. Тіл дамып, әдеби тілге айналған тұста,

Работа содержит 1 файл

тіл.doc

— 107.50 Кб (Скачать)

“Сөйлесім –  адамдарды қауымдастыққа жетелейтін, қоғамдық мәні бар күрделі әрекет”. “Сөйлесім адамдарды біріктіреді, оларды өзара байланысқа түсіреді. Мұндай байланыс қоғамның құрылысына әсер етеді”.4 Топталған адамдар арасындағы пікір алысу; әлеуметтік сипаты бар, ойдың сыртқа шығатын көрінісі болып табылады.

 

Қазақ тілі – Мемлекеттік тілі.

 

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Бұл тіл – түркі тілдеріне жатады. Қазіргі кезде отызға жуық түркі тілі бар. Түркі тілдері өзара туыстас болғандықтан, олардың бір-бірімен жақын, ортақ қасиеттері көп. Қазақ тіліне ең жақындары – ноғай, қарақалпақ, қарашай – балкар, қырғыз, татар, башқұрт, құмық тілдері.

Қазақ тілі – бай, көркем тілдердің бірі. Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Қазақ тілі - әдебиет мәдениет, ғылым мен білім тілі. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің мақтанышы.

Қазақ тілі –  ұрпақтан-ұрпаққа, атадан – балаға жеткен бай мәдени мұра. Сондықтан  әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.

 «Тілін білмеген – түбін білмейді», - дейді қазақ халқы. Өз ана тілін білмеген адам өз халқының тарихын түсінбейді. Қазақ тіліне тиісті көңіл бөлінбей келеді. Сол кемшіліктерді жою, ана тілінің мәртебесін көтеру үшін көптеген шаралар жүзеге асырылды.

1990 жылы 1 шілдеде  Қазақстан Республикасының тілі туралы заң қабылданды. Қазақ тілі Мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Ана тілі... Бұл туралы қаншама айтылып келеді. Ал ана тілін құдыретін қанша айтсақ та түсіну мүмкін емес. Бала кезіңде балдай сорып, ана сүтімен бойға сінген қасиетті туған тілдің арқасында ғана жайыңды поэзия шуағына бөлейсің, біле білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл арқылы ұялайды. Өмір бойы адамға ең тамаша эстетикалық ләззат беретін де құдіретті туған тілің ғой. Балалық — адамның ең бір сүйікті шағы ғана балалық шақ — болашақ өміріңнің беташар баспалдағы да. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден, бұла кезіңнен басталмаса, кейін қиынға соғады. Айналандағы адамдарға, өзің өскен ортаның табиғаты мен халқыңның мәдениетіне, дәстүріне деген көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.

Қазақстандағы тілдер статусы. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Этностың тұрақты тіршілік етуі мен оны айқындайтын көптеген элементтердің ішінде тілдің алатын орны ерекше. Тілдің дамуы мен оның функционалдық қызметінің өсуі және сол ұлттың мәдениетінің дамуының арасында тікелей байланыс бар.

Сондықтан республика толғағы жеткен мәселелерді өз бетінше шешуге мүмкіндік ала салысымен, бірінші болып тіл мәселесін көтерді. 1989 ж. 22 қыркүйекте Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің кезектен тыс он төртінші сессиясында “Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Заңның” жобасын бекітті. Бұл құжаттың 1-бабында Республикадағы Мемлекеттік тіл — қазақ тілі, орыс тілі халықаралық тіл болып жарияланған. 1997 ж. шілдеде “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” заңы өзгерістермен, толықтырулармен қайта қабылданды.

Қазақстан Республикасының конституциясында да қазақ тілі Мемлекеттік тіл болып қала беретіндігі айтылған. 1993 ж. Министрлер кабинеті жанында тілдер жөніндегі комитет құрылды, ол 1995 ж. ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитет деп аталды. Дегенмен, республика тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген саяси, экономикалық және мәдени өміріміздегі қиындықтар негізінде айырылып қалған рухани мұралар мен тілдерді дамытуда проблемалар кездесті. Ұлттық балабақшадан бастап мектептер ашу барлық аймақтарда бірдей емес екендігі анықталды. Мәселен, қазақтар саны халықтың 20—30% болып келген солтүстік облыстарда қазақ мектептерін көбейту, жаңа мектептер ашу мәселелері шешусіз қалып келді. Сол сияқты 1992 ж. Павлодар облысы бойынша қазақ балаларының 70,4%-ы орыс мектептерінде оқыған.

Сондықтан орыс мектептерінде оқып жүрген қазақ балаларын қазақ мектептеріне беруге шақырған “Қазақ тілі қоғамының” үндеуі 1991 ж. 1 тамызда “Ана тілі” газетінде жарияланды. Онда былай делінген еді: “Шын мәніндегі егемендікке қол жеткізіп, елдігімізді сақтаймыз десек, ана тіліміздің ата мекенімізде жасқаншақтамай күн кешуіне ұмтылсақ, халқымыздың болашағы бүгінгі жас өркеннің тіл тұнығынан сусындап, өз ұлтының болмыс-бітімін жан жүрегімен сезініп өсуін тілесек, балаларымызды төл тілімізде тәлім-тәрбие беретін балабақша мен мектепке апарайық. Қазақ балалары қазақ мектептеріне жаппай бет бұрғанда ғана ана тіліміздің төбесіне төніп тұрған қою бұлт ыдырамақ”.

Осындай игі  бастамаларға қосымша Қазақстан  Республикасының тіл саясаты  жөнінде тұжырымдамасы қабылданды.

Тіл - ұлттың жан дүниесі

 

Еміреніп айтса  да, тебіреніп айтса да өз тілі жөнінде  өзекжарды сөз айтуға әркімнің-ақ хақысы бар. Бірақ бұлай деу —  өз тілін асқақтатып, өзгенікін аласарту деген өзімшіл ойдан тумаса керек. Тілге тілдің жаулығы жоқ. Тілге  тілді қарама-қарсы кою ізгілікті қоғамға жат қылық. Өзге тілді құрметтеу алдымеи өз тілідді құрметтеуден басталады. «Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап  мәдени деңгейіне ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеттері мүлтіксіз баға беруге болады. Өз Отанына деген махаббат өз ана тіліне деген шынайы махаббатсыз болуы мүмкін емес. Өз ана тіліне немқұрайлықпен қарайтын адам хайуанмен бірдей. Оның ана тіліне деген немкеттілігі өз халқының өткеніне, қазіргісі мен келешегіне деген немкеттілікпен сабақтасып жатады, сондықтан ондайлар зиянды (Константин Паустовский). Әйгілі қаламгердің бұл сөзінде жан тебірентер шындық бар. Адамгершіліктің дәні алдымен ана тілі топырағында көктейді. Өйткені халықтың түпсіз терең даналығы, өмірден түйген өнегелері, моральдык, этикалық қағидалары, эстетикалық талғамы, тәлім-тәрбиесі тіл арқылы сақталып, тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатады. Халықтың рухани азығы мен көркем дүниелерін ана тілі аманат ретінде ғасырдан-ғасырға жеткізіп отырады, Осыны жете түсініп, жақсы меңгерген жан өзге халықтың тіліне өгейшелік көрсетпейді. Өзге тілді де қастерлеп, бағалай біледі.

Ана тілін жанындай сүйген ұлы жазушы М. О. Әуезов бірде  дәуіріміздің дүлдүл ақыны Расул  Ғамзатовқа «Өлеңіңді авар тілінде  оқышы», — деп тілек білдіріпті. Ақын өлеңін ойға шома, үнсіз тыңдаған Мұқаң: «Тілің күңгірлеп жатқан тастардың үніне ұқсайды»,—деп тебіренген оймен дәл теңеу айтыпты. Расул Ғамзатовтың мына өлең жолдары сол бір сәттің куәсы тәрізді:

Көргемін құрмет-сыйыңды

Қонақ боп, аға, үйінде.

Бір кезде саған жырымды

Оқыдым авар тілінде.

Түсіндің жанын  жырымның,

Қарадын үнсіз  асқарға.

«Ұқсайды, —  дедің, — тілің бір 

Күңгірлеп жатқан тастарға».

Сонымен, халық  пен халық, ұлт пен ұлыс бірлесе  өмір сүріп, отырған көп ұлтты  мемлекет жағдайында өз халқынды, оз тілінді сүюмен бірге өзге халықты да құрмет тұту, тілін қастерлеу қазіргі қоғамдағы гуманизмнің басты өлшемі болып отыр. Бірінші сортты, екінші сортты дейтін тіл жоқ, барлық тіл бірдей. «Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ (Геккель). Қандай да болса халықтың, ұлттың ең басты атрибуты — тіл. Тіл — адамзат баласы жасаған көркем ой қазынасы әрі ғылым мен білімді барынша жинақтап, молынан сақтап отырған қоймасы. Ғалымдардың айтуынша, дүниежүзіндегі информацияның 60—70% орыс, ағылшын тілдерінде жарық көреді екен.

Бір елде (мемлекетте) екі немесе бірнеше тіл қатар  қолданылғаны тарихтан жақсы мәлім. Алғашқы кезеңде біртілділік (монолингва) басым болып, екінші кезеңде қос  тілділік (билингва) қатар қолданылып, үшінші кезеңде біртілділікке (монолингва) көшкен елдер де бар.

Ана тілінде  білім беру, ана тілінде рухани-мәдени мұралардың жасалуы, ғылыми еңбектердің жарық көруі тілдің дами түсуіне, қызмет өрісінің кеңейе беруіне зор ықпалын тигізеді. Осылайша ана тілін дамыта отырып, еліміздің халықтары өресі биік рухани, творчестволық туындыларын дүниежүзілік аренаға шығарады.

Қазақтар арасында бірыңғай орыс тілін үйренуге бой  ұрып, ана тілін жатсыну тәрізді  жағымсыз үрдіс пайда болды. Қазақ мектептерінде оқитын оқушылардың саны азая бастады, іс қағаздары, бірер ауданда болмаса, негізінен орыс тілінде ғана жүргізілді. Ана тілі білім мен тәрбие берудің үш буынының (мектепке дейінгі мекемелер, мектеп және жоғары оқу орындары) алғашқы екеуінде ғана қолданылды. Міне, осылардың салдарынан ана тілінен, туған халқының мәдениетіндей қол үзген, өзге халықтың тілін жете меңгермеген, мәдениетінен де құр алақан қалғандардың (бұлар маргиналдар деп аталады) саны көбейе бастады.

Мұндай сыңаржақтықтың басы сонау жылдардан басталған. Бүл жөнінде, тіпті, 40-50-ші жылдардың  өзінде-ақ М. Әуезов, F. Мүсірепов, Б. Момышұлы тәрізді «ұл боп туып, ұлы жолда қызмет іздеген» қайраткерлердің турашыл қаламы тайсалмай әділін айтқан екен.

Тіл болашағы

 

1999 ж. “Тіл  туралы заң” негізінде Қазақстанда  “Тілдерді дамыту мен қолданудың  мемлекеттік бағдарламасы” жасалды. Бағдарлама төмендегідей бағыттарда істелінетін шараларды белгілеген:

— Ел азаматтарының  мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдық, материалдық-техникалық алғышарттарын  жасау;

— Мемлекеттік  тілді жан-жақты дамыту, оның белсенді түрде қоғамдық қолданылу аясын, әсіресе, ғылым, білім және мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу және халықаралық қатынастар саласында функционалдық қызметін арттыруға жағдай жасау;

— Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілге біртіндеп  көшірудің нақты базасын жасау;

— Ел азаматтарының  өз ана тілін пайдалануына жағымды  жағдайларды дамыту және сақтау.

Сонымен, бүгінгі  тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-саяси  өмірінің нақты шындығы елдің  көп ұлтты тұрғындарының қажеттеріне сәйкес, тілдік, демографиялық және саяси жағдайдың ерекшеліктерін ескеретін тіл саясаты үш басым бағыттарынан тұрады:

1. Бұл мемлекеттік  тілді дамыту;

2. Орыс тілінің  қолданылу аясын сақтау;

3. Көп ұлтты  мемлекетіміздегі басқа ұлттық және этностық топтардың мәдениеті мен дәстүрлерін жан-жақты қолдау.

Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын  іс жүзіне енгізу біртіндеп кезең-кезеңмен, салмақты, жан-жақты ойластырылған, күштеу әрекетінсіз жүзеге асыру  көзделген. Бағдарлама іс қағаздарын біртіндеп қағаз тіліне көшіруге ерекше назар аударады. Мәселен, қазірдің өзінде көптеген аудандар мен мекемелерде іс қағаздары мемлекеттік тілге көшірілген. Мұндай ұйымдар бағдарламада қарастырылған қазақ тілін іс қағаздарына енгізудің үлгілерін, компьютерлік модельдерді көмек ретінде пайдаланады. Мемлекеттік орган аппараттарында мемлекеттік тілді іс қағаздарына енгізу жөніндегі бөлімшелер ашу көзделген. Әрине, іс қағаздарын жүргізуде екі тілді білетін қызметкерге сұраныс болары сөзсіз. Жоғары және орта оқу орындарында “Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу” деген арнайы курс енгізілген. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазақ тіліндегі көркем безендірілген кітапшалар мен буклеттер шығару туралы арнайы бағдарлама жасалды. Мектепке дейінгі мекемелерде орыс тілінде тәрбиеленетіндерге қазақ тілін аптасына 3 сағатқа дейін жеткізу қарастырылған. Неміс, поляк, өзбек, ұйғыр тілдерінде оқытатын оқу мекемелері үшін ана тілі мен әдебиетін оқытудың мемлекеттік стандарты жасалуда.

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жанынан мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытатын республикалық орталық құрылған. Орталықтың сегіз облыс пен төрт қалада бөлімшелері жұмыс істейді. 2000 ж. қыркүйек айында Қазақстан халықтары тілдерінің республикалық ІІ фестивалі өтті. Бұл фестиваль шеңберінде “дөңгелек үстелдер”, ұлттық мәдени орталықтардың мерекелік шаралары ұйымдастырылды. Фестивальда мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді білу сайысы болды. Оны мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің тілдерді дамыту департаменті ұйымдастырды.

Ата тарихын  тіл тарихымен байланыстыру әлі  де болса жолға қойылған жоқ. Ұлт  азаттық қозғалысы кеше идеологияландырған тұста ол тап тартысына тірелді. Ал отаршылардың тіл, дін, діл бостандығын  шектетуіне қарсы өрісті күрес ұлт-азаттық қозғалысының рухани, өркениеттік астары ашылмай қалды. Бұл салада теоретик тілші ғалымдар мен тарихшылар бірігіп істер ғылыми ізденістер баршылық.

Ана тілі тағдыры - ұлт тағдыры, ол жалғыз тілшілердің  ғана еншісі емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Тіл - табиғаттың адамзатқа берген сыйы, қоғамда өмір сүретін адамдардың өзіне тікелей  бағынбайтын күрделі құбылыс. Тіл - ойды білдірудің пікір алысудың және қарым - қатынас жасаудың құрылымы.

Тәуелсіздік ұлттық қасиетті қадірлеуден, дәріптеуден басталса керек. Өз қадір-қасиетін білмеген ұлт басқа ұлттарға да, ұлыстарға да қадірсыз. Ұлттық тіл мемлекеттік статус алды. Бірақ статус шын мәнінде орнықпады, әу бастан даурықпа декларация, ұрандық бағыт жеңді. Себебі неде? Оның бірі - ұлтымыздың тілі мемлекеттік статус алды деген мақтаныш сезімі жеңді, желпінтіп елді соңына ергізді. Сезіну – эмоция билеген тілшілер қауымы, кең мағынада барша қоғамтанушылар біраз уақытты керіліп, кербездік танытып жүріп өткізіп алды, теориялық ізденістер көлеңкеде қалды, оларды белгілі бір дәрежеде жайбарақаттық биледі. Теориялық ізденістер вакуумын тілашар сияқты примитивті науқан жайлады. Кеулеп ісінген сезім тез семді, лап еткен жалын тез сөнді.

Біз мемлекеттік  статусты тілге бірден бере салатын дәрежеге жетпеген де сияқтымыз. Сонда не істеу керек? Біздің ойымызша ол саясатты сатылап, кезеңдеп жүргізу керек сияқты.

I-сатыны теориялық  ізденістерден, тіл құдыретін  жас ұрпаққа түсіндіруден бастау  абзал. Бұл салада, әсіресе А.Байтұрсынов  атындағы Тіл институты, оқу, білім министрлігі, мектеп жүйесі көп игі істер істеп те жатыр. Ұлттық білім беру жүйесін негіздеу, жаңа оқулық, сөздіктер шығару, жабылып қалған мектептерді ашу, мұғалім статусын көтеру, мектептерді жаппай компьютерлеу т.б бастамалар бізді қуантады, үміт отын жандырады.

II-сатыда Сенатты,  мәжілісті шала қазақша шүлдірлету  керек, өкімет мәжілісі қазақша  өтуі шарт. Шетел делегациясына  шет тілінде қазақша сөйленген  сөз аударылуы керек, сонда  ғана тіл өз статусына ие  болады. Мемлекеттік статус билік жүйесін қамтымай қазақ тілінің мәртебесі көтерілмейді, бағы жанбайды. Ана тілі мемлекеттік тіл дегенге жан баласы нанбайды-ау, нанбайды.

Мен үшін қазақ  тілі – анамның асыл сөзі, ата-бабамның көнеден қалған, туған халқымның  өзіме аманатқа қалдырған ең қасиетті мұрасы секілді. Маған ана тілім Абайдың ақылы, Мұхтардың қанатты сөзі, Ақанның әні, Құрманғазының күйі болып естіледі. Өйткені мен туған халқымның бүкіл қасиетін бойыма ана тілім арқылы дарытып өстім. Оң-солымды, жақсы-жаманды, тіршіліктің ащы-тұщысын туған тілім арқылы таныдым. Қоғамды, өмірді азды-көпті түсінгенім, алтын ұя мектебімде білім алғаным үшін ана тіліме қарыздармын.

Информация о работе Тіл туралы