Тауелсиздик 20 жыл

Автор: d****************@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 09:29, реферат

Описание работы

Бірқатар посткеңестік елдер Тәуелсіздіктің 20 жылдығын әрі үлкен тарихи оқиға, әрі ұлттық мереке ретінде атап өту үшін арнайы дайындық шараларын бір жыл бұрын бастап кеткен. Мәселен, Латвияда бір-бірінен ажырамас екі бірдей ұлттық мерекенің орны бөлек: бірі – 1918 жылдың 18 қарашасы, Латвия мемлекетінің «туған күні», яғни, алғаш рет тәуелсіздігін жариялаған күн, екіншісі – 1991 жылы қабылданған Тәуелсіздікті қайта қалпына келтіру күні.

Работа содержит 1 файл

ТӘУЕЛСІ,,,20Ж.docx

— 199.81 Кб (Скачать)

 

 

 

 

Бірқатар посткеңестік елдер Тәуелсіздіктің 20 жылдығын әрі үлкен тарихи оқиға, әрі ұлттық мереке ретінде атап өту үшін арнайы дайындық шараларын бір жыл бұрын бастап кеткен. Мәселен, Латвияда бір-бірінен ажырамас екі бірдей ұлттық мерекенің орны бөлек: бірі – 1918 жылдың 18 қарашасы, Латвия мемлекетінің «туған күні», яғни, алғаш рет тәуелсіздігін жариялаған күн, екіншісі – 1991 жылы қабылданған Тәуелсіздікті қайта қалпына келтіру күні. Шынтуайтында, олар өз тәуелсіздігінің тарихын да арыдан бастайды. Ал Украинада Тәуелсіздіктің 20 жылдығын кең көлемде атап өтуге дайындық өткен жылы-ақ басталған екен. Тиісілі жарлыққа президент Виктор Ющенко қол қойған. Соған қарағанда, кейбір елдер Тәуелсіздік күнінің 20 жылдығын тек тарихи күн ретінде емес, шын мәнінде тарихи жыл ретінде ұғынып отырған сияқты. Ал Қазақстанда Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өту тек желтоқсан айы тақаған кезде ғана бастала ма? Бұл жылдың тарихи мәні неде? Жалпы, айтулы тарихи дата қалай аталып өтуі керек?  

Ерлан АТАМБАЙ, «Астана» телеарнасы жаңалықтар қызметі қазақ редакциясының меңгерушісі:  

 – Есімізде, Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылғы халыққа Жолдауында: «Біз Тәуелсіздіктің 20 жылдығына осы күннен бастап дайындалуымыз керек!» деп қадап айтқан еді. Шын мәнінде, өз басым содан бері Тәуелсіздік күніне дайындалып жүрген бірде-бір адамды көрмеппін. Ал Украинада Тәуелсіздік күнін атап өтуге бір жыл бұрын дайындала бастағаны өте дұрыс. Бұл жерде бар мәселе – бір жыл бойы мерекеге орай шағын концерттер ұйымдастыруда емес, меніңше, бұл арада ұлттық мәселелермен ұштасатын көлемді шаралар да кеңінен атқарылуы керек.  

Өкінішке қарай, Тәуелсіздік күні немесе басқа да мемлекеттік мерекелерде біз Астанадағы Тәуелсіздік сарайы, болмаса Бейбітшілік сарайына жиналып, жылда стандартты концерттерді көріп қайтамыз. Жылда бір сценарий, сол баяғы әндер, сол баяғы әншілер… Меніңше, ондай концерттерден гөрі, ұлтты ұйытатын әрі жастарға ой салып, отансүйгіштік сезімін көтеретін басқа да іс-шаралар, акциялар өткізу маңызды. Олардың тақырыбы ұлттық құндылықтар төңірегінде болуы тиіс. Яғни, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы дегенде, дабыралатып, шулатып концерттер немесе стандартты кештер өткізумен шектелмеуіміз керек. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы дегеніміз – өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктердің есебін түгендеуге ұмтылу. Сондықтан да көп нәрсе есеп түрінде өтуі керек сияқты. Алдымызда әлі де алар асулар, бағындырар белестер көп. Жалпы, біз алға қойған жоспарларымызды қалай жүзеге асырамыз? Өткен жылдары жинаған тәжірибемізді болашақта қалай пайдаланамыз? Осы тұрғыдан көбірек әңгіме мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуі керек. Тәуелсіздік күні сияқты мемлекеттік мерекелер Жаңа жылдың немесе өзге де бейресми мерекелердің тасасында қалмауы керек. Бұл тұста «Тәуелсіздік күні Қазақтың жеке мемлекеттік жалауы желбіреген тарихи күн, бұл еліміз үшін үлкен мәртебе» дегендей үгіт-насихат та үнемі жүргізілуі керек.  

Әсет ТҰРДЫҒҰЛОВ, саясаттанушы:  

- Байқасаңыз, бүгінгі күні барлық жерде биылғы жылдың басты оқиғасы ретінде Азиаданы атап, насихаттап келеді. Бұл спорттық шара өткен соң, бізді Ислам конференциясы ұйымындағы төрағалығымыз да күтіп тұр. Оны да лайықты деңгейде атап өтуіміз қажет. Әрине, жоғарыда аталған оқиғалар халықаралық аренада ел мерейінің үстем болуы үшін қажетті дүниелер. Бірақ, меніңше, 2011 жылдың еліміз үшін ең басты мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы.  

Ұлтымыз бен мемлекетіміз үшін басты мереке боп тұрған Тәуелсіздіктің 20 жылдығына біз қандай дайындықпен келе жатырмыз? Міне, бар мәселе осында. Бұл жерде айта кетерлік жәйт, айтулы дата даңғаза тойға ғана ұласып кетпеуі керек, сонымен қатар, біз өткен 20 жыл ішінде қандай межеге жеттік, жеткен жетістігіміз қандай? Кемшін кеткен тұстар қайсысы? Жоғымыз көп пе, барымыз көп пе? Нені түгендеу керекпіз дегендей сұрақтарға жауап іздеп, өткенді қорытындылауымыз қажет.  

Бұл бағытта Украинаның қадамы қуантады. Сондықтан біздің елімізде де қазірден бастап азаттықтың, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты биік деңгейде үлкен пікірталастар, ой бөлісулер болуы тиіс.  

Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ, ақын:  

-Қазақ елінің Тәуелсіз мемлекет болғанына биыл 20 жыл. Бұл тарихи жылды біз үлкен дайындықпен қарсы алуымыз керек. Тәуелсіздік бізге аспаннан түсе қалған жоқ. Ол – ата-бабамыздың асқақ арманы еді. Біз үшін осы жолда талай тарландарымыз тағдырының келбетін қанымен салып, шаһит болып кетті. 

Маған кейде мынадай ой келеді: «Біз осы Тәуелсіздікті толық сезініп жүрміз бе?! Шынында, осы 20 жылда біз нағыз Тәуелсіз мемлекетпіз дей аламыз ба?!» Мені ел Тәуелсіздігіне күмән келтіріп отыр деп ойламаңыз. Біз сырт көзге, не өзімізге ғана Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болып көрінеміз. Бірақ біздің ұлттық санамыз әлі тәуелсіз емес. Ұлттық санамыз түрлі әлем-жәлем мерекелерге, қазаққа жат қылықтарға, көршілеріміздің қабағына тәуелді. Ұлттық сананың тәуелділігінің кесірінен ана тіліміз әлі тәуелсіздік ала алмай келеді. Қазір 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының кейбір азаматтары мемлекеттік тілді де білмейді. Сондықтан, меніңше, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында біз ұлттық санамызды тәуелсіз етуіміз керек. Сонда ғана тәуелсіз санадан тегеуірінді ұлттық идеология қалыптасады. Елбасы еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты дайындық жұмыстарын жүргізуді осыдан 2 жыл бұрын тапсырған болатын. Ал біз әлі де дайындық жұмыстарымен жүрміз…

Информация о работе Тауелсиздик 20 жыл