Ресей мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 23:44, реферат

Описание работы

Қазіргі Ресей мәдениеті
Ресей - ірі көпұлтты Шығыс пен Батыс біріккен, қайталанбас орыс мәдениетінің көрінісі бар мемлекет. Әдетте Ресейді православлды, ортодоксальды ел деп есептейді, бірақтан да бұл елден барлық конфессий өкілдерін, яғни православль, католиктерді және мұсылмандарды, сонымен қатар көптеген атеистерді кездестіруге болады. Сонымен бірге христиан дініне тәуелді болса да

Работа содержит 1 файл

Қазіргі Ресей мәдениеті.docx

— 19.94 Кб (Скачать)

Қазіргі Ресей мәдениеті 

 Ресей - ірі көпұлтты Шығыс пен Батыс біріккен, қайталанбас орыс мәдениетінің көрінісі бар мемлекет. Әдетте Ресейді православлды, ортодоксальды ел деп есептейді, бірақтан да бұл елден барлық конфессий өкілдерін, яғни православль, католиктерді және мұсылмандарды, сонымен қатар көптеген атеистерді кездестіруге болады. Сонымен бірге христиан дініне тәуелді болса да бүгінгі күнге дейін православлдар дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, мәселен Масленица күнін сақтап келеді. Яғни ол күні құймақ пісіріп, Иван Купала түніне қараған күні суға шомылады; адам өміріне қатысты елеулі туған күн, үйлену тойы, қайтыс болған күндері сияқты елеулі күндерді атап өту. Бір сөзбен айтар болсақ, жалпы Ресейде дінге сену бостандығы дүние жүзінің көптеген мемлекеттерімен салыстырғанда дамыған.

Осыған байланысты көптеген біріккен халықтық шығармашылыққа әкеліп соққан көптеген мәдени дәстүрлерді жыр еткен ауыз әдебиеті де мол. Халықтық ән жыр, аңыздарды, эпостарды, жұмбақ және мақал-мәтелдерді өз көзіңізбен көрмей оны басқа адамдарға басқаша етип түсіндіру әдептілікке жатпайды.

 Мұндай көптеген  халықтық дәстүрлерді көруге көбінесе ел тұрғындарының үйіне қонаққа. әсіресе ресми жағдайларда, дастархан жайылғанда куә бола аласыз.

Қонақжайлылық пен  меймандостық ірі мемлекеттің өзіндік ерекшелігі болып қала береді. Егер сіз жақсы әсер қалдырғыңыз келсе, онда үй иесіне кішкентай болса да естелік зат немесе балаларына және үй иелеріне тәтті заттар (кәдімгі қораптағы кәмпит шоколадтар болады) сыйлағаныңыз жөн. Үй иесіне (әйел адам болса) гүл әкелсеңіз ең қымбат сыйлықтың бірі болып есептеледі. Бірақ есіңізде болсын, гүлді жұп сан етіп әкелуге болмайды, ондайды тек адамның жерлеу кезінде ғана әкеледі. Ал басқа жағдайлардың бәрінде гүлді тақ етіп, яғни 1,3,5,7 және т.с.с. әкелу керек. Әрине жағдай қаншалықты ресми болса, әкелетін гүліңіз соншалықты әдемі үлкен, көлемді болғаны жөн. Бірақ әңгіме мұнда емес, тек қонақжайлылық пен оған жауапты сыйластықта.

 Бөтен үйге  кірген кезде сыртқа киетін аяқ киімді шешеді, бұл климаттық жағдайларға байланысты, сондықтан да әрбір үй иесі қонақтарға арнап үйге киетін жеңіл аяқ киімдерді ұсынады. Халықтың көп бөлігі қала тұрғындары, сонда да қалада бірнеше буындағы адамдар тұрады. Қазіргі Ресейде бұрынғыдай жанұялық дәстүр сақталған, яғни: ер адам-жанұя асыраушысы және қорғаушысы, әйелі-үй шаруашылығымен айналысатын, үйдің отын түтетіп отыратын ана және әйел. Жанұялардағы бала саны әдетте екеуден аспайды, көбіне немерелерін үйде ата-әжелері бағады, егер ата-аналары жұмыс істейтін болған жағдайда. Осыған байланысты, баланы кішкентай кездерінен үлкенді сыйлауға тәрбиелейді, сондықтан үйде отбасына туыстық қатынаста болмаса да адамдармен сыйластық жақсы болады. Сондықтан үлкенге немесе кішіге арналған кішкене көңілдің өзі балаға немес үлкен кісілерге ғана емес, сонымен қатар үй иелеріне де жақсы әсер береді. Яғни қысқаша айтқанда, үлкенге немесе өзімен әңгімелесуші адамға деген құрмет жақсы жетілген.

 Христиандардың  үйінде үй иесіне адамның жынысына қарамастан кішкентай көмек ұсынудың өзі адамға жақсы әсер береді, мәселен мұсылмандарда Құдайға сыйынып отырған адамның алдынан кесіп өтпеу сияқты әдет-ғұрпы бар. Ынғайсыз жағдайда қалғыңыз келмесе, қасындағыларға қарап, солардың істеген іс-әрекеттерін қайталаңыз (бірақ әдептен аспайтын істерді ғана).

 Ресейде келген қонақтарды көңілді қарсы алып, оларды үй иесі жасай алатын немесе жанұяның мүмкіндігіне қарай ең дәмді тағамдармен тамақтандыру дәстүрі бар. Әрине бұл көптеген елдерге тән. Арнайы жағдайларда дастарханға қызыл немесе қара балық уылдырығын, балық және тағы басқа ыстық тағамдарғ түрлі тұздалған ащы тұщы салаттар және десерт қойылады. Мұндай керемет сый құрметтен бас тарту үй иесін сыйламағандық болады, сондықтан тамақтанып отырып әңгімелесуге дайын болғаныңыз жөн. Тек ыңғайсыз жағдайларға қалмауға тырысыңыз. Үй иесімен бірге тамақтанудан бас тарту әдеттілікке жатпайды (үй иесі мұндай құрметті кез келген таныс адамға көрсетпейді).Өзін-өзі ұстау басқа да Европа, Америка және Австралия елдеріндегідей, тек ерекшелігі өзіндік ұлттық тағамдарында.

 Орыстар ішкіш халықтар емес, тек ішудің өзі бұл жақта өзгешелеу. Орыс арағы горчищасы сияқты күшті болады. Сондықтан өз күшіңізге сенбесеңіз алдымен мөлшерін біліңіз. Ресейде түбіне дейін тауысып әдетте тек дастархан басында ішу керек. Егер тапжылмай көршімен бірге ішсе, көршімен арақатынас жақсы болады. Іс-шара мен келісімдерді де арақпен аяқтайды. Бокал виномен айтылған уәдені ұстау керек. Негізінде міндеттілік- орыстардың ерекше бір қасиеті, пунктуальностты айтпағанда.

 Көбісі кездесулерге кешігеді, бірақ ерлері мүлдем кешікпеу керек, ал қыздар 10-15 минут кешіккенді әдептілік деп санайды. Ресейде гипертрофировтық феминизм жоқ, сондықтан "нәзік жандыларға" қызмет көрсетіп, олардың алдында келе жатса есікті ашып, сырт киім киюге көмектесіп, ауыр заты болса көтеруге көмектесіп және т.с.с. көмектен аянбау керек. Көпшілік транспортта әйелдерге, әсіресе екіқабат әйелдерге, мүгедек, балалы жолаушыларға орын беруге міндетті. Бұл тек міндет қана емес, сонымен бірге тұрмыстық ибалылықты көрсетеді. Әдетінше ер кісі ертіп келген әйелге ресторанда, кафеде, буфетте, таксиде ақшасын өзі ақшасын төлейді. Сондықтан әйел әлдебір себептермен ер үшін төлегісі келсе, онда ақшаны оған білдірмей береді. Киім мәселесінде орыстарда қатаң тәртіп жоқ, олар күнделікті европалық киімдер де киеді. Климаттық ерекшелікке қарай орыстар қара түстес киімді таңдайды. Ұлттық киімді салтанатты іс-шарада көре аласыз. Кейбір жағдайда қатаң тәртіптері де бар. Мысалыға, ашық иықпен, шортымен, ерлерге бас киіммен, әйелдерге орамалсыз жүру мүмкін емес. Мұнан басқа көптеген осыған ұқсас жерлерге бару үшін әйелдерге тізеден төмен юбка болу керек. Тіпті қатты ыстықта да шорты (дамбал) киіп жүруге болмайды. Сонымен қатар суға түскенде киетін купальникпен суға түсетін жерге жақын жақтағы дүкендерге және кафелерге баруға болмайды. Осының барлығы халықаралық ережелерге жатады.

 Европалық стильдегі костюмдер іскерлік кездесулерге сәйкес келеді. Іскерлік кездесулер алдын-ала келісілген болу керек. Жұмыс күні көптеген мекемелерде сағат 9 00-ден 18 00-ге дейін, үлкен қалаларда сағат 10 00 -ден 19 00 -ге дейін. Қонаққа жұмыс күнінің арнайы аяқталған кезінде іскерлік кездесуді белгілеуге болмайды - бұны тек қожайындары ғана жасай алады. Егер кездесу белгіленген жағдайда кездесу арнайы емес ортада өтеді. Қонақты тек мұндай жағдайда ресторан немесе арнайы кешкі асқа шақыруға болады.

 Елде нағыз темекі шеккіштер көп, арасында әйелдер де бар. Сондықтан да ресторандар мен кафелер арнайы темекі шегетіндер немесе шекпейтіндерге арналған арнайы бөліктерге бөлінеді. Ресей үкіметі қоғамдық орындарда темекі шегімен күресуге тырысады, бірақ орай қоғамдық тамақтану пункттерінен әрі қарай іске аса алмай жатыр. Іскерлік шеберінде ағылшын тілі кең тараған. Әйтсе де бұл сіздер қарым-қатынас жасайтын шенеуніктердің үлкен бөлігіне қатысты емес. Шет тілдері арасында екінші орынды неміс тілі алады. Күнделікті өмірде дағдыланған ұлтаралық және және мәдениетаралық қарым -қатынаста орыс тілі, ал тұрмыстық жағдайда көп ұлттық қоғамда ана тілдері қолданылады. 

 Бір-біріне сәлемдесу европаша қол қысу, бірақ еркекке қол созу әйелдің өз еркі, әйелдің кез-келген шешімі айналасындағыларға қалыпты жағдай болып қабылданады. Қалған қимыл, ишаралар ұлттық арасына тән, ерекше түсіндіруді талап етпейді. Жалпы айтқанда, орыстар сұсты жүздеріне қарамстан өте қайырымды, мейірімді болып келеді. Ресейдегі тарихи ғұрып қалыптасқан, адамдар бір-біріне сыпайы қарым-қатынас, жағдайы қалыптасқан, мұның өзі, шындығына келгенде, қалыс қалып барады және бұл жеке тарих, орыс тілі пәнінің мұғалімі бұл жайында мәлімдейді.

 Бірақ не жөнінде  айтуға болады, үлкен жастағы әйелге "бойжеткен" деп қарату, қарт кісіге "жас жігіт"деп айту қоғамдық көлікте айтушының көзі нашар көретіндіктен емес, жаңағы адамды ренжітпейге деген ұмтылысын көрсетеді. Әдепті, адамдар (натура) мұндай жағдайда "әйел адам" (женщина) немесе "ер адам" деп жыныстық белгілерін айтады, көбінесе жалпыға бірдей қарату "кешіріңіз өтіп кетуге рұқсат етіңіз!" немесе "маған жарты келі шұжығыңыздан беріп жеберіңізші өтінемін!" дегендерді жиі кездестіруге болады.

 Сөйлесушінің  қимылымен көрсетуге де болады. Көбінесе, келісу немесе мақұлдау - басты изеумен, келіспеу- басты шайқаумен, білмеуді - иығын қысумен көрсетіледі. Қолды жұдырыққа түйіп бас бармақты көтеріп тұру "жақсы"(во!) дегенді және өте жақсы деп бағалағанды білдіреді. Ал сол жұмылған жұдырықтың арасынан ортаңғы бармақты шығару "фига" немесе "талақ" деп аталады. Бұл дегеніміз болып жатқан жағдайға қарсылықты білідіреді. Атап кетерлік жағдай, бірінші қолмен "жақсы" деген ишаратты тәжірибеде көптеген жағдайларда пайдаланады, ал екінші жағымсыз ишаратты көбіне ресми емес, әдепсіз жерлерде көрсетеді немесе дыбыспен де білдіреді.

 Ал қалған басқа ишараттарды басқа да жерлерде пайдаланатындықтан, оларға аса тоқтаудың да қажеті жоқ. Адамдардың суық жүзіне қарамастан орыс халқы ілтипатпен және жылы шыраймен қарайды. Көбісі барлық болып жатқан жағдайға сабырлы қарайды. Бұл қоғамды өмірде, шет елдіктермен қарым-қатынаста жақсы сезіледі, өзіне жақсы қарым-қатынасты көздейді. Негізінде жалпы адамдық мораль қалпын бұзбай және жергілікті тұрғындармен жақсы көзқараспен қарасаңыз, ешқандай діни фанатизм көрсетпей, нәсілдік және ұлттық дискриминацияны көрмейсің.

Информация о работе Ресей мәдениеті