Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 15:37, реферат
Көшпенділер қауымының тіршілік әрекетінің барлық саласын қамтитын табиғи географиялық және әлеуметтік экономикалық факторлардың өзара қатынастық жүйесі номадизм эвалюциясымен генезисінің мәселелерін талдамастан, меңгерместен толық жан – жақты зерттеледі. Көшпенділердің пайда болу уақыт кеңістігін және тіршілік ету заңдылықтарын зерттеу Евразияның аридты аймағының шаруашылық процестерін адам меңгеруінің және номадизмнің экологиялық детерминанттарын зерттеу үшін, сонымен қатар осы аймақ халқының тарихи даму динамикасын талдау үшін қажет. Қазіргі тарих жазбаларында Выразиядағы мал шаруашылығымен айналыстардың бірден көшпенділікке ауысу мәселесін әртүрлі оның үстіне бір – біріне қарама - қарсы гипотезаларымен көрсетілген.
Көшпенділіктің түрлері
Көшпенділер қауымының тіршілік әрекетінің барлық саласын қамтитын табиғи географиялық және әлеуметтік экономикалық факторлардың өзара қатынастық жүйесі номадизм эвалюциясымен генезисінің мәселелерін талдамастан, меңгерместен толық жан – жақты зерттеледі. Көшпенділердің пайда болу уақыт кеңістігін және тіршілік ету заңдылықтарын зерттеу Евразияның аридты аймағының шаруашылық процестерін адам меңгеруінің және номадизмнің экологиялық детерминанттарын зерттеу үшін, сонымен қатар осы аймақ халқының тарихи даму динамикасын талдау үшін қажет. Қазіргі тарих жазбаларында Выразиядағы мал шаруашылығымен айналыстардың бірден көшпенділікке ауысу мәселесін әртүрлі оның үстіне бір – біріне қарама - қарсы гипотезаларымен көрсетілген. Мысалы қазіргі таңға дейін мал шаруашылығымен айналысатын әр түрлі тайпалардың шаруашылықтың дәстүрлі типін өзгертуіне не себеп болғаны беймәсіл болып отыр. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша мал шаруашылығымен айналысатындардың малдарының көбейуіне байланысты жаңа жайылымдарды игеруге мәжбүр болғандығы отырықшы мал шаруашылығының номадизмге ауысуының бастап себебі деп есептейді. Бір қатар зерттеушілер бұл процесте шешуші ролді Блит Сернандер жүйесі бойынша супариальды кезеңнен супатлантикалық кезеңге өтуі және ксеротерм дәуірінің климаттық өөзгерістері атқарады деп есептейді. Срокин 1962 ж; Сольников , 1967; Вереш, 1979; Викторова, 1980; Хабдулина , Зданович, 1984 және тағы басқалар . Климатологиялық концепцияның дамуы Л.Н. Гумилев еңбектерінен кезеңнен алынды.
Сонымен қатар номадизмнің пайда болуы алғашқы қауымдық қатынастардың не егіншілікпен айналысатын Оңтүстік жақтағы мемлекеттердің экономикалық және саяси қысымның салдарынан.
Көшпенді халықтар — көшіп-қонып тіршілік ететін, негізгі кәсібі – мал-шаруашылығы болып табылатын халықтар. Кейбіреулері аңшылықпен, ал әлдебір оңтүстік-шығыс Азия теңіз көшпенділері балық аулаумен ауналыс-қан/-ады. Бүгінгі күн мәдениеттерінің тамырлары көшпенділік дәстүрден бастау алады, алайда көшпенділік өмір дәстүрі біртіндеп тіпті дамушы елдерде жойылуда. Көптеген қазіргі заман көшпенді халықтары ассимиляция непесе өзіндік ерекшеліктерінен айрылу қаупінде, себебі жерге деген таласта олар отырықша халықтармен бәсекеге түсе алмайды.
Қазіргі жаhандану заманында ұлттық әуезіміздің біржола жұтылып кетпеуі үшін этнофольклорлық музыканы жастар сүйіп тыңдайтын рок, поп-музыкаға қосқан дұрыс шығар. Себебі біз осы арқылы ұлттық өнерді, ежелден келе жатқан көне аспаптарды насихаттаймыз. Әрі жастар арасында дәріптейміз. Ондай бағытты ұстаған өнерпаздар да жоқ емес. Мәселен ДЭККО жанры арқылы домбыраға дем бітірген Жасарал мен Асылбек Еңсеповтарды айтуға болады. Олар домбыраға эстраданы, қазіргі техникалық мүмкінішілікті қоса отырып, осы ата-бабадан келе жатқан көне аспапты дәріптеп келеді. «Көшпенділер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенділер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға қосты. Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікір көбірек айтылуда.
Жалпы, «Дала» деген ұғымды тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Онон мен Керулен, Ертіс, Тобыл, екінші шеті Жайық, Кәрі Каспий, Арал, Еділ Ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой. Бүгінгі қазақ елінде 45000 өзен, 85000 көл атының болуы ойландырса екен. Ал Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары жер бедерін безендіріп тұрған жоқ па? Ендеше Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет емес пе? Осы ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?
Бірінші, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан жолдың торабы еді.
Екінші, біздің жылсанауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Еуразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадір-қасиеттерін сақтаған өркениет – Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара байланысты. Осы тектер тоғысында түркі тегі, оның бірегейлігі жеңіп шықты. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяқ шегінде адамдары ең жүйрік аңы - жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украинадағы Дерьевка елді мекені, Ресейдегі Воловад қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар, т. б. осының дәлелі.
Үшінші, сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.
Төртінші, Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам – пенделердің рухани өміріне тірек болуға әрекет етті...
Бесінші, қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды. Дала перзенті еш бір шектеу дегенді білмеді. Оған творчестволық эволюция тән еді.
Алтыншы, Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шегінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды... Ендеше Еуразиялық сахарадағы көшпенділі дала мен қаланың синтезі еді.
Жетінші, аң стильді өнер дамыды.
Сегізінші, сайын даладағы көшіп-қону, экологияны сақтау, ұрпақ тәрбиелеу, демографиялық процесті жолға қою, сал-серілік дәстүр сияқты Дала этикасын, менталитетін орнатты.
Сонымен бірге Еуразия сахарасында мемлекеттік жүйенің небір түрлері шыңдалды. Ол түркі әлемі.
Түркі әлемінің алтын бесігі – Түркі елі (Бірінші, Түркі қағанаты 551-630; екінші, Түркі қағанаты 681-744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатқан. Мұндай шексіз сахарада империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».
Қорыта айтсақ, Үйсін мемлекеті пайда
болып, өркендеп, шығанға шыға бастаған
кезде көне түркі өркениеті – Дала өркениеті
бой көтерді. Түркі қағанаты – империя
құрып, түркі нәсілі бір тудың астына жиналған
сәтте өркениет өзін әлемге ттанытты.
Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға
серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың
тарихы бар өркениет. Ендеше қазақ тарихы
әлемдік тарихытың құрамды бөлігі, оның
әлемдік дамуға қосқан үлесі, ол – адамзат
баласының мақтанышы, болашақ даму, шарықтау
басқышы біз тәуелсіз елдің перзенті Отан
тарихын мақтан ете аламыз, ұлттық санамызға
одан нәр ала аламыз. Сондықтан, оны оқытуға
үйрету біздің міндетті борышымыз.