Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:33, доклад
Корейлер (өзд. атауы – чосон сарам) — Кореяның байырғы халқы. КХДР-нда 24 млн., Корей Республикасында 50 млн. Корейлер тұрады. Жалпы саны 81 млн. адам. Сондай-ақ, Ресей Федерациясында 108 мың, Өзбекстанда 184 мың, Қазақстанда 104 мың (1992) Корейлер бар. Антропологиялық жағынан Корейлер моңғол тектес нәсілдің шығыс азиялық тармағына жатады. Корей тілінде сөйлейді.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университеттің экономикалық факультеті
Тақырыбы: Корей халқының этикеті
Орындаған:
2012 жыл
Корейлер (өзд. атауы – чосон сарам) — Кореяның байырғы халқы. КХДР-нда 24 млн., Корей Республикасында 50 млн. Корейлер тұрады. Жалпы саны 81 млн. адам. Сондай-ақ, Ресей Федерациясында 108 мың, Өзбекстанда 184 мың, Қазақстанда 104 мың (1992) Корейлер бар. Антропологиялық жағынан Корейлер моңғол тектес нәсілдің шығыс азиялық тармағына жатады. Корей тілінде сөйлейді.
Корейлердің ұлттық киімі, көбінесе, ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақты шалбар, күртеше, халат, әйелдер ұзын белдемше, қысқа кофта, дамбал киеді. Дәстүрлі бейнелеу өнері, архитектуралық ескерткіштері, қыштан, балшықтан әшекейлі заттар жасау өнері әлемге әйгілі.
Корейлердіңдің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері, ертегі-аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған. Кең тараған музыкалық аспабына комунго, каягым, флейта, барабан жатады. Қазақстанда Корейлердің ұлттық-мәдени орталығы, Республикалық корей музыкалық комедия театры жұмыс істейді, корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады.
Корейлер будда дінін ұстанады. Аз ғана бөлігі – христиандар. Ежелгі дәуірде корейлер шамандық сенім ұстанып, табиғат құдыретіне табынған. 3 – 4 ғасырларда Кореяға будда діні таралып, орта ғасырларда конфуцийшілдік күшті ықпал етті. 19 ғасырлардада Кореяға христиан діні де енді, бірақ ол кең тарай алмады.
Корейлердің ұлттық тағамдары – қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөніс. Корейлер ежелден егін шаруашылығымен айналысып келген. Көбінесе, күріш, арпа, тары, бұршақ дақылын, бау-бақша мен көкөніс егеді. Жібек құртын өсіреді. Теңіз жағалауында балық аулайды. Мал шаруашылығымен қосалқы рөл атқарады. Қыш-құмыра жасау, балташылық, тоқымашылық, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау қолөнері кең тараған. Қазір жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қара металлургия, машина жасау, т.б. ауыр өнеркәсіп түрлері дамыған.
Қазақстан кәрістерінің өздеріне тән аты - Коре-сарам. Корей тілі Азияның ежелгі тілдері қатарына жатады. Мың жылдан астам уақыт бойы олар өз жазуы болмағандықтан қытай иероглифтік жазбасын пайдаланған. Корей жазбасы буынды-әріптік және солдан оңға қарай жазылады. Алфавиті 14 дауыссыз және 10 дауысты дыбыстан тұрады. Олар әр түрлі діни нанымды ұстанады – буддашылар, конфуциандықтар, христиандар, олардың біразы өздерінің дәстүрлі дінін ұстанады.
Антропологиялық және лингвистикалық зерттеулер және де халық ауыз әдебиетінің ескерткіштері бойынша кәрістердің этникалық түбірі Алтай таулары және оған жақын Орта Азия аудандарын мекен еткен халықтардан шығатыны анықталған. Бірнеше мыңдаған жылдар бұрын олар шығысқа қарай ауа бастаған, нәтижесінде Маньчжурия мен Корея түбегін қосқан аумаққа орын тепкен. Аңыз бойынша, шамамен б.д.д. 2333 жылы Тангун атты құдай тектес адам Корея түбегінде Чосон патшалығының негізін қалаған.
Корейліктер сол жылды ұлттық туған күніміз деп есептейді. Өздерінің ұлттық дамуында корейлер жан-жақты қатынастардың нәтижесінде көрші Қытай мен Жапонияның үлгілерін пайдаланған. Десе де, корей халқының қалыптасуының бастапқы кезеңінде этносаралық қатынастар ғана дамып қойған жоқ, сонымен бірге, қытай әскери экспансиясына қарсы тұру үшін көптеген кіші корей мемлекеттері мен тайпалық топтар бірнеше ірі мемлекеттерге бірікті. Ұлттық бірлік және өз мәдениетінің ерекшелігін танып білу сезімінің күшті дамуы корейліктерге, қытайдың кері әсеріне қарамастан, этникалық қоғам құрып, өзіндік мәдениетін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
19 ғасырдың ортасында Кореядағы өмір қиындап кетті. Салықтың жоғары болуы, феодалдық қанаушылық, жапон қуғыншылығы, жердің болмауы және қиын экономикалық жағдай оларды тұрмыс жағдайы жақсы Ресейге қоныс аударуға мәжбүр етті. Әкіметтің қоныс аударушыларға ниеттерінің түзулігі, тың жерлерді игеріп, жаңа өмірді бастау мүмкіндігінің болуы қызықтырды.
30-шы жылдары елдің Шығысындағы жағдай тынышсыз болды: Жапониямен арақатынас қиындады. Кәрістердің сыртқы пішіні оларға өте ұқсас болғандықтан Халық комиссариаты осы халықтар өкілдерін Қиыр Шығыстан жер аударуға шешім қабылдады. 1937 жылғы жазда этносты Орта Азия мен Қазақстанға депортациялау басталды.
Көкорай шалғынды, көк орманмен көмкерілген Приморье өлкесінен Қазақстанға келгенде олар алғашқыда шөл далаға тап келгендей болды. Бірақ жергілікті тұрғындар оларды жау ретінде емес, басына іс түскен адамдар ретінде қабылдады. Қазақтардың өздері 30-шы жылдардың аштығын басынан кешіп отырса да оларға бар ықыласымен көмектесіп бақты. Жергілікті тұрғындардың өз өмірлеріне қауіп төніп тұрса да оларға өз тұрағынан баспана беріп, астарын бөліп ішкен күндері болды. Оны Қазақстан кәрістері еш уақытта да ұмытпайды. Олар мұнда екінші отанын тапты, үйлер салып, тұрмыстарын түзеді.
Корей диаспорасының басқа ұлыстардан ерекшеліктерінің бірі - өзінің тарихи отанына оралу үрдісінің (репатриациясының) толық түрде болмағаны. Уақыт өте келе олардың көбісі өз тілдерін ұмытып, дәстүрлері мен салттарын жоғалтқанымен ұлттық мұрасына деген қызығушылықтарын сақтап қалды.
Кәрістер өте еңбекқор, әрі олар мерекелерді жақсы көреді. Туыстарымен, достарымен кездесіп, демалғанды ұнатады. Кәрістер григориандық және ай санағы бойынша екі күнтізбені пайдаланады. Мереке күндері жеткілікті, оған туған күндер мен басқа да отбасылық қуаныштарды қосқанда, кәрістердің үйлерінде ай сайын көптеген игіліктер болып тұрады. Кәрістер өміріндегі үш негізгі оқиғаны: баланың бір жасқа толуын, үйлену тойын және алпыс жастық мерейтойды кең көлемде тойлайды. Ай күнтізбесі бойынша атап өтетін мерекелердің арасында ең бастысы болып табылатындар Шығыс дәстүрі бойынша Жаңа жыл және Чхусок алғыс Күні. Тіпті қазіргі өмір қарбаласына қарамастан кәрістер мерекелерге отбасының барлық мүшелерін жинауға тырысады. Әдетте әулеттің ең үлкен мүшесінің шаңырағында мерекелік дастархан жайылады.
Ұлттық дәстүрлер мен салттарды жаңғырту, туған тілін үйренуге көмектесу, Қазақстан мен Кореяның арасында мәдени, іскерлік, ғылыми байланыстарды дамытуға көмек көрсету – Корей мәдени орталығының басты мақсаты.
Қазақстандағы корей ұлттық қозғалысының тарихы өткен ғасырдың 50-ші жылдарының соңында басталған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Пак Иринаның айналасына өз халқының өткен тарихы мен қазіргі кезі қызықтырған Алматыдағы студент-кәрістер тобы ұйымдасқан болатын. Бірақ, ұлттық сана-сезімнің әлсіз өскіндері ары қарай дамымады, өйткені ол кеңес үкіметінің ресми идеологиясына сай келе қоймады. Тек отыз жылдан соң ғана, қоғамдағы түбірлі өзгерістерден кейін, кәрістер республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық - мәдени орталығын құрып, өздерін таныта алды.
1989 жылы корей қоғамдастығының бастамашы топтары Қазақстанның ірі қалаларында корей мәдени орталықтарын құруға кірісті. 1991 жылы Талдықорған облысында облыстық корей мәдени орталығын құру жөніндегі құрылтай конференциясын ұйымдастыру бюросы құрылады. Оған Талдықорған мен Текелі қалаларында, Қаратал мен Көксу аудандарында ашылған корей ұлттық мәдени орталықтары қосылды.
Орталықтың қызметі Қазақстан кәрістерінің тарихын зерттеп, практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге, өзінің материалдық базасын құруға, бітімгершілік және қайырымдылық қызметтерге қатысуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Қазақстан Кәрістері қауымдастығы Талдықорған аймақтық бөлімшесін Владимир Ли басқарады. Филиал облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық шараларына белсене қатысады. Олар корей мәдениеті мен өнеріне арналған шараларды, қолданбалы қолөнер, халық шығармашылығы, ұлттық киімдер мен тағамдар көрмелерін, тақырыптық кештерді жүйелі ұйымдастырып тұрады.
Корей мәдениетіндегі ең қызықты өнердің бірі ежелден келе жатқан ұлттық ұрмалы аспап — самульнорида ойнау болып табылады. Оны астықтан мол өнім алуға тілек білдіре отырып ойнайды, әрі дабылдардың үнімен құрбан шалынады. Дабылдар бақсылық дәстүр атқарылғанда да пайдаланылған. Самульноридегі төрт ұрмалы аспапты бейнелейтін төрт иероглиф – жел, жаңбыр, бұлт, найзағай деген ұғымдарды білдіреді. Сондықтан да осы аспаптарды аспан дабылдары деп те атайды.
А.Г. Пягайдың музыкалық жетекшілігімен жұмыс істейтін “Самульнори” дабылшылар ансамблі және хореограф Г.А. Намның “Ачимноуль” ансамблі өздерінің өнерлерімен республикалық фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпазы атанып, облыстан тыс жерлерге де белгілі болды.
«Қазақстан-Корея достық қоғамы» аймақтық қоғамдық бірлестігі 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ол адамдардың ұлттық, діни, әлеуметтік айырмашылықтарына қарамайтын ерікті негіздегі бірлестік. Қоғамның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мен Корея халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту және осы елдердің арасындағы мәдени, іскерлік және ғылыми байланыстардың дамуына қолдау көрсету болып табылады. Ұйымдастырушылардың бастамасы бойынша Корея Республикасының өкілдері «Айналайын» фестиваліне қатысты. Алматы аймақтық ұлттық мәдени орталықтарымен біріге отырып 2005 жылы Халықтар достығы мерекесі мен Корея мәдениетінің күні өткізілді. 2006 жылдың басында поэзия кеші ұйымдастырылып, оған кәріс, қазақ, орыс, дүнген, ұйғыр, грек ақындары, жазушылары, халық әндерін орындаушылары қатысты.