Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2011 в 17:18, реферат
Әкімшілік құқықты оқуды бастамастан бұрын, оның "басқару" сияқты кең тараған әлеуметтік құбылыспен байланыстылығын қарастыру қажет. Латын сөзінен шыққан администрация - әкімшілік - басқару терминінің қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін жасалынатын іс-әрекеттерді сипаттау үшін жан-жақты құрал болып табылатындығымен байланысты болып келеді. Кең мағынасында басқару қандайда біреуге немесе бір нәрсеге жетекшілік ету дегенді білдіреді. Дәл осындай түсінікте қазіргі уақытта да қолданылады.
5) заңдылық қағидасы - мемлекеттік басқару аппаратын ұйымдастыру мен оның қызмет етуі, халықтың еркін білдіретін құқықтық нормалармен реттеледі және осы нормалар қатаң сақталады.
Ұйымдастырушы қағидаларға мыналар жатады:
1)
өкілеттілік пен функцияларды
дифференциациялау және
2)
Құзырлылық шегіндегі
3)
басқаруды салалық, сала
4) сызықтық үстемдік етудегі сызықтық және функционалдық бастаулардың үйлесімділік қағидасы (органның немесе органдар жүйесінің сызықтық құрылым дегеніміз -әрбір төменгі инстанцияларда немесе орындаушыда басшылық етудің барлық функциясы бойынша нұсқау беруге құқылы тек бір ғана тікелей жоғарғы инстанция болады дегенді білдіреді. Функционалды жүйе - бұл басқарудың әрбір жеке функциясын арнайы басқарушы инстанция жүргізеді дегенді білдіреді).
5)
үстемдік етуде алқалылықтың
үстемділігі кезіндегі алқалылықтың дара
басшылықпен үйлесімділігі қағидасы.
Басқару
қызметінің нысандарының
түсінігі мен түрлері
Атқарушы биліктің басты міндеті - заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Бұл міндет әртүрлі басқару нысандарында жүзеге асырылады. Басқарудың әкімшілік - құқықтық нысаны – бұл атқарушы органның (лауазымды тұлғасының) өз құзырлығы шегінде жүзеге асырылатын және нақты салдарлар тудыратын, оның әрекетінің сырттай көрсетілген әрекеті. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының мынадай түрлері болады: 1) әрекетінің сипатына қарай: а) құқықтық; б) құқықтық емес; 2) мақсаттылығына байланысты: а) ішкі - ішкі ұйымдастыру мәселелерін шешуге қолданылады; б) сыртқы -органның міндеттері мен функцияларын орындау мақсатында қолданылады; 3) көрсетілу әдісіне қарай: а) ауызша және жазбаша; б) конклюдентті. Басқару қызметінің нысандарының ішінде ең көп тараған классификациясы оны құқықтық және құқықтық емес деп бөлу. Құқықтық нысандар нақты айқындалған құқықтық салдарларға әкеледі, ал құқықтық емес нысандар құқықтық салдарларға әкелмейді. Құқықтық нысандарына мыналар жатады: 1)
нормативті-құқықтық актілерді 2)
жеке нормативті актілерді 3)
әкімшілік-құқықтық шарттар 4) әкімшілік - іс жүргізушілік әрекеттер жасау; 5)
заңды мәні бар өзге де Нормативті-құқықтық актілерді дайындау және шығару - бұл атқарушы билік органдарына заңнамамен ұйғарылған және тек заңдардың көмегімен ғана бұқаралық мүдделерді қамтамасыз ету мүмкін болмағанда әкімшілік норма шығармашылыққа мұқтажыдығымен байланыстырылған, заңдарды орындау үшін арналған атқарушы биліктің қызметінің негізгі түрі. Тек осы құқықтық нысандарда ғана өктемік өкілеттіліктер айқын көрініс табады.мысалы, Президенттің заңды күші бар жарлық немесе өкімдер шығаруы, ҚР Үкіметінің қаулылар мен өкімдер шығаруы. Жеке
құқықтық (әкімшілік) актілерді шығару
- бұл көп жағдайда құқық қолданушылық
болып табылады, яғни құқық нормасын
адрестік қолдану бойынша қызмет,
мысалы, қоршаған ортаны ластайтын
кәсіпорындардға айыппұл Әкімшілік келісімшарт жасасу - бұл тараптарының біреуіне мемлекеттік - өкімді өкілеттіліктер берілетін келісімшарт, мысалы, контракт жасасу. Әкімшілік - іс жүргізшілік әрекеттерді жасау - бұл қызмет нақты заңды істерді шешумен байланысты қызмет және іс жүргізушілік нормаларымен толықтай реттелеген. Оның мынадай негізгі белгілі бар: 1)
бұл қызметте өктемдік 2)
іс жүргізушілік қызметтің 3) іс жүргізушілік қызмет іс жүргізушілік нормалармен реттеледі; бұл нормаларда процеске қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері, іс - әрекеттерді істеу тәртібі мен мерзімдері анықталады, құжаттарды, шғымдарды рәсімдеу ережелері, шешімді орындау анықталады. Заңды мәні бар өзге де іс - әрекеттерді жасау - қандайда болмасын құқықтық салдарларды туғызатындығын білдіреді. Атқарушы органдар (немесе олардың лауазымды тұлғалары) әртүрлі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге және басқару қатынастарының өзге де қатысушыларына нақты іс-әрекеттерді істеуге, белгіленген жағдайларда міндетті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға, көлік құралдарын жүргізу құқығына, қару - жарақ алу, сақтау және пайдалану құқығына, аң немесе балық аулау құқығына және т.б. куәлік сияқты ресми құжаттарды беру. Осындай әрекеттердің және олардың салдарларының заңды мәні бар екендігі сөзсіз, бірақ олар аралық көрініс табады. Арнайы құқықтар беру қабылданып қойған құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады. Басқарудың құқықтық емес нысандарына мыналар жатады: а) ұйымдық; б) материалды-техникалық әрекеттер. Ұйымдық
әрекеттер мынадан көрініс -
заңнамалардың немесе өзге де
актілердің мағынасын -
қызметкерлер мен лауазымды - басқару органдарының жұмысын тексеру және қорытындылау; - төменгі басқару органдарының жетекшілерін қатыстыру арқылы отырыстар, мәжілістер өткізу , екі министрліктердің алқаларын біріккен отырыстарын және өзге де іс-шаралар өткізу. Материалды-техникалық әрекеттер мыналармен байланысты: а) органдардың және лауазымды тұлғалардың жұмысын қамтамасыз ету үшін ақпараттық- анықтама жүргізумен; б) іс қағаздарын жүргізу (хат алысу, құжаттарды көбейту, көшірмесін дайындау, оларды сақтау); в)
тіркеу - есепке алу жұмыстарымен, қабылданған
шешімдердің негізінде қажетті құжаттарды
берумен (реестрге кіргізу, тиісті нөмірін
көрсету және т.б.). Басқару
қызметінің әдістерінің
түсінігі мен түрлері
Мемлекеттік басқару әдістері- бұл мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының (ғни атқарушы билік субъектілерінің) басқару объектісіне (яғни басқарылатындарға - бағынышты органдар, ааматтар және т.б. объектілерге, олардың санасы мен еріктеріне) тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері. Мемлекеттік басқару әдістеріне мына белгілер тән: 1) мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттің еркі бойынша қалыптасады және содан туындайды; 2) ереже бойынша олар мемлекеттік қызметті атқару кезінде іске асырылады; 3) мемлекеттік басқару субъектілері мемлекеттің атынан және соның мүддесі үшін пайдаланады; 4) мемлекеттік - биліктік өктем өкілеттіліктер берілген; 5) құқықтық және ұйымдық нысандарға ие болады; 6) жан-жақты бағыттылығы болады (бұл басқару үрдісінің көп түрлілігі мен күрделілігі көрінеді). Мемлекеттік басқарудың тиімділігі. Басқару міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді дұрыс қолдануға байланысты болады, сондықтан осы әдістерді жетілдіру басқарудың жақсаруын білдіреді. Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе бсқару қызметінің құқықтық нысандарында көрсетіледі. Мемлекеттік басқару әдістерінің түрлері: 1) универсалды әдістері немесе негізгі: сендіру мен мәжбүрлеу; 2) құқықтық әдістер - практикада қолданғанда заңды салдарға әкеледі, оларға мыналар жатады: тікелей бөлу, ұсыныс, шешу, келісу; 3) құқықтық емес (ұйымдық) - практикада қолданғанда заңды салдарлардың туындауына әкелмейді, оларға мыналар жатады: қаулы, бұйрықтар, түсіндірме, шешімді дайындау; көрмелер, жарнама, шешімнің орындалуын тексеру. 4) басқару ықпалының мазмұны бойынша: а) моралдық - саяси әдістер - бұл тәрбиелеу, моралдық қолдау, үгіттеу, насихаттау; б) ұйымдық әдістер - үйлестіру, келістіру, бақылау, субъектінің өз жұмысын ұйымдастыру (нұсқау беру, сілтеу), қадағалау, тексеру; в) әлеуметтік әдістер - бақылау, эксперимент жасау, байқау, анкета жүргізу, интервью алу; г) психологиялық әдістер - психологиялық аяу, дәлелдеу, кәсіби іріктеу мен оқыту, бедел; д) әкімшілік әдістер - әкімшілік юрисдикция, жарлық, бұйрықтар е) экономикалық әдіс - баға, несие, материалдық қолдау көрсету, сыйақы, жәрдемақы; Осы әдістердің барлығы бірін-бірі жоймайды, тек бір - бірін толықтырады және әрбір басқару әдісі қандайда болмасын басқару функцияларын ерекше тәсілмен жүзеге асырылуымен сипатталады. Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады. Әкімшілік - құқықтық әдістер - бағынушылардың басқаратындардың еркіне бағынуымен сипатталады, яғни "билік-бағыныштылық" оларда басқару қызметінің биліктік табиғатын өте айқын көрсетеді. Әкімшілік - құқықтық әдістерді пайдалану басқару субъектісінің басқарылатындарға тура ықпал етеді. Бірақта басқарылатындарға әкімшілік әдісті пайдаланып ықпал еткенде басқарылатындардың (бағынатындардың) мүдделерін есепке алмау дегенді білдірмейді, керісіше ғылым олардың мүдделерін ескере отырып пайдалануды ұсынады. Әкімшілік-құқықтық әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше орын алады. Әкімшілік - құқықтық әдістердің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады: 1) көрсетілу нысаны бойынша: а) әкімшілік -құқықтық - құқықтық нысандарда көрініс табатын; б) әкімшілік - ұйымдық
- басқару субъектісінің 2) заңдық қасиеті бойынша: а) нормативті - нұсқаулар, бұйрықтар, бағынушылардың қызметін реттейтін басқада актілер; б) жеке - нақты орындаушыға берілетін өкімдер; 3) басқару субъектілерінің мінез-құлықтарына ықпал ету тәсілдері бойынша: а) нақты әрекеттерді жасауға міндеттейтін әдістер; б) нақты әрекеттерді істеуге өкілеттілік беретін әдістер; в) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуді қолдайтын; г) қандайда болмасын әрекеттерді істеуге тиым салушы әдістер; 4) бұйрықтың нысаны бойынша: а) императивті; б) тапсырушы; г) ұсыныстар. Әкімшілік әдістердің мазмұны: 1) мемлекеттік басқару сферасында міндетті мінез-құлық ережелерін белгілеу; 2) нақты тапсырмаларды бекіту; 3) лауазымға тағайындау; 4) белгілі бір әрекетті жасауды ұйғару; 5) белгілі бір әрекеттерді істеуге тиым салу; 6) белгілі бір әрекеттерді істеуге рұқсат беру; 7) қоғамдық қатынастарға қатысушылардың заңды мүдделерін қанағаттандыру; 8) материалдық санкция қолдану; 9) стандарттаржы белгілеу; 10) тіркеу; 11) бақылау мен қадағалау; 12) материалдық және моралдық мадақтау; 13) басқару қатынастарына қатысушылардың дауларын шешу; 14) мемлекеттік тапсырыстарды дайындау; 15) әкімшілік - мәжбүрлеу шараларын қолдану. Әкімшілік - құқықтық әдістерден айырмашылығы экономикалық әдістер басқару объектілеріне тура емес, жанама ықпал етеді, өйткені олардың басқару ықпалы материалды стимулдар беру арқылы, қажетті мінез-құлыққа деге ұмтылысын тудыратын экономикалық жағдайларды туғызу арқылы ықпал етеді. Экономикалық әдістердің ішінде баға, табыс, кіріс, несие, шаруашылық есеп маңызды рөл атқарады. Әкімшілік
және экономикалық әдістер бір- Басқарушы субъектілердің қызметін ұйымдастыру процесі - бұл құрылымды бөлімдерді құру және олардың орындауына функцияларын беру, оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, атқарушы билік органдары алдына қойған міндеттеріне байланысты және сәйкес нәтижелерге жету үшін өзінің аппаратын ұйымдастырады. Басқару процесінде нақты сұрақтар жеке (министрлер, комитет төрағасы), алқалы (алқада, ғылыми-әдістемелік кеңесте) немесе ортақ бірілесіп (2 немесе одан да көп министрліктердің, комитеттердің қатысуымен) шешіледі. |