Флористика және фитодизайн негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 15:29, доклад

Описание работы

Табиғи материалдардан құрғақ шөптерден, гүлдерден, жапырақтардан, бұтақшалардан жасалған композицияларды тұрғын үйлердің, офистердің, мәдениет сарайларының және басқа ғимараттардың ішкі бөліктерін безендіруге пайдаланады. Құрғақ композициялар пайдалануға өте ыңғайлы, ұзақ сақталады, арнайы күтімді қажет етпейді. Өсімдіктерді түрлендіріп орналастыру арқылы әр түрлі композициялар құрауға болады. Кептірілген өсімдіктердің көмегімен көңіл күйге және әсемдік тақырыбына сәйкес келетін гүлдер бейнесін және композиция түрлерін құрастыруға болады.

Работа содержит 1 файл

Флористика және фитодизайн негізі.docx

— 60.96 Кб (Скачать)

Флористика  және фитодизайн негізі

    Табиғи  материалдардан құрғақ шөптерден, гүлдерден, жапырақтардан, бұтақшалардан жасалған композицияларды тұрғын үйлердің, офистердің, мәдениет сарайларының және басқа ғимараттардың ішкі бөліктерін безендіруге пайдаланады. Құрғақ композициялар пайдалануға өте ыңғайлы, ұзақ сақталады, арнайы күтімді қажет етпейді. Өсімдіктерді түрлендіріп орналастыру арқылы әр түрлі  композициялар құрауға болады. Кептірілген өсімдіктердің көмегімен көңіл күйге және әсемдік тақырыбына сәйкес келетін гүлдер бейнесін және композиция түрлерін құрастыруға болады.

    Жасалатын композицияның түсі таңдалғаннан кейін ғана өсімдіктер мен бояуларды таңдайды.

    Керекті түстерді таңдап алғаннан кейін гүлдерді және басқа түстегі өсімдіктерді (алтын, күміс, ақ және басқа түстес) таңдау керек.

    Батыс елдерінде құрғақ гүлдер өте қымбат тұрады.

    Құрғақ гүл шоғын дайындаудың бірнеше әдісі бар. Белгілі бір ережелерді пайдаланып, құрғақ гүл шоғын өз бетінше әзірлеуге де болады.

    Гүлдерді  құрғақ , ашық күндері таңғы шықтары кеуіп, гүлдерін жаңадан ашқан кезде жинау керек. Тұқым қорапшаларын гүлдердің жапырақтары түскеннен кейін қиып тастайды. 

    Өсімдіктерді  кептіру әдістері

    1.                      Ауада кептіру (табиғи жағдайда):

    а) жазық жерде;

    ә) тұрған күйінде;

    б) іліп қойып.

    2. Сығымдап кептіру.

    3. Сусымалы материалдарда кептіру (десикациялау).

    4. Ыстық пеште кептіру.

    5. Қанттандыру.

    6. Глицеринде консервілеу. 

    Кептірілетін өсімдіктерді құрғақ, салқын, жақсы желдетілген күн сәулелері түспейтін орындарға қояды. Құрғақ гүлдерді тығыздап жабылған жәшіктерде, ал дәнді бақша және дала гүлдерін сусыз ыдыстарда, дәкемен жауып сақтайды. Кептірілмейтін материалдар (жаңқалар, жаңғақтар, каштан, емен жаңғақтары және т.б.) кептірілген өсімдіктерден бөлек сақталады.

    Флористикада композициялардың өте көп түрлері болады, олардың ең негізгілері мыналар:

    а) әр түрлі пішіндегі гүлшоқтары;

    ә) гүлдерден өрген шеңберлер;

    б) шарлар;

    в) бұрымдар;

    г) ағаштар;

    ғ) жазық құрғақ композициялар.

    Флористикадағы  композицияның ерекшелігі – бір композицияда безендіру материалының бірнеше түрін пайдалануы: кептерілген гүлдерді және жасанды өсімдіктерді. Жасанды өсімдіктердің әр  түрлі болады: дайыны, дүкеннен сатып алынғаны, қағаздан, жібектен, табиғи материалдан жасалғаны және т.б. Флористикада ыдыс ретінде әр түрлі пішіндегі кәрзеңкелер, сабаннан жасалған баулар, шарлар, пенопластан жасалған сақиналар, сымдар және басқа да материалдарды жиі пайдаланады. Ұстағыш ретінде де фитодизайнның басқа түрлері сияқты сол материалдарды пайдаланады. Алайда басқа материалдарға қарағанда ермексаз, пенопластарды жиірек қолданады.

    Ыдыстың және композицияның мықты орнығуы  үшін құрғақ гүлді композициялар ыдыстың ауырлау болуын қажет етеді.

    Сюжетті құрастырмалы өрнектерді тұрмыс заттарын, опа салғыштарды, түйреуіштерді, шымылдықтарды сәндендіру үшін және панно, ашықхаттар, маскалар, жасау үшін пайдаланады.

    Сюжетті құрастырмалы өрнекке сабаннан, құрғақ гүлдерден, жапырақтардан, ұсақ өсімдіктерден, тамырлардан жасалған құрастырмалы өрнекті жатқызуға болады.

    Қазіргі кезде пейзаждық композициялар кеңінен қолданылуда. Мұндай композицияларды жайпақ табаққа, қара әйнекке, жіппен, арқанмен оралған шеретақтайға жасауға болады.

    Мұндай  шағын пейзаждарда бөлшектердің орналасу ретіне ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені әрбір бөлшек  жарқырап көрініп тұруы керек. Ағаштар шөптерден, гүлдерден биік орналасады. Ағаш төбесі кесілмейді. Шағын пейзаждарға әр түрлі бұтақтарды, ағаш қожырларын, шөптерді, мүкті, жапырақтарды ұсақ гүлдерді пайдаланады.

    Рамаларға безендірулер симметриялы тігінен немесе көлденеңінен жасалады. Материалдарды рамалардың төменгі бұрыштарына немесе бұрыштары бойынша екі нүктеге көлденеңінен орналастырады. Бұтақтар рама шетінен шығып тұрғанымен композициялар өте әдемі көрінеді. Безендіру материалының түсті гаммасымен сәйкес таңдалған ашық фон рама ішінің жарты алаңын алып жатады.

    Фон үшін қабық қиындыларын, жөкені, қатырма  қағазды, барқыт немесе басқа түсті қағазды, сабаннан тоқылған кілемшелерді, шұғаны, өсімдік жапырақтарын, құрғақ өсімдік қалдықтарын пайдалануға болады.

    Раманың өзін де ыңғайлы пішіндегі ағаш қожырларынан, кепкен қабықтардан, бұтақтардан жасауға болады.

    Құрғақ материалды ермексаздың, желімнің көмегімен бекітеді. Алайда безендіруші композицияның аяқталғанына көзі жеткеннен кейін ғана материалды фонға желімдейді.

    Өте нәзік құрғақ материалдан жасалған жұмыстарды бүлінуден сақтау үшін әйнектің астына қойып, жиһаз лагымен 2-3 қабат жағылған желіммен жауып қояды.

    Жұмысты жаңадан бастаған безендірушінің шығармашылығы ойлаудан басталады. Ол ойын, ең алдымен, қағазға түсіреді, нобайын жасайды. Композицияларды бір пішіндегі әр түрлі материалдардан, әр түрлі пішіндегі бір материалдардан жасап үйренген дұрыс. Бұл жаттығулар өсімдікті сезінуге, пропорциялар мен негізгі ережелерге дағдылануға көмектеседі. Байқағыштықты, талғампаздықты, қабылдай білушілікті дамытады

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Флористика және фитодизайн негізі