Ежелгі Парсы мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:31, реферат

Описание работы

ежелгі Парсы елінің тұрғындары келешекте бүкіл адамзаттың дамуына орасан зор үлесін қосып, көптеген елдер мен халықтардың жетістігі болып танылған жоғары мәдениетті қалыптастырды. Ежелгі Парсы елінің аумағында ұзақ уақытқа дейін дүниежүзілік тарихтың келешек бағытын анықтауға септігін тигізген рухани және мәдени мәдениет айқын сипат алады. Екі ірі дәуірлер: элам мелекеті мәдениетінің өркендеуі (б.д.д. VII-VІғ.ғ.); ахеменидтер дәуірі (б.д.д. V; ғ. Ортасынан б.д.д. 330 ж.) мәдениеттері ежелгі Парсы елінің мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, гүлденуінің негізін құрайды.

Работа содержит 1 файл

ДҰРЫС НҰСҚА. ПАРСЫ МӘДЕНИЕТІ.doc

— 60.00 Кб (Скачать)


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Халықаралық қатынастар факультеті

Аймақтану мамандығы

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

Ежелгі Парсы мәдениеті

 

 

 

 

                                                                                                      Орындаған: Кабдушева Д. А.

А-21 тобы;

Қабылдаған: Малибаева Н. М.

 

 

 

 

 

Астана, 2012ж.

Ежелгі Парсы мәдениеті тарихын қарастырғанда, мынадай дәуірлер ерекшеленді: элам мелекеті мәдениетінің өркендеуі (б.д.д. VII-VІғ.ғ.); ахеменидтер дәуірі (б.д.д. V; ғ. ортасынан б.д.д. 330 ж.) мәдениеті.

Ежелгі дәуірде б.д.д. ІV-ІІІ мыңжылдықтар шамасында Иранның Оңтүстік-батыс бөлігінде, шумерлер елінің оңтүстік-шығысында, Парсы шығанағындағы өзеннің құяр аңғарында, тілдің құрамы жағынан Қосөзен халықтарына ұқсамайтын Элам мемлекеті пайда болып, үлкен мәдени жетістіктермен көзге түседі. Парсы шығанағына құйылатын Карун және Керха өзендері суландырған жазық аймақта егіншілікке байланысты отырықшы өмір салты қалыптасады.

Эламның таулы өлкелері ормандар мен пайдалы қазбаларға (мыс, қорғасын, т.б.) бай. Осы өлке тұрғындарының негізгі жұмысы мал шаруашылығымен де байланысты болды. Б.д.д. ІІІ мыңжылдық басында болашақ Элам мемлекетінің құрамына кіретін тайпалар алғашқы мемлекеттік құрылымдарға бірігеді. Осындай бірлестіктер бірінің астанасы Суз қаласы Қосөзен, Солтүстік және Шығыс Иранмен қатынасатын жол торабында орналасты. Элам мәдениеті ұзаққа созылған өмірінде Қосөзен елдерімен тығыз байланысты. Екі жақ бірімен-бірі жиі қақтығысып, бірде бейбіт келісім-шарт жасасып, сауда, мәдениет байланыстарын үзбейді. Мысалы, Элам патшасы І Шутрук-Наххунте Вавилон жеріне жорық жасап, қалаларды тонап, Сузға көп қазына алып кеткен. Осылардың ішінде француз археологтары ХХғ. басында Суздан тапқан Хаммурапи заңдары жазылған тас тақтаның болғаны деректерден белгілі.

Өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін мәдениеті бар Элам б.д.д. ІІІ мыңжылдық басында пиктографиялық жазуды пайдаланады. Арнайы әдебиеттерде Эламға Қосөзен жазу өнерінің, соның ішінде шумерлердің әсері болғаны көрсетіледі. Дегенмен, ол өзіндік белгілері бар, дербес пайда болған көнеэламдық (протоэламдық) жазу өнері деп те аталады. Бүтіндей ұғымдар мен сөздерді білдіретін 150-ге жуық белгілері бар жазу өнері 400 жылдай қолданылған. Саз тақташаларда мүйізді ірі қаралар, құмыралар мен вазалар суреттері бейнеленген.

Б.д.д. ІІІ мыңжылдықтың екінші жартысында сызықтық-буындық жазу өнері пайдаланылады. Әр түрлі геометриялық бейнелер қосындысынан тұрған сызықтық жазу белгілерімен бүтіндей сөз емес, буындар жазылды. Осындай сексенге тарта белгілермен тек шаруашылыққа байланысты мәтіндер емес, сонымен бірге саяси немесе діни мәтіндер де жазылды. Жазу үшін тас, саз, металл материалдар қолданылды. Дегенмен, бұл жазу өнері де қолданыста ұзақ болмай,  б.д.д. ІІІ мыңжылдық соңынан б.д.д. V ғ. ортасына дейін шумер-аккад сына жазулары пайда болады. Зерттеу жұмыстары б.д.д. ІІ мыңжылдықтың бірінші жартысында іскерлік құжаттардың, сонымен қатар әдебиет мәтіндерінің аккад тілінде жазылғанын көрсетеді. Осы мыңжылдықтың екінші жартысында элам тіліндегі сына жазулар пайда болады.

Элам өнері б.д.д. ІV мыңжылдықта қайталанбас өзіндік белгілерімен көзге түседі. Құмыралар, ыдыстар геометриялық өрнектермен, адам, құс, жануарлар суреттерімен безендірілді.

Б.д.д. ІІІ мыңжылдық өнері әр түрлі мөрдегі қанатты арыстан, әзәзіл пері, жыртқыш құстар түрінде көрініс тапты. Тас ыдыстарда мүйізді ірі қара, құстар мен аңдар бейнеленді.

Б.д.д. ІІ мыңжылдықта Вавилон бейнелеу өнері элам өнеріне айтарлықтай әсерін тигізеді. Осы кезде мүсіндер вавилон дәстүрі үлгісінде дайындалады, жасалады. Бұған Напирасу (б.д.д. ХІІІғ.) патшайымның үлкен шеберлікпен жасалған, салмағы 1800 кг болатын қола мүсіні дәлел. Кейінірек бұл жерде де Нарамсиннің (б.д.д. ХХІІ ғ.) Эламға жасаған жорығы нәтижесінде, Қос өзеннің сына жазулары және т.б. мәдени жетістіктері көрініс тауып, жергілікті құдайлардың құрметіне көп сатылы зиккураттар тұрғызыла бастайды.

Элам сәулет өнерінің ең жарқын үлгісі Унташ-Напирише патша кезінде Суздан қашықтығы 30 шақырым жерде, б.д.д. ХІІІ ғасырда тұрғызылған Дур-Унташ зиккураты болады.

Зиккуратқа кірер жерде арыстандар, бұқалар, жыртқыш құстар, құдайлар мен патшалардың алтынмен апталған, күміспен күптелген тас мүсіндері тұрды. Биіктігі 42 метрге жеткен құрылыс төрт қабатты, жеті қақпалы, төменгі қабатының ұзындығы 105 м. болған.

Қорған зиккурат орнында қазба жұмыстарын жүргізген француз археологтары металл, мәрмәр, қыш бұйымдарды, ыдыстарды, патшалар жазған жүздеген мәтіндерді тапты. Дур-Унташты б.д.д. VІІ ғасырда ассирия әскерлерінің қиратып, тонап кеткені жайлы мәлімет келтіріледі.

Ежелгі парсылар тарихы жазба деректерде өте сараң берілген. Ассирия деректерінде мидия тайпаларының Солтүстік-батыс Иранға, яғни Элам жеріне б.д.д. І мыңжылдық басында келіп орналасқаны көрсетіледі. Ассирия мемлекетімен шекаралас, үнемі олардың қысымын сезінген мидиялықтар б.д.д. VІІІ ғасырда Мидия патшалығын құрған. 

  Мидия мемлекеті өте үлкен жерді – Каспий теңізінен Парсы шығанағына дейінгі аралықты алып жатқан. Олардың сақтармен қарым-қатынаста болғаны, соның арқасында Ежелгі Шығыс елдерінде атты әскерлердің пайда болғаны жайлы тарихи деректер кездеседі.

Мидия мемлекетінің құрамына парсылар да кірді, бір-біріне жақын болғандары сонша, оларды ежелгі грек авторлары ажырата алмай, араластырып жіберген. Геродоттың грек-парсы соғыстарын мидиялықтармен соғыс деп атауы осыған дәлел болады.

Парсылар туралы алғашқы мәліметтер б.д.д. ІХ ғасырдағы Ассирия деректерінен кездеседі. Б.д.д. 843 жылдар шамасында ІІІ Салманасар патша Парсуа өлкесі туралы мәлімет береді. Б.д.д. VІІІ ғасыр соңындағы Ассирия деректерінде Парсумаш елі деп аталады. Ал б.д.д. 714 жылдар шамасында ІІ Саргон патшаның қарамағындағы ел ретінде болған халық Элам жеріне орналасып, Парсы атауын алады. 

Ежелгі дәуірде парсылар өзіндік ерекшелігімен көзге түскен, жоғары дәрежеде дамыған өркениетті елдікке жетеді. Осының айғағы ретінде барлығы 43 белгіден тұратын сына жазуын айтуға болады. Жазу өнері патшаның салтанатын бейнелеу, билік иелерінің табыттарын, сарай қабырғаларын, колонналарды безендірді немесе металдан жасалған ыдыстарға, қаруларға, тас құмыраларға ойып жазылды. Осы жазулардың ең атаулысы – танымалы Камбиз билігінің соңғы жылдары мен І Дарий патша қызметінің алғашқы жылдарын бейнелейтін Бехустин жазуы.

Ежелгі үндіирандықтарға әлеуметтік-діни «арья» термині ортақ болды. Осыған байланысты мұны үндіирандық тілдер, яғни «арилер тілі» деп те атайды, олар синонимдер ретінде пайдаланылады. Тарихи әдебиеттерде арилердің ең ежелгі отаны Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен оңтүстік Орал тауларына дейін созылып жатқаны жайлы мәліметтер кездеседі.

Арилер тайпасының бірі қазіргі Иран мемлекетінің негізін қалаған. Парсылардың ең ежелгі діни мәтіні «Авестада» бірінші рет «арьянам вайджа» - «арилер кеңістігі» түрінде  «Арьянам»», яғни «арилер елі» ұғымы кездеседі. «Авеста» құрамына кірген шығармалар Заратуштра (гректер Зороастр деп атаған) пайғамбарға таңылатын, «дэв» - құдайларды дәріптеген гимндер, «гата» - өлеңдер, рәсімдік нұсқаулардан тұрады.

Жинақтың ең ежелгі мәтіндері б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтар шамасында пайда болғаны шамаланады. Мәтіннің қай уақытта пайда болғаны туралы нақты айту мүмкін емес, өйткені діни уағыздар ұзақ жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша берілген. Осыдан да болар, әлемге танымал ұлы ақын Фирдоуси (Х-ХІ ғ.ғ.) өзінің «Шахнамасында»  жазу өнерін ібілістің, жын перінің ойлап тапқаны деп атайды.   

Б.д. ІІІ ғасыры шамасында «Авестаның» жазылып алынғаны жайлы болжамдар бар. Мұсылман дінін таратушылардың шапқыншылықтары кезінде Заратуштра пайғамбардың іліміне, оның ізін қуушыларға жойылу қаупі төнген. Қудалауға ұшыраудан қашып, Батыс Үндістанға барып тұрақтаған парсы зорастрлерінің тек аз ғана бөлігі өз заңдары мен тілін сақтап қалған. Түсіндірмелерінің қиындығына қарамай, «Авеста» ежелгі ирандықтардың аңыз әңгімелері мен дүниетанымы туралы құнды мәліметтер берді.

ХVІІІ ғасырда еуропа ғалымдары «Авестаны» зерттеуге үлкен қызығушылық танытады. Француз Анкетиль Дюпперон Үнді елінде өмір сүретін зороастризм дінін ұстанушылар арасына келіп, ұзақ жылдар бойы авесталық шығармаларды зерттеумен айналасады. Ол 1762 жылы қолжазбаларды Парижге әкеледі.

Зороастризм – дуалистік, яғни әлем екі бастаудың мәңгілік күрес алаңы деген ұғым негіз болған дін. Оның бірі Ахуамазда (гректерше Ормузд) – жарық, жақсылық және шындық, шынайылық құдайы болса, екіншісі қатал рух Анхра-Манью (гректерше Ариман) – қараңғылық, жалғандық белгісі. Зорастрлар нанымы бойынша, адамдар өмірде іс-әрекеттерімен, сөздерімен, ой-пікірлерімен ғарыштық күштердің күресіне араласып, осы құдайлардың біріне көмектеседі.

Зороастрлар отты кие тұтып, оны зиян тигізуге, ластауға болмайтын бастау ретінде қастерлейді. Сол себепті оларды «отқа табынушылар» деп те атайды. Сонымен қатар, сиыр өсіріп, көбейтуді өз міндеттерінің өтелуі, діни қайырымдылық деп қарайды.

Діни түсінік бойынша әлдебір ғарыштық заң – Арта бар. Арта-ақиқат, одан барлық ғалам тірек табады. Ол аспандағы күнмен, жердегі отпен теңестіріледі. Басқа халықтардың діни орындары – ғибадатханаларда құдай мүсіндері мен бейнелеріне табыну орын алса, парсылар қасиетті орындарда жағылатын отты қастерлеген.

Осы отты сақтауды мұраға алып отыратын абыздар, ұрпақтан-ұрпаққа «Авестаның» мәтінінде сол абыздар тобынан бөлек, ежелгі парсылар қоғамында тағы екі сословиенің болғаны жайлы дерек бар. Оның бірі – әскери күймелермен соғысқа қатысатын әскер басшылары, екіншісі – халық. «Халық» деген ұғым тек экономикалық және әлеуметтік жағынан дербес тұрғындарға қолданылып, қарапайым еңбек адамдарын оған қоспаған тәрізді. Мысалы, «Авестада» қолөнершілердің толық құқы жоқ, тек өз еңбегімен қызмет көрсететін қоғамның әлеуметтік тобы ретінде сипатталған. Олар құлдар тәрізді, қауымдық діни рәсімдердің өткізілуіне қатыстырылмаған.

Вавилонға төнген сыртқы қысымға қоса, Набонид патшаның қаланың саяси элитасымен тіл табыса алмауына байланысты туындаған өте күрделі уақыт болды. Інжілдің «Пайғамбар Данил кітабы» Валтасар деп атаған Набонидтің баласы Вавилон әскерін басқарды. Б.д.д. 539 жылы Вавилон әскерін қирата жеңген Кир ұлы қалаға салтанатпен кіреді. Қаланы тонауға ұшыратпаған парсы патшасы бас құдай Мардуктың қасиетті храмына келіп, абыздар қолынан билікті қабылдайды. ІІ Кир өзінің арнайы үндеуінде Набонидтің вавилондық құдайларға дұрыс көңіл бөлмегенін айтып, өзін олардың қорғаушысы, барлық вавилондықтардың патшасы деп жариялап, «қаланың тыныштықпен бейбіт өмір сүретініне» уәде береді.

Жеңіске жеткен жерлерінің бәрінде ІІ Кир қарапайым, өте биязы ұстайды. Соған қарағанда, патша баюды емес, өзіне адалдық көрсеткендердің сый-сияпаттарын қанағат қылып, даңқын асыруды мақсат тұтса керек. Қысқа уақыт ішінде, бұрын-соңды әлем тарихы білмеген алып мемлекет құрған парсылар патшасын тарихшылар ежелгі замандардан бері Ұлы Кир деп атайды.

Парсының Ахемен тайпасынан шыққан Кирдің өзі де, ұрпақтары да жорық кезінде қаза тапқан ұлы жаулап алушының орнына тақ мұрагері Камбиз отырады. Ол әкесінің ісін жалғастырып, б.д.д. 525 жылы Мысырды жаулап алады. Жаулап алынған үлкен аймақ ішінде тыныштық сирек болды. Камбиз жорықта жүрген кезде, ахеменидтер тағын өзін Бардия деп атаған Кирдің баласы басып алады. Мұны естіген Камбиз елдің астанасына асығады, бірақ жолда белгісіз жағдайда қайтыс болады.

Бірнеше айдан соң парсылардың танымал отбасылары ұйымдастырған бүлік нәтижесінде Бардия да өз сарайында қаза табады. Ұлы Кирдің Камбиз өлгеннен кейін тура мұрагері де жоқ еді. Бүлікшілер өз орталарынан жаңа патша сайлайды. Бактрия билеушісінің баласы І Дарий (б.д.д. 522-486 ж.ж.) таққа отырады. Өзін ахеменидтер ұрпағының ең кішісі деп жариялаған сәтін оның Бехустин жартасына жаздырғаны жайлы дерек бар.

Үш тілде (парсы, адам, аккад) тілдерінде жазылған бедерлерін қосқанда биіктігі 7,8 метр, ені 22 метр болатын, Хамадан мен Керменшах қалалары ортасында орналасқан Бехустин жартасындағы жазу ежелгі дәуірдегі Парсы елін Вавилонмен және басқа да елдермен байланыстырған жолдан 105 метр биіктікте тұр. Ойылып салынған бедерлер мен мүсіндер үстінде қалықтаған Ахура-Мазда құдай сақинасы бар сол қолын Дарийға созып, оған патша билігін берудің нышанын жасаса, жоғары көтерілген оң қолымен патшаға бата беруін көрсететіні деректерде жорамалданған. Патша тәжін киген Дарий табиғи үлкендікте көрсетілген. Оның оң қолы сиыну түрінде Ахура-Мазда құдайға созылса, сол қолымен садақ ұстап, Камбиздің тағын тартып алған, енді өлгелі жатқан Гауматты аяғымен басып тұр. Патшаның арқа жағында сарай төңірегі адамдары – найза ұстаған Гобрий мен садақ ұстаған Аспатин, ал Гауматтың соңын ала ұзын тізбек бойында Дарийдің байлаулы жаулары, тұтқындар бейнеленген.

І Дарийдің мүсіні парсы киімін киген тас тұлғасы Суздан табылды. Ескерткіште төрт тілде жазылған мәліметтер бар.

Персеполь сына жазуының құпиясын Гротефенд қана толықтай ашқан еді. Бірінші бағандағы жазулардың 40-қа жуық әріптен тұратынына, үш дауысты дыбыстың (соның ішінде – а дыбысы) жиі қайталанатынына назар аударған Гротефенд жазудың «зенд» тілінде жазылғаны жайлы қорытынды жасайды. Жеті сына белгісіне көңіл бөліп, бұл белгілердің бұрын болжанғандай «патшалардың патшасы» емес, «патша» ұғымын беретінін анықтайды. Демек, «патша» сөзінің алдындағы белгілердің билік иесінің атына сәйкес келетінін болжаған ол, келесі үлгіні құрастырады:

«Ү – ұлы патша, патшалардың патшасы,

Х – а, патшаның ұлы, Ахеменид». 

Әрине, әрбір белгіге өте үлкен ұқыптылықпен талдай жасаған Гротефенд болжамы нәтижелі болып шығады. Тарихи мәліметтерге назар аударып, талдау жасап, белгілердің орнына билік иелерінің есімдерін қойған ол жазулардың келесі түсінігіне қол жеткізеді:

Информация о работе Ежелгі Парсы мәдениеті