Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:24, реферат
Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. («»’Архайос»’» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.
Кіріспе...........................................................................................2
Ежелгі гректердің мифтері мен аңыздары.................................3
Ежелгі грек құдайлары................................................................8
Қорытынды...................................................................................11
Пайдалынған әдебиеттер.............................................................12
Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да ерекше құрметке бөленген. Әсіресе 12 рет ерлік жайаған Гераклдың мерейі үстем болды. Геракл (Геркулес) — ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз халық батыры. Әкесі Зевс, анасы Алкмена, зайыбы — Амфитриона, Гераклдың көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы оның есімі «Илиада» мен «Одиссея» дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-ақ белгілі болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен берілген (мүсін өнерінде «Дем алып тұрған Геракл», әдебиет саласында Софокл мен Еврипидтің шығармалары).
ншып, мерт етеді.
Ежелгі грек құдайлары
Эгей теңізі аймағында ежелгі тұрғындарының ой-санасында барша табиғат күштері мен құбылыстары аса құдіретті, мәңгі жасайтын тіршілік иелері құдайлар кейпінде бейнеленіп, адам баласына тән барлық сезімдермен (қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қызғаныш, өшпенділік т.б.) керемет кіршіксіз адамдар түрінде елестеген. Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды. Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс. «Бұлт айдаушы» Зевстің еркімен жаңбыр жауады немесе қуаңшылық болады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелермен – жай оғымен жайратады-мыс. Гректер «Жерді тербетуші» – теңіз құдайы Посейдоннан қаһарлы Зевстен кем қырықпаған. Посейдон өзінің үш тісті орасан зор найзасымен жерді сілкінтіп, теңізге алапат дауыл тұрғызып, кемелерді суға батырып жібереді.
Күн құдайы Гелиос ақша қардай аппақ аттар жегілген алтын арбасымен аспанда жүріп өткенде күн туады-мыс. Жарық пен өнердің құдайы – Аполлон.
Күзде өсімдіктердің қурауы мен көктемде табиғаттың жандануы құнарлылықтың әйел құдайы Артемидаға байланысты болған.
Адам өлген соң, оның жаны жер асты патшалығының әміршісі қатыгез Аид билік ететін, өлген адамдардың қапас жер асты патшалығына түседі-міс. Аидтың аяғының астында үш басты төбет отырады, ол жер асты патшалығына келгендерді кіргізеді де, бірақ одан ешкімді де шығармайтын болған.
Гректер басты құдайларды
мәңгі өлмейтін, сұлу, тұлғалы, алып
адам бейнесінде елестетті. Ал орман
құдайлары сатырларды үсті-бастары
жүн басқан ешкі аяқты, ешкі құлақты
адамдарға ұқсатты. Бұлақтардың
әйел құдайларын қыз түрінде бейнелеп
нимфалар деп атады. Шаруашылықтың
әр саласының, егіншіліктің, мал шаруашылығының,
аңшылықтың, қол өнердің әрқайсысының
қамқоршы құдайлары бар деп саналды.
Шарап жасау ісінің құдайы Дионис
адамдарға жүзім өсіріп, шарап
жасауды үйретсе керек. Оның құрметіне
мейрамдар өткізіліп отырған. Гректер
металл өңдеуді игере бастаған кезде
ұсталардың жарылқаушысы – Гефест
құдай туралы аңыз шықты. Гефест жер
астындағы ұстаханада өзі жұмыс
істейді екен. От пен түтін атқылап
жатқан жанар таулар оның жер астындағы
ұстаханасынан шығады. Гефест үстіне
қолөнершілердің қарапайым
Зевстің әйелі Гера – неке, ана мен баланың қамқоршысы. Артемида – аңшылық құдайы, Аполлон – өнер, жарық құдайы, Афродита – сұлулық, махаббат құдайы, Арес – соғыс құдайы, Афина – қалалардың қамқоршысы, Тюхэ – бақыт құдайы, Ника – жеңіс құдайы, Фемида – заңдарды сақтаушы құдай, Мойралар – тағдыр құдайлары, өлім құдайы – Танат, ұйқы құдайы – Гипнос, Пан – орман құдайы, табиғаттың қамқоршысы, Эрида – араздық құдайы т.б.. Антикалық шығармаларда мифтік әңгімелер жиі кездеседі, әсіресе грек өнерінің көптеген шығармаларында құдайлар мен қаһармандар образы бейнеленген. Антикалық грек-рим мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына өте күшті ықпал жасады. Грек жазуы көптеген алфавиттерге негіз болды. Гректің толып жатқан сөздері қазіргі тілдерге де енді: «школа», «арифметика», «театр», «хор», история» т.б. Күнделікті әңгімеде ескі грек мифологиясынан алынған есімдер, атаулар, бейнелі сөздер жиі қолданылады: «титандық күрес», «молшылық мүйізі», «бүлік алмасы», «олимпиялық жайбарақаттық», «ахиллес өкшесі», «тантал азабы», «сизиф еңбегі» т.б. Грек есімдері – Петр – «тас», Алексей – «қорғаушы», Георгий – «егінші», Галина – «желсіз тымық теңіз айдыны». Қазіргі астрономиядағы көптеген планеталардың, жұлдыздар мен тұтас жұлдыздар шоғырларының аттары антикалық мифологиядан алынған.
Архаикалық греция
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық
мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар
тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда
су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар
кеңінен қолданыла бастады, металлургия
мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті.
Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды
ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар
пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып,
сауда айналымында кеңінен қолданыла
бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі
нәтижесінде тығырыққа тірелген грек
әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа
халықтармен байланыстарының арнасын
кеңейте түсті. Шындығында да, гректер
көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер
үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан
теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан
— алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді)
мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан
байыған құлиеленушілерді «жаңа байлар»
деп атады. Ру басшыларының зорлық-зомбылығына
шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла
бастады. Шаруалар сияқты кедейленген
әлеуметтік топтардан «демос» (халық)
қалыптасты. Демостың экономикалық және
саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге
қарсы күресі бір толастамады. Осындай
таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі
және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі
біздің заманымызға дейінгі VIII—VI ғасырда
етек алған «ұлы отаршылдықтьщ» белең
алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік
Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин
түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен
Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары
пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон
«гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа
жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша
бейнелеп айтқан.
Архаикалық дәуірде рулық
құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты
көне полис-құлиеленушілік құрылыстың
саяси-әлеуметтік формасы — мемлекет
қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске
қаланың өз жерімен қатар, оны
қоршаған егістік жерлер де кіретін
болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін
еркін азаматтар жасағы қамтамасыз
етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс
жағдайында халық жиналыстарына, сот
процестеріне және мемлекеттік маңызы
бар істерді шешуге қатыса алатын
болды. Мұндағы шаруашылықтың
Афродита мүсіні.Париж,Лувр
Қорытынды
Кілемдік стиль Элладаның
алдыңғы қатарлы сауда-
Аса сапалы қою қара лақты
пайдалана бастаған олар саз балшықты
күйдірілген соң, біркелкі тегіс
қызғылт реңге айналдыру үшін
аздап жосамен сырлайтын. Ою-өрнек
әшекейлер салынбайтын осындай
ашық фонда адамдар мен хайуанаттар
сүлдесі металл сияқты жылтырап көрінетін.
Қара пішін стилі одан бөлшектерді
қырналған сызықпен, ақ және қан
қызыл сырмен баса көрсету тәсілін
ала отырып, сұлбалық әдісті ығыстырды.
Бірте-бірте қабырғалық өрнектің композициялық
құрылымы өзгере берді. Құмыраларды
көлденең орап тұратын фриздермен пішіндерді
орналастыру жүйесі жоғалды. Олар ыдыстардың
бүйіріне еркін орналастырылған
көп пішінді тұтас
Грек шеберлері тапсырма берушілердің қызық та ғажайып бейнелерге құмарлығын, олар Шығыс өнерінің жарқыраған шаңқан реңіне қызығатындығын мықтап ескерді. Б. э. бұрынғы VII ғасырда құмыраларға салынған өрнектер ақ саз балшыққа қоңыр күрең лакпен сырланған. Геометриялық ыдыстардағы реңі бірыңғай сүлделік ою-өрнектерден басқаша өң беру үшін суретшілер бөлшектерді қырнай із қалдыра тартылған сызықтармен, ақ және қызыл барқын сырмен айқындайтын жұқа сұлбалық суретті қолданған. Шұбырып бара жатқан аңдар пішіндері құмыраның дөңес бүйіріне бірінен соң бірі орналастырылып, олардың арасындағы ашық кеңістік ою-өрнекпен толтырылған. Мұның бәрі қабырғалық өрнекке ғажайып сән, керемет көрік беріп тұратын, оларды өрнекті кілемдерге ұқсататын. Өрнектер архаикалық ыдыстардың пластикасы мен шырайлы пішініне тамаша жарасатын. Б. э. бұрынғы VII. ғасырда қалыптасқан кескіндеме стилі «кілемдік» немесе «ориентальдастырылған» стиль (яғни, Шығыс өнеріне еліктеуші) деп аталды.
Пайдаланған әдебиет:
Мәдениеттану: жоғарғы
оқу орнындары мен колледж
студенттеріне арнлған оқулық. Алматы:
Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
Өнердің ықшам тарихы—Антик
өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360
бет ISBN 5—89840—030—3