Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 15:05, реферат
20-50-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең танымал болғандары - Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.
1 Кіріспе
2 Кеңес кезеңіндегі Қазақстан мәдениетінің дамуы
2.1 Ғылым мен мәдениет — майданға
2.2 Қазақ халқының музыкалық мәдениеті
3 Қазақ кеңестік өнерінің дамуы
3.1 Қазақ киносы
3.2 Қазақ әдебиеті
Пайдаланған әдебиет
Әр ұлттың, халықтың әлемдегі өркениетті елдер қауымдастығында қаншалықты орынға ие екендігі оның рухани саладағы құндылықтарынан байқалады. Қазақ үшін поэзия – өмірлік ұстаным. Екінің бірі ақын, екінің бірі өнерпаз болып келуінің себебі ғасырлар қойнауынан басталады. Ғұмыр кешу салтының ұзақ мерзім бойы қалыптасып, орныққан дағдысы биік зияткерлікті, өнерді биік өркениеттің белгісі деп тұжырымдауға алғышарттар жасады. Сақ, ғұн дәуіріндегі ешкімге ұқсамас поэзия, алтын Орда дәуіріндегі жыр жауһарлары, хандық дәуірдегі мәңгілік толғаулар, сәл бертіндегі Бұқар, Махамбет, Дулат, Мұрат, Абай, т.б. поэзиясы ХХ ғасырдағы алаш арыстарының шығармашылығына, кеңестік кезеңдегі қазақ ақындары поэзиясының дамуына тиімді алғышарттар жасады.
Қасым Аманжолов – өткен
ғасыр басында дүниеге келіп,
ұлттық поэзияның өре-деңгейін биік
зияткерлік, мазмұн мен пішін бірлігі,
батылдық пен суреткерлік тұтастығы
арқылы шыңға көтерген ақын. Қасым
ақын өзіне дейінгі ұлттық поэзия
үлгілерінің озығын өз болмысына
сіңіріп қана қойған жоқ, сонымен
қатар ақындықтың шеберлік мектебін
дамытты. Егер дәстүр мен жаңашылдық
сияқты тарихи-философиялық ұғымдар
тұрғысынан келсек, жыраулар поэзиясы,
Махамбеттің жырлары Қасым
Көркемөнердегі, оның ішіндегі әдебиеттегі дәстүр мәселесі – өте ауқымды жайт. Оны ғылыми талдаудан өткізіп, зерделеу, саралау ұлттық әдебиетті, оның поэзия жанрының өркендеп, дамуын зерттеу ісімен тығыз байланысты. Өскелең поэзия – өскен, жетілген сананың өре-деңгейін белгілеп, анықтай алатын бірден-бір көрсеткіш. Сондықтан да өткеніңді саралап, бүгінгіңді талдап, болашағыңды болжау, әдеби, мәдени құндылықтарыңды зерделеп, талдау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл орайда қазақ әдеби үдерісіндегі Қасым Аманжолов поэзиясының дәстүрін зерттеу өзекті де көкейкесті проблемаға жатады.
Соғысқа дейінгі уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазактың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. Сол жылдары «Буратиноның бастан кешкендерінің» авторы A. Н. Толстой, Самуил Маршак, жазушылар Михаил Зощенко және Константин Паустовский, «Степа ағайдың» авторы және қазіргі белгілі кинорежиссер Никита Михалковтың әкесі Сергей Михалков, атақты режиссер С. М. Эйзенштейн, белгілі актерлер Николай Черкасов, Михаил Жаров, Любовь Орлова, Марина Ладынина, Николай Крючков, Борис Андреевтер Қазақстан астанасында тұрып, еңбек етті.
Қазақ киносы - Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистраінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарыл тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазак киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді" (1938, реж. М.З. Ленин) көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.
2-дүниежүзілік соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. Мұнда "Антенна Рыбкин" (реж. К.К. Юдин), "Жауынгер ұлы" (режисері В.П. Строева), "Біздің қаланың жігіті" (режисері А.Б. Столпер), "Ауком секретары" (режисері А.М. Файнциммер), "Отан үшін" (режисері Пудовкин), "Иван Грозный" (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), т.б. кеңестіқ таңдаулы фильмдер жасалды. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежіреліқ фильмдер студиясы (1960 жылдан "Қазақфильм") деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы жағынан әр алуан. Экранға қазақ халқының өткен өмірін көрсететін,
2-дүниежүзілік
соғыс жылдарында халық
1980 жылдары республиканың деректі киносына И.Вовнянко, С.Әзімов, О.Рымжанов, В.Рерих, С.Махмұтов, В.Тюлькин, т.б. қосылды.
"Құмшағыл
оқиғасы" (1987), "Аралды жоқтау"
(1988), "Жоқтау. Өлі теңіз шежіресі"
(1989 - 1990), "Полигон" (1990) фильмдері
арқылы экранға қоршаған