Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 23:54, реферат
Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады.Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыптар, салт –дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт- дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың салт –дәстүрлері, рәсімдер мен жөн- жоралғылар,ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді.Оның бәрі дамып,толысып,жаңарып отырады.
КІРІСПЕ
Салт-дәстүр дегеніміз не?
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері
2.2 Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қам жемеңіз, жар жар ау
Жақсы болса қайны атаң,
Орнын басар, жар жар ау!
Қыз былай деп жауап қайтарады:
Есік алды қара су,
Майдан болсын, жар жар ау.
Ақ жүзімді көргендей,
Айнам болсын жар жар ау.
Қайын атасы бар дейді ау,
Осы қазақ, жар жар ау
Айналайын әкемдей,
Қайдан болсын, жар жар ау!
Келін түсіру
Келін түсіру (салт). Біздің халқымыз үшін де дүниедегі қызық пен қуаныштың ең бастысы осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта «тойдың болғанынан боладысы қызық» деген бар. Ал келін түсірудің өзі де, «боладысы» да қызық.
Қазақ салты бойынша келінді ауылға көлікпен әкелмейді. Бір қырдың астына жеңгесімен бірге түсіріп кетеді. Ауылдың қыз келіншектері жас келіннің алдынан шығып, ешкімге көрсетпей шымылдық ішіне кіргізіп әкеледі. Ақ босағаны оң аяқпен аттайды. Шашу шашылады. Құтты болсын айтылады. Келінді шешесі, жеңгесі, сіңлілері ертіп әкеледі. Қуаныш, ырду, дырду, ойын сауық басталады. Шымылдық жиналған сәтте салтанатпен «Беташар» басталады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүрлеріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін – бірі толықтырады.
Қазақ халқының салт – дәстүрлері осы ұлттың мінез – құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып, келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той – думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан – ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай жаңадан еніп те жатыр. «Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Кең құшақты қазақ даласында бабалар дүбірі мен даналар үнімен, ата-бабалар салт-дәстүрімен тәрбие алып өскен –қазақ балаларымыз. Өз ұлтымыздың ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек.
Салт- әр
ұлттың, халықтың діні мен сеніміне,
тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық
“Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен” дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу керек. Ол үшін бүгінгі ұрпақ - өз ата-салтын, әдет-ғұрыптарын білуі қажет. Ата – салтын, әдет-ғұрпын біліп, құрмет тұтқан оқушының ішкі рухани байлығы , әдептілігі сыртқа күн нұрындай сәуле шашып тұрады. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған салт- дәстүрсіз, ішкі рухани байлықсыз, әдет-ғұрыпсыз баланы тәрбиелеп, білім беру мүмкін емес.
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы атамыз:
– Мен үш нәрседен қорқамын. Біріншісі, өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, екіншісі, немересіне ертегі айтып бере алмаған ата мен әжеден, үшіншісі, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын – деп кетіпті.
Сондықтан, ұлттығымызды, тілімізді, ділімізді жоғалтып алудан қорыққанымыз абзал. Тәрбиені отбасынан, ошақ қасынан, тіпті бала құрсақта жатқан кезден бастаған жөн. Оған қазақтың салт-дәстүрін сақтаудың маңызы зор. Тәуелсіз елімізде ата – бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп,жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ-біздің қолымызда.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
4. Қазақтың салт-дәстүрлері. Алматы.
5. Халық тағылымы. Ә.Табылдиев. 1998ж
6. Қазақ этнопедагогикасы.Алматы.2008ж