Антика мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2011 в 08:16, реферат

Описание работы

«Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты.

Работа содержит 1 файл

Антика мәдениеті.doc

— 39.00 Кб (Скачать)

Антика мәдениеті  

«Антика» ұғымы  Қайта өрлеу заманында пайда  болды, бұл терминді итальяндықтар  греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән. Ежелгі грек мәдениетіне тән келесі белгілерді атап көрсетуге болады: ол ең алдымен космологиялы. Космос оның абсолюті болады. Космос грекше бұл ғалам әлемі ғана емес, бей-берекеттікке қарсы тұратын әлемдік тұтастық, әдемілік. Сұлулық, өлшем, үйлесім. Антика адамы барлық осы қасиеттермен адам арасындағы ара қатынасты белгілейді және грек мәдениетінің космологизмі антропоцентризмді болжайды. Ежелгі гректердің құдайлары антропоморфты, ал адамның денесі грек мәдениетінің барлық пішіндерінің өлшемі болады. Гректер риторикада шешендердің ең тамаша сөздерін атлеттердің әсем денелерімен салыстырған, ал сәулет өнеріндегі математикалық есептеулер адам денесінің пропорцияларымен ара қатынаста болған. Антика мәдениетінің маңызды белгісі – оның бәсекелестігі, ол өмірдің барлық салаларын сипаттайды. Грек егесі (күрес, жарыс) еркін гректің келесі қасиеттерін бейнелейді: ол өзін полис азаматы, оның өкілі ретінде ғана көрсете білді. Грек егесінде диалектика бастау алған, бұл өзінің дәлелдерін дәлелдей отырып, әңгімелесе білу, әр түрлі философиялық бағыттардың болу құқығын негіздеу. Ежелгі Грек мәдениетінің тағы бір белгісі – оның мерекелігі, оның сыртқы әдемілігі, ойын-сауықтылығы. Әдетте мерекелер полис қамқоршылары – құдайлардың құрметіне үнемі салтанатты шерулер мен жарыстар өткізумен байланысты болды. Алайда барлық ғасырда антиканың негізгі тенденцияларын көркем мәдениет - өнер толық бейнеледі.

Ежелгі Грек өнерінің тарихы бірнеше кезеңдерден  құралады. Крито-микен кезеңі немесе эгей кезеңінде (б.з. дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдық) Крит шеберлерінің өнері гүлденіп, Балкандағы ахей тайпаларының шығармашылық белсенділігі өседі. Б.з. дейінгі ХІ ғасырдан VIII ғасырға дейін шартты түрде «гомер» деп аталатын кезең жалғасады. Ол белгілі эпостың пайда болуымен, керамиканың таралуымен сипатталады. Б.з. дейінгі VII-VI ғ.ғ. көне дәуір дербес қала полистерінің құрылуы және өнердің қарқынды даму кезеңі болды. Классикалық кезең б.з. дейінгі V және IV ғасырларды қамтиды және ежелгі грек өркениеті дамуының жоғарғы нүктесі болып саналады. Грек мәдениеті дамуының соңғы кезеңі (б.з. дейінгі ІІІ-І ғасыр) эллинизм дәуірі – Жерорта теңізі бассейнінде тұрған халықтар арасында Эллада мәдениетінің кең таралуымен сипатталады.

Көне заман  кезеңінде қала-мемлекеттің антикалық  полисі қалыптасады, оның азаматтық қауымына қаланы қоршап тұрған ауыл шаруашылық территориясы да кіреді. Ең ірі полистер Афина, Спарта, Коринф, Аргос, Фива болды. Саяси жағынан Греция жеке қала-мемлекеттерге бөлінгенмен, көне заман кезеңінде “эллиндер”, “Эллада” ұғымдары пайда болады.

Грек мәдениетінің органикалық бөлігі саяси сипаттағы  дін болды. Олимпия құдайларының бейнелерінде демонизм, зооморфизм жұрнағы  бар, бірақ антропоморфизм бірінші  орынға шығады. Антропоморфизм – анимизм  формаларының бірі: адамға тән психикалық қасиеттердің табиғат құбылыстарына, жануарларға, заттарға ауысуы; құдайды адам бейнесінде беру, жалпы гректіктен басқа (Зевс, Гера, Посейдон, Аполлон, Афродита, Афина, Дионис және т.б.), Грецияның әр облысында орманда, тауда, далада тұратын жергілікті құдайлар болған, Құдайлар адамдар тәрізді тағдырға көнгіш келген, бірақ олардан айырмашылығы өлмейтін мәңгілік болған. Құдайлар туралы мифтерден басқа гректерде қаһармандар, жартылай құдай түріндегі жандар туралы мифтер тараған (Геракл, Ахилл, Энеи). Грек мифологиясы басқа халықтардың мәдениетіне үлкен әсер етті, ол ақындар мен суретшілердің шабыт көзі болып табылады.

Грециядағы діннің ажырамас бөлігі құдай мүсінімен  азаматтардың салтанатты шеруі формасында бас құдайды құрметтеу және құрбандық  шалудан соң, мерекелік шаралар өткізу болды. Ең белгілілері Зевске арналған спорт жарыстары – Олимпиада ойындарын өткізу болды, Олимпиада ойындары б.з. дейінгі 776 жылдан төрт жылда бір рет өткізіледі.

Көне заман  дәуірінде Грецияның ең дамыған  облысы Иония болды, осында антиканың  бірінші философиялық жүйесі – натур-философия пайда болды. Оның өкілдері табиғатты, оның заңдылықтарын түсініп, барлығының алғашқы негізін айқындауға тырысты. Сонымен Фалес барлық заттардың алғашқы негізі деп – суды, Анаксимен – ауаны, Анаксимандр – апейронды (шексіз) атады, олар дүниені біртұтас материалдық бүтін деп қабылдады. Көрнекті математик Пифагор (б.з. дейінгі 6 ғ.) дүниенің алғашқы негізі сандар мен сандық қатынастар деп санады. Гераклит шындықтың негізі – от деп болжаған, ол болмыс үнемі өзгерісте, қозғалыста, мәңгі күресте болады деп санаған.

Б.з. дейінгі VIII-VII ғасырларда Гесиодтың «Теогониясы» жарыққа шығады, онда ежелгі гректің  мифологиялық хикаялары жүйеленіп, дүниенің пайда болуының космогониялық  суреті беріліп, гректік көркем мәдениеттің  дамуында маңызды сәтті анықтайды, құдай, қаһарман, мифологиялық жандар адамдық кейіпке енеді.

Көне заман  әдебиетінде маңызды роль эпостан  лирикалық поэзияға ауысады. Адамға, оның ішкі әлеміне, оның сезімдері мен  қуаныштарына көңіл аудару Архилок (б.з. дейінгі VII ғ.), Сафо (б.з. дейінгі VII-VI ғ.), Анакреот (б.з. дейінгі VI ғ.) шығармашылығына тән.

Діни мейрамдар  салтынан шыққан грек театры көне заманға  жатады. Мүсін, сәулет өнері дамиды. Б.з. дейінгі VI ғасырда доридалық  және иондық варианттарда сәулет ордері жасалады. Алайда көне заман кезеңіндегі грек өнерінің негізгі тенденцияларын құмыра өрнегі толық көрсетті. Б.з. дейінгі VI ғ. ортасында қара фигуралы құмыра өрнегі дамыды, құмыраның сыртына тұрмысты бейнелейтін суреттер қызыл балшыққа қара лакпен салынды. «Гомер кезеңімен» берілетін дұрыс реттелген космос геометриялық белгілер – символдармен көрнекі түрде ашылады. Кейіннен сұлбалық қара фигуралы жазу қызыл фигуралы стильмен ауыстырылды, ол әрекеттің кең мүмкіндіктерін, кеңістік, көлем тереңдігін, бейнелеу бөлшектерін ашты.

Информация о работе Антика мәдениеті