Заңсыз Түсік

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа

Описание работы

Жұмыста заңсыз түсік тарихына, Қазақстан мен шетелдерде заңсыз түсіктің құқықтық реттелу деңгейіне шолу жасау арқылы заңсыз заңсыз түсіктің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін терең де жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр. Осы мақсатқа төмендегі міндеттерді шешу жолымен жетуге болады:
-қоғамдағы саяси-экономикалық және әлеуметгік-психологиялық аху-алдың заңсыз түсік туралы заңдардың мазмұнына әсерін көрсету;
-заңсыз заңсыз түсік үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың түрлі тарихи кезеңдердегі мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………....3
І. ЗАҢСЫЗ ТҮСІК МӘСЕЛЕСІНЕ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШОЛУ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ТҮСІНІГІ
1.1 Заңсыз түсік түсінігі..........................................................................................4
1.2 Заңсыз түсік жасаумен байланысты қылмыстар............................................9
ІІ. ЗАҢСЫЗ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚҰҚЫҚ-ТЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілігі және объектісі..................................13
2.2 Заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының субъектілік белгілері..................17
ІІІ ЗАҢСЫЗ ТҮСІКТІҢ ХРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3.1Заңсыз түсікпен байланысты қылмыстылықтың жағдайына талдау......................................................................................................................20
3.2 Заңсыз түсіктің себептері мен жағдайлары, оларды бейтарап-тандыру шаралары................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................29

Работа содержит 1 файл

зансыз оборт.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 117-баб. 3-тармағында жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде қылмыс субъектісін сипаттайтын белгі ескерілген — бұрын заңсыз заңсыз түсік жасағаны үшін сотталған адамның қайталап заңсыз заңсыз түсік жасауы.

Заңсыз заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының субъективтік жағы кінәнің тура қасақаналық нысанымен сипатталады. Криминалдық заңсыз түсіктегі кінәнің мазмұнында өзіндік ерекшеліктер бар: айыпты өз әрекеттерінің жүктілікгі заңсыз доғаруға бағытталғандығын біліп қана қоймай, сонымен қатар өз әрекеттерінің заңсыз сипатын білуі керек. Айыптының өз әрекетінің тек жүктілікті заңсыз доғаруға бағыттал-ғандығын білуі оны қылмыстық-құқықтық мағынада қасақана әрекет етті деп тану үшін жеткіліксіз, себебі әрекет пен оның зардаптарына қатынастың бұл түрі занды заңсыз түсік жасаушының өз әрекеті мен оның зардаптарына психикалық қатынасынан еш ерекшеленбейді. Олай болса, қылмыскердің өз әрекетінің заңсыз сипатын білуі — заңсыз заңсыз түсік пен криминалдық заңсыз түсік арасында айырмашылық жүргізуге мүмкіндік беретін бірден-бір белгі. Заңсыз түсіктің заңсыздығын бұл қылмыстың түрлі субъектілері түрліше бағалайды.   Маман-дәрігер  арнайы  білімдерінің  арқасында өзінің нақты  қай әрекеттерінің заң талаптарына сай келмейтінін түсінеді. Ал тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адам өз әрекеттерінің заңсыздығын басқа адам организміндегі жүктілік үрдісіне араласу құқы жоқ екендігін түсіну арқылы біледі. Бұл талап заңсыз түсік жасаудың негіздері мен тәртібін реттейтін жазба ережелерден хабары жоқ кез келген қоғам мүшесіне мәлім.

Қылмыс құрамының субъективтік жағын дұрыс анықтау заңсыз заңсыз түсікті жүктіліктің доғарылуына әкеліп соғатын, яғни объективтік белгілері бойынша ұқсас басқа қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді. Айталық, жүкті әйелді қасақана ұрып-соққан адамның әрекеттерін, егер ұрып-соғу нәтижесінде әйел түсік тастаса, үзбей криминалдық заңсыз түсік деп саралай беруге болмайды. Бұл жерде айыптының ұрып-соғу фактісіне және соның нәтижесінде жүкті әйелдің түсік тастауы фактісіне субъективтік қатынасы басшылыққа алынуы керек.

Заңсыз заңсыз түсіктердің дені (шамамен төрттен үші) ақы үшін жасалады. Заңсыз кәсіпті табыс көзіне айналдырып алған астыртын заңсыз түсік жасаушылардың кәсібіне тосқауыл қою мақсатымен бұл қылмысты ауырлататын мән-жайлар қатарын пайдақорлық ниетпен толықтыруға болар еді, себебі ақы үшін жасалған заңсыз заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілігі, жанашырлық ниетімен жасалған заңсыз заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілігінен әлдеқайда жоғары.

Жүкті әйелдің өліміне әкеліп соққан немесе оның денсаулығына ауыр зиян тигізген заңсыз заңсыз түсік субъектісінің жүктілікті доғаруға қатынасы тура қасақаналықпен сипатталады. Бұрын күші жүрген қылмыстық заңдармен салыстырғанда ҚР ҚК-нің 117-бабының 4-тармағында қылмыс субъектісінің өз әрекеттерінің ауыр зардаптарына қатынасын сипаттайтын кінә нысаны тура аталған — абайсыздық. Демек, жауаптылықты ерекше ауырлататын мән-жайларда жасалған заңсыз заңсыз түсікке қос кінә тән.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ЗАҢСЫЗ  ТҮСІКТІҢ ХРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

3.1 Заңсыз түсікпен байланысты қылмыстылықтың жағдайына талдау

 

Әлеуметтану, демография ғылымдарының кейбір қағидаларын ескерусіз заңсыз түсіктің себептерін түсініп, түрлі мемлекеттердің жүктілікгі жасауды доғаруға қатысты саясатына дұрыс баға беру мүмкін емес. Әйелдің денсаулығы мен бала көтеру қабілетіне әсер етпей қоймайтындықтан, заңсыз заңсыз түсік туу деңгейін өзгерте алатын демографиялық факторлардың бірі болыл табылады. Біздің елде өте кең тарағандығынан заңсыз түсік контрацепция тәсілдері мен құралдарына қарағанда туу деңгейіне әлдеқайда көп ықпал етеді.

Тууды реттеуге бағытталған  шараларды жүзеге асыру мүмкіндігіне халықтың санасында берік орын алған діни нанымдар мен балалы болу сұранысымен анықталатын репродуктивтік ұстаным көп әсер етеді. Әдетте туу деңгейінің төмендеуі балалы болу сұранысын қанағаттандыруға қажетті мүмкіндіктердің  болмауымен  түсіндірілсе,   қазіргі  кезде  туу деңгейінің  төмендеуінін, басты себебін балалы болу сұранысының кұлдырауы құрап отыр.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүктілікті заңсыз доғаруды отбасын жоспарлаудың тәсілі ретінде мойындамайды. Бірақ заңсыз заңсыз түсіктер саны отбасын жоспарлау саласындағы қанағаттан-дырылмаған сұраныстардың дәлелді көрсеткіші бола алады деп санайды. Біздің елде заңсыз түсікті рұхсат ету саясаты кезінде заңсыз заңсыз түсіктердің санын азайтуға ықпал еткенімен, кейіннен жүктілікгі заңсыз доғару фактілерінің шектен тыс тарап кетуіне жол ашты. БҰҰ жанындағы Балалар дамуының халықаралық орталығы (ЮНИСЕФ) өзінің № 6 аймақтық мониторингтік баяндамасында алаңдаушылық білдіргеніндей, Орталық және Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңестер Одағында медициналық қызмет көрсету саласында жалпыға бірдей ақысыз заңсыз түсік жасату құқының қамтамасыз етілуі, жүктіліктің алдын алу құралдарының тапшылығы қоғамдық санада заңсыз түсікке сын көзбен қарамау (тіпті белгілі бір мөлшерде құптау) тәжірибесінің орнығуына әкеліп соқты.

Соңғы кезде Қазақстанда тіркелген заңсыз түсіктер санының тұрақтану, тіпті кему тенденциясы байқалады. Заңсыз түсік жасау негіздері мен оны статистикалық есепке алу тәртібі үнемі құбылып отыратындықтан, бұл үрдістердің шынайы сипатын анықтау өте қиын. Сондықтан заңсыз түсік жайлы ресми мәліметтерге сын көзбен қарау керек. Айталық, заңсыз түсік санының азаюы оның тіркеу тәжірибесіндегі кемшіліктердің салдары болуы мүмкін:

1) коммерциялық секторда және ведомстволық емдеу мекемелерінде жасалатын заңсыз түсіктердің едәуір бөлігі статистикалық есепке ілікпей қалады,

2) мини-заңсыз түсіктердің тіркеудің қалыптасқан тәжірибесі сын көтермейді.

Заңсыз түсіктердің себептерін түсіну үшін жүктіліктен арылу жөнінде шешім қабылдайтын әйелдердің әлеуметгік тұрпатын (жасы, білімі, отбасы жағдайы және т.б.) және оларға тән ортақ қасиеттерді сипаттайтын мәліметтердің маңызы өте зор.

Тіркелген заңсыз түсікті, әдетте, 19-35 жас аралығындағы некеге отырған әйелдер жасатады. Жүктіліктің алғашқы айларында ауруханада қауіпсіз шарттарда заңсыз түсік жасатуға болатындығы әйелдердің көбіне мәлім. Сондықтан болар, заңсыз түсіктердің басым көпішлігі (90%) жүктіліктің 12 апталық мерзімі аспай тұрып жасалады, олардың ішінде жүктілікті заңсыз доғарудың салыстырмалы түрде қауіпсіз тәсілі мини- заңсыз түсіктердің үлес салмағы өсіп келеді (25-37%).

Ауылды жердегілермен  салыстырғанда қала тұрғындары заңсыз түсіктерді әлдеқайда жиі жасатады. Заңсыз түсік жасатушы әйелдердің әлеуметтік жағдайына келетін болсақ, олардың денін жұмысшы және қызметкер әйелдер құрайды. Соңғы кезде заңсыз түсік жасатушылар ішінде студент жастар мен жұмыссыздар-дың үлес салмағы артып отыр. Біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, Қарағанды қаласында заңсыз түсік жұмыссыздар көп шоғырланған Майқұдықта және жастар көп шоғырланған Оңтүстік-Шығыста жиі жасалады. Заңсыз түсік жасатушылардың жартысынан астамын некеге отырған әйелдер құрайды. Елімізде өмірі некеге отырмаған әйелдер саны өсіп бара жатқаңдықтан, заңсыз түсік жасатушылардың ішінде олардың үлес салмағы да артуда. Заңсыз түсіктің криминологиялық  аспектілеріне  көңіл бөлген құқықтанушы-ғалымдар көбінесе әйелді жүктілікті заңсыз доғаруға итермелейтін әлеуметгік сипаттағы мән-жайлардың бетін ашумен шектеледі, ал әйелді жүктіліктен заңсыз жолмен арылуға итермелейтін нақты мән-жайлар және заңсыз заңсыз түсік жасау кәсібімен шұғылданатын дәрігерлер мен басқа адамдардың қылмысты іс-әрекетінің шынайы себептері осы күнге дейін олардың назарынан тыс қалып келеді.

Медициналық құжаттар бойынша криминалдық заңсыз түсік диагнозымен ауруханаға түскен әйелдердің үлес салмағы 2 пайыз болса, анонимдік анкеталар көмегімен жүргізілген зерттеулер бойынша криминалдық заңсыз түсіктердің үлес салмағы 11 пайызды құраған. Біздің мәліметтер бойынша, заңсыз заңсыз түсіктер ресми тіркелген заңсыз заңсыз түсіктердің орташа есеппен 0,5 пайызын құрайды. Айталық, 1998 жылы Қарағанды облысында 14923 заңсыз заңсыз түсік тіркелсе, олардың 47-сі ғана криминалдық заңсыз түсіктер, 1999 жылдың көрсеткіштері — сәйкесінше 14889 және 77. Әрине, бұл көрсеткіштер шындыққа сай келмейді. Криминалдық заңсыз түсіктердің қаншалықты кең таралғандығы заңсыз түсік салдарынан пайда болған түрлі асқынулармен ауруханаға түскен әйелдерді есепке алу жолымен анықталады. Дәрігердің көмегіне жүгінуді талап ететін асқынулар барлық әйелдерде бола бермейді, ауруханаға түскен әйелдердің өзі жүктілік ағымына әдейілеп сырттан араласу фактісінің болғанын жасырады да бұл заңсыз түсіктер себебі анықталмаған заңсыз түсік ретінде тіркеледі.

Заңсыз заңсыз түсік жасатушылар ішіндегі 18 жасқа толмаған қыздар мен 36 жастан асқан әйелдердің үлес салмағы заңсыз заңсыз түсік жасатушылармен салыстырғанда төмен. Жүктіліктің 13-28 апталары аралығында жасалған криминалдық заңсыз түсіктердің үлес салмағының жоғары болуы (75%) — біздің ойымызша, қалың жұртшылық арасында жүктіліктің 12 апталық мерзімі асып кеткеннен кейін де медициналық және әлеуметтік негіздердің кең ауқымы бойынша заңсыз түсік жасатуға рұхсат етілгендігі жайлы ақпараттың таратылмауының салдары.

Криминалдық заңсыз түсік жасатушы әйелдердің білім деңгейі заңсыз заңсыз түсік жасатушылардың білім деңгейінен әлдеқайда төмен, алғашқылардың іші-ндегі жоғары білімді әйелдердің үлес салмағы шамамен 3 пайыз ғана. Заңсыз заңсыз түсік жасатушылардың дені некеге отырмаған немесе тіркелмеген некеде тұратын әйелдер.

Ауруханадан тыс заңсыз түсіктердің уәжі әйелдердің отбасылық жағдайына көбірек тәуелді: некеге отырмағандар заңсыз түсік жасатуын жүктіліктің некеден тыс қатынастардың салдары болуымен түсіндірсе, тіркелмеген некеде тұратындар еркекпен қатынастарының беріктігіне сенімсіздігі жүктіліктен арылуға түрткі болғанын айтқан, ал некеге отырған әйелдер криминалдық заңсыз түсік жасатуын отбасы ішіндегі қатынастардың салқындығымен уәждеген.

Қоғам мүшелерінің некеге дейінгі немесе некеден тыс жүктілікті құптамауы басы бос әйелдерді жүктіліктен арылуға итермелсйді. Кәмелетке жасы толмаған, әлеуметтік бет-бейнесі енді-енді қалыптасып келе жатқан қыздардың заңсыз заңсыз түсік жасатуына, жоғарыда айтылғандарға қосымша, олардың қоғамдық пікірге кем мән беруі себепші болады. Қалыптасқан қоғамдық стереотипке сай егде әйелдердің бала көтеруі оғаш көрінеді. Сондықтан 45-49 жас аралығындағы әйелдердің 5,8 пайызы заңсыз заңсыз түсік жасатуын осы жайтпен уәждеген.

Нарықтық экономика  тұсында медициналық қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Нарық заңдарына сай ақылы медицина денсаулық сақтаудың көбінесе коммерциялық пайда әкелетін салаларымен (трансплантология, косметология, гинекология және т.б.) айналысады. Пациенттің сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігінің оның материалдық жағдайына тәуелділігін азайту үшін біздің елде «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі» бекітікен, алайда бұл құжатта заңсыз түсік операциясын тегін жасау мүмкіндігі көзделмеген. Осыған қарамастан жергілікті денсаулық сақтау басқармалары кейбір ерекше жағдайларда әлеуметтікік тұрғыдан аз қамтылған әйелдерге ақысыз заңсыз түсік жасау жөнінде шешім қабылдайды. Мысалы, Қарағанды облысында сақтандыру медицинасы тұсында заңсыз түсіктердің 10-15 пайызы тегін жасалатын. Қазіргі кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы комиссияның ақысыз қызмет көрсету жөніндегі шешіміне қарамастан, емдеу мекемелері тегін заңсыз түсік жасаудан бас тартады, өйткені жергілікті бюджет емдеу мекемелерінің бұл шығындарының орнын толтырмайды. Ақылы медицина тұсында жүктіліктен арылу үшін криминалдық заңсыз түсікке жүгінуін заңсыз заңсыз түсік жасатуға қажетті қаражат таба алмауымен уәждейтін әйелдер саны күн санап өсіпбарады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, криминалдық заңсыз түсіктің уәждерін мазмұнына қарай үш топқа бөлуге болады: медициналық сипаттағы уәждер (жүктілік мерзімін өткзіп алғандықтан заңсыз заңсыз түсік жасату мүмкіндігінің болмауы; жүкті әйелдің заңсыз заңсыз түсік жасатуға кедергі болатын науқастармен сырқаттануы), әлеуметгік сипаттағы уәждер (заңсыз заңсыз түсік жасату үшін қажетті қаражаттың болмауы; ауылды жерлерде арнайы емдеу мекемелерінің болмауы), жеке бас-отбасылық сипаттағы уәждер (жүктілігін жасыру, ерінің жоқтығы, отбасын-дағы кикілжіңдер).

Заңсыз заңсыз түсікті әдетте 25 пен 60 жас аралығындағы әйелдер жасайды. Өмірінің фертилдік кезеңінде әр әйел жоқ дегенде 1—2 рет заңсыз түсік жасат-атындықтан, олардың жүктілікті доғарудың тәсілдері жөнінде жалпылама түсінігі бар. Сондықтан олар өздерін заңсыз түсік жасаудың «маманымыз» деп санайды. 16—20 жас аралығындағылардың заңсыз заңсыз түсік жасау фактілерінің мүлде кездеспеуін және 20—24 жас аралығындағылардың заңсыз заңсыз түсікті  өте сирек жасауын осы жайтпен түсіндіруге болады.

Емдеу мекемелеріне криминалдық заңсыз түсік салдарынан келіп түскен әйелдер саны мен заңсыз заңсыз түсік жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар саны арасында өрескел үйлеспеушілік бар. Ал сотталғандар саны мүлде мардымсыз: республика бойынша заңсыз заңсыз түсік жасағаны үшін 1998 жылы 23 адам сотталса, 1999 жылы олардың саны 17-ге дейін кеміп, 2000 жылы тек 8 адамды құраған. Шетел криминологтары тіркелген заңсыз түсік пен заңсыз заңсыз түсіктің ара қатынасы 1:100 құрайды деген пікір айтады. Бұл болжамның шындыққа саюы күмәнді болып көрінгенімен, криминалдық заңсыз түсік әдетте латенттігі жоғары қылмыстардың қатарына жатқызылады.

Криминалдық заңсыз түсіктің латентгігінің жоғары болуын анықтайтын факторлар мыналар:

-қылмыстың жәбірленушінің келісімі бойынша жас-алуы;

-қылмыстың жеке-айыптау қылмыстарының қатарына жатқызылуы;

-қылмыстың қоғамдық  қауіптілік дәрежесінің төмендігі;

-қылмыскер мен жәбірленуші арасындағы "сауда";

-медицина қызметкерлерінің корпоративтік мүдделерді көздеуі.

Латенттік қылмыстылықтың табиғаты бұл күрделі құбылыстың шынайы ауқымын дәл анықтау мүмкін еместігін көрсетеді. Латенттік қылмыстылықты өлшеу тәсілдерінің ішінде қылмыстанушы-ғалымдар шкалалау тәсілін жоғары бағалайды. Бұл тәсіл тіркелген қылмыстылықтың көрсеткіштеріне жүгінбей-ақ қылмыстылықтың шынайы деңгейі жөнінде ақиқатқа мейлінше жақын мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Заңсыз заңсыз түсіктер шкалалау тәсілі бойынша үзбей латенттік дәрежесі жоғары қылмыстар арасынан орын тебеді.

Информация о работе Заңсыз Түсік