Заңсыз Түсік

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа

Описание работы

Жұмыста заңсыз түсік тарихына, Қазақстан мен шетелдерде заңсыз түсіктің құқықтық реттелу деңгейіне шолу жасау арқылы заңсыз заңсыз түсіктің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін терең де жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр. Осы мақсатқа төмендегі міндеттерді шешу жолымен жетуге болады:
-қоғамдағы саяси-экономикалық және әлеуметгік-психологиялық аху-алдың заңсыз түсік туралы заңдардың мазмұнына әсерін көрсету;
-заңсыз заңсыз түсік үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың түрлі тарихи кезеңдердегі мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………....3
І. ЗАҢСЫЗ ТҮСІК МӘСЕЛЕСІНЕ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШОЛУ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ТҮСІНІГІ
1.1 Заңсыз түсік түсінігі..........................................................................................4
1.2 Заңсыз түсік жасаумен байланысты қылмыстар............................................9
ІІ. ЗАҢСЫЗ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚҰҚЫҚ-ТЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілігі және объектісі..................................13
2.2 Заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының субъектілік белгілері..................17
ІІІ ЗАҢСЫЗ ТҮСІКТІҢ ХРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3.1Заңсыз түсікпен байланысты қылмыстылықтың жағдайына талдау......................................................................................................................20
3.2 Заңсыз түсіктің себептері мен жағдайлары, оларды бейтарап-тандыру шаралары................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................29

Работа содержит 1 файл

зансыз оборт.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

 

Ж О С П А Р

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………....3

 

І. ЗАҢСЫЗ ТҮСІК МӘСЕЛЕСІНЕ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШОЛУ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ТҮСІНІГІ

1.1 Заңсыз түсік түсінігі..........................................................................................4

1.2 Заңсыз түсік жасаумен байланысты қылмыстар............................................9

 

ІІ. ЗАҢСЫЗ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚҰҚЫҚ-ТЫҚ ТАЛДАУ

2.1 Заңсыз түсіктің қоғамдық қауіптілігі және объектісі..................................13

2.2 Заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының субъектілік белгілері..................17

 

ІІІ ЗАҢСЫЗ ТҮСІКТІҢ ХРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

3.1Заңсыз түсікпен байланысты қылмыстылықтың жағдайына талдау......................................................................................................................20

3.2 Заңсыз түсіктің себептері мен жағдайлары, оларды бейтарап-тандыру шаралары................................................................................................................24

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 117-бабында көзделген норма әйел денсаулығын заңсыз заңсыз түсіктің зиянды зардаптарынан қорғауды мақсат тұтады. Аталған қылмыстық-құқықтық норманың қолданылуы мемлекеттің жалпы әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау мәселесінде ұстанған позициясына, сондай-ақ заңсыз түсік құқықтық реттелу деңгейіне көп тәуелді.

Ерлі-зайыптылардың ұрпақ сүю құқын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге және тууды реттеуге бағытталған құқықтық шаралар демографиялық саясаттың бір тармағын құрайды. Тууды ынталандыруға немесе іиектеуге бағытталған құқықтық шаралардың ішінде заңсыз түсік, жүктіліктің алдын алу, ұрықсыздандыру туралы заңдардың, неке мен ажырасу туралы зандардың алатын орны ерекше. Демографиялық ахуалға әсер ететіндіктен, аталған нормативтік актілер саяси конъюнктураның, идеологиялық көзқарастардың ықпалына жиі ілігуі, саяси мақсаттарға жетудің популистік құралы ретінде қолданылып жатады. Дегенмен үшінші мыңжылдық босағасында заңсыз түсік хақында тартыста қойылатын екпіндер өзгерген. Мемлекеттер заңсыз түсік проблемасын оны ақтап немесе сынап пікір айтушылардың бос сөзжарысына саймай, бұл мәселеде ақылға қонымды ымыраға келуте ұмтылады. Сондықтан оларды заңсыз түсіктің «қатардағы медициналық процедураға» айналып, шектен тыс тарап кетуіне қалай тосқауыл қоюға болады, заңсыз түсікті құқықтық реттеудің тиімді жолдары қандай, дәстүрлі моральдық құндылықтарды қалайша жаңғыртуға болады деген өзекті сауалдар көбірек толғандырады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Жұмыста заңсыз түсік тарихына, Қазақстан мен шетелдерде заңсыз түсіктің құқықтық реттелу деңгейіне шолу жасау арқылы заңсыз заңсыз түсіктің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін терең де жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр. Осы мақсатқа төмендегі міндеттерді шешу жолымен жетуге болады:

-қоғамдағы саяси-экономикалық  және әлеуметгік-психологиялық аху-алдың заңсыз түсік туралы заңдардың мазмұнына әсерін көрсету;

-заңсыз заңсыз түсік үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың түрлі тарихи кезеңдердегі мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;

-заңсыз түсіктің құқықтық, медициналық түсініктерінің ара қатынасын ашу;

-қылмыстық құқық, ғылымындағы теориялық қағидаларға сүйене отырып, заңсыз заңсыз түсік жасау қылмыс құрамының элементтерін талдау;

-заңсыз заңсыз түсік жасаумен байланысты қылмыстарға жалпылама сипаттама беру;

 

І. ЗАҢСЫЗ ТҮСІК МӘСЕЛЕСІНЕ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШОЛУ ЗАҢСЫЗ ТҮСІК ТҮСІНІГІ

 

1.1 Заңсыз түсік мәселесіне тарихи-құқықтық шолу, заңсыз түсік түсінігі

 

Дүние жүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып, Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын атайды, ол өз азаматтарының туа біткен, ажырамас құқықтары мен бостандықтарын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды, оның өмірі мен денсаулығын, басқа да игіліктері мен заңсыз мүдделерін қауіпті қол сұғушылықтардан қорғау міндеті қылмыстық құқықтың мойнына жүктелген. Бұл міңдетгі жүзеге асыру жолында қылмыстық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді қылмыс деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкіндігін көздейді.

Соңғы 20-30 жыл көлемінде заңсыз түсік төнірегіндегі мындаған жылдар бойы толастамай келе жатқан дау-дамайлар жаңа сатыға көтеріліп, соны бағытта өрбуде деуге болады. Қазіргі заманғы өркениетті елдерде заңсыз мәселесі демократия, әлеуметтік әділеттілік, адам құқтары контекстінде қарастырылады. Демократиялық қоғамда адамның өз бетімен, өз қалау-қажеттіліктерін ескере отырып шешім қабылдау бостандығын құрметтеу принципіне сай заңсыз түсік мәселесінде де жеке бас мүдделері қоғамдық мақсат-мұраттардан басым қойылады.

Босану жасындағы әйелдердің денсаулығы — елдің өсіп-өркендеуінің, гүлденуінің, түптеп келгенде жарқын болашағының алғы шарты. Қазақстандық әйелдердің денсаулық индексі өте төмен — норманың 10-20 пайызын ғана  құрайды,  ал фертилдік жастағы  әйелдердің  тек төрттен бірі салыстырмалы түрде сау. Біздің мемлекет ана мен бала денсаулығына қамқор болуды өзінің басты міндеттерінің бірі санап, қаржы  тапшылығына,           әлеуметтік-экономикалық   қиындықтарға қарамастан оларға үзбей қолдау көрсетіп келеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында заңсыз түсік атты «өте нәзік» мәселені жұртшылық талқысына салуды ұсынып, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төидірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсу қажеттігін айтты. Одан бері елімізде Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсартудың мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы (1997ж.), Қазақстан Республикасында Әйелдер-дің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары (1999 ж.) қабылданды, 1991 жылдан бастап Ана мен бала денсаулығын зерттеу жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істеп келеді. Мемлекет фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту үшін әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау жүйесін дамытуды, заңсыз түсіктің  күшсіздігін қамтамасыз ететін жаңа медициналық технологияларды енгізуді, «Отбасын жоспарлау» бағдарламасын жүзеге асыру жолымен заңсыз түсіктің санын елеулі түрде азайтуға қол жеткізуді, жұртшылықты сапасы жоғары контрацепция құралдарымен қамтамасыз етуді және т.т. жоспарлап отыр.

Заңсыз түсіктің зияндылығы жайлы аз айтылып жүрген жоқ, жүктіліктен заңсыз жолмен арылу жалпы әйел организміне, әсіресе оның бала көтеру қабілетіне кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған қарамастан Қазақстанда заңсыз түсік отбасы ішінде тууды реттеудің негізгі тәсілдерінің бірі болып қалып отыр. Жыл сайын елімізде 200-250 мың заңсыз түсік тіркеледі, ғалымдар барлық заңсыз түсіктердің шамамен 12,5 пайызын криминалдық заңсыз түсіктерді құрайды деген болжам айтады. Орташа есеппен қазақстандық әр әйел өмірінің фертилдік кезеңінде 2-3 заңсыз түсіктерді жасатқызады.

Заңсыз түсік туралы сандық мәліметтерді басқа елдердегі (атап айтқанда бұрынғы одақтас республикалардағы) жағдаймен салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің бірі — туудың заңсыз түсікке қатынасымен өлшенетін заңсыз түсік коэффициенті. Соңғы жылдары заңсыз түсіктердің абсолюттік саны елеулі түрде азайып, жүктілікті заңсыз доғарудың салыстырмалы түрде қауіпсіз тәсілі мини-заңсыз түсіктердің үлес салмағы артқанымен, Қазақстандағы заңсыз түік коэффициенті Орта Азия мен Кавказ республикалары ішінде ең жоғары деңгейде қалып отыр. Ал ана өлімінің жалпы құрылымында заңсыз түсік салдарынан болған өлім екінші орында, бұл көрсеткіш бойынша біз Латын Америкасы мен Африка елдеріне жақын тұрмыз. Айтылғаңдар желісінде заңсыз түсік проблемасын құқықтық тұрғыдан зерттеп, заңсыз заңсыз түсік үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық, зандардық мазмұнын, оларды қолдану тәжірибесін ой елегінен өткізу қажеттігі күмән туғызбайды.

Соңғы кезде заңсыз заңсыз түсік медициналық қызмет көрсету саласында жасалатын қылмыстарды адамның жеке басына қарсы бағытталған қылмыстардың бөлек бір тобы ретінде қарастырып жүрген ғалымдардың қаламынан шыққан еңбектерде зерделенуде. Бұл бағыттағы ізденістерге украиналық ғалымдар В.А. Глушков пен С.А. Химченконың, ресейлік зерттеуші Ф.Ю. Бердичевскиидің, отандық ғалым Г.Р. Рүстемова-ның қосқан үлестері қомақты.

Криминалдық заңсыз түсікті зерттеудегі дәрігер-ғалымдардың белсенділігін атамай кетуге болмайды. Заңсыз түсік нәтижесіндегі асқынулардың клиникалық аспектілеріне қоса медициналық әдебиет беттерінде тұтастай заңсыз түсіктің және жеке-дара криминалдық заңсыз түсіктердің себептері, жүкті әйелдің заңсыз түсікке жүгінудегі уәжі, заңсыз түсік жасатушы әйелдердің әлеуметтік тұрпаты іспеттес мәселелерге көп көңіл бөлінеді.Соңғы ширек ғасырдан астам уақыт аясында криминалдық заңсыз түсік төңірегінде арнайы қалам қозғаған ғалымдар жоқтың қасы, ал Қазақстанда қылмыстық-құқықтық тұрғыдан жазаланатын заңсыз түсік арнайы зерттеу объектісі болған емес. Қоғамдағы, құқықтану ғылымындағы, құқықтық санадағы соны үрдістерді ескере отырып заңсыз түсік проблемасының құқықтық, әлеуметтік қырларын кешенді түрде зерттеуді мақсат тұтатын ғылыми ізденістерде мұқтаждық бар.

Заңсыз түсік адамдарға алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ белгілі болған. Ежелгі замаңдарда ана құрсағындағы нәресте әлі де тірі жан емес деген қөзқарастар негізінде заңсыз түсік кең тараған еді. Платон (б.э. дейінгі 427-347 ж.ж.) халық санының шектен тыс өсіп кетуіне тосқауыл қою үшін заңсыз түсіктің көмегімен халық санын реттеуге шақырса, оның шәкірті Аристотель (б.э. дейінгі 384-322 ж.ж.) әйел адамның заңсыз түсік жасату құқын мойындаған. Ежелгі заман ойшылдарьшың ішінде алғашқылардың бірі болып заңсыз түсікті мемлекеттің демографиялық мүдделеріне қайшы құбылыс деп бағалап, заңсыз түсік жасатқан жасатқан әйелді жазалауды талап еткен — Цицерон (б.э. дейінгі I ғас.)- Ежелгі дүние дәрігерлерінің де заңсыз түсікке қатынасы бір жерден шықпайды. Гиппократ кез келген заңсыз түсікті табиғатқа жат қылық деп санап, өз шәкірттеріне заңсыз түсік жасауға бармайтындығы жөнінде серт беру міндетін жүктесе, араб емшісі Ибн Сина заңсыз түсікке оң көзбен қараған.

Адамзат тарихының алғашқы  сатыларында заңсыз түсік жазаланатын іс-әрекеттер қатарына жатқызылмайтын. Ескіден қалған құқықтық ескерткіштердің барлығында дерлік заңсыз түсік жасаушыларды жауапқа тарту мүмкіндігі көзделмеген. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығында да заңсыз түсік мүлде аталмайды.

Заңсыз түсіктің Орта ғасырлардағы тарихы христиандық дүниетаныммен тығыз байланысты. «Болашақ адам да—адам» деп санаған шіркеу «құрсақтағы нәрестені заңсыз түсіктің көмегімен жойған адам — кісі өлтіруш»" деген қорытындыға келеді. Канониктік құқық жүкті әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен заңсыз түсік жасауға да рұхсат етпейтін.

Заңсыз түсік жасаушыларға адамды қасақана өлтіргендерге қолданылатын жазаның қолданылуы — заңсыз түсікті кісі өлтіруге телудің қисынды салдары. Бамберг заңдар жинағы (1507 ж.), Каролина (1532 ж.) бойынша заңсыз түсік жасаушылар суға батырылатын. Францияда түсік тастау мақсатымен өз ішін байлап-матап тастаған әйел де, басқа біреуге заңсыз түсік жасаған адам да дарға асылатын.

XVIII ғасырдан бастап буржуазиялық төңкерістердің әсерімен заңсыз түсік үшін жауаптылық көздейтін нормалардың санкциялары жеңілдетіледі. Дегенмен заңсыз түсік жасатқан немесе өзіне-өзі заңсыз түсік жасаған жүкті әйел де, біреуге заңсыз түсік жасаған немесе заңсыз түсік жасау тәсілі жөнінде кеңес берген адам да ұзақ мерзімге түрмеге қамалатын.  Қылмыстық жазаның қаталдығы жүктілікті астыртын доғару кәсібімен шұғылданушылардың әрекетіне бөгет бола алмайды. Сондықтан сол заманның алдыңғы қатарлы адамдары заңсыз түсікпен күресте қылмыстық жазаға үміт артудың дұрыстығына шүбә келтіре бастайды.

XX ғасырдағы дүние жүзілік соғыстар заңсыз түсікке қатынас мәселесіне өзіндік әсерін тигізбей қоймады. Орасан көп адамның өмірін қиған жойқын соғыстардан кейін халық санын өсіруге бағытталған шұғыл шаралар қолға алынады. Бір мемлекеттер әйелдерді бала тууға ынталанды-рудың әлеуметтік шараларын жүзеге асырса, кейбір мемлекеттер халық санын өсірудің арзан тәсілдерінің бірі ретінде заңсыз түсік үшін тағайындалатын жазаны күшейтуге барады. Бұл елдерде заңсыз түсік санының толассыз өсе беруі қылмыстық-құқықтық шаралардың алдыға халық санының өсу қарқынын арттыру мақсатын қоюдың қисынсыздығын көрсетеді.

Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап дүние жүзінің барлық елдерінде заңсыз түсік жасау негіздерін кеңейту тенденциясы байқалады. Заңсыз түсік жасау негіздерін кеңейте отырып, кейбір мемлекеттер заңсыз заңсыз түсіктердің әйел денсаулығына тигізетін зиянын кемітуге ұмтылса (Австрия, Дания, Израиль, Канада, Нидерланды, АҚШ, Финляндия, Франция, ГФР, Швеция, Үндістан, Иран, Оңтүстік Корея), ал кейбір мемлекеттер заңсыз түсіктің көмегімен туу мөлшерін азайтуды мақсат тұтатындықтарын жасырмайды (Тунис және Сингапур).

Дүние жүзі елдеріндегі заңсыз түсік жасауға рұхсат беру негіздері көзделген зандарды қаталдық дәрежесіне қарай салыстырсақ, ең жеңіл заңдар жүкті әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің алғашқы 12—24 апталары аралығында заңсыз түсік жасауға рұхсат етілетін елдерде де, ал ең қатал заңдар заңсыз түсік жасауға рұхсат тек медициналық және генетикалық негіздер бойынша берілетін елдерде. Христиан дінінің католицизм бағыты мен ислам дінінің ықпалындағы елдердің заңсыз түсік туралы заңдары бүгінгі күнге дейін қаталдығымен ерекшеленеді.

Коммунистік идеялар сәтсіздікке ұшырағаннан кейін бұрынғы социалистік елдерде заңсыз түсікке қатынас түрлі бағытта өрбуде. Қатал заңның кері нәтижелерінен аузы күйген Румыния 1990 жылы заңсыз түсікке рұхсат беру негіздерін айтарлықтай кеңейтсе, керісінше, 1993 жылы католиктік шіркеудің қысымымен Польша елі заңсыз түсікке тыйым салу жөнінде заң қабылдайды. Тыйым салу саясатының нәтижесінде Польшада өлтірілген және тастанды нәрестелердің саны күрт артып, астыртын заңсыз түсік саны бірнеше есе өседі.

Заңсыз түсік туралы заңдарын жеңілдеткен елдерде алғашқыда заңсыз түсік астыртын сектордан занды секторға көшеді. Сырт көзбен қарағанда бұндай заңдар оң нәтиже бермейтін сияқты. Алайда тіркелген заңсыз түсік саны өскенімен, жүктілікті доғару операциясын білікті мамандар қауіпсіз шарттарда жасайтындықтан, оның ауыр зардаптары мен өлім азаяды. Сондықтан заңсыз түсікке рұхсат беру негіздерін көздейтін зандардың тиімділігі заңсыз түсіктердің абсолюттік санындағы өзгерістермен емес, жүктілікті заңсыз доғару салдарынан болған өлім деңгейіне ықпалымен өлшенеді.

Заңсыз түсік жасату құқықтың жалпы адам құқтарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы  салдарынан   соңғы   кезде   заңсыз түсік   туралы   заңдарды жауаптылық мәселесінде осы құжатта тұжырымдалған қағидалар қылмыстық заңдарда көрініс тапты. РСФСР-дің 1922 жылғы Қылмыстық кодексінде заңсыз түсік үшін жауаптылық 146-бапта көзделген болатын. Бұл бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тиісті түрде куәландырылған медициналық дайындықтан өтпеген, яғни қолында дәрігерлік дипломы жоқ адамдар және дәрігерлік дайындығы болса да заңсыз түсікті тиісті емес шарттарда жасаған адамдар тартыла алатын. РСФСР-дің 1926 жылғы ҚК-нің заңсыз түсік үшін жауаптылық көздейтін 140-бабының мазмұны 1922 жылғы ҚК-тің сәйкес бабынан көп ерекшеленбейтін, тек норманың санкциясында балама жаза түрлері көзделген болатын. Бір атап өтетін жайт, жоғарыда қарастырылған зандар бойынша заңсыз түсік жасатқан немесе өзіне-өзі заңсыз түсік жасаған жүкті әйел ешқандай жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтын.

Информация о работе Заңсыз Түсік