Сыбайлас жемкорлык

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 15:20, реферат

Описание работы

Нарықтық қатынастардың қалыптасуының күрделі кезеңінде елдің экономикалық мүдделеріне бағытталған қатерлердің бастауы ең алдымен отандық тауар өндірушілердің және олармен байланыстағы жемқорлықпен шырмалған шенеуніктердің заңға қайшы әрекеттерінде жатуы мүмкін екендігі ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық ауқымының өсуінен-ақ көрінеді.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен жіктелуі,оның Қазақстандағы және Дүние жүзілік елдеріндегі тарихы.
2 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңбұзушылықтар
3 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ САЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары мен салдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Работа содержит 1 файл

сыб жемқор.docx

— 73.15 Кб (Скачать)

а) лауазымды адамдардың мемлекет меншігін ұрлауы, жымқыруы 
және иеленуі;

б) жеке басының пайдасы үшін қызмет бабын асыра пайдалануы;

в) қоғамдық парыз бен жеке есеп арасындағы мүдделер қақтығысы. 
Еуропалық Кеңестің сыбайлас жемқорлық жөніндегі тәртіп тобының 
анықтамасы бойынша, сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік немесе жеке 
секторда белгілі бір міндеттер атқару тапсырылған адамдардың оларға 
мемлекеттік лауазымды басіпы, жеке қызметкер, тәуелсіз агент немесе басқа 
түрдегі қатынастар статусы бойынша жүкгелген міндеттемелерінің бұзылуы

және  өздері әлде өзгеле үшін кез келген заңсыз жолмен пайда табу мақсатындағы парақорлығы немесе кез келген басқа әрекеттері.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 34-сессиясы қүжаттарында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: "Лауазымды басшының өз қызмет өкілеттігі саласындагы қызметтік ережені бұзатын да, бұзбайтын да түрде сыйлық, берушілердің мүддесі үшін кез келген формадағы әрекеті немесе әрекетсіздігіп.[6]

Сыбайлас жемқорлық туралы Азаматтық-құқықтық жауапкершілік конвенцияның 2-бабындагы (1999 ж.) аыықтамаға сәйкес "сыбылайс жемқорлықты — пара, жөнсіз артықшылық немесе соның мүмкіндігіне ие болған адамнан талап етілетін, оның негізгі міндеттерін немесе мінез-құлқын бұзуға әкеп соқтыратын тікелей немесе жанама талап; пара немесе кез келген басқа да тиесілі емес артықшылық пен соның, мүмкіндігін ұсыну және оның қабылдануы".

БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес жөніндегі анықтамалық қүжатында сыбайлас жемқорлық "жеке мақсатта пайда табу үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану" ретінде сипатталады. Бұл үгым парақорлықты (лауазым иесін борыш тұрғысыыдағы жолдан тайдыру үшін сыйлық беруді), непотизмді (тамыртаныстық жөнімен кіріс кіргізуді немесе пайдалы лауазымдарға туысқандарды немесе "өз адамдарын" орналастыруды) және көпшілікке ортақ меншікті жеке мақсатта қолдануды қамтиды.

Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасына қатысты көзқарас-пікірлердің алуан тұрлілігі бұл құбылыстың күрделілігін білдіреді және оны терең де жан-жақты зерттеуді талап етеді — - біріншіден, сыбайлас жемқорлықты түсінудің теоретикалық деңгейін тереңдету (дәл, айқын анықтама беру, сыбайлас жемқорлық пен оыыц дамуына мүмкіндік жасайтын себептерді тексеру), екіншіден, сыбайлас жемқорлықгың қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріне ықпалын анықтау және бұл құбылыспен күресу бағытыңдағы нақтылы шаралар жүйесін құру.

Сыбайлас жемқорлықтың тұрліше көрініс беретіндігін ескере отырып, соган сәйкес жіктелу жүйелеріне көңіл аудару қажет.

Әдебиеттерде сыбайлас жемқорлықты саяси және экономикалық деп бөліп көрсетеді. Саяси жемқорлықтың дамуы елде бақылаудан тыс саяси ахуалдың қалыптасуына әкеп соғуы мүмкін және демократиялық институттар мен биліктің тұрлі бүтақтарының балансына қатер төндіреді. Экономикалық коррупция нарықтық институттардың тиімділігі мен мемлекеттің реттеушілік қызметінің тиімділігін төмеңдетеді.

Сонымен қатар, "элитарлық" және "төменгі" сыбайлас жемкорлық тұрлеріне де жіктеледі. "Элитарлық" сыбайластық жемқорлықтың ерекшеліктері: оны жасайтын субъектілердің әлеуметтік жагдайының жоғарылығы; олардың әрекеттерінің биік интеллектуалды амалдармен іске асырылуы; орасан зор заттық, тәни және моральдық залалы ("багасы қымбат" шешімдерді - заңдар формулаларын, мемтапсырыстарды, меншік түрпатын озгерту және т.с.с. шешімдер қабылдауда кездеседі); аса мүқият жасырылған озбырлықтар .[48]

 

Екіншісі шенеуніктер мен азаматтардың ортаңғы және төменгі деңгейлерінде таралған және олардың арасындағы ұдайы, ескішілдікке негізделген (айыппүлдар, тіркелулер және т.б.) байланыстармен етене. Сыбайлас жемқорлықты келісімге екі жағы да мүдделі топтар көбінесе бір мемлекеттік ұйымда болады. Мысалы, шенеуніктің параны өз бастығына бүның сыбайлас жемқорлықты әрекетін жасырып-жабуы үшін бергені де әдетте птік сызықты» аталатын сыбайлас жемқорлық боп табылады. Ол әдетте жоғарғы мен төменгі сыбайлас жемқорлықтар арасындағы көпір қызметін аткқарады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың болшектелген актілер кезеңінен тамыры берік, ұйымдасқан формалар кезеңіне өтуін білдіретіндіктен де, өте ерекше қауіпті.

Мамандар сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдардагы сыбайлас жемқорлықты атайды. Коммерциялық немесе қоғамдық ұйымның қызметкері де өзіне тиесілі емес ресурстарды пайдалануы мүмкін; ол да өз ұйымының жарғылық міндеттерін орындауға тиісті; өзіне пайда табатын екінші тараптың пайдасы үшін, ұйымның мүдделеріне нұқсан келтіретін әрекеттер арқылы баюға оның да мүмкіндігі бар. [2]

Жалпы үрдістерге байланысты халықаралық ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық айрықшаланады. Халықаралық ұйымдардағы бюрократшылдық өз елдерінің қоғамдық ұйымдары тарапынан бақыланатын ұлттық ұйымдармен салыстырғанда оншалықты қатты тексерілмейді. Соның бәрі сыбайлас жемқорлыққа жол ашады, оның үстіне сыбайлас жемқорлықтық келісімге келушілер халықаралық ұйымдардың жұмыс ерекшеліктеріне байланысты бастарын тәуекел-қатерге әлдеқайда азырақ тігеді.

Сөйтіп, халықралық экономикалық байланыстарда сыбайлас жемқорлық шетелдік капитал қатысатын кәсіпорындардың құрылуы, инвестициялық жобалар және мемлекеттік меншікті жекешелендіру, өнімді бөлу мәселелерін басқа да түрде шешу барысында көрініс береді.

Зерттеушілер сыбайлас жемқорлықтың дамуының шартты географиялық атаулармен аталатын төмендегідей үш тұрлі моделін атап көрсетеді. Ол модельдер сыбайлас жемқорлықтың жүйелі құбылысқа, яғни, саяси құрылым мен бүкіл қоғамдық өмірдің ажырағысыз бөлігіне айналуын сипаттайды.

Азиялық модель; сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің жұмысымен байланысты әдеттегі және қоғамда қабылдауға жарамды мәдени және экономикалық құбылыс.

Африкалық модель: билік озара келіскен басты экономикалық клан дар тобына сатылады және саяси әдіс-тәсілдер арқылы олардың сенімді өмір сүрулерін қамтамасыз етеді.

Латынамерикалық модель: сыбайлас жемқорлықтың бетімен кетушілігі экономиканың көлеңкелі және қылмыстық секторларының мемлекетпен барабар күш-қуатқа жетуіне мүмкіндік береді. Билік "мемлекет ішінде мемлекет" құрған мафиямен тікелей бетпе-бет келіп қалгаи болып шығады. Ұдайы саяси тұрақсыздық сыбайлас жемқорлықпен күрес толқынында диктатура орнату мүмкіндігін өсіреді.[46]

Сыбайлас жемқорлық механизмдеріне әдетте мыналарды жатқызады:

а) мемлекеттік немесе басқа қызметтегі адам заңсыз түрде беделі немесе      сонымен   байланысты   мүмкіндіктеріне   сүпеніп,   өз қызметтік өкілеттіктерін немесе қызметтерін жеке және заңды тұлғаларға, топтарға (сонын ішінде ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға) "сататын", ал "сатып алушы" мемлекеттік немесе басқа құрылымды өз мақсатына — баюға, артықшылықтарды заң жүзінде ресімдеуге, заңда белгіленген жауапкершіліктен, әлеуметтік бақылаудан босауға және т.б. мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік алатын екіжақты келісім;

б) қызметкерлердің пара, көлденең сыйлықтар алу мақсатындағы 
бопсалаушылықтары;

в) қызметкерлерді өте белсенді, батыл түрде, тіпті оларға психикалық 
түрғыда қатты ықпал ету арқылы сатып алу. Соңғы әдіс кэбінесе әсіресе 
ұйымдасқан қылмысқа тән.

 

2. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЬІҚПЕІІКҮРЕСТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУ

МӘСЕЛЕСІ

 

2.2 Сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңбұзушылықтар

 

Сыбайлас жемқорлық логикалық ауқымына қоғамдық-қауіпті әрекеттердің біртекті тұрлері кіретін көпқұрылымды және көпдеңгейлі мазмұндағы құбылыс бон табылады,

Құзырлы халықаралық ұйымдар жүргізген  зерттеулер нәтижесіне сәйкес, қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықтың басты тұрлері мыналар: а) мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлық; в) іскерлік белсенділікті жүзеге асыру барысындағы, яғни, ұлттық және халықаралық бизнестегі сыбайлас жемқорлық; с) жоғарғы эшалондардағы саяси, әкімшілік және қаржылық салалардағы сыбайлас жемқорлық.

бар: парақорлық, фаворитизм, непотизм (тамыр-таныстық), протекционизм, лоббизм, қоғамдық ресурстар мен қорларды заңсыз болу мен қайта бөлісушілік, заңсыз жекешелендіру; саяси құрылымдарды (партиялар және т.б.) заңсыз қолдау және қаржыландыру; бопсалау, жеңілдіктері бар кредиттер, тапсырыстар беру, қоғамдық ресурстарға қол жеткізу үшін жеке байланыстарды пайдалаиу және басқалар.

Бұрынғы кеңестік мемлекеттерде қазір лауазымды басшыларды сатып алудың дәстұрлі тұрлерімен қатар жаңалары да қолданылады: шетелдерге бару шығындарын көтеру, жеңіддіктері бар кредиттер, тұрліше қызметтер көрсету, мемлекеттік агшараттағы жұмыстан босатылғаннан кейін жалақысы жоғары қщзмет беру, коммерциялық құрылымдар кеңестерінің немесе тең құрылтайшылардың құрамына қосу

Айтылғандарды жинақтаи келгенде, сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңбұзушылықтар мыналарды қамтитынын белгілеуге болады: а) заттық, басқа да игіліктер мен артықшылықтар ұсыну және оларды қабылдау түрінде жасалатын сыбылайстық жемқорлық занбұзушылықтар; б) сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын және оны қамтамасыз ететін құқық бұзушылықтар (қызметтік өкілеттіліктерді қызмет мүддесіне қайшы қолдану, билікті асыра пайдалану және т.б.). Бұндай құқықбұзушылықтар әртұрлі қылмыстық-құқықтық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық тәртіп сипаттарына ие.

Жемқорлық мінез-әрекеттердің азаматтардың конституциялық құқықтары меи бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің заңды  мүдделеріие қол сүғатын, неғұрлым қауіпті түрпаттарына мемлекеттік  қарсы тұрудың ең өткір формасы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық саясат. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  қылмыстық  саясатты,  соның  ішінде коррупциялық

қылмыстар мониторингін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық саясат субъектілерінің құзіретін сәтімен шектеуді, сыбайлас жемқорлықтың неғұрлым қауіпті көріністеріне қарсы күресті ресурстық түрғыдан қамтамасыз етуді, сыбылайстық жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық кудалау заңдылығының кепілдемесін жасауды нәтижелі іске асыру бұндай қылмыстардың толайым тізімін бекітпейінше мүмкін емсс.

Сыбайластық жемкорлық қылмыстардың сипаттамаларына мыналар жатады:

1 )ол (сыбайлас жемқорлық) әрітұрлі қылмыстарға жатқызылатын қылмыстарды қамтиды;

  1. адамдардың бслгісіз тобының мүдделеріие жиі қол сүғады (құрбандықтың анонимдігі (жасырындығы);
  2. құпиялылықты қатты сақтайды;
  3. ұйымдасқан қылмысиен тьнъіз байланысты.

Сыбайластық жемқорлық қылмыстарды  анықтауға қатысты мәселелерді  шешу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелерін ескеру қажет.

Сыбайлас жемқорлыкпен байланысты қылмыстар ретінде мемлекеттік немесе соған теңестірілген қызмет атқаратын адамдардың өз қызмет бабын одан өзі үшін де, өзге біреулер үшін де мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында пайдаланатын, қасақана қылмыстық, жазаға лайық әрекеттер саналады. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарға, сонымен қатар, айтылған адамдарға аталған игіліктер мен артықшылықтарды жеке және занды тұлғалардың ұсынуы арқылы сатыи алуға бағытталған қасақана қылмыстық, жазаға лайық әрекеттерді де жатқызуға болады.[27]

Сонымен, сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс субъектілері қатарына мемлекеггік немесе оларға теңестірілген қызметтерді атқаруына өкілеттілік берілген адамдар, сондай-ақ, лауазымды адамдарды сатып алу үшін оларға заңсыз түрде мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке адамдар жатқызылады.

Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертпесінде  былай деп көрсетілген:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік функцияларды атқаруына өкілеттілік берілген лауазымды басшыларға Парламент пен маслихаттар депутаттары, соттар және барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.
  2. Мемлекеттік функцияларды атқаруына өкілеттілік берілген адамдарға мыналар теңестіріледі:

 

  1. жергілікті өзін-өзі басқару орындарына сайланған адамдар;
  2. заңмен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген азаматтар, Қазақстан Реслубликасы Парламенті мен мәслихаттар дспутаттары, сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі баскарудың сайлау орыңдарының мүшелері;

 

  1. еңбекақылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті есебінен төленетін, жергілікті өзін-өзі басқару орындарында тұрақты және уақытша жұмыс істейтін қызметшілер;
  2. мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі отыз бес пайыздан кем емес ұйымдарда басқарушылық функциялар атқаратын адамдар.

 

  1. Лауазымды басшылар ретінде ұдайы, уақытша немесе арнаулы өкілеттілік бойынша билік өкілінің функциясын атқаратын немесе мемлекеттік орындарда, жергілікті өзін-өзі басқару орындарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында ұйымдастырушылық-басқарушылық немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтер атқаратын адамдар мойындалады.
  2. Жауапты мемлекеттік қызмет істейтін адамдар ретінде тікелей мемлкеттің функциясын және мемлекеттік орындардың өкілеттіліктерін орындау үшін Қазақстан Республикасы Конституциясы, конституциялық және басқа да заңдар бойынша бекітіліи, тағайындалатын адамдар, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің саяси қызметтерін атқаратын адамдар түсініледі.

Мүліктік  игіліктер мен артықшылықтарды  алу (ұсыну) ретінде қылмыс субъектісіне жататын адамның мүмкін болатын барлық қызметтер төлеміне жататын, бодаусыз (қайтарымсыз) қабылдау (ұсынуы) немесе меншікке артықша құқық беретін жеңілдіктерді зансыз пайдалану, құрылыс, жөндеу жұмыстарының өндірісі, шипажайлық немесе туристік жолда-малар, жол жүру билеттерін ұсыну, жеңілдік шарттарымен несие немесе кредиттер беру және т.б.-ларды түсіну керек.|23|

Информация о работе Сыбайлас жемкорлык