Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:53, реферат
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар – деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды,сондай –ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды айтамыз.
- Сотталушы — іс бойынша басты сот талқылауы тағайындалатын айыпталушы. Сотталушының құқықтары айыпталушының құқығымен сәйкес келеді. Сотталушы (ағылш. accused; defendant; person of trial) – ісі сот өндірісіне қабылданған айыпталушы. Сотталушы өзіне тағылған айыпты жоққа шығаруға міндетті емес. Себебі сотталушыға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін ол кінәсіз болып табылады (кінәсіздік презумциясы). Егер сотталушының жағдайы келмесе оның өтініші бойынша кәсіби адвокат жалдау ақысын мемлекет өтейді. Сотталушы сотта өзіне тағылған айыпты жоққа шығаратын дәлелдемелер ұсынуға, мемлекеттік айыптаушыға қарсы сұрақ қоюға және соңғы сөз айтуға құқылы. Сотталушының соңғы сөзінің дәлелдемелік күші болмаса да сот қылмыстық істің мән-жайларын анықтауда және үкім шығарарда ескереді
-Сезікті деп- мәжбүрлеу процессуалдық актісі болып ұстау хаттамасы (ұстау қаулысы) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану қаулысы. Мұндай күштеу шарасын тек тұлғаның қылмыс жасағандығын анықтағанда қолданған қажет.
Тұлғаны сезікті деп
Сезіктіні ұстау мерзімі
Сезікттіні ұсталған немесе
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган мына негіздердің бірі болған жағдайда:
1) ол адам қылмыс жасау кезінде немесе оны тікелей жасағаннан кейін ұсталғанда;
2) көрген адамдар оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адам тура көрсетсе;
3) ол адамда немесе киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың оның ізі табылған кезде;
4) жедел іздестіру кызметінің
заңға сәйкес алынған
Егер де ұсталған тұлғаның сезікті екендігі нақтыланбаса, онда бұлтартпау шарасы алынып тасталып тұлға сезікті болып табылмайды. Көп жағдайларда қылмыстық істе сезікті айыпкерге айналады - қаулыны шығарудың нәтижесінде айыпкер болып, не процестің қатысушысынан алынып тасталады.
Осы пікірлерді тұжырымдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады. Сезікті бұл ұсталған немесе айыптағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған қылмыстық процеске қатысушы тұлға.