қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:53, реферат

Описание работы

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар – деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды,сондай –ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды айтамыз.

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.docx

— 35.78 Кб (Скачать)

 

Қылмыстық іс жүргізуге  қатысушылар

 

  

 Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар – деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды,сондай –ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды айтамыз.

 

 

 

 

      Қылмыстық процесс — күрделі процесс, оған әр түрлі адамдар қатысады.          Қылмысқа қатысушыларды үш топқа бөлуге болады.

1. Қылмыстық процеске  қатысушы мемлекеттік органдар  мен лауазымды адамдар. Оларға  сот және мемлекеттік органдар  мен қылмыстық қудалау қызметін  жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар  жатады (прокурор, тергеу бөлімінің  бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).

2. Өз құқықтары мен  мүдделерін немесе өздері білдіретін  құқықтар мен мүдделерді қорғап  процеске қатысушылар (күдікті,  айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші,  жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кімелеттік  жасқа толмаған айыпталушының  (күдіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке  айыптаушының өкілдері, азаматтық  жауапкердің өкілдері).

3. Қылмыстық процеске  қатысушылардың үшінші тобын  шартты түрде үш   шағын топқа бөлуге болады.

  Бірінші топ — дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар. Оларға: куәгерлер мен сарапшылар жатады;

 

   Екінші топ — іс жүргізу әрекеттеріне жәрдемдесу үшін тартылатын процеске қатысушылар. Олар: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшылары, кепілшілер, тану жүргізетін статистер және т.б. 

 

   Үшінші шағын топ — сот шешімдерін орындауға қатысатын мекемелер мен ұйымдар және соған орай үкімді орындау кезінде туындайтын іс жүргізу мәселелерін шешуі қатысатындар. Бұл топты: үкімдер мен қаулыларды нақтылы орындауды жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушының науқастануы, мүгедектігі немесе ауруханаға орналастыру бойынша комиссияның өкілдері және т.б. құрайды.

  

   

  1. Қылмыстық іс жүргізушілерге қатысушылардың I-ші тобына кіретіндер:

 

  -Судья — қылмыстық процестің негізгі субъектісі. Судья– сот жүйесінде сот органының құрамына сайланған немесе тағайындалған лауазымды адам, сот билігін атқарушы. Оған конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген.Ол өз құзыреті шегінде істі жеке-дара қарайды, соттың отырысын дайындау не оның үкімінің немесе басқа да шешімінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өкім жасау қызметін атқарады. Қазақстанда барлық Судьялардың мәртебесі бірдей және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Судьяның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы”заңымен және өзге де заңдармен айқындалады. Оған заңда көзделмеген соттан тыс атқарымдар мен міндеттер жүктелмейді, сондай-ақ ол қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізілмейді. Қызметке конституция мен заңдарға сәйкес сайланады немесе тағайындалады, оның қызметі аталмыш конституц. заңда көзделген негізде және тәртіппен тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады. Судьялар ауыстырылмайды әрі тәуелсіздігі конституциямен және заңмен қорғалады және сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде осы екеуіне ғана бағынады. Оған қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа ретте ешкімнің тиіспеуіне, қызметіне ешкімнің араласпауына заң жүзінде кепілдік берілген. Істі Судьялар алқасының құрамында қарайтын Судья істі қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелерді шешу кезінде төрағалық етушімен және басқа Судьялармен тең құқықта болады. Судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін, Судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін, еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Судья өзінің жоғары мәртебесіне сәйкес мемлекет есебінен материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандырыладыСудьяның негізгі міндеті қылмыстық істерді талқылау жене шешу арқылы сот төрелігін жүзеге асыру. Тек судьяға ғана үкім арқылы нақты адамға (сотталушыға) қылмыс жасаған деп айыптауға, сондай-ақ оны қылмыстық жазалауға конституциялық өкілдік берілген.

 

 

 

 

    - Прокурор— өз құзіреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің жене сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Ол сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды.

Сот процесінің әділдігі мен шынайылығын  қамтамасыз ету үшін заңда қарсылық білдіру институты карастырылған. Қарсылық білдіру — тергеу жүргізу мен соттың істі анықтау кезінде әділдік пен шынайылықты қамтамасыз ететін азаматтық, іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқығының институты. Қарсылық білдіру кезінде сот іске қатысы бар адамдарды тыңдауға, қарсылық білдірген адамның пікірін тыңдауға міндетті. Қарсылық білдіру жөніндегі мәселені сот шешеді. Прокурор - жедел іздестіру қызметінін, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға: Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорла-прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестірілген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлік прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардын орынбасарлары мен көмекшілері, прокуратурлардың қадағалау саласы жөніндегі прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары. Соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.

  Прокурор айыпталушыға немесе оның іс-әрекеті үшін мүліктік жауаптылықта болатын тұлғаға:

1) өзінің дәрменсіз күйіне, айыпталушыға  тәуелді болуына немесе өзге  де себептер бойынша талап  қою және оны қорғау құқығын өз бетінше пайдалануға қабілеті жоқ жәбірленушінің;

2) мемлекеттің мүдделерін қорғап талап қоюға құқылы. Прокурор өзінің іс жүргізушілік өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.

- Тергеу бөлімінің бастығы-алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы мен өз құзыреті шегінде іс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары.

 

 

  - Тергеуші — бұл өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға: Ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органдарының тергеушісі. 

  

  - Анықтау органы- заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу,қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру  шараларын қолданушы орган.

 

- Анықтаушы- өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейіргі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.

 

- Анықтау және алдын aлa тергеу — бұл анықтау органдары мен өкілетті органдардың сотқа дейінгі әрекеттері. Бұл әрекеттің негізі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде (ҚІЖК) белгіленген. Мұнда шектерде қылмыс жасаған адалдарды қылмыстық жауапкершілікке тартужәне істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерінің іс жүргізуі анықталған. Қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеті толықтай заңмен реттеледі.

 

2) Қылмыстық іс жүргізушілерге қатысушылардың II-ші тобына кіретіндер:

 

  - Күдікті-Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам күдікті болып танылады. Заңда күдіктіге көптеген құқықтар берілген. Оның құқықтары мынадай:

- өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;

-өзіне қарсы күдікке байланысты түсініктеме мен жауап беруге немесе түсіндірме мен жауап беруден бас тартуға;

- дәлелдемелер ұсынуға;

- өтініш пен қарсылық білдіруге;

-ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге;

-ақысыз аудармашының көмегін пайдалануға;

-өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескерту беруге;

-тергеушінің немеее анықтаушының рұқсатымен оның өтініші немесе қорғаушының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

-соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс-әрекеттері мен шешіміне шағым беруге;

-оның өтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алынушы болуға құқылы.

   Басқаша  айтқанда, өзіне қатысты ҚІЖК  бекітілген тәртіпке айыпталушы  ретінде жауапқа тарту туралы  қаулы шыққан адам айыпталушы  болып танылады. Айыпталушының жағдайы көп жағдайда күдіктінің жағдайымен сәйкес келіп жатады. Күдіктіні, айыпталушыны жауап алуға, қылмыстық қудалау органына қандайда бір материалдарды беруге, сондай-ақ оларға қандай да бір көмек көрсетуге мәжбүрлемеу керек. Жауап (айғақ) беру — айыпталушының міндеті емес, құқығы. Ол жауап беруден бас тартқаны үшін жауапқа тартылмайды. 

     Жауап беруге мәжбүрлеу — бұл тергеушінің немесе тергеу жүргізетін тұлғаның тарапынан күдіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні жауап беруге, не сарапшыны қорытынды беpyгe қорқыту, бопсалау немесе басқа да заңсыз әрекеттер қолдану арқылы ықпал етуі. Заңда айыпталушыдан күш көрсету, қорқыту, алдау арқылы, басқа да заңсыз әрекеттермен (негізсіз ұстау және басқалары) жауап алуға жол берілмейді. Осындай әрекеттері үшін лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

 

 

 - Сотталған адам -еңбекпен түзеу құкыгында - сот шығарған айыптау үкімі занды қүшіне енген және оған қарсы қылмыстық заңнамамен қарастырылған жазалау тағайындалған адам. Өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы. 

 

   

 

   

 

  -Адвокат (гр. advocatus — шақырылған) — адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және арнаулы заңда көзделген шеңберде кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер; кең мағынасында алғанда — қорғаушы. Заңды көмек көрсете отырып, адвокат: заң мәселелері бойынша түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды; анықтау, алдын-ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және т.б. органдар мен ұйымдарда, азаматтық қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілі ретінде қатысады, оларды қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың статусы, адвокаттық қызметпен айналысу тәртібі, кәсіби құқылары мен міндеттері, мінез-құлық нормалары Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 жылы 5 желтоқсан) көзделген.

Адвокаттар алқасының мүшесі. Жоғары заң білімі, екі жылдан кем емес заң мамандығы бойынша жұмыс  өтілі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқына лицензия алған адам. Бұл заңның аясы негізінде заң көмегін көрсететін тұлға.Қоғам мен мемлекет бір де бір азаматтың жеткілікті негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына және сотталмауына мүдделі. Мемлекет қорғалу құқығын қамтамасыз етуде конституциялық кепілдікті орындай отырып адвокатқа едәуір құқықтар берген, соның ішінде оның адвокаттық қызметіне кепілдік бар.

    Қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы — бұл адвокаттық кызметтің маңызды бағыттарының бірі, ол негізінде айыпталушыларды (күдіктілерді) қорғау функциясымен байланысты болады.

  - Қорғау — бұл қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыпты теріске шығару немесе жұмсарту, сондай-ақ қылмыстық қудалауға заңсыз тартылған адамдарды ақтау мақ сатында қорғау тарапынан жүзеге асырылатын іс жүргізу қызметі. Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушының көмегіне мұқтаж болады, онсыз айыпталушы өзінің кінәсіздігіне дәлелдемелер келтіре алмайды, сондай-ақ айыптауды теріске шығаратын немесе жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтай алмайды. 

 

    -Қорғаушы — бұл заңда белгіленген тәртіппен күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін тұлға.

Заңда қорғаушы ретінде іске қатыстырылуға жіберетін адамдар  нақты айқындалған. Оларға: адвокаттар, яғни адвокаттық алқаға мүше адамдар; жұбайы (зайыбы); жақын туыстары немесе заңды өкілдері; өз бірлестіктері  мүшелерінің ісі бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің  өкілдеріне, оларға қорғаушы ретінде  өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттар (шешім немесе хаттама, сенімхат) беріліп, өкілдерін жібереді.

  

   - Жәбірленуші — қылмыс пен моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілген, осыған байланысты анықтау жүргізуші адамның, тергеуші, прокурор, судьяның қаулысымен немесе соттың анықтамасы мен жәбірленуші деп танылған азамат. Жәбірленушінің жауап беруге құқығы бар. Бұл құқық оның заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді, ол мұндай құқығын өзіне белгілі барлық аймақты деректерді мәлімдеу үшін қолданады, сондай-ақ сотқа, тергеушіге өзінің мүдделерін қорғауға, қылмысты ашуға, айыпты әшкерелеу көмектесетін өз болжамдарын хабарлауға құқық береді. Егер адамға зиян келтірілсе, ол жәбірленуші болып танылады. Тек жеке адамдар ғана жәбірленуші бола алады.

 

    - Куә — бұл іс үшін маңызы бар, өзіне белгілі мән-жайлар жөнінде жауап бере алатын кез келген тұлға. Куәнің бірегейлігі қылмыстық іс жүргізуде маңызы бар мынадай белгілерден көрінеді: куәнің ауыстырылмайтындығы; өзінің ауыстырылмайтындығына байланысты, оған істің нәтижесіне мүдделі деп қарсылық білдіре алмайды.

 

 

Іс бойынша  мыналар куә бола алмайды:

а) айыпталушының қорғаушысы;

ә) өзінің жасының толмауына, психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап  беруге қабілетсіз адамдар;

б) адвокат;

в) судья;

г) сонымен қатар заңда  адам өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алғаны, туған  ағалары (іні) және әскелері (қарындасы), атасы, апасы және немересі) қарсы  айғақ, беруге діни қызметшілер өздеріне сеніп сырым ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес деп бекітілген.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізу  процесі — қатысушылары әр түрлі  тұлғалар болатын күрделі процесс. Бұл тұлғаларға қылмыстық істерді  тергеуде және қарауда белсенді қатысу үшін мемлекеттік органдармен жіберілген және тартылған қоғамның құқықты  мүшелері мен заңды тұлғалары  жатады. Бұл үшін осы тұлғаларға кең процессуалдық құқықтар берілген. Қылмыстық іс жүргізуге: қосымша  қызметтер атқаратын, қылмыстың  сот ісін жүргізуді іске асыруға  өкілетті мемлекеттік органдар лауазымды  тұлғалар жатады. Қылмыстық істі жүргізуге  қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі

Информация о работе қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар