Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:17, контрольная работа
Сот сараптамасы зерттеулерiнiң әдiстемелерiн әзiрлеу және енгiзу мақсаты сот сараптамаларын жүргiзудiң сапасын арттыру және қылмыстық iстердi ашу, тергеу iстерiнде және қылмыстық, азаматтық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сотта қарауда пайда болатын мәселелердi тиiмдi шешу, сондай-ақ сот-сараптама саласын ғылыми дамыту болып табылады.
Сот сараптамасы зерттеулерiнiң әзiрленiп жатқан әдiстемелерiн байқаудан өткiзудiң мақсаты сот сараптамаларын эксперимент режимiнде жүргiзу тәжiрибелерiнiң нәтижелерiмен растау арқылы оларды мақұлдау болып табылады.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Сот сараптамасының принциптерi және органдары.
2.2.Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн
адамдар.
2.3. Сот-сараптама қызметiн ғылыми-әдiстемелiк және
оқумен қамтамасыз ету
2.4.Дәлелдемелер ұғымы, түрлері мен жіктелуі
2.5. Дәлелдеу пәні және шектері
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2. Сот сарапшысы қорытындысының дұрыстығына:
1) комиссиялық, кешендi, қосымша және қайталама сот сараптамасын тағайындау мүмкiндiгiмен;
2) сот сарапшысын
iрiктеу, оларды кәсiптiк даярлау
және бiлiктiлiгiн арттыру
3) сот сарапшыларын
аттестациялау және
4) сот сараптамасы iсiн жүргiзудi тиiстi материалдық-техникалық қамтамасыз етумен;
5) сарапшының
көрiнеу жалған қорытынды
Сот сарапшысының бiлiктiлiк куәлiгi:
1. Сараптаманың
белгiлi бiр түрiн жүргiзу
2. Сараптаманың
белгiлi бiр түрiн жүргiзу
Бiлiктiлiк комиссиясының қызмет тәртiбi
мен құрамын тиiсiнше Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгi немесе Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi
органы айқындайды.
Сот сарапшысын аттестациялау
Кәсiптiк даярлығының
деңгейiн анықтау мақсатында тиiсiнше
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
немесе Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi
органының Аттестациялық
2.3. Сот-сараптама қызметiн
ғылыми-әдiстемелiк және
оқумен қамтамасыз
ету
Сот-сараптама
қызметiн ғылыми-әдiстемелiк
Меншiк нысандарына
қарамастан, ұйымдар Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгiнiң Сот
Сот сараптамасы
органдары iс бойынша жұмыс аяқталған
соң ғылыми, практикалық және әдiстемелiк
қызметтерге пайдалану үшiн соттар мен
құқық қорғау органдарынан өздерiнiң сұрау
салуы бойынша заттай айғақ болып табылатын
заттарды алуға хақылы.
Сот сараптамасы өз қызметiн сот сараптамасы
органдарының ұсыныстары бойынша Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейтiн стандарттар
мен талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған
үй-жайлар болғанда жүзеге асыра алады.
Сот сараптамасы органдарында қылмыстық,
азаматтық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iстер бойынша сот сараптамаларын
жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының
қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында және
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы заңнамасында көзделген
жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты
есебiнен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық
iс жүргiзу заңнамасында көзделген, соттың
дәлелдi ұйғарымымен расталған негiздемелер
болған жағдайлардан басқа кезде, сот
сараптамасы органдарында азаматтық iстер
бойынша сот сараптамаларын жүргiзуге
ақы төлеудi тараптар жүзеге асырады және
алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке
енгiзiледi.
Мамандандырылған зерттеулер жүргiзу,
сондай-ақ бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi
орган бекiтетiн бағдарламаларға кiрмейтiн
ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер
жүргiзу үшiн ақы төлеу алдын ала төлеу
нысанында тиiстi бюджетке енгiзiледi.
Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын,
сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi
болып табылатын адамдардың еңбегiне ақы
төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау жағдайлары
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес айқындалады. Сот сараптамасы органдары
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес шет мемлекеттердiң сот-сараптама
қызметiн жүзеге асыратын органдарымен
және қызметтерiмен бiрлескен ғылыми зерттеулер
жүргiзу, ғылыми және әдiстемелiк ақпараттар
алмасу, сот сарапшыларын даярлау мақсатымен
халықаралық байланыстар орнатуға хақылы.
Сот сараптамасы Қазақстан Республикасы
тиiстi халықаралық келiсiм жасасқан шет
мемлекет мемлекеттiк органының тапсыруы
бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда,
егер халықаралық келiсiмде өзгеше көзделмесе,
Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
Қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк процесс
жүргiзушi орган /адам/ Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген тәртiппен шет мемлекеттiң
сот сараптамасы саласындағы мамандарын
тартуға хақылы. Сот сараптамасы органы
басшысының сараптаманы тағайындаған
органның /адамның/ келiсуi бойынша жүзеге
асырылатын шет мемлекет сот сарапшысын
тарту құқығы болады.Шет мемлекет сот
сарапшысының қатысуымен сот сараптамасын
жүргiзу Қазақстан Республикасының қылмыстық
iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу заңдарына
не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады.
2.4.Дәлелдемелер ұғымы, түрлері мен жіктелуі
« Дәлеледеме» ұғымының түпкілікті негізінде философиядағы материяның бір қасиеті ретінде оның ақпарат беруі жатыр.
Ақпарат кез келген зат немесе құбылыстың оларға немесе сырттан әсер болған өзгеруі немесе сол әсерден бір із қалдыруы. Сол ақпаратты адам өзінің әртүрлі сигналдарды қабылдау нәтижесінде алады ( восприятие, ощущение, представление, мысли).
Қалдырылған іздер болған
Дәлелдемелер дегеніміз- ҚІЖК 1
Сонымен дәлелдемелер – бұл іс жүзіндегі деректер (фактические данные, сведение о фактах).
Белгілі бір ақпаратты (деректе
Дәлелдемелердің белгілері
Дәлелдемелердің түрлері ҚІЖ заңымен шектелген, соның ішінде: Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар iс жүзiндегi деректер сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң көрсетулерiмен; сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Iс жүзiндегi
деректер, егер олар осы Кодекстiң
талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды
олардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан
айыру немесе оларды қысу жолымен немесе
қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн
бұзумен, оның iшiнде:
1) қинау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сонымен
бiрге өзге де заңсыз iс-әрекеттер арқылы;
2) оларға түсiндiрмеудiң, толық немесе дұрыс
түсiндiрмеудiң салдарынан туындаған қылмыстық
процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары
мен мiндеттерiне қатысты жаңылуын пайдалану
арқылы;
3) iс жүргiзу iс-әрекетiн осы қылмыстық iс
бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы
жоқ адамның жүргiзуiне байланысты;
4) iс жүргiзу iс-әрекетiне қарсылық бiлдiруге
жататын адамның қатысуына байланысты;
5) iс жүргiзу iс-әрекетiн жүргiзудiң тәртiбiн
айтарлықтай бұза отырып;
6) белгiсiз көзден, не сот отырысында анықтала
алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми
бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдану
арқылы алынып, олар iстi тергеу немесе
сотта қарау кезiнде алынған iс жүзiндегi
деректердiң дұрыстығына ықпал етсе немесе
ықпал ету мүмкiн болса, дәлел ретiнде пайдалануға
жол берiлмейдi деп танылуы тиiс.
Сезiктiнiң, айыпталушының,
жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары - ол
осы Кодекстiң 26-тарауында белгiленген
тәртiппен анықтау немесе алдын ала
тергеу процесiнде жауап алуда олар жазбаша
немесе ауызша нысанда хабарланған мәлiметтер.
2. Сезiктi өзiне қарсы туып отырған сезiк
жөнiнде, сондай-ақ iс бойынша маңызы бар
өзiне белгiлi өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер
туралы айғақтар беруге құқылы.
3. Айыпталушы өзiне тағылған айыптау бойынша,
сонымен бiрге iс бойынша маңызы бар, өзiне
белгiлi өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер
жөнiнде айғақтар беруге құқылы.
4. Айыпталушының қылмыс жасаудағы өзiнiң
кiнәсiн мойындауы оның кiнәлiлiгi бар дәлелдемелердiң
жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау
негiзiне жатқызылуы мүмкiн.
5. Жәбiрленушiден iс бойынша дәлелдеуге
жататын кез келген мән-жайлар туралы,
сондай-ақ сезiктiмен, айыпталушымен, басқа
да жәбiрленушiлермен, куәлармен өзiнiң
өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы
мүмкiн. Егер ол өзiнiң хабардарлығының
көзiн көрсете алмаса, жәбiрленушi хабарлаған
мәлiмет дәлелдеме бола алмайды.
6. Куәдан кез келген iске қатысты мән-жайлар
туралы, оның iшiнде айыпталушының, жәбiрленушiнiң
жеке басы туралы, өзiнiң олармен және басқа
да куәлармен өзара қатынасы туралы жауап
алынуы мүмкiн. Егер ол өзiнiң хабардарлығының
көзiн көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлiмет
дәлел бола алмайды. Куә ретiнде жауап
алуға жатпайтын адамдардың хабарлауы
дәлел болып табылмайды.
7. Айыпталушының жеке басына сипаттама
беретiн деректер туралы айғақтар айыптаудың
негiзiне жатқызыла алмайды және дәлел
ретiнде жаза тағайындаумен немесе жазадан
босатумен байланысты мәселелердi шешу
үшiн ғана пайдаланылады.
8. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен
жауап алу кезiнде қылмыстық iс үшiн маңызы
бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға немесе
ұғынуға қабiлетсiз деп танылған адамның
айғақтары дәлелдеме болмайды.
Дәлелдемелердің жіктелуі:
Дәлелдемелер теориясында дәлелдемелер келесі негіздерге сай жіктеледі;
Дәлеледемелерді жіктеудің
2.5. Дәлелдеу пәні және шектері.
Тұлға қылмыстық жауапкершілікке тек қылмысқа қатысты кінәсі анықталған жағдайда ғана тартылады. Ол қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталуы (дәлелденуі) тиіс.
Тұлғаның қылмыстық
жауапкершілікке тартылуының
Дәлелдеу пәні дегеніміз- бұл зерттелетін оқиғамен байланысты анық белгілері, айыпталушының жеке басының рекешеліктері, қылмыстан келген шығын, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызды басқа да мән- жайлардың жиынтығы.
Қ.І.Ж.Қ 117-
бабында қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге
жататын
мән-жайлар қатарына:
Қылмыстық
iс бойынша дәлелдеуге:
1) оқиға мен қылмыстық заңда көзделген
қылмыс құрамының белгiлерi (қылмыстың
жасалу уақыты, болған жерi, әдiсi және басқа
да мән-жайлары);
2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi
кiмнiң жасағандығы;
3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған
әрекеттi жасаудағы
кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған
әрекеттiң себеп-дәлелдерi, заңдық және
iс жүзiндегi қателiктер;
4) айыпталушының жауаптылығының дәрежесi
мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар;
5) айыпталушының жеке басын сипаттайтын
мән-жайлар;
6) жасалған қылмыстың зардаптары;
7) қылмыспен келтiрiлген зиянның сипаты
мен мөлшерi;
8) әрекеттiң қылмыстылығын жоққа шығаратын
мән-жайлар;
9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға
әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады.
Қылмыс жасауға ықпал етушi мән-жайлар да қылмыстық iс бойынша анықтауға жатады.
Сонымен қатар, ақыл- есі дұрыс емес тұлғалардың қылмыстық заңмен тыйым салынған іс- әрекеттері бойынша: (Қ.І.Ж.Қ 506 бап), кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері бойынша ҚІЖК-нің 481- бабында көрсетілген мән-жайлар қосымша дәлелденеді.
Дәлелдеу пәнімен байланысты тағы бір ұғым ол дәлелдеу шегі- бұл дәлелдеу пәніне кіретін және анықталуы тиіс мән- жайлардың жеткілікті көлемде болуы (әр қылмыстық істің ерекшелігіне байланысты). Алдын ала тергеу мен сотта талқылауда дәлелдеу шегі сәйкес келмеуі мүмкін. Өйткені ол процессуалдық функциялардың ерекшелігіне де байланысты ( айыптау, әділсотты іске асыру).
Информация о работе Сот сараптамасының принциптерi және органдары