Криминалистикалық идентификация және диагностика

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 20:14, реферат

Описание работы

Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
Атмосфераның ластануы.
Гидросфераның ластануы.
Топырақтың ластануы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 39.98 Кб (Скачать)

                                        Жоспар.

    1. Кіріспе.
    2. Негізгі бөлім:
    1. Атмосфераның ластануы.
    1. Гидросфераның ластануы.
    2. Топырақтың ластануы.
    1. Қорытынды
    1. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе.

     Табиғаттың  ластануы дегенде біз оған  тән емес агенттердің енуі  немесе бар заттардың консентрациясының  (химиялық, физикалық, биологиялық)  артуын, санның нәтижесінде қолайсыз  әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы  заттарға тек улы заттар ғана  емес, зиянды емес немесе ағзаға  қажет заттың оптималды консентрациядан  артық болуы да жатады.

     Ластануды  жүйенің тепе – теңдігін бұзатын  кез келген агент ретінде бағалауға  болады.

     Ластану әр  түрлі белгілері бойынша жіктеледі:  шығу тегі бойынша: табиғи және  жасанды (антропогенді);

пайда болу көзіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;

ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының  құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл  экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);

әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);

әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық  жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б);

әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп  орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);

тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті  газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл  газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы  фреон).

     Неғұрлым ластаушы  зат тұрақты болса, оның қоршаған  ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты  үш параметр бойынша бағалауға  болады: қоршаған ортаға түсетін  көлеміне, улылығына және тұрақтылық  дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл  газының қолайсыз эффектісін  оның қоршаған ортаға түсетін  көлеміне және ұзақ сақталу  уақытына, олай болса оның жинақталуы  және осыған байланысты парниктік  эффекттің пайда болуы қамтамасыз  етеді.

     Өндірілетін  ресурстардың тек 2 – 3% ғана  пайдалы өнім ретінде қолданылады,  ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс,  шлактар және т.б).

     Адам қызметінің  көңіл аударарлық нәтижесіне  қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және  шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар  бар. Адам қазір 8 млн. – нан  астам қосылыстарды синтездей  алады. Жыл сайын олардың саны  бірнеше мыңға артып отырады.

     Табиғат ресурстарын  пайдалану жылулық ластанумен, яғни  жер маңы кеңістігінде қосымша  энергияның жиналуымен байланысты.

     Биосфераның  жылулық балансының бұзылуын  атмосфераның шаңдануының артуы,  өсімдік жабынының булануының  өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының  бетінен ластануының өзгеруі  қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша  булануды 20 – 30% - ға тежейді. Нәтижеде  ғалымдардың болжауы бойынша  ауаның орташа жылдық температурасы  1 – 30С – ға артады. Ал мұның  өзі биосфераның термодинамикалық  немесе жылулық дағдарыс жағдайына  өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

     Қазіргі кездегі  озон қабатын бұзатын негізгі  антропогенді фактор фреондар  болып есептеледі. Соңғы жылдары  атмосфераның жоғары қабатындағы  озонның мөлшерінің кемуі байқалуда.  Солтүстік жарты шардың орталық  және жоғары ендіктерінде бұл  кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша  озонның 1% - ға кемуі терінің  қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 – 7% - ға арттыруы мүмкін.

     Көптеген мемлекеттер  фреондардың өндірісін 50% кеміту  және оларды басқа пропиленттермен  алмастыру туралы міндеттеме  қабылдады.

     Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары:  мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі  дәрежеде ұшырайды. Судың ластануы  ең бірінші рет су қоймаларына  әр түрлі ластаушы заттардың  келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші  ретті ластаушылардың әр түрлі  тізбекті реакцияларға түсуі  арқылы жүреді. Ластаушы заттарға  негізінен топырақ эрозиясының  өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар  жатады. Ластаушы заттардың басым  көпшілігін амосфералық жауын  – шашын әкеледі. Сулардың  канализация ағысымен, тұрмыстық  қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының  қалдықтарымен, су таранспорттарымен  ластану үлесі де жоғары. Қазір  бүкіл планетада іс жүзінде  қандай да бір дәрежеде адам  қызметі нәтижесінде ластанбаған  беттік тұщы су көзі жоқ  деуге болады.

     Қазіргі кезеңнің  өзекті мәселелерінің бірі –  радиациялық ластану болып қалып  отыр. Қазақстан территориясында  қуатты ядролық сынақтардың ең  көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің  территориясының біраз бөлігінің  радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық  ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.

                                    Атмосфераның ластануы.

     Күн сәулесінің  әсерінен олар күрделі химиялық реакцияға қатысып, нәтежиесінде уытты фотооксидантты (озон, азот қышқылы) түзілуіне үлес косады. Атмосферада азот оксидтерінің фотооксиданттардың концентрациасы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқсы қашады. Құрамында азоты бар  зиянды шығындылардың мөлшерін іштен қанатын қозғалтқыштар шығаратын газды жағу үшін каклизатор қолданып, ал өнеркәсіпкәсіпорындардың түтін шығаратын құбырларында азоатсыздандыратын қондырғыларды орнату арқылы азайтуға болады.

     Ауадағы зиянды  заттектердің мөлшері олардың  турбулентті ағыспен шашырауына, жауын-шашынға немесе гравитациялык  күш арқылы төмен түсуіне байланысты. Атмосфераның ластануы мен негізгі  биогенді элементтер айналымы  арасында анық байланыс бар. 
Атмосфераны ластайтьн заттектерді топтастыру Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда  болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық  затгектерді  және   биологиялык  микроорганизмдерді ластағыштар  деп атайды. 
Ластағыш заттектердің коршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған  өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың  атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге  олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:

  * әлемдік көлемде  ластайтындар - кай жерде шығарылса  да  қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын кабілеті барлар,  атмосферада көп уақыт бойы  (бірнеше жыл немесе айлар)  сақталатьн шығарынды (тастанды) заттектер (көмір кышқыл  газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары радионуклидтср);

  * аймактық. (региондьқ)  көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің  территориясы немесе бір елдің  едәуір әкімшіліктік  бөлігі кіруі мүмкін) - үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын  шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтсрі, пестицидтер, ауыр металдар);

  * жергілікті көлемде  ластайтындар (бір жердің шеңбсрінен  аспайтын) - атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды  заттектер (ірі дисперсиялык аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттектер, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің  өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азотгың, т.б. оксидтсрі).

     Әр түрлі көздерден шығарындының шығу ұзақтығына байланысты олар үздіксіз және бір дүркінді болып бөлінеді. Апатты жағдайлардағы шығарындылар бір дүркінділер тобына жатқызылады. Атмосфераға газ тәрізді ластағыштар мен аэрозольдар түтін мұржалары, аэрациялық шаң тартқыштар және әр түрлі желдеткіш қондырғылары арқылы тасталады. Биіктігіне карай ластаушы заттектер шығаратын көздер биік (Н > 50 м), орта биіктіктегі (Н = 10-50 м), аласа (Н = 2-10 м), жер үстіндсгі (Н < 2 м) болады'. Ластаушы компоненттердің ауада таралуы мен концентрациясы көздердің биіктігіне байланысты келеді.

     Атмосфера  табиғи жолмен және адамның  іс-әрекеті нәтижесінде ластанады.  Атмосфераның табиғи жолмен ластануы  жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше  мың жанартау бар, олардың 500-ден  астамы активті түрде), тау жыныстарының  үгітілуіне, шанды дауылдардың тұруына,  орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға  көтерілуі мен ауадағы сулы  ерітінді тамшыларының құрғауына,  тірі организмдердің іріп-шіру  процестеріне байланысты.

     Атмосфераны  табиғи жолмен ластайтындарға  аэропланктондар, яғни әртүрлі  аурулар қоздыратын бактериялар,  саңырауқұлақ споралары, кейбір  өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен катар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдыкпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа кабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 10/18 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жаркыншактардан да сактайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостык шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 1О6-1О'5 м. Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын  көзердің, арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша  атап кетуге болады.

     Атмосферадағы  шаң буды суға айналдырумен  қатар, күн радиациясын тікелей  сіңіреді және тірі ағзаларды  күн сәулесінен қорғайды.

     Заттектердің  биологиялык. жолмен ыдырауы көп  мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың,  көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т. б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.

     Атмосфералык  ластануға табиғаттың алапатты  қүбылыстарының қосатын үлесі  айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта  есеппен жанартаулардың атқылау  нәтижесінде жылына атмосфераға  30-150 млн. т газ және 30-300 млн.  т ұсақ дисперсті күл тасталып  отырады, тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997) атмосфера ауасына 20 млн. т  күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар  аткылағанда атмосфераға бірқатар  фитопатогендік  ативтілігі жоғары химиялық ластағыштар - сынап, мышьяк,  қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 ж. болған орман өрті 1,5 млн. км2 ауданды қамтып, одан шыккан түтін 6 млн. км2-ге жуық аумаққа таралды.

     Атмосфералық  ластанудың антропогендік (жасанды)  көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, түрған  ҮЙЛЕРДІ  жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т. б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортага әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлсрге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдыктар, отын, электр энергиясы, су,  қалдықтар, онімдер, атмосферага таралатын шыгарындылар (газ,  бу,ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарык, улыракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т. б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялык қүрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, ендірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.

                                     Гидросфераның ластануы.

     Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар):

     1) жер ғаламшарының  су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі,  топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;

Информация о работе Криминалистикалық идентификация және диагностика