Жедел іздестіруді жүзеге асыратын органдардың міндеттері мен құқықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 19:34, реферат

Описание работы

Жедел-іздестіру құқығы заңмен белгіленген міндеттерін атқару кезінде оның жүзеге асыратын уәкілдік берілген органдар төменде көрсетілгендей өз іс-шараларын дұрыс және орынды қолдана білу қажет. Жеке және заңды тұлғалардың, заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтарын, өмір сүруге қауіпсіздікті қамтамасыз ету, осы міндеттерді іс шараларда атқарады.

Содержание

Кіріспе.
Жедел -іздестіруді жүзеге асыратын органдардың міндеттері мен құқықтары.
Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері мен түсінігі.
Қазақстан Республикасының “Жедел-іздестіру құқығы туралы” заңы. II- бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі.

Работа содержит 1 файл

Жедел іздестіруді жүзеге асыратын органдардың міндеттері мен құқықтары.docx

— 33.01 Кб (Скачать)

Көрсетілген міндеттер жедел — ідестіру қызметін жүзеге асыру барысында нәтижелі болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II - бөлiм. Жедел  iздестiру қызметiн жүзеге асырушы  
органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары.     

  

6-бап. Жедел-iздестiру  қызметiн жүзеге  асыратын органдар.

      

1. Қазақстан Республикасы  аумағында жедел-iздестiру қызметiн: 
      1) ішкi iстер органдары; 
      2) ұлттық қауiпсiздiк органдары; 
      3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган; 
      4) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары; 
      5) қаржы полициясы органдары; 
      6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi; 
      7) кеден органдары жүзеге асырады. 
      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi заңмен ғана өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

7-бап. Жедел-iздестiру  қызметiн жүзеге асырушы органдардың  мiндеттерi.

 

 

      Жедел-iздестiру қызметiнiң осы  Заңмен белгiленген мiндеттерiн  орындау кезiнде оны жүзеге  асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;

 а) жеке және заңды  тұлғалардың заңмен қорғалатын  құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн,  меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң  қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық  және қорғаныс әлуетiн нығайту  үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;

б) жедел-іздестіру шараларын  жүзеге асыру арқылы қылмыстарды  анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық  процесте пайдалану үшін олардың  нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздері тергейтін қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын  жүргізу туралы тергеушiнiң жазбаша  тапсырмаларын орындауға;

б-1) прокурордың жедел-іздестіру  қызметінің заңдылығын қадағалауды  жүзеге асыру барысында берген жазбаша  нұсқауларын орындауға;

б-2) қылмыстық іс бойынша  жасырынған сотталушыны және азаматтық  іс бойынша жауапкерді, атқарушылық  іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру  туралы сот актілерін орындауға;

в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн  өздерiне белгiлi болған жәйттер мен  деректердi Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк өкiмет пен басқару  органдарына дер кезiнде хабарлауға;

г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;

д) жедел-iздестiру шараларын  жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық  процесте пайдалану үшін жүргізілген  жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін  бейнелейтін материалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту  енгiзiлдi - ҚР 2001.03.16 N 163, 2009.07.17 N 187-IV Заңдарымен.

 

8-бап. Жедел-іздестіру  қызметін жүзеге асырушы органдардың  құқықтары.

 

 Жедел-іздестіру қызметінің  міндеттерін орындау кезінде  оны жүзеге асыруға уәкілеттік  берілген органдардың: 

1) өз құзыреті шегінде  осы Заңның 11-бабында көрсетілген  жедел-іздестіру іс-шараларын жария  және жасырын жүргізуге; 

2) жедел-іздестіру қызметінің  міндеттерін шешуді қамтамасыз  ететін жедел есепке алуларды  және ақпараттық жүйелерді құруға  және пайдалануға;

3) жедел-іздестіру іс-шаралары  барысында жазбаша немесе ауызша  шарт бойынша жеке және заңды  тұлғалардың, әскери бөлімдердің  тұрғын  үй-жайлары мен тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда оны, сондай-ақ шығыстарды иелеріне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар есебінен өтей отырып пайдалануға;

4) астыртын ұйымдар құру  мақсатында жедел-іздестіру қызметін  жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары  мен көлік құралдарының ведомстволық  бағыныстылығын, сондай-ақ құпия  көмекшілердің жеке басын құпияландыратын  құжаттарды пайдалануға; 

5) қажетті ғылыми-техникалық  немесе өзге де арнаулы таным-білімі  бар лауазымды адамдар мен  мамандардың көмегін пайдалануға; 

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға;

7) Қазақстан Республикасының  аумағында жедел-іздестіру қызметін  жүзеге асыруға құқығы бар  басқа да органдардың келісімі  бойынша осы органдардың күші  мен қаражатын жекелеген іс-шаралар  жүргізуге тартуға; 

8) осы Заңның 11-бабында  көзделген жедел-іздестіру іс-шараларын  жүргізу мақсатында ғана тәуліктің  кез-келген уақытында ұйымдардың  аумақтарына және үй-жайларына,  ал әскери бөлімшелердің және  басқа да режимдік объектілердің  аумақтарына олардың басшыларының  келісімі бойынша кедергісіз  кіруге;

9) Қазақстан Республикасы  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 130-бабында белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің нәтижелерін көрсететін материалдарды беруге құқығы бар.

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

9-бап. Жедел-iздестiру  қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi.

 

1. Жедел-iздестiру шараларын  жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы  әрекеттерге жол берген қызметкерлер  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Жедел-iздестiру қызметiн  жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен  келтiрген залалды өздерi Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту  енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Өз құзіреті шегінде 11 бабында  көрсетілген жедел-іздестіру шараларын  жария және жасырын жүргізуге  құқылы.

Осы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия көмек көрсетуге келісім берген адамдармен тегін немесе ақылы негізде қатынас орнатуға құқылы.

Жедел-іздестіру қызметтерінің  міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есептер және хабарлама  жүйелерін құруға және пайдалануға  міндетті.

Жедел-іздестіру шараларын  өткізу барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсіпорындардың, мекемелердің әскери бөлімдердің қызмет жағдайларын және техникалық құралдарын, мүмкіндіктеріне залал келтіргенде, осы залалды, шығындарды жүзеге асырушы  органдар есебінен иелеріне өтей отырып, азаматтарды тұрғын және тұрғын емес жайларын, көлік құралдарын пайдалануға  құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттердің  тізімі.

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  2. Қазақстан Республикасының Жедел-іздестіру туралы заңы. 15 қыркүйек 1994 жыл.
  3. Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары» туралы заңы.
  4. Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік органдары» туралы заңы.
  5. Қазақстан Республикасының «Қаржы полиция органдары» туралы заңы.
  6. Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі» туралы заңы.
  7. Плетнев В. Оперативно - розыскная деятельность. Курс лекций Алматы КазГЮА, 2001.
  8. Оперативно – розыскная деятельность в Республики Казахстан. Учебное пособие. Алматы – 2002. 380стр.

 


Информация о работе Жедел іздестіруді жүзеге асыратын органдардың міндеттері мен құқықтары