Жедел іздестіруді жүзеге асыратын органдардың міндеттері мен құқықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 19:34, реферат

Описание работы

Жедел-іздестіру құқығы заңмен белгіленген міндеттерін атқару кезінде оның жүзеге асыратын уәкілдік берілген органдар төменде көрсетілгендей өз іс-шараларын дұрыс және орынды қолдана білу қажет. Жеке және заңды тұлғалардың, заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтарын, өмір сүруге қауіпсіздікті қамтамасыз ету, осы міндеттерді іс шараларда атқарады.

Содержание

Кіріспе.
Жедел -іздестіруді жүзеге асыратын органдардың міндеттері мен құқықтары.
Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері мен түсінігі.
Қазақстан Республикасының “Жедел-іздестіру құқығы туралы” заңы. II- бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі.

Работа содержит 1 файл

Жедел іздестіруді жүзеге асыратын органдардың міндеттері мен құқықтары.docx

— 33.01 Кб (Скачать)

Жоспар

 

  1. Кіріспе.
  2. Жедел -іздестіруді жүзеге асыратын органдардың міндеттері мен құқықтары.
  3. Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері мен түсінігі.
  4. Қазақстан Республикасының “Жедел-іздестіру құқығы туралы” заңы. II- бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары.
  5. Қорытынды.
  6. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Жедел-іздестіру құқығы заңмен белгіленген міндеттерін атқару кезінде оның жүзеге асыратын уәкілдік берілген органдар төменде көрсетілгендей өз іс-шараларын дұрыс және орынды қолдана білу қажет. Жеке және заңды тұлғалардың, заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтарын, өмір сүруге қауіпсіздікті қамтамасыз ету, осы міндеттерді іс шараларда атқарады. Бұл міндет өте ауқымды болғандықтан, оларды бірнеше органдарға жүктелген жедел-іздестіру қызметінің заңмен берілген түсініктемесіне толығымен енген. Осы қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу жөнінде тергеушінің жазбаша тапсырмаларын соттың ұйғарымымен атқаруға міндетті. Осы жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қылмыстық процесті пайдалану үшін табылған материалдарды, деректерді астыртын жағдайды қамтамасыз ету және хабарлама құпиясын ашылуға жол беруге қажетті шараларын жүзеге асыру барысында, осы органдардың өзіне тән құқықтары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жедел -іздестіруді жүзеге асыратын органдардың

міндеттері мен  құқықтары.

 

Жедел- іздестіру  қызметін іске асыратын органдар.

Қазақстан Республикасының  «Жедел — іздестіру қызметі» туралы Заңның 6 бабында жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды атап көрсетеді.

Қазақстан Республикасының  аумағында Жедел — іздестіру  қызметін жүзеге асыратын органдар:

  • Ішкі істер органы;
  • Ұлттық қауіпсіздік органдары;
  • Қазақстан Республикасының қорғаныс министірінің әскери барлау органдары;
  • Әділет министірлігінің қылмыстық атқару жүйесі;
  • Қаржы полиция органы;
  • Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметі.

Бұл органдар тізімі жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар болып табылады.

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар тізімі, тек заңмен ауыстырылуы және толықтырылуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар тізімі 1994 жылғы заңның бірінші  нұсқаулығындағыдай толықтай жалпы түрде сәйкес келеді және көбі өзгіртілгін жоқ.

Жедел іздестіруді  іске асыратын органдардың міндеттері. Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың құқықтары. 

Жедел іздестіруді  іске асыратын органдардың міндеті:

Жедел іздестіру қызметінің заңының 7 бабында көрсетілген:

·   қылмысты ашу, анықтау, алдын алу және тергеуді  қаматамасыз ету;

·   азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауға қатысу;

·    жедел — іздестіру шарасын орындау барысында керек шаралар қолдану,  сондай-ақ материалдарды тапсыруда, өткізілген қылмыстық іс жүргізудегі жедел — іздестіру шарасында жасалған нәтижелерді және құпияны жарияланбауын қадағалау;

·   Қазақстан Республикасының басқару  және мемелекеттік органдардың қоғам және мемелекеттерге төнген қауіп-қатер жөнінде уақытылы хабарлау;

·    құқықтық көмек келісім шарты негізінде өзге мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сұрауларын орындау.

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың ортақ  міндеті Қазақстан Республикасының  «Жедел — іздестіру қызметі» туралы Заңының 1 бабында көрсетілген міндеттер  жатады.

Жедел-іздестіру  қызметін іске асыратын органдардың  құқықтары

Жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың компетенциялары заңда көзделген құқықтар міндеттерін әрбір орган өзіне жүктейді.  Жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын огандардың компетенциялары Қазақстан Республикасының заңды актілерімен жүзеге асырылады.

Бұндай актілерге ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік  органдары, Қазақстан Республикасының  Президентінің күзет қызметінің заңнамаларына Қазақстан Республикасының  Президентінің заңды күші бар  нұсқаулары, Қазақстан Республикасының  «Ішкі істер органдары» туралы, Қазақстан  Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік  органдары» заңы (екі заңда  1995 жылы 21 желтоқсанда қабылданған), Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі» туралы заңы (1995 жылғы 3 қазанда қабылданған).

Ұлттық қауіпсіздік органдары  міндеті болып:

1. Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамассыз ету,

2. Барлау нәтижесінде  Қазақстан Республикасына қажетті  ақпаратты алу;

3. Ұлттық қауіпсіздік органының заңнамадағы міндетіне кіретін қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу;

4. Қазақстан Республикасының   мемлекеттік шекарасының қорғау және күзетін қамтаммасыз ету;

5. Қазақстан Республикасының    әскерінде бөлімшелерінде мемлекеттік органдарының шифрлық қызметін жүзеге асыру;

6. Cоғыс кезінде және бейбітшілік кезінде Қазақстан Республикасының үкіметтік ақпарат алмасуын қамтамассыз ету Қазақстан Республикасының Президентіне, мемлекеттік органдарға, қарулы күштерге және өзгеде әскери бөлімшелерге.

Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың  компетенттілігі.   

 Қазақстан  Республикасының «Жедел – іздестіру  қызметі» туралы  Заңының 8 бабына сәйкес жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары, мыналар:

1. Жедел — іздестіру қызметінің органдары өз міндетін атқару барысында мына құқықтарға ие болады:

  • Осы заңның 11 бабында көрсетілген өз қызметі шегінде ашық және жасырын жедел — іздестіру шарасын жургізу болады;
  • Жедел — іздестіру қызметіне қызметіне серіктестікке қайтарымсыз немесе ақылы негізде құпия түрде өз келісімдерін білдірген тұлғаларды қабылдау;
  • Жедел — іздестіру қызметіне жүзеге асыруға ақпараттық жүйе және жедел есеп құрау және пайдалану;
  • Жедел — іздестіру қызметінің шаралары барысында жазба немесе ауызша шарт бойынша қызметтік ғимарат, транспорттық және өзге техникалық құралдар, мекеменің, ұйымның мүлкі, әскери бөлімдерді пайдалану, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үйлеріне, транспорттық құралдарына және де мүліктеріне  зиян келген жағдайда орнын толтыру жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың есебінен төленетін болады;
  • Лауазымды тұлғалардың және ғылыми — техникалық білімі бар мамандарды шақыру.

2.  Ведомствалардың, мекемелердің, ұйымдардың және өзге басқаратын субъектілердің, әскери бөлімдердің лауазымды тұлғалардың жедел — іздестіру қызметіне өз құзыреті шегінде заң негізінде кедергі келтірмеуі тиіс.

Жедел — іздестіру қызметін жүзеге асырушылар өздерінің қызметін атқару барысында заңға сүйенуі  тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жедел-іздестіру  қызметінің міндеттері мен түсінігі.

 

Жедел – іздестіру  қызметі.

Жедел — іздестіру қызметі  азаматтардың денсаулығын, өмірін, құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделері, меншікті қорғау шет мемлекеттің халықаралық ұйымның арнаулы қызметтерінің сондай-ақ барлау әрекеттеріне қоғам ман мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жедел іздестіру  қызметіне тән:

1. Жедел —  іздестіру қызметі қылмысқа қарсы мемлекеттік әрекеттерінің жеке түрі;

2. Жедел — іздестіру қызметінің нақтылы заңмен және арнайы нормативтік актілермен реттелуі;

3. Іс жүзінде нақтылы, басым көпшілігі құпия жедел  -іздестіру әрекетімен жүзеге асырылады;

4. Жедел — іздестіру қызметі бет бұрысы (бағыты) тек қана қылмысқа қарсы бағытталған.

Жедел — іздестіру қызметі  жүзеге асқанда туындайтын қатынастар жедел іздеу, ұйымдастыру және басқару  әрекетін жүргізгенде қалыптасады  және басым көпшілігі құпия жүргізіледі. Жалпы бұл әрекеттің негізгі мақсаты қылмыстың алдын алу, ашу, қылмыскерді және белгісіз жағдайда жоқ болып кеткендерді іздеу және басқа арнайы органның қызметі

Жедел — іздестіру  қызметінің негізгі түсінігі

Жедел — іздестіру қызметінің түсінігі Қазақстан Республикасының  «Жедел іздестіру қызметі туралы»  заңның 1 бабында жедел — іздестіру  қызметіне төменгідей түсінік беріледі:

Жедел іздестіру қызметі  – бұл басқару және ұйымдастырушылық, жарияланған және жарияланбаған  жедел іздестіру жүйесіне ғылыми негізделген шаралар, Қазақстан  Республикасының Конституциясына  сәйкестендіріп іске асырылған нағыз  заңмен, басқада Қазақстан Республикасының  заңдармен; нормативті құқықтық актілермен, арнайы мемлекеттік уәкілеттілік органдардың, азаматтардың бостандығы мен заңды  мүдделерін, құқықтарын, денсаулығын, өмірлерін қорғауда қоғамның қауіпсіздігін  сақтауды қамтамасыз етуде және мемелекетті  шетел мемлекеттінің тыншылық арнайы қызметінінен қорғалған деп ғылыми дәлел беріледі.

Осы бапқа сәйкес жедел  — іздестіру қызметі бұл  ең алдымен арнайы мемлекеттің арнайы уәкілетті органдармен іске асырылатын шаралар жүйесі. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының «Жедел — іздестіру қызметі» туралы заңның 11 бабында көрсетілген, ал оны өткізетін уәкілеттіліктер Қазақстан Республикасының «Жедел — іздестіру қызметі» туралы заңның 6 бабында көрсетілге міндеттеріне жатады. Қазақстан Республикасының азаматтарының  өмірін, денсаулығын, құқығын мен бостандығын және заңды мүдделерін қорғау,  мемлекеттік және жеке меншікті сақтау.

«Жедел — іздестіру  қызметінің» және «қылмыстық-процесуалдық қызмет» түсініктерінің қатынасы

«Жедел-іздестіру қызметінің»  және «Қылмыстық-процесуалдық қызмет»  түсініктерінің қатынасы. «Жедел іздестіру  қызметі» туралы заңның 2 бабында жедел-іздестіру  қызметінің сәйкестігі қарастырылады:

·   Азаматтардың өмір, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерін қорғау және меншікке қол сұқпаушлықтары.

·   Қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамассыз ету және экономикалық тұрақтылықты нығайту;

·  Қылмысты алдын алу, ашу және тергеу;

·   Анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген тұлғаларға және қылмыстық жазадан жалтарған, хабар-ошарсыз кеткен азаматтар және заңда көзделген өзге де тұлғаларға іздестіру жүргізу;

·   Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамассыз ету;

·  ҚР Президентінің және  өзге де қорғауды қажет ететін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету;

·  Жаза өтеу мекемелерінде қылмыстық атқару заңдылығында көсетілген тәртіпті қамтамассыз ету;

·  Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету;

·  Шет ел және халықаралық ұйымдарды ескерту және барлау қызметімен қиюлысуының табылуы;

·  Мемлекеттік және өзгеде заңмен қорғалатын құпияны сақтау; мекемелерге, құрылтайларға және ұйымдарға коммерциялық құпияның сақталуына әрекеттесу.

Әрбір жедел іздестіруде қарастырылған міндет олардың шешілуіне күш салу, жедел іздестіру қызметінің барлық бағыттарын құралдары мен әдістерін шешу.

Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері. Жедел-іздестіру қызметінің функциялары 

Жедел — іздестіру қызметінің міндеттері Қазақстан Республикасының «Жедел — іздестіру туралы» Заңының 2 бабында көрсетілген міндеттемелер жатады, олар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтарының  өмірін, денсаулығын, құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік және жеке меншікті сақтау;
  • Мемлекеттің қоғамның қауіпсіздігін қаматамысыз ету және оның экономикасын нығайту, қорғау қабілеттігін нығайту;
  • Қылмысты ашу, анықтау, алдын алу;
  • Із түссіз жоғалған азаматтарды және заңда көрсетілген жағдайларды, қылмыстық жазадан қашып жүргендерді, сот-тергеу анықтау органдарынан қашып жүрген тұлғаларды іздестіру шараларын іске асыру;
  • Халықаралық мекемелер, шет ел мемлекеттерінің тыншылық қызметтерін анықтау алдын алу болдырмау;
  • Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Мемелекттік шекара қызметін қамтамасыз ету.

Информация о работе Жедел іздестіруді жүзеге асыратын органдардың міндеттері мен құқықтары