Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 07:23, реферат
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:
әлемдік экономикалық қатынастардың қалыптасу негізін зерттей отырып, әлемдік экономикалық қатынастардың құрылымы, қызметтерін көрсету;
әлемдік экономикалық қатынастардағы халықаралық экономикалық ұйымдардың роліне сипаттама беру;
Қазақстанның әлемдік – экономикалық қатынастарға ену жолдарын қарастыру.
Кіріспе.......................................................................................................................3-4
1. Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
1.1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары......5-7
1.2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы....................8-10
1.3 Әлемдік экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық
экономикалық ұйымдардың ролі...................................................................11-15
2. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі
және даму бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы
орны..................................................................................................................16-17
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны........18-20
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы............................................................................................21-23
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі
мәселелер........................................................................................................24-26
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын
жетілдірудегі мемлекеттің саясаты..............................................................27-29
Қорытынды.........................................................................................................30-31
Пайдаланған әдебиеттер........................................................................................32
Қосымша .................................................................................................................33
ТМД елдері ішінде тығыз ынтымақтастықты дамыту жолымен экономикалық өсу үшін мол резервке ие елдер Украина, Закавказье республикалары, Қазақстан, Молдавия, Тәжікстан. Жаңа тәуелсіз елдердің басшыларының әлемдік экономиканың басты даму үдерістерінің бірі әлемдік экономикальқ интеграция үдерісі екенін көздері жетіп отыр. Өздерінің басты мақсаттарының бірі әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіру екендігін белгілей отыра, әлемдік экономиканың басты даму жолынан тыс қалмаулары тиіс.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттер негізінде өзара экономикалық ынтымақтастықтың үдерісі 1992 жылдың күзінен басталды. 1993 жылдың қыркүйегінде Мәскеуда мемлекет басшылары мен үкіметтерінің деңгейінде ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісім шартқа қол қойылды. Экономикалық одаққа әдепкіде сегіз мемлекет кірді, яғни Армения, Белоруссия, Казахстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Кырғызстан, Молдавия және Украина. Экономикалық одақты құру туралы келісім шарт жалпы экономикалық кеңістікті кезекпен қалыптастыру туралы ережені мағлұмдады. Экономикалық одақты құру туралы келісім шарт ТМД елдерінің интеграцияның бір кезеңінен екінші кезеңіне кезекпен өтуін жобалады: еркін сауда аймағы – кедендік одақ – төлем және валюталық одақ, және соңғысы – тауарлар, қызмет пен капиталдың жалпы нарығы. Еркін сауда аймағын құру туралы келісім 1994 жылдың 15 сәуірінде қабылданды. Бұл құжатқа барлық 12 ТМД мемлекеттерінің басшылары қол қойды, бірақ 6 мемлекет ратификация жасады. Еркін сауда аймағы кедендік одақ құрудың өтпелі кезеңі ретінде қарастырылады. 1995 жылы Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кедендік одақ құрды. 1998 жылдың сәуірінде кедендік одаққа Тәжікстан қабылданды. [13; 9б.]
Ол өзара қолайлы еркін сауда режимін қалыптастыруға көмектесті. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістің жетістігі ретінде 1997 жылдың сәуірінде Ресей және Белоруссия арасындағы құрылған «Екілік одақты» айтуға болады. 2000 жылғы 6 қазанда Астана қаласында өткен Кедендік Одақ мүшелері – Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның үкімет басшыларының Кеңесінде, оның негізінде жаңа әлемдік ұйым – Еуроазиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы шешім қабылданды. Жаңа ұйым 2000 жылғы 23 мамырдағы Әлемдік мемлекеттік кеңестің шешіміне сәйкес құрылады.
ЕЭҚ-тың басты мақсаты «бестіктің» шеңберінде біртұтас экономикалық кеңестік құру. Бұл ұйым дербес халықаралық құқық субъектісі болып саналады. Еуроазия қоғамдастығының жоғарғы әкімшілік тұлғасы ротация тәртібімен 3 жылға сайланатын бас хатшы болады.
ТМД одағы құрылғаннан бері ынтымақтастықтың дамуының қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. 1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған бұрынғы бір мемлекетті қайта құру туралы шешімдер қабылданды. Тәжірибе көрсеткендей, «бәрін бірден» деген принциппен интеграциялық құрылысқа көшу өзін ақтамады. ТМД-ның басшы ұйымдары 1995 – 1997 жылдары қабылданған шешімдерінің сипаты Ынтымақтастық елдерінің құқтық шындықтарына көбірек сәйкес келді.
ТМД шеңберінде тығыз, өзара кіріскен байланыстар пайда болды. Мысалы, «екілік» (Ресей және Белоруссия), «үштік» (Орталық Азия мемлекеттер одағы, 1998 жылы Тәжікстанның кіруіне байланысты «төрттік» болды), кедендік одақ («төрттік» қосу Тәжікстан). Сонымен бірге ГУАМА аймақтық бірлестігі пайда болды. Оған Грузия, Украина, Әзірбайжан және Молдавия кіреді. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдеріс бірегей, біртекті экономикалық кеңістік, тауарлар, қызмет, жұмыс күшінің ортақ нарығын құруға алып келуі тиіс. Сол себептті де ынтымақтастық шеңберінде көп деңгейлі интеграциялық үлгіні іске асырудың жаңа тетігін әзірлеудің маңызы зор. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістің дамуы әлі баяу дамуда.
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі
мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі
мәселелер
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар мәселелерге тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Қазіргі кездегі көптеген қарама-қайшылықтарға қарамастан елдер арасында өзара түсіну мен ынтымақтастық бағыты өсіп келеді. Осыған байланысты ұлттық экономиканың үлгісін жасау барысында экономикалық және әлеуметтік қатынастарды бағалау сөз болып отыр. Әр түрлі елдер арасында "көзге көрінбейтін" экономикалық даму деңгейі басталды. Әрине, бүл өзгеріс өздігінен ешқандай себеп салдарсыз шешіле салады деу қиын; ол қарама-қайшылығы мол, күрделі қүбылыс.
Бұл қозғалысқа ықпал ететіндер:
Ең негізгі қауіп – экономикалық ұлтшылдықтың дамуы және діни фанатизм. Бұл жерде экономикалық артықшылықка ұмтылу еркін бәсеке күресіне негізделмей, бір нәсілдің екінші нәсілден, бір әлеуметтік-экономикалық жүйенің басқа әлеуметтік-экономикалық жүйеден артық саналуы және діни айырмашылықтардың ықпалының басым болуы меңзеліп отыр. Жалпы айтқанда, ХЭҚ-тың даму барысы бұл ойлардың дұрыс емес екенін айқындай түседі.
Ресейдегі дағдарыстың ізінше ТМД елдерінің валюталарына арақатынасына қарай теңгенің елеулі түрде нақты қымбаттауы 1998 жылдың аяғында ресей рубліне қатынасы бойынша 69%, ал ТМД елдерінің валюталарының арақатынасына қарай 61% құрайды. 1999 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша валюталык бағам деңгейін еркін нарық жағдайында анықтайтынын білдіреді. Яғни, валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуге тиіс. Валюталық бағамның деңгейін төлем балансының тұрақты міндетіне сәйкес деңгейге, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайға жеткізу қажет болғанда ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген Ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұруы үшін валюталық бағамды реттейді.[2; 5б.]
Экономиканың шикізаттық бағытта болуы салдарынан экспорттық валюта түсімінің көлемі шикізаттың әлемдік бағасының конъюнктурасына тым тәуелді және өте-мөте тұрақсыз, ал бұл төлемдік баланс жағдайына және ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына тікелей ықпал етеді.
Экономиканың долларлануының айтарлықтай деңгейде сақталуы ақша-несие саясатының тиімділігін төмендетеді, банк жүйесінің және экономиканың нақты секторының әлсіздігін арттырады, мемлекеттің кірісін азайтады.
Шетелдік инвестициялардың келуін ынталандыру саясаты отандық және шетелдік инвесторлардың теңсіз жағдайға қойылуына алып келді.
Капиталдың елден жылысуының жалғасуы Қазақстан экономикасын дамытуға теріс әсер етіп отыр.
Тартылатын шетелдік капитал көлемін арттыруға кедергі келтіретін бірқатар факторлар бар, олардың ішінен мыналарды атап керсетуге болады:
Бұдан басқа, мемлекет рөлінің әлсіздігі сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын теріс пайдаланудың таралуына, келісімшарт талаптарының орындалмауына мүмкіндіктер туғызды; санаткерлік меншік құқығын қорғау қамтамасыз етілмейді.
Қазіргі елдегі қаржы жүйесінің дамындағы мәселелердің туындалуы, ол мәселелердің барлығы ішкі және сыртқы саяси, экономикалық, қаржы факторларына байланысты болып отыр. Атап айтатын болсақ, әлемдік қаржы нарығындағы дағдарыстар, мұнай бағасының өсуі, ақшаның құсыздануынан, инфляцияның шарықтауы несие операцияларының дамуына кері әсерін тигізуде.
Қаржы жүйесі дамуының жеткіліксіз деңгейде болуы, ол экономиканы монетаризациялау деңгейінің салыстырмалы түрде төмен болуынан және қолма-қол ақша айналымы үлесінің жоғары болуынан көрінеді. Экономиканың шикізаттық бағытта болуы салдарынан экспорттық валюта түсімінің көлемі шикізаттың әлемдік бағасының конъюнктурасына тым тәуелді және өте-мөте тұрақсыз, ал бұл төлемдік баланс жағдайына және ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына тікелей ықпал етеді.
Экономиканың долларлануының айтарлықтай деңгейде сақталуы ақша-несие саясатының тиімділігін төмендетеді, банк жүйесінің және экономиканың нақты секторының әлсіздігін арттырады, мемлекеттің кірісін азайтады.
Дегенмен де, халықаралық
экономикалық қатынастардағы болып жатқан
мәселелерге қарамастан Қазақстанның
дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануы,
оның халықаралық экономикалық қатынастар
және халықаралық енбек бөлінісіне белсенді
қатысуы дамып келеді.
3.2 Қазақстан
Республикасының әлемдік
жетілдірудегі мемлекеттің саясаты
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық байланыстардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің сыртқы – экономикалық саясатының бағыттары ҚР Президентінің Жолдауларында, ҚР Үкіметінің «индустриялық – инновациялық дамуынының 2003-2015 жылдарға арналған» және «50 дамыған елдер қатарына ену» бағдарламаларында қарастырылған.
Елдiң
әлемдiк экономикаға өзара
Қазақстанның әлемдiк экономикаға трансформациясының аса маңызды шарты саудадағы әрiптес елдердi таңдауда икемдi саясат жүргiзу: үшiншi елдер арқылы транзиттi барынша азайту мақсатында Еуропа мен Азия елдерiнiң таяу рыноктарын неғұрлым толық пайдалануға, өңiрлiк одақтармен өзара iс-қимылды күшейтуге, еркiн сауда аймағының артықшылықтарын барынша пайдалануға бағытталған өткізу рыногын әртараптандыру болып табылады. Алдағы кезеңге арналған аса маңызды іс-шаралардың бiрқатары:
Әлемдік нарықты игеру үшін Қазақстан таңдаулы және кезекпен іске асырылатын саясат жүргізуі тиіс. Таңдаулылық өз басымдылықтарын нақты анықтаумен байланысты. Мысалы, ел ішінде еркін нарықтық экономика құру күш-жігері сыртқы ашықтықтан басым болуы керек. Өзінің халықшаруашылық кешенін сыртқы әлемге ашуда жоспарлы жалғастық қажет. Бұл жағдайда сыртқы ашықтық өзіндік мақсат болмауы тиіс, ол ел ішінде тиімді нарықтық тетіктерді қалыптастыруға жағдай туғызуы керек.
Дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялану стратегиясын әзірлегенде әлемдік тәжірибені есепке алу қажет. Дүниежүзілік экономикалық қоғамдастыққа кіру, онда өзінің орнын табу тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін оңай мәселе емес. Әлемдік шаруашылыққа интеграциялану жолында біздің еліміз үшін өте өзекті мәселе экономикалық қауіпсіздікті сақтау. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан экономикасына әлемдік шаруашылықтық конъюнктураның, әлемдік бәсекенің, республиканың экономикалық субъектілерінің дүниежүзілік нарықтағы тиімсіз әрекетінің тигізетін заладын мүмкіндігінше азайту болып саналады.
Республиканың дүниежүзілік экономикалық қоғамдастыққа интеграциялануы өте күрделі мәселе. Оны шешудің алғы шарты келесілер болуы мүмкін: