Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 07:23, реферат
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:
әлемдік экономикалық қатынастардың қалыптасу негізін зерттей отырып, әлемдік экономикалық қатынастардың құрылымы, қызметтерін көрсету;
әлемдік экономикалық қатынастардағы халықаралық экономикалық ұйымдардың роліне сипаттама беру;
Қазақстанның әлемдік – экономикалық қатынастарға ену жолдарын қарастыру.
Кіріспе.......................................................................................................................3-4
1. Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
1.1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары......5-7
1.2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы....................8-10
1.3 Әлемдік экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық
экономикалық ұйымдардың ролі...................................................................11-15
2. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі
және даму бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы
орны..................................................................................................................16-17
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны........18-20
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы............................................................................................21-23
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі
мәселелер........................................................................................................24-26
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын
жетілдірудегі мемлекеттің саясаты..............................................................27-29
Қорытынды.........................................................................................................30-31
Пайдаланған әдебиеттер........................................................................................32
Қосымша .................................................................................................................33
Жаңа маңызды фактор болып Солонник қаласындағы симпозиумда ЕЭК-ке мүше елдерінің белсенді топтарының қатысуы, оның проблемаларын жеке –дара талқылауға мүмкіндік берді.
Комиссияның қызметінің жаңа кезеңінің қалыптасуы оның жаңа бағыттарының көтерілуі, әр түрлі әлеуметтік жүйедегі елдердің, олардың арасындағы болашақтағы жаңа экономикалық өзара ықпал ету бағыттарының өсуі.
Халықаралық сауда – экономикалық сұрақтарды реттеуші ұйым – ЮНКТАД – тың негізгі қызмет ерекшеліктері.
ЮНКТАД көлемінде қарастырылатын негізгі тақырыптары, сондай-ақ секретариат қызметінің негізгі міндеті төмендегідей:
2. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі және
даму бағыттары
2.1 Қазақстан
Республикасының әлемдік экономикалық
қатынастардағы орны
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егемеңді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс еддерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалыкқ қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде. [7; 3б.]
Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізде шығарылған тауар мен толтыруды мақсат етеді.
Әлемдік экономикаға қарай интеграциялану, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын тығырықтан алып шығудағы жүзеге асырылатын басты міндеттердің бірі республиканың әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тезірек бірігуі болып отыр. Мұнда біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалап, әлемдік еңбек бөлінісінде өз орнымызды табуға және осы қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне байланысты болады. Осы күрделі міндеттерді орындау үшін бізде барлық қажетті алғы шарттар: орасан зор шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және маман кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды белсенді жүргізуге көмектесетін тұрақты қоғамдық – саяси жағдай сондай – ақ, Қазақстан басшылығының шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне деген берік сенімі мен осы бағытта қолданылып жатқан шаралар бар.
Қазақстан мемлекетаралық қатынастарға 1992 жылдан бері шығып келеді. Сол уақыттан бері 40-тан астам мемлекеттің іскер топтарының ресми адамдарымен және өкілдерімен келіссөздер болды. 20-дан аса сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылды.
Бүгінде республикада 160-тан астам шет ел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдардың өкілдерді тіркелді. Мысалы, АҚШ бізде өзінің 11, Жапония 9, Швейцария 8, Ұ Ұлыбритания 5 өкілдіктерін ашты. Бұл ретте Германия ең алдында келеді, оның 22 өкілдігі бар. [7; 4б.]
Сауда – экономикалық, ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар Германиямен, Қытаймен, Тұркиямен, Израильмен, Иранмен, франциямен, Үндістанмен және басқа да бірқатар елдермен табысты жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Егер тауар айналымы көлемі туралы айтсақ, онда оның ең үлкен үлесі 22% Қытайға келеді. Ал батыс жақтағы елдердегі Қазақстан экспорты үлесінің көлемі 60%-ке таяйды, соның ішінде Германияға 13,5%, Ұлыбританияға 11,6%, Швейцарияға 11%, Нидерландыға-4,7%, Австрияға 2,5% келеді.[1; 29б.]
Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез өсуде. Біздің серіктестеріміздің ішінде белгілі "Шеврон" мұнай – газ өндіретін компаниялары бар. Шетел капиталын тартпайынша осы заманғы экономиканы тез құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін емес. Сондықтан республикада шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін бірқатар заңдар қабылданды. Сырттан келетін капитал үшін Үндістанмен, Жапония және АҚШ – пен келіссөз жүргізілуде.
2.2 Қазақстанның
халықаралық экономикалық ұйымдарға
кіруі, орны
Егемендік алғаннан бері Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болып енуде.
Халықаралық экономикалық ұйымдардың қалыптасуы мен дамуы мемлекеттердің жақындасуы мен интеграциялануына негіз болып отыр. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді және осы бүкіләлемдік ұйымның 164 – ұлттық мүшесі болды.
Сонымен бірге Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті нығайту саласында мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр. Алматыда Азиядағы өзара байланыс және сенімділік шаралары бойынша Кеңесті дайындау үшін арнайы жұмысшы топтың екі мәжілісі болып өтті. Бұл мәжіліс жұмысына 20-ға жуық Азия елдерінің сарапшылары қатысты. Қазақстан өкілдерінің БҰҰ – ның көмекші органдарындағы жұмысы күн санап кеңеюде.
Соңғы жылдардың өзінде
БҰҰ-ның даму бағдарламасының қызметі Қазақстанда 1993 жылы басталды және ол ұлттық кадрларды дайындау ісіне жәрдемдесуге, сонымен бірге нарықтық реформаларды және экономиканың әр түрлі секторларындағы (ауыл шаруашылығы, ауыр өнеркәсіп, сауда және т.б.) қайта өзгертулерді жүргізуге Үкіметке консультативтік көмек көрсетуге бағытталған.
1994 жылдың қаңтарында Қазақстан Еуропалық экономикалық комиссияның мүшесі болды.
Қазіргі кезде Қазақстанның
Еуразиялық мемлекет аралық экономикалық қатынастар, 2000 жылдың 10 қазанында Кеден Одағы кұрамындағы Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның Мемлекетаралық кеңесінің отырысында жаңа халықаралық ұйым – еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕарАзЭС) кұрылды. Біртұтас экономикалық кеңестіктің инициаторы Қазақстан болды. Осындай одақ құру идеясын Қазақстан Республикасы Президенті 1994 жылы көтерген болатын.
Қазіргі кезде ұлттық заңдардың бір-біріне жақын келуі және унификациялануы, экономиканың құрылымдық қайта құрылуының келісім жүргізілуі, экономикалық өзара қарым – қатынастардың жаңа логикасы жүзеге асырылуда.
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы «еуразиялық бестіктің» халқы үшін жағымды нәтижелер әкеледі, өйткені қол қойылған құжатта ғылым мен білім саласындағы саясат пен заңының үйлесімдігі туралы арнайы бөлім бар.
Азия мен Тынық мұхитқа арналған БҰҰ – ның экономикалық және әлеуметтік Комиссиясын 1947 жылы ЭКОСОС құрды. Еуразия аймағының мемлекеті ретінде Қазақстан ЭСКАТО мүшесі болып табылады. [11; 122б.]
ЭСКАТО-мен бірлескен жобалардың бір қатарын Азиялық даму банкісі қаржыландырады. ЭСКАТО-ның эгидасымен Қазақстандық мамандардың қатысуымен көптеген Азия елдерінде конференциялар мен семинарлар жүруде.
1992 жылдан бастап Қазақстан Денсаулық қорғаудың бүкіләлемдік ұйымына, Бүкіләлемдік почталық Одаққа, Азаматтық авиациялық әлемдік ұйымына, интеллектуалдық меншіктің Бүкіләлемдік ұйымына, білім, ғылым мен мәдениет сұрақтары бойынша БҰҰ-ға (ЮНЕСКО), Халықаралық валюталық қорға, қайта құру мен дамудың Әлемдік банкісіне, Еуропалық банкке мүше болды.
Халықаралық қаржылық ұйымдар жөнінде айтар болсақ, 1992 жылы Қазақстан Халықаралық валюта қоры мен Әлемдік қайта құру және даму банкісіне мүше болды.
ХВҚ-ға және Бүкіләлемдік Банктің ұйымдарына кіру үшін қажетті жағдайларды жасау үшін 1992 жылдың маусымында Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қорға, Әлемдік қайта құру және даму қорына, Әлемдік даму корпорациясына, Әлемдік даму Ассоциациясына, «Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Әлемдік орталыққа мүшелігі» жөнінде арнайы Заң қабылданған еді.
1993 жылдан бастап Қазақстан үкіметі қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізуге және экономиканы түбегейлі қайта кұруға бағытталған ортақ экономикалық стратегияға сәйкес қызмет етеді.
ХВҚ-дан түсетін көмек 1993 жылы құрылымдық қайта құруды қаржыландыру механизмі бойынша заем түрінде және 1994 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың маусымында бекітілген екі Стенд-бай несиелері түрінде келіп түсті.
Қазіргі кезде ХВҚ-дан стенд – бай бағдарламасы бойынша З жыл мерзімге жаңа несие алу жағдайлары қарастырылып жатыр. Әлемдік қайта құру мен даму банкісі Қазақстанға көмек ретінде 7 бағдарлама бекітті.
Қазақстан 1994 жылы Азиялық даму банкісінің мүшесі болды. 1994 жылдың қазан айында 1994 – 1996 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметі және Азиялық даму банкісінің Миссиясы арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.
1999 жылы Қазақстанға 839 мың доллар сомасында гранттар мен техникалық көмек көрсетілді, олар кадрларды дайындау және менеджментті жақсарту саясатын, Алматының ауа бассейнінің экологиясын, банктік саясатты және т.б. қамтыды. 2004 жылы ауыл шаруашылығы бағдарламасы білім беру мен менеджментті реформалау саласына 80 млрд. доллар көлемінде несие беру жөніндегі келісімге қол қойылды. [9; 19б.]
1992
жылы Қазақстан Еуропалық банкке мүше
болды. Бұл банктің Қазақстанға қатысты
стратегиясы екі кезеңнен тұрады. Бастапқы
кезенде техникалық ынтымақтастыққа,
әсіресе ұйымдастырушылық құрылыс пен
кадрларды дайындау ісіне көңіл аударылады,
екінші кезеңде қаржы секторына, ауыл
шаруашылығына, энергетикаға, тау-кен
өнеркәсібі мен транспортқа нақты инвестицияларды
енгізу көзделген.
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы
Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттык өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Мысалы, 2008 жылы достастық елдерге экспорт 55% болса, импорт 74% болған екен. Демек, республика үшін негізгі серіктес болып ТМД елдері жатады, оньң ішінде біріншісі – Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын кұрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді.
Сондықтан Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда – саттық жасау пайдалы. 1997-ші жылы каңтар айында ТМД елдер үкімет басшыларының мәжілісінде интеграциялық даму бағдарламасының жобасы қаралды. [6, 45б.]
Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынандай принциптері қаралған: кеден кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – «микроденгейдегі интеграция» деген айдар тағылды. Шаруашылық субъектісінің әр түрлері осы аталған негізде «микродеңгейдегі интеграцияны» жүзеге асырады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір өткерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы – өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуда.
XX ғасырдың соңындағы басты уақиға социалистік экономикалық жүйенің және оның негізінде құрылған әлемдік экономикальқ қатынастар жүйесінің ыдырауы. 50 жыл қызмет істегеннен кейін 10 социалистік елді біріктірген, үш құрлықта орналасқан Өзара Көмек Кеңесі (ӨКК) ұйымы күйреді. ӨКК ыдырағаннан кейін, оның негізгі мүшелгрінің бірі КСРО да күйреді. 90-жылдары оның орнында бірнеше тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы өндіріс көлемінің біраз төмендігімен, жаңа пайда болған елдер арасында өндірістік – техникалық, ғылыми, мәдени байланыстардың қысқаруымен қатар жүрді. Егер ТМД елдеріндегі өндірістің жалпы төмендеуін 100% десек, оның 60 пайызы шаруашылықтық байланыстардың үзілуінен болып саналады.