Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 16:36, курсовая работа
Өз заманында қазақтың Ахаңы, Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік - қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді...» деп, ел аңсарын білдіріп кеткен екен. Шешендікпен айтылған билер сөзін ұмытпай, қай кезде болса да қастерлі мұрадай жадында сақтаған халық қазір де сот бейнесінде өз үкімімен қалталының емес, қарапайым адамның көкейіндегісін айтатын, шындықты ашып, жақсылықты жарыққа шығаратын әділет жоқшысын көргісі келеді, арман етеді.
І.Кіріспе
ІІ. Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуы
1) Аппеляциялық сот өндірісі
2) Кассациялық сот өндірісі
3) Аппеляциялық және кассациялық сот өндірісінің арақатынасы
ІІІ. Қорытынды
Кассациялық
инстанциялы соттың құзіретіне сот
отырыскерлерінің қатысуымен істерді
қарау кезінде шығарылған қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
соттардың күшіне енбеген үкімдері мен
қаулыларына,сондай ақ дәл осы абсолютті
соттың аппелляциялық инстанциясының
үкімдері мен қаулыларына қатысты кассациялық
шағымданулар мен қарсы шығулар бойынша
істерді қарау жатқызылған. Аппеляциялық
өндіріс те реформаланды: тараптар аппеляциялық
инстанция сотына ұсынуға немесе олардың
талап етілуі мен ұсынылуы туралы талаптануға
құқылы қосымша материалдардың тізбесі
кеңейтілді. Аппеляциялық инстанция сот
істі маңызына қарай қарау құқығына ие
болды.
Апелляциялық
және кассациялық тәртібінде бұзылған
үкімдер саны
Апелляциялық және кассациялық тәртібінде өзгерген үкімдер саны
4. Қорытынды
Сонымен, Әділсот билігін жүзеге асыруда таразы басын тең ұстап, адамдардың тағдырына асқан жауапкершілікпен қарау арқылы судьялар елімізде құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғам құру саясатының қаншалықты дәрежеде жүзеге асырылып жатқанын нақты көрсетіп отырады десек қателеспеймиз.«Адамзат үшін сот төрелігінен маңызды ештеңе жоқ, өйткені адамның құқығы мен заңды мүддесін және де басқа да субьектілерді қорғауда адамзат соттан басқа құралды әлі ойлап тапқан жоқ» деген Монтескьенің қанатты сөзі егеменді еліміздегі мемлекеттік биліктің бір тармағы болып саналатын сот саласына жүктелер міндеттің қаншалықты салмақты, қаншалықты жауапты екендігін айқын аңғартып тұрғандай.Бұл орайда халықтың сотқа деген сенімін нығайтып, оның жұмысында жариялылыққа кең жол ашып, ел азаматтарының сотқа деген көзқарасын зерттеп, біліп отырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі жетілдіріп,бір ізге түсіру үшін,біз білетіндей,жуырда бірқатар заң жобалары талқыланып қабылданған болатын.Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істердің қаралуының аппеляциялық, кассациялық және қағадалау ретін жетілдіру, сенімділік деңгейін арттыру және әділ сотқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары.Жаңа заң бойынша облыстық соттардың құрылымында екі инстанция: заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау жөніндегі аппеляциялық және заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау жөніндегі кассациялық сатылар құру болып табылады. Сондай-ақ тек кассациялық және аппеляциялық инстанцияларда қаралғаннан кейін ғана сот актілеріне шағымдану мүмкіндігі пайда болды.
Құқықтық
саясат тұжырымдамасының 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналып белгіленген
қағидаттарын жүзеге асыру – елімізде
сот жүйесін одан әрі дамыту деңгейін
жаңа сатыға көтеруге және азаматтардың
құқықтары мен заңды
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне істердің қаралуының аппеляциялық,
кассациялық және қағадалау ретін жетілдіру,
сенімділік деңгейін арттыру және әділ
сотқа қолжетімділікті қамтамасыз ету
мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы» заң
2.
2011 жылдың 9 айында Ақмола облысы
аудандық соттарымен азаматтық, қылмыстық
және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін
іске асыру туралы есеп беру
3.
Кассациялық сот алқасының 2011-жылдың 9
айында сот төрелігін жүзеге асыруда атқарған
жұмысы туралы есеп беру
4.
«Қазақстан Республикасының 2010 – 2020 жылдарға
арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы»
, 2009 жыл 24 тамыз
5.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық,
Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс
жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру
мәселелері жөнінде өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы »
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия
Ұлттық Университеті
Заң
факультеті
«Қылмыстық құқық пәндері» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Аппеляциялық
және кассациялық сот өндірісінің арақатынасы
Тексерген: Садыков Т.К.
Орындаған: Ққ-41к тобының студенті Дауренбекова М.Д.
Астана – 2011 ж.
Информация о работе Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуы