Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 16:36, курсовая работа

Описание работы

Өз заманында қазақтың Ахаңы, Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік - қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді...» деп, ел аңсарын білдіріп кеткен екен. Шешендікпен айтылған билер сөзін ұмытпай, қай кезде болса да қастерлі мұрадай жадында сақтаған халық қазір де сот бейнесінде өз үкімімен қалталының емес, қарапайым адамның көкейіндегісін айтатын, шындықты ашып, жақсылықты жарыққа шығаратын әділет жоқшысын көргісі келеді, арман етеді.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ. Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуы
1) Аппеляциялық сот өндірісі
2) Кассациялық сот өндірісі
3) Аппеляциялық және кассациялық сот өндірісінің арақатынасы
ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

аппеляциялық кассациялық сот.docx

— 361.11 Кб (Скачать)

     Жоспар: 
 

     І.Кіріспе 

     ІІ. Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуы

     1) Аппеляциялық сот өндірісі

     2) Кассациялық сот өндірісі

     3) Аппеляциялық және кассациялық сот өндірісінің арақатынасы 

     ІІІ. Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     І.Кіріспе

     Өз  заманында қазақтың Ахаңы, Ахмет  Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы  билік - қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді...» деп, ел аңсарын білдіріп кеткен екен. Шешендікпен  айтылған билер сөзін ұмытпай, қай  кезде болса да қастерлі мұрадай  жадында сақтаған халық қазір  де сот бейнесінде өз үкімімен қалталының емес, қарапайым адамның көкейіндегісін айтатын, шындықты ашып, жақсылықты жарыққа  шығаратын әділет жоқшысын көргісі  келеді, арман етеді. «Әділ және сатылмайтын  сот - демократиялық және құқықтық мемлекеттің  аса маңызды негізі» деп мәлімдеген Елбасы Н.Назарбаев елдің осы  сұранысын іске асыру үшін сот  жүйесінде түбегейлі жаңаруларды бастады.

     Жоғарғы сот төрағасы Б.Бекназаров сот құрылымының  қолданыстағы схемасының тиімді еместігін  мәлімдеді. Оның байламынша, Конституция  бойынша Жоғарғы сотқа жергілікті соттардың қызметін қадағалау бекітілген, ал оның орнына Жоғарғы сот нақты  сот істері бойынша қадағалауды  жүзеге асыруға мәжбүр. Ауыл-аймақтардағы соттардың әділ үкім шығарғандарына күмәнданған қазақстандықтар Жоғарғы  соттың табалдырығын тоздыруда екен. Осыған орай судьялар қоғамдастығының  жаңа жетекшісі облыстық соттарда екі  сот сатысын: адамдар әлі заңды  күшіне мінбеген шешімдер мен үкімдерге  шағымдана алулары үшін - аппеляциялық және ендігі заңды күшіне енген сот  актілерін қайта қарау үшін - кассациялық  инстанцияны құруды жөн көріп  отыр. Мұның сыртында Жоғарғы сот  «істерді бірінші сатылы соттарға қайта  қарауға жолдауға тыйым салуды»  ұсынуда. Сондай-ақ ол «аппеляциялық  сатыдағы сот шығарған актілердің жарияланған  күнінен бастап заңды күшіне мінуі  туралы заң» енгізуге ниетті.

     ІІ. Қазақстан Республикасы егемендігін жариялаған кезден бастап жүзеге асырыла бастаған саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер ұлттық құқықтық жүйенің, соның ішінде сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуына жол ашты. Сол жылдардан бастап сот саласында мемлекеттік биліктің өз алдына дербес бір тармағы – сот билігінің қалыптасуына жол салған түбегейлі өзгерістер жүзеге асты.

     Қазақстан өзін әлемдік құқықтық кеңістіктің  субъектісі ретінде орнықтыруы, халықаралық  экономикалық қатынастар жасауы, экономиканың жаңаша сипатының қалыптасуы сот  жүйесінің түбірімен өзгеруінің негізгі алғышарты болды.

     Бұл кезеңде сот жүйесінің заңнамасын негізінен КСРО Конституциясы, сот  құрылымы, судьялардың мәртебесі  туралы заңдар құрады. Осы заңдар бойынша  сот төрелігін жалпы юрисдикция соттары мен төрелік соттар атқарды. Кадрларды іріктеу және соттардың  жұмысын материалдық-қамтамасыз ету, сот төрелігін жүзеге асыру, сот  қаулыларын орындау жөніндегі көмекші  қызметтер, статистиканы қалыптастыру және басқа да мәселелер әділет органдарына  жүктелді.

     Жекелеген – санаттағы істерден басқа істер  бірінші сатыдағы сот – аудандық соттарда қаралды, олардың шешімдеріне  кассациялық тәртіппен облыстық соттың алқасына, ал қадағалау тәртібімен – облыстық соттың төралқасына, Жоғарғы  Соттың алқаларына, төралқасына немесе пленумына шағым беруге (наразылық  келтіруге) болатын еді.

     Тәуелсіздік жылдарында сот жүйесінің қалыптасуына жасалған талдау, оның қалыптасу серпіні  мемлекеттің құқықтық жүйесін дамытудың  негізгі бағыттарын айқындайтын  бағдарламалық құжаттардың қабылдануына байланысты болғанын көрсетеді. Әдетте мұндай құжаттарға мемлекеттік бағдарламалар, құқықтық саясат тұжырымдамалары жатады.

     Тұтастай  алғанда, егемен Қазақстанның сот жүйесін  дамытуды мынадай кезеңдерге бөліп  қарастыруға болады.

     1-кезең.  Қазақстан Республикасының 1993 жылғы  Конституциясының қабылдануы. Ол  сот билігінің ұйымдастырылуы  мен қызметінің негізгі қағидаларын  бекітіп берді. Осы Конституция бойынша Конституциялық сот, Жоғарғы Сот, Жоғары төрелік сот пен төменгі сатыдағы соттар сот төрелігі органдарына жатқызылды. Қандай да болмасын өзге органның немесе лауазымды тұлғаның сот билігі функцияларын өзіне алуға құқылы еместігі, соттар мен судьялардың мәртебесі конституциялық заңдармен белгіленетіндігі, нақтылы істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері жөнінде судьялардың есеп бермейтіндігі, судьяларға ешкімнің тиіспеуі және тағы басқа мәселелер атап көрсетілді. Негізінен 1993 жылғы Конституция құқықтық жүйенің қалыптасуына және қоғамда демократиялық үрдістердің дамуына маңызды ықпал етті.

     Конституцияның  қағидаларын іске асыру мақсатында 1994 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасындағы  құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Онда жас мемлекеттің жаңа қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономика­лық және халықаралық мәртебесіне анағұрлым толық сай келетін сот жүйесін одан әрі дамытудың басым бағыттары айқындалды. Бағдарламаның басты ұстаны­мы сот құрылысы мен сот ісін жүргізуді қайта құруға, материалдық және іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге негізделді.

     Сот ісін жүргізудің шын мәнінде жарыспалылығын орнықтыру, сотты дәлел­демелерді  жинау міндетінен босату, сот қызметінен айыптаушылық белгілерін алып тастау, соттарды бір жүйеге біріктіре отырып, барынша мамандандыру көз­делді. Халық заседательдері институтының таратылатыны, судьяларды конкурспен іріктеуге жол берілетіндігі белгіленді. Жоғарғы Сот бірыңғай сот жүйесіндегі жоғары сот сатысы деп танылды.

     2-кезең. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясы  судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз  етудің қажетті кепілдіктерінің  болуын қарастырды. Төрелік соттар жүйесі таратылып, олардың функциялары жалпы юрисдикция соттарына берілді.

     Ал  Қазақстан Республикасы Президентінің  “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы”  Конституциялық заң күші бар Жарлығы  соттар қызметінің негізгі қағидаларын, соның ішінде судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін айқындап берді. Бұл Жарлық еліміздегі сот  жүйесін реформалау мәселесіндегі көп жылғы пікірталастың қорытындысы іспеттес болды.

     Онда: судьяны құрметтемегені үшін жауапкершілік  енгізу, судьяларға ешкімнің тиіспеуі, судьялардың өкілеттіктерін тоқтата  тұрудың және тоқтатудың негіздерін орнықтыру, судьяның тәртіптік жауапкершілікке  тартылу жағдайларынан басқа  кезде мәні бойынша қаралған немесе өндірісінде тұрған істер бойынша  қандай да бір түсініктеме беруге міндетті еместігі, судьяға соттан тыс функциялар мен міндеттерді  жүктеуге тыйым салу қарастырылды. Судьялардың заң жүзінде осындай мәртебеге ие болуы олардың тәуелсіздігін нығайтып, беделін бекітті. Азаматтардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлес­тіктер мен лауазымды тұлғалардың заңға қайшы шешімдері мен іс-әрекеттерін сотта даулауға бет бұруы – сотқа деген сенімнің өсуін көрсетті. Жергілікті сот судьяларын ел Президентінің тағайындауы, Жоғарғы Соттың судьяларын Пар­ламент Сенатының сайлауы енгізілді. Тарихта алғаш рет судьялар тұрақты мерзім­ге тағайындалды, бұл олардың тәуелсіздігінің кепілдігін анағұрлым күшейтті. Сонымен қатар, әділетті де бұлжымас сот шешімдерін шығаратын білікті, тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыру тетігі жасалды.

     Сот жүйесінің одан әрі дамуы 2000 жылғы 25 желтоқсанда “Қазақстан Рес­публикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі  туралы” Конституциялық заңның қабылдануына орай жаңа қарқын алды. Конституциялық заң сот-құқықтық реформасының кезекті кезеңіне жол ашты. Заңда республикадағы сот құрылымы­ның принципті жаңа нормалары, соттардың қызметін ұйымдастыру тәртіптері белгіленді. Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалары біріктіріліп, әскери алқасы таратылды, мұның өзі іс жүргізу заңнамасында қарастырылғандай, сот ісін жүргізуді белгілі бір ізге түсіруге мүмкін­дік берді. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында сот жүйесі туралы Конституциялық заңның қабылданғанына 10 жыл толатынын да атап өткен жөн.

     Судьялардың тек сот төрелігін жүзеге асыруын, сотқа тән емес қызметтермен соттардың  айналыспауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің  “Қазақстан Республикасы сот жүйесінің  тәуелсіздігін күшейту жөніндегі  шаралар туралы” 2000 жылғы 12 қазандағы  Жарлығымен Жоғарғы Сот жанындағы  Сот әкімшілігі жөніндегі комитет (бұдан әрі – Комитет) құрылып, соттардың қызметін және атқарушылық  іс жүргізуді қамтамасыз ету функциялары  Әділет миинстрлігінен алынып, осы  Комитетке берілді.

     Комитет пен облыстардағы соттар әкімшілері ұйымдық, қаржылық және материалдық-техникалық функцияларды орындай отырып, жергілікті соттардың жергілікті атқарушы билік  органдарынан тәуелсіздігін қамтамасыз етті.

     3-кезең. 2002 жылы сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған мемлекеттік Құ­қықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдамада сот жүйесін жетіл­дірудің, судьялардың тәуелсіздігін нығайтудың негізгі критерийлері тағы да айқындалды.

     Сот жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында экономикалық, әкімшілік, ювеналдық (кәмелетке  толмағандар ісі бойынша) және басқа  да арнаулы соттар институтын дамыту мәселесін қарастыру, сондай-ақ азаматтық-құқықтық дауларды шешудің балама әдістерін, мысалы, аралық соттардың қызметін заңмен реттеу, оларды халықаралық  стандарттарға жақындата отырып, қарастыру көзделді.

     Аталған тұжырымдамаға сәйкес, Президенттің Жарлықтарымен маманданды­рылған  ауданаралық экономикалық және әкімшілік  соттар, Алматы қаласында ма­мандандырылған  қаржылық сот және Астана және Алматы қалаларында кәме­летке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды. Жалпы  алғанда, соттарды мамандандыру азаматтардың құқықтарын қорғау шегін кеңейтуге  мүмкіндік берді.

     Сот жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерге орай, сот ісін жүргізудің де заңнамалық тұғыры жасалды. 2006 жылғы 16 қаңтарда “Алқабилер туралы” және “Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу  мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы” заңдар қабылданып, аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істерді  қарауға алқабилердің қатысуы қарастырылды.

     Сонымен қатар, азаматтық құқықтық қатынастардан  туындайтын дауларды шешудің баламалы әдістерін енгізу мақсатында 2004 жылғы 28 желтоқсанда “Аралық соттар туралы”  және “Халықаралық коммерциялық төрелік  туралы” заңдар қабылданды. Бұл заңдар дауларды соттан тыс шешу тәртібін қарастырады.

     4-кезең. 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан  Республикасының Конституциясына  түзетулер енгізудің нәтижесінде  Қазақстанның сот жүйесі азаматтардың  құ­қықтарын қорғаудың қуатты  тетігіне, соның ішінде қамауға алуға соттың санкция беру құқығына ие болды. Сот жүйесінің жұмысын және сот төрелігін іске асыруды реттейтін жаңа заңдар топтамасы қабылданды.

     “Қылмыстық  іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңымен Қылмыстық іс жүргізу  кодексіне өзгерістер енгізіліп, қамауға  алуды санкциялауды соттың ерекше құзырына беру қарастырылды.

     “Қазақстан  Республикасының Қылмыстық кодексіне  және Қылмыстық іс жүргізу кодексіне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес, өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, ол тек адамдардың қаза болуына ұштасқан террорлық қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса  ауыр қылмыстар үшін қолданы­латын  болып шектелді.

     Анықтау мен алдын ала тергеудің сот  пен прокуратурадан бөлінуін қарастыратын конституциялық норманың алынып тасталуы тергеу іс-әрекеттерін және азамат­тардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін жедел – із­дестіру шараларын санкциялауды соттардың құзыретіне беру жолымен қыл­мыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысында сот бақылауының шегін кеңейтуге мүмкіндік берді.

     “Қазақстан  Республикасының сот жүйесі мен  судьяларының мәртебесі туралы”  Конституциялық заңға 2008 жылғы 17 қарашада өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі  республиканың сот жүйесі үшін маңызды  оқиға болды. Осы заң сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесінің негізін қалады. Сонымен қатар, 2009 жылғы 10 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданып, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесі іске қосылды. Осы заңға сәйкес, аудандық сот – бірінші сатыдағы сот, облыстық сот – апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот, Жоғарғы Сот – тек қадағалау сатысының соты ретінде жұмыс істей бастады. Өзге де бірқатар оң өзгерістер жасалды.

Информация о работе Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуы