Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:42, реферат
Бізге белгілі адам қоғамдық ұдайы өндіріске қатыса отырып өзі үшін белгілі бір материалдық құндылықтар жасап шығарады. Сондықтан меншікті біріншіден экономикалық санат ретінде қарастыру қажет. Бірақ жасалған материалдық құндылықтарға индивидтердің қатынасы әртүрлі. Ұдайы өндірістің мәні материалдық құндылықтарды жасап шығаруда, жоғарыда атап өткендей олар меншіктеледі не меншікке айналдырылады. Кез келген материалдық құндылықтар оларды ары қарай меншіктену мақсатымен жасалады, бұл өз
Кіріспе
1.Халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қалыптасуы және дамуы
2. Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
1.Халықаралық
құқық пен Қазақстан
2. Сыбайлас
жемқорлық қарым-
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектiлiгi. Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін жүйесіз мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі де осында.
Зерттеудің нысаны. Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.
Зерттеу материалдары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін Г.А. Сатаров, П.А.Кабанов, М.Л. Цирик, М.И. Лёвин, Н.А. Морозов, И.И.Сулима, Г.В. Игнатенко, Ю.А.Кузнецов, А.В.Хомутова және де басқа ғалымдар зерттеді.
Жұмыстың зерттеу әдiсi. Жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеуге арналғандықтан, сыбайлас жемқорлық факторларын белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, талдау әдісі, осы құбылыстың себептерін анықтау, ерекшелігін нақтылау үшін салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи, бақылау әдiстері қолданылды.
Халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қалыптасуы және дамуы.
Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан1. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек).2 Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:
Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады.
- мемлекеттік
немесе қоғамдық мүліктерді
- мемлекеттік
қызметкерлердің әрекетінде
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы». 4
Енді бір анықтама 1999 жылғы «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: «Сыбайлас жемқорлыққа – мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады.5
Кейбір
ғалымдардың пікірінше осы
М.О. Нәукенов: «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.6
А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды.7
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».8
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес». 9
Қазіргі
отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас
жемқорлық - (латын тілінен «соrruptio»
- пара беріп сатып алу, құқық бұзу,
құлдырау деген мағынаны білдіреді)
деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің,
лауазымды тұлғалардың
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы. 10
Жоғарыда
келтірілген анықтамаларды
- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;
- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет
қазіргі құқықтық дәстүрлер
- жемқорлық
ұғымы қазіргі қоғамдағы
Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.
2. белгілі
бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс
өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік
қызметшіге көп жағдайда
Сыбайлас
жемқорлықтың түрлері мен типологиясын
қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық
субъектілерінің қызметтік
Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы(1-Кесте)
Сыбайлас жемқорлық |
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері |
Қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдаланушы субъект |
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық Саяси сыбайлас жемқорлық |
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың бастамашысы |
Мекемені басқарушы тұлға Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады. |
Пара беруші субъект |
Жеке адам парасы (кез келген азамат) Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар) Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар) |
Параның түрі |
Ақшалай пара; Қызмет көрсету |
Пара берушінің пара беру мақсаты |
Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс) Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады) «Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс» ) |
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың орталықтандырылу дәрежесі |
Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез келген адам өз бетінше әрекет етеді). Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі) |
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың таратылу деңгейі |
Биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және ортанғы сатыларында) Биліктің жоғарғы сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер және саяси қайраткерлер) Халықаралық
сыбайлас жемқорлық |
Сыбайлас жемқорлықтық байланыстардың жиілігі |
Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық ) |
Көне
заман тарихына көз жүгіртетін болсақ,
алғашқы және ерте таптық қоғамдарда
абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына
олардың көрсеткен көмегі, қызметі
үшін төлемақы беру әдеттегідей норма
болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде
тұрған басшылар қарамағындағы төменгі
шендегі қызметкерлердің
Антик қоғамы
(көне грек қала-мемлекеттер, республикалық
Рим) тарихының ерте заманында кәсіби
мемлекеттік шенеуніктер
Сыбайлас
жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең
өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен
ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан,
іс-шараларды мемлекеттік
Информация о работе Халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы