Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 09:23, реферат
Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығының Ерекше бөлімі «Жеке адамға қарсы қылмыстар» тарауымен басталады. Осы арқылы заң шығарушы Қазақстан республикасында адам және азаматтың мәртебесінің жоғары дәрежеде қорғалатындығын атап өтеді.
Жеке адамға қарсы қылмыстар деп адамның өмірі мен денсаулығына, оның жыныстық еркіндігі мен жыныстың қол сұғылмаушылығына, жеке басының бостандығына, ар-намысына нұқсан келтіретін қоғамға қауіпті іс-әрекеттер танылады. Осы тектес іс-әрекеттердің жасалуы салдарынан адамға елеулі зиян келтіріледі немесе оның келірілу қаупі тудырылады.