Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 17:55, дипломная работа
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі.Ағылшын және қазақ тіліндегі ғылыми энциклопедиялар, мақал-мәтелдерге байланысты әдістемелік құралдар, түсіндірме сөздіктер.
Зерттеу жұмысның әдістері. Зерттеу барысында негізінен құрылымдық, семантикалық, компоненттік талдау, салғастырмалы және сипаттама талдау әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының орындалған орны. Зерттеу жұмысы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің шетел тілдер кафедрасында орындалды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................
I. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі...............................................
1.2 Ағылшын мақал-мәтелдерінің зерттелуі.................................................
1.3 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары
II. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН АУДАРУДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР..................................................................................
2.1 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің классификациясы....................
2.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен ұқсастықтары..................................................
2.3 Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал-мәтелдерді аудару тәсілдері............
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................
ҚОСЫМША.........................................................................................................
«Man is the head, but woman turns it» (Еркек – бас, әйел - мойын).
«Man get wealth, and woman keep it» (Еркек табыс табады, әйел оны ұстайды).
Салыстыра қарастырғанда, халықтар менталитетіндегі ортақ көзқарас, өзара сәйкес ұғым-түсінік, біркелкі ұстаным байқалады.
Жаман әйел жақсы еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді,
Жақсы әйел жаман еркектің көрдегі басын төрге сүйрейді.
Жоғарыдағы "алған әйелің жақсы болса, елге сыйлы етер" деген ұғымды білдіретін қазақ мақалында айтылар ой төр мен көрді салыстыру арқылы жеткізілген. Қазақ халқының когнитивгік санасында "төр" — тек қазақ үшін ең қастерлі, сыйлы орын.
Зерттеу барысында ағылшын және қазақ қоғамдастығында әйелдер дәрежесін ер адамдардан сәл төмендетіп көрсететін стеореотиптің, пайымдаудың орын алғандығын білдіретін ММ-дердің жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшын тілінде«The death of wives and the life of sheep make her husband rich»(c.ca.: әйелінің өлімі мен қойдың өмірі ер адамды бай етеді); «Women have no souls»(c.c.a.: әйелдердің жаны жоқ),қазақ тіліндегі "Башпал жүйрік парқы жоқ, қатын шешен, нарқы жоқ", "Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа" мақал-мәтелдері белгілі бір заман кезеңіндегі әйел адам дәрежесінің көрсеткіші іспеттес. Көне заманнан қалыптасқан қазақтың ата дәстүріндей Англияда да орта ғасырларда балаларының үйлену, тұрмыс құру тәрізді мәселелерін ата-анасы шешетін, себебі текті жердің қызына үйлену, ұлына тұрмысқа шығу арқылы материалдық жағдайын түзеп, қоғамдағы алатын орнын жақсартуға мүмкіндіктер туындайтын. Жоғарыдағы "The death of wives and the life of sheeps makes her husband rich" мақалы өз заманындағы материалдық, рухани дүниенің тілдік бейнесі болып табылады, яғни көне дәстүрдің тілдегі көрінісі іспеттес.
Сондай-ақ, 1918 жылдан бастап жасы отыздан асқан әйелдердің кейбіріне сайлауда дауыс беруге құқық берілді және ағылшын әйелдерінің басым көпшілігі үй шаруасымен айналысты немесе жұмысшы, қатардағы қызметкер болды. Жоғары лауазымды қызметкер әйелдердің саусақпен санарлықтай болуы және оның биік дәрежеге көтерілуініңқисықсыз өрескел болып танылуы "Women in state affaire are like monkeys in glass shops" (c.c.a.: Үкімет басындағы әйелдер айна сататын дүкендегі маймылдарға ұқсайды) бейнелі тұрақты орамнан айқын көрінеді.
Байырғы
ағылшын қоғамдастығында
Сонымен, гендер категориясына қатысты тұп тамыры теренде жатқан тілдік орамдар екі тілде де молынан ұшырасады. Олар — белгілі бір лингвомәдени қоғамдастықта қалыптасқан дүниенің тілдік белгісі болып табылады. Дүниенің тілдік көрінісі адам-тіл-мәдениет-өркениет жиынтығын зерделеу арқылы айқындала түседі.
Уақыт өлшеміне қатысты мақал-мәтелдердің лингвистикалық уәжі. Бұл тақырыптық топтағы бейнелі орамдар уақыттың көз ілеспес жылдамдығын, оны босқа өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы іске арнауды уағыздайды. Мысалы, "Time is money" (c.c.a.: Уақыт — ақша); "Уақыт — білгенге қазына, білмегенге — быламық", "Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық". Туыс емес екі тілдің бірліктері уақытты ұғымды пайдаланып, тынбай еңбек етсең, мол қазынаға кенелесің деген ұғымды білдіреді. Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің казіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Theophrastus) жазбаларымен ұштастырады.
"There is a time for everything' (c.c.a.: Әрнәрсеніңөзуақытыбар). Қазақшабаламасы:
Сабақтыинесәтімен. БұлағылшынмақалықасиеттікітапІ
Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық "Тәрбие басы — тіл", орны мен орайын тауып қолданса,сөзден, яғни тілден асқан ғажап сиқырлы күш жоқ деп білген халық ұрпағын ойланып, дұрыс сөйлеуге баулыған. Зерттеу барысында тілге, сөзге қатысты мақал-мәтелдердің екі тілде де жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы:
Good words cost nothing and are worth much;
Жылы-жылысөйлесең, Жыланініненшығады.
Қатты-қатты сөйлесең, Пышақ қынынан шығады; Екі тілге қатысты орамдардың жеткізер ойы бір, яғни адам жанын жадыратар жақсы сөздің құндылығы. Ағылшын мақалында тек жылы сөздің мәні айтылса, қазақ мақалдары қатты сөздің адам жанына әсерін қоса жеткізеді. Бір ауыз қатты сөзді қолға ірген тікенге теңей келіп, сол бір ауыз қатты сөзден пышақ қынынан шығатынын, үлкен дау туатынын ескертеді.
Осы жерде айта кететін жайт, ағылшын мен қазақ мақал-мәтелдерінде айтылатын ойдың кейде орайлас келмей, қарама-қайшы түсетін тұстары да кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде: "Stiks and stones may break my bones, but words will never hurt me" (c.c a. Таяқ пен тастар менің сүйегімді сындыруы мүмкін, бірақ сөз мені жаралай алмайды) десе, қазақ мақалы керісінше "Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді",— деген пікірді қалыптастырады.
Еңбекке қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты бір бөлігі — еңбек жайлы мақал-мәтелдер. Мұның сыры еңбектің тіршіліктің негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі болғандығында болса керек. Мысалы,
«Iске уақыт, ермекке сағат»
«Business before pleasure.
«Еңбек түбі – қуаныш.»
«The end crowns the work»
«Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла»
«After dinner comes the reconing»
«Тамшы тама берсе тас жарады»
«Little strokes fell great oaks»
«Еңбек етсең – емерсің»
«Little strokes fell great cars»
«No pains, no gains»
«Еңбексіз өнбек жоқ»
«Little strokes fell great darks»
«Еңбек етсең емерсің»
«A tree is known by its fruit»
«Еңбегіңе қарай өнбегі».Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпақсыз еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады.
Қонаққақатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Қонақжайлық - қазақ ұлтының сүтімен еніп, сүйегіне сіңген ұлы дәстүрдің бірі. Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялысы А.Янушкеевич "Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін аралап шығар едім",- деп қазақ халқының қонақжайлылығын риза көңілмен бағалаған екен. Қонаққа конақ болу үшін оның таныс болуы, міндес, тендес болуы шарт емес, қонақасыны "бөлінбеген еншім" деп тануының өзі кеңінен таралып, дәстүрге айналған халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда, A constant guest is never welcome. Бір күнгі қонақ — күт, Екі күнгі қонақ- жұт тәрізді тұрақты тұлғалар жиі келген келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді. Екі ел мақал-мәтелдерін талдап-тарату барысында алыс жатқан, салт-санасы, әдет-ғұрпы, тілі-діні әрбасқахалықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы мен өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп жататындығы анықталды. Мұның сыры өмірдің өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге түйген ойында, өмірден алған тәжірибесінде жатса керек.
Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі.Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, " Take care of pence and the pounds will take care of themselves" (c.c.a.: Пәнстіүнемдепұстасаң, фунтөз-өзінүнемдейді). Теңгетиыннанөсер, Жылқықұлыннанөсер; Берекебіртиыннан.
Ағылшындар фунт пэнстен құралады десе, қазақтар теңгенің тиыннан өсетінін ескертеді. Әр елде ақша өлшемі ретінде қабылданған ұлттық валютаның атауы әр түрлі болатыны белгілі. Теңге, тиын - қазақ елінің ақша эквиваленті. Сонау VI-VIII ғасырларда ру-ұлыс нышандары айшықталған теңгелердің қолданыста болғаны, Отырар, Тараз қалаларында теңгелер шығарған ұстақаналар жөнінде тарихи деректер бар.
Өнер-білімге қатысты ММ-дің этнолингвистикалық уәжі. Бұл топтағы ММ жас ұрпақты білім алып, өмірдің, қоғамның сан алуан тылсым сырларын ашуға, тануға жетелейді. Оқы, үйрен, оқудың ерте-кеші жоқ деп ақыл айта келіп, жас ұрпақты өнер-білім алуға үндейді. Мысалы: «Knowledge is power» ( Білім-күш); «Оқу білім бұлағы, білім-өмір шырағы».Ағылшын мақалы білімді күшке теңесе, қазақ мақалы білімді жанып тұрған өмір шырағына, ырыстың қазығына теңейді.
Өмір мен өлімге байланысты ММ-дің этнолингвистикалық уәжі. Бұл топтағы ММ өмірдің адамға бір-ақ рет берілетінін ескерте келіп, қамшының сабындай қысқа өмірді мәнді де сәнді өткізуге, аруақтарды сыйлауға, қадірлеуге шақырады. Мысалы: «Speak well of the dead», (Өлгендер жайлы жақсы айт); «Өлі разы болмай, жарлы байымас».
Табиғатқа, жан-жануарларға қатысты ММ-дің этнолингвистикалық уәжі.Ағылшын тілі ММ-нің алтын қорынан ауа райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты ММ-ді жиі кездестіруге болады.
Шаруаның негізгі тіршілік көзі ауылшаруашылығы болғандықтан, ауа райына тікелей тәуелді. Алар астығының мөлшері мол, баққан малының күйлі, тұрмысы түзу болуын қалаған шаруа ауа райының жанға жайлы, шаруашылыққа қолайлы болғанын тілемей, оған мазасындана алаңдамай, ауар райын ауызға алмай тұра алмайды. Осы жағдай сан ғасыр өтіп, заман өзгеріп, ел эканомикасы қарыштап дамығанымен, ағылшын халқының өзіне тән, қанына сіңген әдет-ғұрпының біріне айналғанға ұқсайды. Мысалы: «If it does rain on St. Michael and Gallus, the following spring will be dry and propitious».(Қасиетті Майкл мен Галлус күні жаңбыр жауса, келер көктемде ауа райы құрғақ және шаруашылыққа қолайлы болады).
Аспандағы құбылыстарды зерттеу арқылы ауа райын болжайтын да жағдайлар кездесіп қалатын. Мысалы: «Red sky at night, Shepherd’s delight; Red sky in the morning, Shepherd’s warning» (Түнгі қызыл аспан – шопанның қуанышы, таңғы қызыл аспан – шопан уайымы)[16,198].
Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі.Ағылшын және казақ тілдеріңде наным-сенімге байланысты макал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі "Gоd һеlрs tһоsе who һеlр tһеmself" (с.с.а.: Өзіне өзі көмектескендерге құдай да жәрдемдеседі) тіркесінің шығу төркінің біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған "Геракл және күймеші" атты Эзоптың (Аезор) аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпаққа батып тұрып қалған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шақырады. Адамның бұл қылығына катты ашуланған Геракл: "күйменің доңғалағының артына иығыңды тіреп итер де, өгізіңді алға айда" дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Мысалы, Дж.Барэт (Іоһn Ваrеі) "Аn Аtуеаrіе" (1580) атты еңбегінде: "Gоd helps thоsе іn tһеіr аnаіrе, which arе іndustrious" (с.с.а.: Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе, Дж. Херберт (G. Herbert) "Jасulа Рtudеntum" деген шығармасында "Неlр tһуsеlf, аnd Gоt willһеlр tһее" (с.с.а.: Өзіңе өзің көмектес, сонда сондай да жәрдем береді) деп, сәл түрлендіре қолданған. Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие "Got һеlр thоsе, wһо һеlр tһеmsеlf" мақалы алғаш рет 1736 жылы Б.Франклиннің (В. Ғrаnкlіn) "Рооr Rісһаrd's Аlmаnаск" атта еңбегінде қолданылды.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан ие, Aлла тағалаға қатысты ММ-дерді салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталды. ММ-дер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының, ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады[17,77].Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvеr" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды.
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар - Н.Н. Амосова, А.М. Бабкин, В.П. Жухов, М. Нагиев,
М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н.Н. Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір ұсынады.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Осыкелтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлғатұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Мақал-мәтелдер
– ауыз халық шығармашылығының кең
таралған жанры. Мақал-мәтелдердің
пайда болуының уақыты белгісіз, бірақ
бірі дұрыс: мақалдар да, мәтелдер де көне
заманда пайда болған, содан бері
тарихының бүкіл бойында