Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 17:55, дипломная работа
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі.Ағылшын және қазақ тіліндегі ғылыми энциклопедиялар, мақал-мәтелдерге байланысты әдістемелік құралдар, түсіндірме сөздіктер.
Зерттеу жұмысның әдістері. Зерттеу барысында негізінен құрылымдық, семантикалық, компоненттік талдау, салғастырмалы және сипаттама талдау әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының орындалған орны. Зерттеу жұмысы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің шетел тілдер кафедрасында орындалды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................
I. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі...............................................
1.2 Ағылшын мақал-мәтелдерінің зерттелуі.................................................
1.3 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары
II. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН АУДАРУДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР..................................................................................
2.1 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің классификациясы....................
2.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен ұқсастықтары..................................................
2.3 Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал-мәтелдерді аудару тәсілдері............
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................
ҚОСЫМША.........................................................................................................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
I. ҚАЗАҚ
ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
II. қазақ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН мақал-мӘтелдерін аударудағы тілдік
ерекшеліктер..................
2.1 Қазақ
және ағылшын мақал-
2.2 Қазақ және
ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің
құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері
мен ұқсастықтары..................
2.3 Қазақ
тілінен ағылшын тіліне мақал-
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
ҚОСЫМША.......................
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардыңқай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, казақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың баска тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері тұрғысынан А. Байтұрсынов,I. Кеңесбаев, P. Сәрсенбаев, Б. Адамбаев, Ә.Қайдар, С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Ғабдуллин, Ғ. Тұрабаева, салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан А. Нұрмаханов, Э.Мұқышева, А. Донбаева, Д. Бегалықызының т.б. жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В. В. Виноградов, Н. Н. Амосова, М. Т. Тагаев, Н. М. Шанский, Г. Л. Пермяков, Л.А. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар — Н.Барли, А. Дундэс, А.Крикман, М. Куузи, Г.Мильнер, А. Тэйлер, Г.Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылықка алынды.
Ағылшын
тілінің фразеологиясына
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар - Н.Н. Амосова, А.М. Бабкин, В.П. Жухов, М. Нагиев, М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н.Н. Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір ұсынады.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдартарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Осыкелтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлғатұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді[2, 43].
Ұлттық болмысымызды танытатын бай мұраларымыздың бірі -мақал-мәтелдерді (бұдан былай қысқарған түрде ММ-дер) жан-жақты зерттеп, танып-білуге, олардың мән-маңызын бағалауға бағытталған терең зерттеулердің өзектілігі даусыз. Ұлтымыздың мәдени дүниесін танытатын ММ-дердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрде жаңа бағаттағы зерттеу жұмысын жүргізудің қажеттігі қазіргі тандағы тіл ғылымының мақсат-мұраты — тілдік құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де кешенді үрдісті дамытумен тығыз байланысты. Осымен байланысты тіл білімінің тылсым құпиясы басқа да ғылым салаларымен (антропология, психология, философия, логика, мифология, этнография т.б.) тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, діл мен дін сияқты ұғымдарды тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын тілдің өзінің ішкі зандылықтары негізінде ғана танып-білу жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Мысалы, когнитивтік лингвистикада тіл мен таным бірлікте қаралады. Яғни,тіл мен таным сабақтастығы адамға қатысты біртұтастыққа алынады. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылым саласының зерттеу әдістері мен құралдарының бір мәселе үстінде тоғысуына әкеледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі қатысымда қолданылу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, қазақ - ағылшын қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер — фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебін тілдік фразеологиялық, паремеологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жететүсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару әр түрлі клеңсіз жағдайларға, сәтсіздіктерге ұшыратуы әбден мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдің тіларалық семантикасын салғастыра зерттеу барысында ондағы жалпы азаматтық, жалпы халықтық мәнділіктер мен заңдылықтар және этностық ерекшеліктерді, сондай-ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындауда өзекті мәселелер қатарына жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты — қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің структуралық семантикалыққұрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін айқындау негізгі мақсат болып табылады.
Сонымен бірге ММ-дердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау -жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:
- ММ-дердің қазақ және ағылшын тіл біліміндегі зерттелу жайын сипаттау;
- фразеологиялық
тіркестер мен мақал-
- мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;
- ММ-дер мен нақыл сөздердің арақатысын айқындау;
-ММ-дердің логика-семиотикалық құрылымын сипаттау;
- ММ-дердің жасалуындағы этнолингвистикалық уәждерді, көрсету;
- ММ-дердің құрылымдық -тұрпаттық межесіне байланысты бір(таңды, қос тағанды ММ-дердің құрылымдық сипатын бір құрамды және қос құрамды жай сөйлем негізіңде талдау;
- зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;
- этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;
- мақал-мәтелдерді
топтастыру принциптерін
- қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастықтар мен айырма белгілерді және талдау;
Зерттеу нысаны. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі салғастырмалы түрде қаралатын мақал-мәтелдер.
Зерттеудің пәні.Қазақ және ағылшын тілдеріндегі салғастырмалы түрде қаралатын мақал-мәтелдердің құрылымдық, және мағыналық ерекшеліктері және оларды аудару жолдары.
Жұмыстың ғылыми жаналығы мен нәтижелері. Тілдік құрылымы жағынан әртектес тілдер топтарына жататын қазақ-ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер салғастырмалы негізде алғаш рет арнайы зерттеліп, олардың қолданыс аясы, тақырыптық топтары айқындалды. Туыс емес екі тіл тұрақты бірліктерінің мазмұн-межесі бір-бірімен салғастырыла зерттелді.
Мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасуы тұрғысынан өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілді; тіл-тілдің көркем бейнелер жүйесінде орын алатын сәйкестіктері анықталды. Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әрбасқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге этнолингвистикалық талдау жасалынды.
Зерттеудің теориялық мәні.Дипл
Зерттеудің практикалық
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі.Ағылшын және қазақ тіліндегі ғылыми энциклопедиялар, мақал-мәтелдерге байланысты әдістемелік құралдар, түсіндірме сөздіктер.
Зерттеу жұмысның әдістері. Зерттеу барысында негізінен құрылымдық, семантикалық, компоненттік талдау, салғастырмалы және сипаттама талдау әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының орындалған орны. Зерттеу жұмысы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің шетел тілдер кафедрасында орындалды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫА
Тілдегі қалыптасқан тіркестер, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер жиынтығы белгілі бір ұлттың өмірі мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен санасын таныс емес басқа ұлт өкіліне таныстырып, хабардар етуде септігін тигізеді.
Мақал-мәтелдер
арқылы біз тұтас бір үлттың
өзіндік ерекшеліктерін, сол ұлт
өкілдеріне ғана тән
Қазақ тіліндегі
мақал-мәтелдердің туу дәуірін
нақты болжап айту мүмкін емес.
Олардың басым көпшілігі