Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 19:46, реферат
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Қылмыстық
сататистика мәліметтері
П
К= ––– • 100000,
Н
Бұл жердегі К – қылмыстылық коффициенті, П – қылмыстың саны, Н – тұрғын халықтың саны (жаппай немесе 14 жасқа дейінгілер және одан жоғары).
Коффициенттер әкімшілік-аумақтық бірлігі мен халқының саны әртүрлі жерлердегі, сондай-ақ әртүрлі кезеңдеңдегі қылмыстылық көрінісін және ондағы өгерістерді салыстыруға жағдай туғызады. Сонымен бірге, қылмыстылықтың деңгейін нақытырақ анықтау үшін барлық халықты санамай-ақ, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартыладыау деген белгілі бір жастағы адамдар тобын ғана алуға болады.
Қылмыстылықтың құрылымы оның ішкі мазмұнын ашады, қылмыстық-құқықтық, криминологиялық, әлеуметтік-демографиялық және басқа түрлі топтық белгілермен көрінетін белгілі бір аумақта белгілі бір кезең ішінде жасалған қылмыстар мен жекелеген қылмыс түрлерінің арасындағы арақатынасты бейнелейді. Басқаша айтқанда, қылмыстылық құрылымы – оның құрылысы мен мазмұны. Қылмыстылықтың құрылымына қарап, онымен күрестің «басты соққысының» бағыт-бағдарын белгілеуге болады.
Құрылым көрсеткіштері қылмыстылықтың түрі деп аталатын белгілі бір қылмыстың (қылмыскердің) үлес салмағын анықтайды.
Қылмыстылықтың құрылымын анықтаудың негізгі бірнеше жолдары бар. Біріншіден, қылмыстылыққа кеңістік-уақыттық құрылым тән. Қылмыстылықты құрайтын іс-әрекеттер қалай дегенмен белгілі бір кеңістікте және белігілі бір уақытта (мысалы, тәуліктің мезгілі, аптаның күні және басқа) жасалады. Екіншіден, қылмыстылықтың құрылымын іс-әрекеттердің қауіптілігінің әрқилы дәрежесін негізге ала отырып ашуға болады. Осыған байланысты қылмыстылықтың – аса ауыр қылмыс, ауыр қылмыс, орташа ауырлықтағы қылмыс, онша ауыр емес қылмыс сияқты элементтерін айырып көрсету негізге алынады. Үшіншіден, қылмыстылық құрылымында қылмыстық қол сұғу объектісі мен кінәлінің жасалған әрекетке психикалық қатысы сияқты маңызды қылмыстық-құқықтық белгілерін қарастыруға болады. Қылмыстылық құрылымы өзінің көлемі жағынан конститиуциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыс, меншікке қарсы, адамға қарсы қылмыс түрлері жиынтығымен көрінеді. Психикалық қатыстылығы жағынан қылмыстылықтың қасақаналықпен және абайсыздықпен жасалған қылмыс деген екі құрылымдық элементі (түрі) орын алады. Төртіншіден, қылмыстылық -лементтерін кінәлі адамның белгілері бойынша айыруға болады. Мұндай белгілердің қатарына қылмыскердің жынысы, жасы, бұрын сотталғандығы, қылмысты бірінші рет және бірнеше қайталап жасауы, әлеуметтік жағдайы және басқалар жатады.
Ішкі істер органдарының алдын алу жұмыстары тұрғысынан алғанда қылмыстылықтың құрылымдық -лементтерін әлеуметтік өмірде, тұрмыста, демалыс кезінде, өндірістік қызметте жасалған қылмыстар бойынша айыру ерекше орын алады.
Қылмыстылықтың
сипаты аса қауіпті деген қылмыстардың
санымен және қылмысты жасаған адамның
мінез-құлық сипатымен
Қылмыстылықтың жай-күйі, деңгейі, құрылымы қозғалыспен талдануға тиіс. Қылмыстылықтың қозғалысы – бұл белгілі бір уақыт ішіндегі өзгеріс барысы, оның айырылмас қасиеті. Қылмыстылық қозғалысы белгілі бір уақыт ішіндегі қылмыстылықтың өзгеруімен өлшенеді. Ол төмендегідей үш факторға байланысты:
Кейінгі кездері көбінесе, қылмыстылықпен күрес жолында мемлекет пен қоғамға материалдық немесе басқа да шығын келтіретін (қылмыстың бағасы деп аталатын) қылмыстың көлемі мен сипатын есепке алу жөніндегі ой-пікірлер жиі айтылып жүр. Өкінішке орай, қылмыстылықты шын мәнінде нақты да толығымен өлшеп-пішудің әдістемесі әзірше жоқ.
Қылмыстылықтың дәлме-дәл нақты көрсеткіштері, оларды талдау мен жүргізе білу ішкі істер органдарының іс-тәжірибесі үшін, талдау жұмыстары мен басқару және шұғыл шешім қабылдау үшін өте қажет-ақ.
Виктимологиялық
талдаусыз қылмыстылықтың сандық-сапалық
көрсеткіштерін толық деп айту қиын.
Көптеген қылмыстар белгілі бір
дәрежеде жәбірленушінің өзінің тәртіп-әрекетіне
байланысты болатындығы белгілі. Виктимологиялық
көзқарас көп ретте қылмыстың құрбаны
кім (полиция, ҰҚК қызметкері) болатындығын
зертейді.
Жасырын
қылмыстылық
Статистика нақты қылмыстылық туралы толық мәліметтер келтіреді, өйткені оның көлеңкесінде осы әлеуметтік құбылыстың жасырын жағына қатысы бар кейбір қылмыстар тіркелуге ілікпей қалып, жасырын қылмыстарды құрайды.
Жасырын қылмыстылық – бұл нақты бір жерде және уақытта әшкереленбей немесе қылмыстық статистикаға тіркелмей қалған қылмыстар мен оларды жасаушы адамдардың жиынтығы.
Қылымыстылықтың осы бөлігімен күрестің теориясы мен тәжірибесі үшін оларды жіктеудің ерекше мәні бар. Өздерінің жасырындылығына қарай жасырын қылмыстылықты негізгі 4 топқа бөлуге болады.
1. Жасырындылығының дәрежесі жоғары қылмыстар: пара алу мен беру және оған делдалдық жасау; тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдау; есіртікілік заттарды заңсыз дайындау, өткізу, сатып алу; соққыға жығу, азаптау, қорлау, жала жабу; көлік құралдарын, машиналар мен механизмдерді бас пайдасы үшін пайдалану және басқалар.
2. Жасырындылығының дәрежесі орташа қылмыстар: зорлау, әйелді жыныстық қатынасқа түсуге еріксіз көндіру, жекенің мүлкін ұрлау, бұзақылық, қордалар ұстау, жеңгетайлық және өзге де қылмыстар.
3. Жасырындылығының дәрежесі бірқалыпты қылмыстар: ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін ұрлау, алсаяқтық, анасының қасақана жас нәрестесін өлтіруі, мерез ауруларын тарату, жас толмағанмен некеге отыру, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту және басқалары.
4. Жасырындылығының дәрежесі төмен қылмыстар: бандитизм, қасақана кісі өлтіру, сотталған адамның қамаудан қашуы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; оқ-дәрі ұрлау және басқалар.
Жасырын
қылмыстылықтың басты қауіптілігі
оның қоғам тарапынан қарсы әрекет
көрмей, жазаға тартылмай қалуында,
мұның өзі қылмыстардың қайтадан
немесе жалғаса жасалуына жағдай туғызады.
Құқықтық
статистика
Кез келген мемлекеттің үкіметі өз еліндегі елеулі қоғамдық құбылыстарды есепке алып, олардың нақты нәтижелерін біліп отыруға мүдделі. Себебі, қоғамның дамуы сондай құбылыстардың сандық көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты болады. Ондай қызметті іске асыру үшін мемлекет статистиканың көмегіне сүйенеді. Сонысына қарай статистика мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде қаралады және қоғамның сан салалы болуына байланысты солар бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
Қоғам назар аударуға тиісті салалардың бірі – бұл заңдармен қорғалатын қаты-настардың жай-күйі. Өйткені, мемлекет пен қоғам үшін аса қажетті болып саналатын әртүрлі қоғамдық қатынастарға кейбір адамдар тарапынан қарсы іс-әрекеттер жасалады. Түрлі құқық бұзу әрекеттеріне (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық) және олардың деңгейлеріне қатысты жан-жақты сандық мәліметтер дайындаудың қажеттілігі осыдан туындайды. Құқықтық статистика – қоғамның жақсы жақтарының дамуымен қатар оның жағымсыз тұстарының да көрсеткіштерін береді, мемлекет осындай айқын мәліметтерге сүйене отырып, тиісті шаралар қолданады.
Статистика
қазіргі кезде екі түрлі мағы-
Мемлекет
пен қоғамды құрайтын маңызды
салалар ретінде елдің
Құқық салалары заңмен реттелетін және заң қызметінің нысаны ретінде танылатын іс-әрекеттерге немесе қоғамдық қатынастардың жүйелеріне қарай бөлінеді. Мемлекет қоғамдағы заңмен реттелетін әрекеттерді анықтай отырып, оларды бақылауға алып, есебін жүргізеді. Сол есептің көрсеткіштеріне қарай мемлекет қоғамдық өмірдің тиісті салалары бойынша бағдарламалар, жоспарлар дайындайды. Құқықтық статистиканың мемлекеттік қызметтің бір түріне жататындығын осыдан көруге болады. Елімізде құқықтық статистика қызметі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жұмыс істейді. Бұл құжатта құқықтық статистика саласына қатысты барлық мәселелер ескерілген. Құқықтың түрлі салалары заңмен рет-телетін қоғамдық қатынастардың сан алуан болуына және қылмыстық әрекеттердің қоғамға қауіптік дәрежесі мен сипаттарына байланысты өмір сүреді. Қамтитын құбылыстарына және құқық нормаларының қолдауын іске асыратын органдардың қызметіне қарай құқықтық статистиканың үш саласын айтуға болады. Олар – қылмыстық құқықтық, әкімшілік құқықтық және азаматтық құқықтық статистикалар. Аталған құқықтық статистика салаларының әрқайсысы кешенді сала болып табылады. Яғни, олар заңды бұзу әрекеттеріне байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастарды қамтиды. Сонымен қатар жоғарыда келтірілген құқықтық статистика салалары тек заңсыз әрекеттерді ғана емес, құқық бұзушылықтың мемлекеттік органдарда тізбектеліп қарастырылуына байланысты өзге де құқық салаларын қамтиды.
Еліміздің
2007-2008 жылғы қылмыс статистикасы
"Біздегі мәліметтерге қарағанда, елімізде жасалынып жатқан тонау мен ұрлықтың жартысы, әр бесінші қарақшылық, әр төртінші бұзақылық пен әр тоғызыншы кісі өлтірушілік ашылмайды. Іздеу мен тергеуді ұйымдастырудың нашарлығынан 233 кісі өлтіруші, 150 қарақшы және 99 тонаушы бостандықта жүр, 2 028 қылмыстық іс тоқтатылған",- деді Бас прокурор орынбасары.
"Елімізде
тіркелген қылмыстар саны 2007 жылмен салыстырғанда
2008 жылы - 0,5 пайызға төмендеді. Статистика
бойынша барлығы 127 478 қылмыс тіркелді",-
деді ол. Сонымен қатар, жалпықылмыстық
әрекеттер саны 1,5 пайызға төмендеді (108
836 дейін), бірақ ауыр және өте ауыр қылмыстар
саны өскен. Қылмыстарды ашу- 63,4 пайыздан
64,2 пайызға дейін аздап өсті.
Алматы қаласы мен Алматы облысы, сонымен
қатар Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен
Павлодар аймақтары ашылған қылмыстар
бойынша ең төмен көрсеткіш көрсетіп отыр.
Көрсеткіштерді көтеру мақсатында құқық
қорғау органдары күмәнді қылмыстарды
есепке алудан жасыру фактілеріне жол
береді. Сондықтан прокурорлардың алдына
мұндай жағдайды алдын алу міндеті қатаң
қойылды. Прокурорлық тексеру қорытындысы
бойынша 2008 жылы 3 839 жасырылған қылмыс
анықталды және есепке қойылды, олардың
3 353 ішкі істер, 273 - қаржы полициясы органдарында.
Қылмыстық қудалау органдары өз көрсеткіштерін көтеруге ұмтылып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын әлгі күнге дейін бұзуда. Өткен жылы 40 мың тексеру қорытындысы бойынша қамауға алу негізі болмағандықтан уақытша ұстау қамағынан 1 317 адам босатылды, сонымен қатар прокурорлар полиция органдарының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұстағалған 850 адамды босатты. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактісі бойынша құқыққорғау қызметкерлеріне қатысты 44 қылмыстық іс қозғалып, бүгінде оның 24-і сотқа жіберілді.
Жедел-іздестіру қызметі заңдылығын қадағалау арнайы жедел-іздестіру шараларды жүргізу заңдылығын тексеруге, жедел-іздестіру шараларды жүргізу нәтижесінде алынған жеке адамның өмірі туралы мәліметтерді есепке алу, сақтау және жою жөніндегі заңдылық талаптарды сақтауға бағытталған. Прокурорлар 2008 жылы жедел-іздестіру шараларды жасау кезінде арнайы техникалық құралдарды заңсыз қолданудың 47 фактісін анықтады бұл 2007 жылға қарағанда 21 фактіге артық. Азаматтардың жеке өміріне заңдылық негізсіз араласу барлық аймақтарда орын алды. Сонымен бірге, жасалынатын қылмысқа қатысы жоқ адамдардың жеке өмірі туралы заңсыз мәліметтер жинау жөнінде де көптеген фактілер анықталды.
Адамдардың
құқықтарын бұзудың барлық фактілері
бойынша тиісті ұсыныс енгізілді. Оларды
қарастыру қорытындысы бойынша ІІМ, ҰҚК
және қаржы полициясы органдарының бірқатар
лауазымды адамдары жазаланды.
Сонымен қатар, өткен жылы прокурорлар
заңсыз жедел-іздестіру шараларды жүргізуді
тоқтату туралы 300 қаулы енгізді, 10 заңсыз
арнайы жедел-іздестіру шарасы анықталды,
492 арнайы шара жүргізу қаулысына санкция
берілмеді. Сөйтіп прокурорлар жүздеген
адамның жеке өміріне заңсыз араласуды
тоқтатты. Прокуратура органдары уәкілетті
органдарының жедел-іздестіру шараларының
заңдылығы мен тиімділігі жағдайына барлығы
4,5 мың тексеру жүргізді, тәртіптік өндіріс
қозғау туралы 2 мыңнан астам ұсыныс пен
қаулы енгізді. Олар бойынша құқыққорғау
органдарында 2 535 лауазымды адам жауапкершілікке
тартылды. 2008 жылы Республиканың соты
57 934 адамға қатысты 47 246 қылмыстық істі
қарады, барлық істер бойынша прокурорлардың
қатысуы қамтамасыз етілген. Сонымен бірге,
прокурорлардың аппеляциялық және қадағалау
тәртібінде 2 226 адамға қатысты сот үкімдеріне
наразылық келтірілді және тоқтатылды.
2008 жылы прокурорлардың наразылығы бойынша
32 адамға қатысты заңсыз және негізсіз
ақтау үкімдері жойылды. 19 адамға қатысты
ақтау үкімі аппеляциялық наразылық беру
сатысында. 41 адамға қатысты ақтау үкімдері
заңды күшіне енді.
2008 жылы сот 67 істі алқалы соттың қатысуымен
қарады. Сондай-ақ, 17 іс бойынша 34 сотталушы
істі алқалы соттың қарауы туралы берген
өтініштерінен бас тартты. Сонымен қатар,
өткен жылы Республиканың соты 282 467 азаматтық
іс қарады, 2007 жылға қарағанда 57 218 іске
артық. Алайда прокурорлық наразылығы
бойынша аппеляциялық тәртібінде - 1 112,
қадағалау тәртібінде - 419 сот шешімі тоқтатылды.
Қадағалау инстанцияның соты Бас прокуратураның
123 наразылығын қарады, оның 70-і қанағаттандырылды.
Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер
бойынша сот төрелігін тағайындау кезінде
жіберілген барлық заң бұзушылықтар бойынша
прокуратура органдары тиісті шаралар
қабылдады. 2008 жылы Республиканың прокуратура
органдары қылмыстық-атқару жүйесінде
2 563 тексеру жүргізді, тексеру барысында
4 250 заң бұзушылық фактісі анықталды, оның
890 фактісі сотталған және тергеу кезінде
қамауға алынғандардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарына қатысты.