Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 19:46, реферат
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым
министрлігі Ш. Есенов атындағы Каспий
мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті
«Экономика
және құқық институты»
«Құқықтану»
кафедрасы
Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырыбы:
Қ. Р-ғы қылмыстылық және оның себептері
Ақтау 2011
«Қылмыс»
ұғымы және оның белгілері
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады». Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік. Олар:
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
2. Қылмыс
– бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол
қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян
келтіруге нақты қауіп төндіреді.
3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады.
Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның
әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық
деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды
қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі
адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе
абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы
мүмкін.
5. Жазалану.
Егер әрекет жазаланбайтын
Қылмыстың жіктелуі
Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астамØ мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмыс құрамы турлы түсінік және оның түрлері. Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.
Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады. Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.
Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.
Қылмыс объектісі – бұл
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.
Қылмыс субъектісі. Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:
а) жеке
адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана
адам өлтіру, денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіру не денсаулыққа
қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру,
зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы
күш қолдану, адамды ұрау;
ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері:
ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық,
автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын
ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана
жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын
мән – жайлар;
б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық
тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі:
терроризм, адамды кепілге алу, терроризм
актісі туралы көрінеу жалған хабарлау,
қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен
жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу,
ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық,
тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне
олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын
немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа
келтіру және т.б.
Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам
қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа
дейінгі жас балалар қ қылмыстық жауапкершілікке
тартылмайды.
Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не
әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі
мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне
басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады.
Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде
болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің
уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе
өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан
өзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің)
іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін
ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған
адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі
дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола
алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке
тартылмайды.
Қылымыстылық – бұл өзінің бойына белгілі бір қоғамда белгілі бір кезеңде жасалған, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштермен (жай-күйі, деңгейі; қозғалысы, құрылымы, сипаты және басқалары) сиаптталатын барлық қылмыстардың жиынтығын шоғырландырған әлеуметтік-құқықтық құбылыс.
Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болды. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеуметтік үрдіс болып табылады.
Таяудағы
уақытқа дейін арнаулы
Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын құрамайды дейтін болсақ, оның «дербестігі» өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.
Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық – жалпыәлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты заңды құбылыс, сонымен қатар жекелеген қылмыстар белгілібір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.
Қылмыстылықтың дербестігі оны құрайтын жекелген қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ оның қоғамға кауіптілігінен байқалады. Н. Ф. Кузнецованың «қоғамға қауптілік» белгісінің «қылмыстылық» ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды. Қоғамға қауіптілік – осы құбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік «қосындысына» қосылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек; әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты қылмыстылық та әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі мынада, бұл құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын тежейді және оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық тудырады.
Кейбір ғалымдар қылмыс пен қылмыстылыққа сапасы жағынан әрқилы құбылыс деп қарау жөнінде пікір айтады. Мұндай тұжырыммен келісуге болмайды, өйткені мұндай ойлар қылмыс пен қылмыстылықтың арасындағы байланыстарды үзіп оны жоққа шығарады және осы ұғымдарды абстрактілі теорияға айналдырға итермелейді.
Қылмыстылықтың мәнін жекелеген қылмыстардың жиынтығы арқылы ғана танып-білуге де болмайды. -кономика, идеология, мәдениет, әлеуметтік психология және сол сияқты салалардың қайшылықтарынан туындайтын әлеуметтік шындықтың басқа да құбылыстарын ескеру қажет. Тоқ етерін айтқанда, қылмыссыз қылмыстылық болады деп ой тұжырымдауға мүлдем болмайды (А. Б. Сахаров, Д. Блувштейн, А. М. Яковлев).
Қылмыстылықтың келесідей тектік белгілерін бөліп көрсетуге болады: тарихи өтпелі және құбылмалы сипаты, антогонистік таптардың болуы, әлеуметтік-құқытық табиғаты.
Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заңда осы әлеуметтік себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалайда қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба) мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды.
Қылмыстылық
анықтамасында көрсетілген
Криминология
ғылымы кейбір ғалымдардың құқықтық
және морал,дық нормаларға қайшы
келетін қылмыстылық ұғымына
көрінген қылық-әрекеттерді тықпалайтын
тұжырымдарын жоққа шығарады. Көрініп
тұрғанындай, «қылмыстылық» ұғымы мұқият
зерттеу мен зерделі көзқарасты талап
етеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы
құқықтық реформасының Мемлекеттік бағдарламасында
осы құбылыстың анықтамасын қазіргі жағдайға
лайықтап белгілеу қажеттігі де айтылған.
Қылмыстылықтың
сандық және сапалық
сипаттамасы
Қылмыстылықтың сандық және сапалық қасиетермен сипатталады. Қылмыстылықтың сандық көрсеткіштері деңгейі мен қозғалысы (динамикасы) болып табылса, сапалығы – оның құрылымы болып табылады. Бұл көрсеткіштер бір-біріне байланысты әрі бір біріне бағынышты. Осылардың біреуі өзгерсе жалпы қылмыстылықты тұтастай өзгеріске ұшыратады. Қылмыстылықтың бәріне бірдей сипаттама – олардың жай-күйі. Қылмыстылықтың жай-күйі – бұл белгілі бір аумақта, белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың сандық көрсеткіші.
Қылмыстылықтың нақты жай-күйі көп жағдайда мәлім бола бермейді, өйткені қылмастардың біраз бөлігі көбінесе тіркелмей қалады. Қылмыстылықтың мұндай көлеңкеде қалып қоятын жай-күйі шетелдік криминологтар үшін оны «күңгірт есеп» деп атауына негіз болды. Қылмыстылықтың есепке, яғни тіркеуге енгізілмей қалған бөліктері латентті, яғни жасырын қылмыстылық деп аталатын болды.