Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:31, реферат
Қазақстан экономикасын көтеру, сондай-ақ халықтың басым бөлiгiнiң өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ұмтылысы республикада тұрғын үй құрылысының өзектiлігіне себепшi болды. Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыру орта мерзiмдi перспективада тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты талап етедi.
Жоспар
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй саясатын жүргізу мәселелері
а) Тұрғын үй қатынасын реттеудегі мемлекеттің рөлі
б) Тұрғын үй формалары, кондоминиум
в) бюджеттік мемекмелердегі қызмет ететін қызметкерлер тобына мемлекет тарапынан жеңілдіктер
Қолданылған әдебиеттер
Әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтардың пайдалануына берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердiң құқықтық режимi белгіленген.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлетiн тұрғын үйдi жалдаушының тұрғын үй иесiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ретпен және шарттармен жекешелендiруiне болады.
Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын және кейiннен мемлекеттiк немесе әскери қызметке, бюджеттiк ұйымдарға жұмысқа тұрған немесе мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқарған азаматқа пайдалануға берiлген тұрғын үй оның және отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң тiлек бiлдiруi бойынша беріледі.
Бағдарламаны iске асыру мақсатында мемлекет орта топ үшін құны 1 шаршы метр үшін 350 АҚШ долларынан аспайтын арзан және қолжетiмдi тұрғын үйлердi (бұдан әрi - қол жетiмдi тұрғын үй) салу арқылы азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайтын болады.
Қолжетiмдi тұрғын үй Индустрия және сауда министрлiгiмен келiсiлген жобалар бойынша салынады және белгілi бiр техникалық және бағалық параметрлерi болады, соның iшiнде:
3 бөлмелi пәтердiң орташа алаңы - 80 шаршы метр;
бiр шаршы метрдiң құны - республика бойынша орта есеппен 350 АҚШ долларынан спайды.
Көрсетілген тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысының құнын төмендетуге бағытталған шаралар әзiрленетiн болады.
Тұрғын үй құрылысы процесiнде қамтамасыз ететiн iс-шаралардың белгілi бiр кешенiн жүргiзу қажет.
Бұл үшін жергілiкті атқарушы органдар (бұдан әрi - ЖАО):
жоспарланатын тұрғын үй құрылысын ескере отырып, облыс орталықтары құрылысының бас жоспарларын әзiрлейтiн болады;
жоспарланатын болашақ құрылысқа әзiрленiп жатқан бас жоспарлар шеңберiнде инженерлiк коммуникациялар желілерiне қосуды ескере отырып, жер учаскелерiн бөледi. Бұл ретте таңдау өлшемдерi мыналардың бар-жоғы болып табылады: желiлер мен инженерлiк және қалаiшiлiк көлiктiк қамтамасыз ету коммуникациялары (орталық жылу беру, су құбыры мен кәрiз, телефондандыру, электрлендiру, газбен қамтамасыз ету, көше-жол желiлерi), мектептер, бала бақшалар, дҮкендер, дәрiханалар мен басқа да инфрақұрылым объектiлерi;
сәулет-жоспарлау мiндеттерiнiң параметрлерiн, өңiрлiк ерекшелiктердi, үдемелi (мейлiнше арзан) материалдарды өңiрлiк құрылыс индустриясының мүмкiндiктерiмен және перспективаларымен тығыз байланысты пайдалануды ескере отырып, таңдауды жүзеге асыратын болады;
2005-2007 жылдардағы тұрғын үй құрылысы жөнiндегi жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу бойынша конкурстық рәсiмдер өткiзетiн болады;
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекiтілген жоба бойынша тұрғын үйдiң құрылысын тiкелей жүзеге асыратын мердiгер ұйымды таңдауды жүзеге асырады. Бұл ретте жергілiктi шикiзат ресурстары мен құрылыс индустриясының дамыған базасы жоқ өңiрлерде конкурстарға қатысу үшін шетелдiк құрылыс компаниялары белсендi түрде тартылатын болады.
ЖАО-дағы тұрғын үй құрылысы үшін белгіленген тәртiппен 2005-2007 жылдары тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 126 млрд. теңге, соның iшiнде 2007 жылы бұрын - 2005 жылы бөлiнген кредиттік қаражаттарды өтеу есебiнен қайта инвестициялауға 42 млрд. теңге сомасында сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша кредит бөлiнедi.
Индустрия және сауда министрлiгi облыстардың, Астана, Алматы қалаларының 2005-2007 жылдарда кредиттерге қажеттiлiгiн анықтайтын, соған сәйкес тиiстi жылға арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеген кезде қажеттi қаражатты айқындайтын құжат әзiрлейтiн болады.
Қаражатты қайтару Қаржы министрлiгi мен ЖАО арасындағы Кредиттік келiсiмге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
ЖАО құрылыс, магистралдық және кварталiшiлiк инженерлiк-коммуникациялық желілердi кеңейту (қайта жаңарту), тұрғын үй құрылысы кезiнде құрылыс нормалары мен нормативтерiнiң сақталуына мониторингтi және сәулет-құрылыс қадағалауын жүзеге асыратын болады.
Құрылыс аяқталғаннан кейiн қолжетімдi тұрғын үйдi қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.
1. Егемен Қазақстан” 2005 жылғы 22 қараша № 259
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
3. Қазақстан Респбликасының үй қатынасы туралы заңы.-Алматы, Жеті Жарғы, 2003ж.
4. ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері.-Алматы,2003ж.
3