Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:31, реферат
Қазақстан экономикасын көтеру, сондай-ақ халықтың басым бөлiгiнiң өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ұмтылысы республикада тұрғын үй құрылысының өзектiлігіне себепшi болды. Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыру орта мерзiмдi перспективада тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты талап етедi.
Жоспар
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй саясатын жүргізу мәселелері
а) Тұрғын үй қатынасын реттеудегі мемлекеттің рөлі
б) Тұрғын үй формалары, кондоминиум
в) бюджеттік мемекмелердегі қызмет ететін қызметкерлер тобына мемлекет тарапынан жеңілдіктер
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй саясатын жүргізу мәселелері
а) Тұрғын үй қатынасын реттеудегі мемлекеттің рөлі
б) Тұрғын үй формалары, кондоминиум
в) бюджеттік мемекмелердегі қызмет ететін қызметкерлер тобына мемлекет тарапынан жеңілдіктер
Қазақстан Республикасының тұрғын үй саясатын жүргізу мәселелері
а) Тұрғын үй қатынасын реттеудегі мемлекеттің рөлі
Қазақстан экономикасын көтеру, сондай-ақ халықтың басым бөлiгiнiң өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ұмтылысы республикада тұрғын үй құрылысының өзектiлігіне себепшi болды. Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыру орта мерзiмдi перспективада тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты талап етедi.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарлама) негізгi бағыттары тұрғын үйдiң құнын арзандату арқылы халықтың қалың жiгi үшiн қолжетiмдi тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, тұрғын үйге кредит беру мерзiмдерiн ұзарту, кредит берудiң бастапқы жарнасы мен ставкаларын азайту болып табылады.
Қарашаның 22-сінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының 2005 жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының бірінші сатысының және Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының орындалу барысын қараған кеңейтілген Үкімет отырысы болып өтті.
Біз тұрғын үй құрылысының жоспарланған көлемінен асып түстік, деп атап өтті Президент. Республика бойынша барлығы 30 мыңға жуық пәтер салынып, пайдалануға берілді. Бұл — ТМД бойынша ең жоғары көрсеткіш. Осы жылдың он айы ішінде республикадағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 587 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылғыдан 40 пайызға жоғары. Құрылыс саласында 409 мың адам еңбек етуде. Сонымен бірге, жұмыстардың 1 пайызға жетер-жетпесі ғана мемлекеттік кәсіпорындар үлесіне тиіп отыр. Бұл жеке сектордың республикадағы құрылыс ісінде басымдыққа ие болып отырғанын көрсетеді
Президент тұрғын үй құрылысында орын алып отырған проблеманы да нақты көрсетіп берді. Ол – инженерлік-коммуникциялық желілер тартылған жер учаскелерінің тапшылығы. Бұл жеке меншік тұрғын үй құрылысын дамытуға және жеке сектордың көп қабатты үйлер салуына кедергі келтіріп отыр деді.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:
1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;
2) тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;
3) тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;
4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;
5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледi.
Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi заңдармен реттеледi.
Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерiнде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру заңдарымен реттеледi.
Азамат немесе заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады.
Бiр азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiндегi тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне шек қойылмайды.
Тұрғын үйге меншiк құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Республикасының өзге заңдармен реттеледi.
б) Тұрғын үй формалары, кондоминиум
Кондоминиум дегеніміз –үй жайды, жеке тұлға мемлекеттің тікелей меншігінде (жеке-дара) болу.
Үй-жайлардың екi және одан да көп меншiк иелерiне тиесiлi тұрғын үйлерде меншiктiң ерекше нысаны - кондоминиум құрылады.
Үй-жай меншiк иелерiнiң әрқайсысы өзiне бөлек (жеке-дара) меншiк құқығы бойынша тиесiлi үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқылы.
Үйдiң бөлек (өзiндiк) меншiкке жатпайтын бөлiктерi (кiреберiс, баспалдақтар, лифтiлер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлiк жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесi, оның iшiнде көрiктендiру элементтерi және ортақтасып пайдаланылатын басқа да мүлiктер) үй-жай меншiк иелерiне ортақ меншiк құқығы бойынша тиесiлi болады.
Тұрғын үй iргесiндегi жер учаскесi де үй-жай меншiк иелерiне жердi ортақтасып пайдалану құқығы бойынша тиесiлi болуы мүмкiн.
Үй-жайдың әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi (ортақ меншiктегi) үлесi оған тиесiлi үй-жайға бөлек (өзiндiк) меншiктен бөлiнбейдi. Үлестiң мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзiндiк) меншiктегi тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкiл үйдiң жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай үлестi заттай бөлiп беруге болмайды.
Егер үй-жай кондоминиум объектiсiне жапсарлас салынса немесе одан бөлiнсе, ортақ мүлiктегi үлес мөлшерi қайта есептеледi.
Үй-жайға (үй-жайларға) меншiк құқығының басқа адамға ауысуы ортақ мүлiктегi тиiстi үлестiң сатып алушыға ауысуына әкеп соғады.
Үй-жай меншiк иелерiнiң ортақ мүлiктегi өз үлесiн өзiне бөлек меншiк құқығымен тиесiлi үй-жайдан жеке бөлiп алуға құқығы жоқ.
Кондоминиум тұрғын үйдегi барлық үй-жайлар мен ортақ мүлiкке меншiк құқығы бiр меншiк иесiне (жеке, заңды тұлғаға, мемлекетке) ауысқан кезде немесе жер учаскесi мемлекеттiк қажеттер үшiн алынған (сатып алынған) немесе төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйдiң көп бөлiгi бүлiнген (қираған) жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.
Кондоминиум объектiсi жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлеге құқықты тiркеу туралы заңдарға сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс.
Кондоминиум объектiсiн үй-жайлардың иелерi немесе олар уәкiлдiк берген адамдар тiркетуге тиiс. Осылай тiркелгенге дейiн кондоминиумға не кондоминиум объектiсiн басқаратын органға қатысушылардың ортақ меншiкке байланысты мәмiлелерi заң күшiне ие болмайды.
Көп пәтерлi тұрғын үйдi не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендiру кезiнде кондоминиум объектiсiн бастапқы тiркеу iсiн жекешелендiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган жүргiзуге тиiс.
Бөлек (өзiндiк) меншiктегi үй-жайға билiк ету құқығы бойынша мәмiлелердi тiркеу кезiнде, сондай-ақ үй-жайдың шегi және бүкiл кондоминиум өзгерген жағдайда кондоминиум объектiсiн тiркеу құжаттарына тиiстi толықтырулар және (немесе) өзгерiстер енгiзiледi.
Үй-жай иелерiнiң кондоминиумдағы құқықтары.
Үй-жайлардың барлық меншiк иелерi-кондоминиумға қатысушылар ортақ мүлiктi басқаруда тең құқыққа ие болады.
Үй-жай иесiнiң ортақ мүлiктi, сондай-ақ жер учаскесiн басқа меншiк иелерiмен қатар пайдалануға құқығы бар.
Аталған құқықты шектеу үй-жайлар иелерiнiң келiсiмiмен немесе кондоминиум объектiсiн басқару органының шешiмiмен белгiленуi мүмкiн.
Үй-жай иелерiнiң басқа жерде тұруы, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын басқа адамдарға беруi үй-жайды меншiктенушi құқықтарының шектелуiне әкелiп соқпайды және меншiк иесiн оған заңдармен, кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi меншiк иелерiнiң келiсiмiмен немесе меншiк иелерi бiрлестiгiнiң Жарғысымен жүктелетiн мiндеттерден босатпайды.
Үй-жайлардың иелерi ортақ мүлiктiң өздерiне бекiтiлiп берiлген пайдаланылуы шектеулi бөлiгiн үй-жайлар иелерiнiң келiсiмiнде не кондоминиум объектiсiн басқару органының шешiмiнде белгiленген ережелермен пайдалануға құқылы.
Үй-жай иесiнiң пайдаланылуы шектеулi қандай да болсын ортақ мүлiктi өз атынан иелiктен шығаруға құқығы жоқ.
Кондоминиум объектiсi тiркелгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей үй-жай иелерi кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы мәселенi шешуге тиiс. Осындай шешiм қабылданғанға дейiн бiртұтас кешен ретiнде кондоминиумге, сондай-ақ тұрғын үйдi коммуналдық қызметтермен бiр орталықтан қамтамасыз етуге байланысты мiндеттемелер бойынша меншiк иелерi бiрдей жауап бередi.
Бiртұтас инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жүйесi бар және бiртұтас тұрғын үй-коммуналдық кешендi құрайтын көп пәтерлi тұрғын үйде (немесе оның бiр бөлiгiнде) кондоминиум объектiсiн бiрлесiп басқарудың бiр нысаны ғана қолданылуы мүмкiн.
Кондоминиум объектiсiн басқару нысаны оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленедi. Ондай нысандар:
егер барлық меншiк иелерiнiң саны төрт адамнан аспаса, олардың тiкелей бiрлесiп басқаруы;
үй-жай (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi;
кондоминиум объектiсiн үшiншi (сырт) жеке (тұрғын үйдi басқарушы) немесе заңды (тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орны) тұлғалардың басқаруы;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандар болуы мүмкiн.
Кондоминиум объектiсiн басқару жөнiнде шарт бойынша тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орнына не тұрғын үй басқарушысына берiлетiн құқықтар көлемi шартпен белгiленедi.
Үй-жайлар иелерi тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн ұйымдармен осындай қызмет көрсету туралы жеке шарттар жасасуға құқылы.
Меншiк иелерiнiң арасында кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы келiсiмге қол жетпеген ретте меншiк иелерiнiң кез келгенi, ал кондоминиум (объектiсi) тұрғын үй-жайларды жекешелендiру нәтижесiнде құрылған үйлерде жекешелендiрудi жүзеге асырушы мемлекеттiк орган да меншiк иелерiнiң алдына үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру туралы мәселе қоюға құқылы.
Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi көпшiлiгiнiң шешiмi бойынша кондоминиум объектiсiн басқару нысанының өзгертiлуi мүмкiн.
Басқа үйлермен бiрге үй-жайлар иелерiнiң бiр кооперативi басқаратын тұрғын үй-жайдың иелерi көпшiлiк болып қабылданған шешiм бойынша осы кооперативтiң құрамынан шығып, өзiнiң жеке кооперативiн құруға не кондоминиум объектiсiн басқарудың өзге нысанын қолдануға құқылы.
в)бюджеттік мекемелердегі қызмет ететін қызметкерлер тобына мемлекет тарапынан жеңілдіктер
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқын тұрғын үймен қамтуды жақсартуды талап етуі жер-жерде құрылыс индустриясының жандануына ықпал еткені шүбәсіз.
Тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың белсенді формалары жалғастырылуда. “Кедейшілік” ұғымына көзқарас біршама өзгерді. Бұл – қоғамның әлеуметтік саладағы әлеуетінің бағамына негізделген белгі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға төлем, тұрғын үйге қатысты өтем осымен айқындалады. Бюджеттік мекемелердегі қызмет ететін қызметкерлер тобына мемлекет тарапынан жеңілдіктер берілуде. Уақыт жақсы нышандарымен жалғасуда. Тәуелсіз Қазақстанның табыстары әлем назарында.
Тұрғын үй құрылысының құнын төмендету үшiн қазiргi заманғы тиiмдi және энергия үнемдеушi сәулет-құрылыс шешiмдерiне көшу қажет.
Қазақстанда тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып жатқанына үшінші жыл. Осы уақыт ішінде біз оның артықшылығын бағалауға толығымен көз жеткіздік. Тек 2005 жылы ғана қаржыландырудың барлық көздері бойынша бюджеттік мекемелердегі қызмет ететін қызметкерлер тобына мемлекет тарапынан бағдарламада көрсетілген 3 миллион шаршы метрдің орнына 5 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2004 жылғы деңгейден 1,8 есеге көп деп атап өтті елбасы өзіің 2006 жылғы халыққа жолдауында. Тағы бір айтқаны жеке тұрғын үй құрылысын кең ауқымда дамыту үшін ынталандыру жағдайларын жасауымыз керек. Ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша тұрғын үй сатып алуға табысы жетпейтін азаматтар үшін тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін одан әрі дамыту керек. Елімізде тұрғын үйді жалға беру рыногын әлемдік стандарттарға сай дамытып, оны мемлекет үшін ашық, бизнес үшін тартымды ету керек.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй өздерiнiң жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңдарына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үй, жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қоспағанда, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй өздерiнiң жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңдарына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi