Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 05:27, реферат
Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және занды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен оргаңдарды түсіну қерек.
Негізгі бөлім
1.1. Қылмыстық процеске қатысушылар ұғымы. Олардың жіктелуі
1.2. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде
1.3. Қылмыстық iзге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен
лауазымды адамдар
1.4. Өз құқықтары мен мүдделерiн немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi
қорғап процеске қатысушылар
1.5. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2) ісіне байланысты айыптау
3) ісі бойынша ақтайтын үкім шығарылған айыпталушы ақталған деп аталады.
Айыпталушы тергеу мен соттан жалтармауға міндетті.
4. Қорғаушы
Қорғаушы - заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.
Қорғаушы ретiнде адвокат қатысады. Қорғаушы ретiнде қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы кезiнде күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғауды одан басқа оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы не қамқоршысы, қорғаншысы не күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкiлi жүзеге асыра алады.
Бiр адам, егер сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.
Адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ.
5. Жәбiрленушi
Қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен моральдық, дене және мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға ол жөнiнде негiз бар адам жәбiрленушi болып танылады.
Адам есi кiресiлi-шығасылы адам жасаған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған әрекетпен оған зиян келтiрiлген жағдайларда да жәбiрленушi болып таныла алады.
Адам қылмыстық процесте қылмыстық iс қозғалған кезден бастап тиiстi қаулы шығысымен жәбiрленушi болып танылады. Егер адамды жәбiрленушi деп танығаннан кейiн оның бұл жағдайда болуы үшiн негiздер жоқ екенi белгiленсе, қылмыстық процестi жүргiзушi орган өзiнiң қаулысымен ол адамның iске жәбiрленушi ретiнде қатысуын тоқтатады.
Жәбiрленушiге қылмыспен келтiрiлген мүлiктiк зиянды, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген ережелер бойынша өкiлге арналған шығындарды қоса есептегендегi оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтiрiлген шығындарды өтеу қамтамасыз етiледi.
Жәбiрленушiнiң өзiне келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер мұндай талап қылмыстық iсте қойылмаса не қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қоюға құқылы.
Жәбiрленушiнiң:
1) айыпталушыға тағылған айып туралы бiлуге;
2) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге;
3) дәлелдер ұсынуға;
4) өтiнiштi, оның iшiнде қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы өтiнiштi және қарсылықты мәлiмдеуге;
5) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;
6) өкiлiнiң болуына;
7) заңда көзделген жағдайларда күдiктiмен, айыпталушымен татуласуға;
8) өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге;
9) тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтiнiшi не өз өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн тергеу әрекеттерiне қатысуға;
10) бiрiншi сатыдағы сотта iстi соттың талқылауына қатысуға;
11) сот жарыссөздерiнде сөйлеуге;
12) айыптауды, оның iшiнде мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;
13) мәлiмделген шағымдарды, өтiнiштердi және наразылықтарды апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттың қарауына қатысуға;
14) өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн заңға қайшы келмейтiн өзге де тәсiлдермен қорғауына құқығы бар.
Жәбiрленушiнiң, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтiрiлген мүлiктiк зиян үшiн, егер осындай қылмыс үшiн сотталған адамның осы қылмыспен келтiрiлген залалды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлкi болмаса, бюджет қаражаты есебiнен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Жәбiрленушi жауап
беруден бас тартқаны үшiн
Қылмыспен моральдық немесе мүлiктiк зиян келтiрiлген заңды тұлға жәбiрленушi болып танылуы мүмкiн.
1.5. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар
1. Куә
Айғақ беру үшiн куә ретiнде iс үшiн маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.
Куә ретiнде жауап алуға:
1) қылмыстық iс
бойынша iс жүргiзуге
2) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төрешi;
3) қылмыстық iс бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған жағдайлар туралы - сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнiң адвокаты;
4) оған iшкi сырын ашу кезiнде белгiлi болған мән-жайлар туралы - дiни қызметшi;
5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне орай iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсiнуге және олар туралы жауап беруге қабiлетсiз адамдар жатпайды.
Куәнiң: қылмыстық жазаланатын әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзi, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшiн iзiне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға; өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға; жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың iс-әрекетiне шағым жасауға, өз құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның iшiнде қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы өтiнiштi мәлiмдеуге құқығы бар. Куә, егер адвокаттың iске қандай да бiр басқа жағдайда қатысы болмаса, адвокаттың қатысуымен айғақ беруге құқылы.
Куә: анықтаушының,
тергеушiнiң, прокурордың және
соттың шақыруы бойынша келуге;
iс бойынша барлық өзiне
Қасақана жалған жауап бергенi үшiн және жауап беруден бас тартқаны үшiн куә Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауапқа тартылады. Айғақтар беруден бас тарту немесе қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша дәлелдi себептерсiз келмеу әкiмшiлiк жауапқа тартуға әкеп соғады.
2. Куәгер
Куәгер дегеніміз - іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам (ҚІЖК-нің 82-бабының 1-бөлігі).
Куәгердің бірегейлігі оның қылмыстық-процессуалдық мәні бар мынадай сипаттарынан көрінеді:
— куәгер ауыстырылмайды;
— өзінің ауыстыруға болмайтындығына байланысты, істің нәтижесіне мүдделілік себептері бойынша ол істен тысқары қала алмайды;
— мыналар іс бойынша куәгерлер бола алмайды:
а) айыпталушының қорғаушысы — қорғаушы міндеттерін орындауына байланысты өзіне айыпталушыдан белгілі болған істің жағдайлары туралы; ә) өзінің балалық жасына, өзінің дене немесе жүйке кемістіктеріне байланысты іс үшін мәні бар құбылысты дұрыс қабылдауға жай-күйі көтермейтін және олар туралы дұрыс жауап бере алмайтын адамдар; б) адвокат, қоғамдық ұйымның өкілі - өкіл міндеттерін орыңдауына байланысты өзіне белгілі болған жағдайлар туралы; в) бұған қоса заң адамнан оның өзіне, жұбайына (зайыбына) және жақын туған-туыстарына қарсы жауап алынбайды деп белгілейді, сондай-ақ діни қызметкерден оған сенім білдіретін діндестеріне, егер осы адамдар жауап беруге өзінің келісімдерін бермесе, қарсы жауап алуға болмайды. г) судья - іс бойынша процеске қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешімін шығару кезінде туындайтын мәселелерді кеңесу бөлмесінде талқылау барысында өзіне белгілі болған қылмыстық істің жағдайлары туралы;
— заң куәгер үшін жас шамасының деңгейін белгілемейді; ең төменгі жас жеке-дара ерекшеліктеріне және іс үшін мәні бар, іс жүзіңдегі орын алған жағдайларды барабар қабылдай алатын қабілетіне байланысты;
— куәгерлердің жауаптары - сыни тұрғыдан және адамның жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып бағалануы тиіс.
— кәмелетке толмаған куәгер жалған жауаптар бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды;
— куәгердің өзіне, оның отбасы мүшелеріне және жақын туған-туыстарына өлтіру, оларға күш қолдану қаупі кезіндегі қауіпсіздігіне және мүлкін жою мен зақым келтіруден қорғауға заң кепіддік береді.
Қылмыстық процесте куәгердің төмендегідей құқықтары бар: оған қауіп төндіру, күш көрсету жөне тағы басқадай мәжбүрлеусіз жауаптар беруге; оның құқықтарын бұзатын анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және сотгың іс-қимылына шағымдануына, сотқа келуіне байланысты шығындарының орнын толтыруға және жұмыс орны бойынша орташа жалақысын сақтауға немесе үйреншікті жұмысынан аландатқаны үшін сыйақыға; өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде жауаптар беруге; аудармашының көмегін тегін пайдалануға, оның жауабына қатысушы аудармашыға қарсылық білдіруін мәлімдеуге; жауап алу хаттамасында өзінің сөздерін өз қолымен жазуға; қалау-тілектерін мәлімдеуге; егер оның қандай да бір өзге сипатта іске қатысы болмаса өз адвокаты қатысып отырғанда жауап беруге.
Куәгердің міндетіне мыналар жатады:
1) тергеушінің, анықтау
2) жауап беру; жауап беруден бас тартқан жағдайда куәгерге қылмыстық жауапкершілік жүктеледі;
3) ақиқат жауаптарды ғана айту; қасақана жалған жауаптар бергені үшін куәгерге қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.
3. Сарапшы
1. Арнаулы ғылыми
бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам
сарапшы ретiнде шақырылуы
2. Сарапшының:
1) сараптама нысанасына
қатысты iс материалдарымен
2) қорытынды беру
үшiн қажеттi қосымша материалдарды
өзiне беру туралы, сондай-ақ қауiпсiздiк
шараларын қолдану туралы
3) қылмыстық процестi
жүргiзушi органның рұқсатымен iс
жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге
және сот отырысына қатысуға
және оларға қатысушы
4) өзi қатысқан iс
жүргiзу әрекетiнiң
5) сараптама тағайындаған
органның келiсiмi бойынша сот-
6) ана тiлiнде немесе
өзi бiлетiн тiлде қорытынды
7) сараптама жүргiзу
кезiнде қылмыстық процестi
8) сараптама жүргiзу
кезiнде шеккен шығыстарға
3. Сарапшы:
1) қылмыстық процестi жүргiзушi органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге;
2) зерттеу үшiн материалдарды дербес жинауға;
3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектiлердi толық немесе iшiнара жоюға не олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi қасиеттерiн өзгертуге әкеп соғуы мүмкiн зерттеулер жүргiзуге құқылы емес.
Қорытынды
Судья — қылмыстық процестің негізгі субъектісі. Судьяның негізгі міндеті қылмыстық істерді талқылау жене шешу арқылы сот төрелігін жүзеге асыру. Тек судьяға ғана үкім арқылы нақты адамға (сотталушыға) қылмыс жасаған деп айыптауға, сондай-ақ оны қылмыстық жазалауға конституциялық өкілдік берілген.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу процесі — қатысушылары әр түрлі тұлғалар болатын күрделі процесс. Бұл тұлғаларға қылмыстық істерді тергеуде және қарауда белсенді қатысу үшін мемлекеттік органдармен жіберілген және тартылған қоғамның құқықты мүшелері мен заңды тұлғалары жатады. Бұл үшін осы тұлғаларға кең процессуалдық құқықтар берілген. Қылмыстық іс жүргізуге: қосымша қызметтер атқаратын, қылмыстың сот ісін жүргізуді іске асыруға өкілетті мемлекеттік органдар лауазымды тұлғалар жатады. Қылмыстық істі жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі.