Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 05:27, реферат
Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және занды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен оргаңдарды түсіну қерек.
Негізгі бөлім
1.1. Қылмыстық процеске қатысушылар ұғымы. Олардың жіктелуі
1.2. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде
1.3. Қылмыстық iзге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен
лауазымды адамдар
1.4. Өз құқықтары мен мүдделерiн немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi
қорғап процеске қатысушылар
1.5. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2. Функцияларды жүзеге асыру тергеушінің өзге де процеске қатысушылармен өзара іс-қимылы жағдайында ғана орын алуы мүмкін. Өзара іс-қимылдың сипаты қүқықтық қатынастарға қатысушының мәртебесіне байланысты.
3. Процеске қатысушылардың бәрін де құқықтарымен қамтамасыз ету және оларға міндеттер жүктеу тергеушінің өз функцияларын орындауының алғышарттары болып табылады.
4. Тергеушінің заңды талаптарын кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауының міндеттілігі заңда көзделген.
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі принципі. Бұл принщштің мәні мыналардан көрінеді:
— тергеудің бағыты және тергеу ісін жүргізу туралы барлық шешімді тергеуші дербес түрде қабылдайды, бұған занда көзделген прокурордың санкциясын алу жағдайлары кірмейді;
— тергеу ісін жүргізу туралы қабылданған шешімдердің заңдылығы мен дер кезділігі үшін тергеуші толық жауапты болады;
— тергеуші дәлелдерді өзінің көзқарас сенімі бойынша бағалайды, ал көзқарас сенімі істің барлық мән-жайын олардың жиынтығында жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделеді.
Процеске қатысушылар мен өзге де адамдарың қауіпсіздігін қамтамасыз ету принципі. Бұл принциптің мазмұнына мыналар жатады:
— жеткілікті мәліметтер болған жағдайда жәбірленушінің, куәгердің және іске қатысушы басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын туысқандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей шаралар қабылдау;
— процеске қатысушылардың өміріне, денсаулығына, абыройына, ар-ожданына және мүліктерінің сақталуына қауіп төндірген кінәлі адамдарды анықтау, оларды занда көзделген жауапкершілікке тарту.
4. Аныктау органы
ҚІЖК-нің 7-бабының 14-тармағына сәйкес анықтау органы қылмыстық ізге түсу органдарына жатады. Заң шығарушы анықтау органдарының егжей-тегжейлі тізбесін белгіледі (ҚІЖК-нің 65-бабының 2-тармағында), оған мыналар жатады:
1) ішкі істер органдары;
2) ұлттық қауіпсіздік оргаңдары;
3) әділет органдары;
4) салық полициясың органдары;
5) кеден органдары;
6) әскери полиция органдары;
7) шекара бөлімдерінің
8) әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
9) Қазақстан Республикасының дипломатиялык өкілдіктерінің консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
10) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары;
11) алысқа жүзу сапарында жүрген теңіз кемелерінің капитандары, геологиялық барлау партияларының, 1-10-тармақтарда аталған, анықтау органдарынан алыс жатқан басқа да мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшылары - көлік қатынастары жоқ болған кезең ішінде.
С. В. Болотиннің пікірі бойышпа: "Анықтау органының іс жүргізу мәртебесін иемденуі үшін төмендегідей құқықтық алғы-шарттардың болуы қажет:
— заң белгілеген тәртіппен мемлекеттік басқару органын құру;
— адамды қызметке (оның ішінде осы органның басшысы қызметіне) тағайындау;
— аталған басқару органының анықтау жүргізуге арналған өкілеттілігінің қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленуі".
Анықтау органы ұғымы мыналарды қамтиды:
— ҚІЖК-нің 65-бабында көзделген анықтау органын қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының, қылмыстық процестің қатысушысына телу;
— анықтау нысанында ізге түсіруді жүзеге асыратын қылмыстык ізге түсу органы үшін көзделген құқықтар мен міндеттердің барлық жиынтығын ҚІЖК-нің 65-бабында қам-тылмаған кез келген органға қолдану;
— анықтау органының негізгі қызметінің мазмұнына байланысты қылмыстық істердің тергеуге жататындығын саралау.
Анықтау органдарының міндеттері мыналар болып табылады:
— заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыстың алдын алу және онымен күресу;
— қылмысты тез және толық ашу;
— қылмыс жасаған адамдарды анықтау және оларды әшкерелеу;
— әрбір қылмыс жасаған адам әділетті жазаға тартылатындай және кінәсіз адамның ешқайсысы да қылмыстық жауапкершілікке тартылып жазаланбайтындай етіп заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету;
— қылмыс келтірген зиянның сипаты мен көлемін анықтау және азаматтык талапты немесе мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау.
5. Анықтаушы
ҚІЖК-нің 67-бабында көрсетілгеніндей, анықтаушы - өзінің құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті қызмет адамы. ҚІЖК-нің 7-бабының 14-тармағына сәйкес анықтаушы - бұл анықтау органы.
Қылмыстық іс жүргізу заңы анықтаушының мынадай құқықтарын қарастырады:
— тергеу ісін жүргізу үшін прокурордың санкциясы немесе сот шешімі қажет болатын жағдайларды есептемегенде қылмыстық ізге түсуді бастау және тергеу ісін жүргізу туралы дербес түрде шешім қабылдайды;
— алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істер бойьшша анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда қылмыстық іс қозғай алады;
— шұғыл тергеу ісін және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізе алады;
— тергеліп жатқан іс бойынша куәгерлер және жәбірленушілер ретінде олардан жауап алу үшін, сондай-ақ мамандар немесе сарапшылар ретінде іске тарту үшін кез келген адамды анықтау органына шақыра алады;
— мекемелерден, кәсіпорындардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан іс бойынша жағдайды анықтау үшін қажетгі заттарды және құжаттарды көрсетуді талап ете алады;
— тиісті адамдарды жәбірленушілер, азаматтық талапкерлер, олардың өкілдері және азаматтық жауапкердің өкілі ретінде тани алады, адамды азаматтық жауапкер ретінде тарта алады;
— айыпталушыға (сезіктіге) қатысты бұлтартпау шараларын қолдана алады;
— қылмыстық істерді біріктіре алады және жеке іске бөліп қарай алады;
— заттық айғақтарды іске тіркей алады;
— алдын ала тергеу жүргізу міңдетті емес істер бойынша айып таға алады және адамнан айыпталушы ретінде жауап ала алады;
— айыптау қорытындысын жасаумен істі аяқтай алады не алдын ала тергеу міндетті емес іс бойынша істі қысқарта алады немесе тоқтата алады.
Анықтау жүргізуші міндеттерінің қатарына мыналар жатады:
— іске қатысушы адамдарға олардың құқықтарын түсіндіру және осы құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
— процеске катысушылардың және өзге де адамдардын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау;
— анықтау және алдын ала тергеудің деректерін әйгілемеуді қамтамасыз ету;
— заңсыз іс-әрекетпен тұлғаға келтірілген зиянның орнын толтыруға шаралар қабылдау;
— азаматтық талапты қамтамасыз ету;
— мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету;
— іс үшін маңызы бар жағдайларды зерттеу туралы өтініштерді қанағаттандыру.
1.4. Өз құқықтары мен мүдделерiн немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi
қорғап процеске қатысушылар
1. Сезікті
ҚІЖК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес сезікті дегеніміз – өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. 1) оған қатысты іс қозғалған; 2) қылмыс жасады деген күдікпен ұстал-ған адамды; 3) айыптау табыс етілгенге дейін бұлтартпау шаралары қолданылатын адамды білдіреді. Сонымен бірге сезікті дегеніміз - қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының бірден-бір қатысушысы, оның мәртебесі - адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарудың салдарынан емес, осы адамға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану нәтижесінде немесе қылмыс жасады деп күдіктенуге байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау нәтижесінде белгіленеді.
Сезіктінің процесте пайда болуының заң белгілеген негіздері оның әрбір қылмыстық іс тікелей қозғалған сәттен бастап қатысуын жоққа шығарады.
Сезікті - өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың тізбесін ашатын маңызды процессуаддық тұлғалардың бірі.
Сезіктінің жағдайы ұстаудың шекті мерзімі - жетпіс екі сағатты сақтау туралы заң талабымен күшейе түседі. Сезіктіге бұлтартпау шараларын қолданған жағдайларда адам сезікті жағдайында он тәуліктен астам бола алмайды. Аталған мерзімдердің аяқталуы төмендегі шаралардьщ бірін қолдануды талап етеді:
— сезіктіні қамаудан босату;
— таңдап алынған бұлтартпау шараларын жоққа шығару;
— адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту.
Сезіктенушінің төмендегідей:
— өзін неге байланысты күдікті деп санайтындығын білуге құқығы бар.
— өзіне карсы күдік бойынша түсініктер мен жауаптар беруге, түсініктер мен жауаптар беруден бас тартуға құқығы бар.
— дәлелдер келтіруге құқығы бар.
— қалау-тілектерін және қарсылық білдіруін мәлімдеуге құқығыбар.
— ана тілінде немесе өзі білетін тілде жауаптар беруге құқығы бар
— аудармашының көмегін тегін пайдалануға құқығы бар;
— өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу жұмысының хаттамаларымен танысуға және сол хаттамаларға ескертулер жасауға құқығы бар.
Сезіктінің оқиға болған орынды қарау, процестің өзге де қатысушыларынан жауап алу сияқты тергеу істеріне, басқа да іс-әрекеттерге қатысуы ықтимал қателерді уақтылы жоюға мүмкіндік береді;
— соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушыньщ іс-әрекеті мен шешіміне шағымдар келтіруге құқығы бар;
— өз өтініші бойынша қорғаушының қатысуы кезінде жауап беруіне құқығы бар.
2. Айыпталушы
ҚІЖК-нің 69-бабының 1-бөлігі негізінде айыпталушы деп айыпталушы ретіңде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған адамды не сотта жеке айыптау мен қылмыстық іс қозғалған адамды, сондай-ақ анықтау органының бастығы оған қатысты айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адамды білдіреді.
Сонымен "сезік" пен "айып" категорияларының мазмұнындағы айырмашылық айыпталушының процессуалдық жағдайының ерекшеліктерін тұжырымдауға мүмкіндік береді:
— процестің кезеңіне қарамастан айыпталушы қылмыстық іс жүргізу қызметінің қатысушысы болып табылады;
— "айыпталушы" ұғымы "кінәлі" ұғымымен сәйкес келмейді және айыптау дегеніміз жиналған дәлелдер негізінде қалыптасқан сенімнің нәтижесі;
— алдын ала тергеу кезеңінде айыпталушы тікелей белсенді түрде тергеуге қатысуға құқылы емес; дәлелдер келтіру құқығы - айыптаудан қорғануды жүзеге асыру нысандарының бірі.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде айыпталушының мынадай құқықтары бар (ҚІЖК-нің 69-бабы):
— өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін амалдармен және тәсілдермен қорғауға;
— қорғануға даярлану үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндік алуға;
— қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы шұғыл түсінік алуға;
— не себепті айыпталып отырғанын білу және өзін айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесін алуға;
— тағылған айып бойынша түсінік пен жауап беруге;
— жауап беруден бас тартуға;
— дәлелдер келтіруге;
— қалау-тілектерін мәлімдеуге;
— іс аяқталғаннан кейін тергеудің барлық материалдарымен танысуға;
— қорғаушы қызметін пайдалануға, онымен оңаша және кұпия түрде кездесуге;
— алғашқы сатыдағы сотта соттық талқылауға қатысуға;
— қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
— анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың іс-қимылы мен шешімдеріне шағымдар айтуға;
— соңғы сөз құқығын пайдалануға;
— өзі берген жауаптарды өз қолымен жазуға;
— бетпе-бет кездесу кезінде сұрақтар қоюға;
— өзінің қалау-тілегі бойынша немесе қорғаушының не заңды өкілінің қалау-тілегі бойынша жүргізілетін жекелеген тергеу іс-қимылының барысына қатысуға;
— қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтары мен мүдделеріне ықпал ететін іс жүргізушілік шешімдердің қабылданғаны туралы хабар алуға;
— ана тілінде немесе өзі білетін тілде жауаптар беріп, түсінісуге;
— аудармашының көмегін ақы-пұлсыз пайдалануға;
— сарапшыға сұрақтар қоюға, сараптама тағайындалғаны туралы қаулымен, сараптама қорытындыларымен танысуға;
— тергеу аяқталғаннан кейін істегі барлық материалдармен танысуға және ондағы кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;
— ақтамайтын негіздермен істі тоқтатуға қарсы қарсылық білдіруге;
— жария соттық талдауды талап етуге.
Айыпталушының құқықтарына сотталушының, сотталғанның құқықтары жатады, өйткені аталған қатысушылардың кұқықтық қатынастарына қатысты іс жүргізушілік метаморфо-за туралы әңгіме болып отыр: