Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 15:07, дипломная работа
Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар туралы тарау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі мүлдем жаңа тарау болып табылады. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мемлекеттік немесе мемлекеттік емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар үшін бірдей жауаптылық белгіленіп, олар лауазымды қылмыстар деген арнаулы тарауда көрсетілген еді.Жаңа қылмыстық кодекстің жобасын талқылау және оны қабылдау кезеңінде қоғамымызда орын алған орасан әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің талабына сай келетін жаңа қылмыстық заң қабылдау қажеттілігі туындады.