Кедендік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 12:58, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының жас кеден қызметi аяғынан бекем тұрып, өз алдында тұрған мiндеттердi ойдағыдай орындауда. Бұл ретте кеден органдары өзiнiң қызметiн ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына жолдаған жолдауында баяндалған “ Қазақстан даму стратегиясы-2030” ұзақ мерзiмдi бағдарламасына сүйене отырып жұзеге асырады. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау тәртiбi оларға мәлiмдеген кеден режимiне, сондай-ақ кедендiк рәсiмдеуi мен кеден бақылау процедурасы Кеден Кодексiне сәйкес анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ
1.1 Кеден бақылауының болмысы, принциптері, мақсаттары мен міндеттері
1.2 Кеден бақылауының әдістері және түрлері
2 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 76.00 Кб (Скачать)

ЖОСПАР 

 

КІРІСПЕ

1. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ

    1.1 Кеден бақылауының  болмысы, принциптері, мақсаттары мен міндеттері

    1.2 Кеден бақылауының әдістері және түрлері

2 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының жас кеден қызметi аяғынан бекем тұрып, өз алдында тұрған мiндеттердi ойдағыдай орындауда. Бұл ретте кеден органдары өзiнiң қызметiн ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына жолдаған жолдауында баяндалған “ Қазақстан даму стратегиясы-2030” ұзақ мерзiмдi бағдарламасына сүйене отырып жұзеге асырады. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау тәртiбi оларға мәлiмдеген кеден режимiне, сондай-ақ кедендiк рәсiмдеуi мен кеден бақылау процедурасы Кеден Кодексiне сәйкес анықталады.

Негiзгi кедендiк ресiмдеу алдындағы және тыйым салынған тауарларды ҚР-ың кедендiк аумағына өткiзуге жол  бермеу үшiн жүзеге асырылатын iс-әрекеттер  ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тасымалдау пунктiнде алдын ала  кедендiк ресiмдеу болып табылады. ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тасымалдау пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу кезiнде:

- орналасуы кеден органдарымен келiсiлген тиеу-түсiру операцияларын жүргiзу үшiн арнайы бөлiнген және жабдықталған орындарда тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асыруға;

- тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асырушы тұлғаны-сұрауы бойынша тауарлар тиеу-түсiру операцияларын жұзеге асыруға қажеттi мерзiм iшiнде уақытша сақтау орнына қойылмастан мұндай операцияларды жүргiзу орындарында болуына жол берiледi.

Кедендiк бақылау-ҚР кеден  заңдылығын сақтау және халықаралық  келiсiмдер мен одан туындайтын халықаралық мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында елдiң кеден органдары қолданатын жиынтығы. 
Кедендiк бақылау - ҚР кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен келесi нысанда жүзеге асады:

- кедендiк бақылауға  қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;

- тауарлар мен транспорттық  құралдарды кедендiк тексеру;

- жеке тексеру;

- республика кеден  шекарасы арқылы өтетiн заттарды есепке алу;

- жеке және лауазымды тұлғаларды ауызша сұрау;

- есептiлiк және құжаттылық жүйесiн тексеру;

- кедендiк бақылауға  жатқызылатын заттар орналасатын  уақытша сақтау қоймасы, кеден  қоймасы, бажсыз сауда дүкенi  және өзге жерлердiң аумақтары мен бөлiмдерiн тексеру;

- кеден баждары мен  өзге төлемдердi жинау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ
      1. Кеден бақылауының болмысы, принциптері, мақсаттары мен

міндеттері

 

Кедендік бақылау – орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кедендік іс және халықаралық шарттар эөніндегі заңдарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік органдарының жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы.

Кедендік бақылау кедендік істі тәжірибеде іске асырудың басты  құралы ретінде, сондай-ақ мемлекеттік  кедендік саясатын жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылады.

Кедендік бақылаудың негізгі мақсаты – түрлі тексерулер көмегімен өткізілген операциялар  мен әрекеттердің кедендік заңдарға  сай болуын, кедендік қызметке қатысушы жеке және заңды тұлғалардың белгіленген кедендік ережелер мен процедураларды орындауын анықтау.

Кедендік бақылау  әкелуде – тауармен (көлік құралымен) Қазақстан Республикасының шекарасынан өту сәтінен; әкетуде – кедендік декларацияны қабылдау сәтінен басталады. Кедендік бақылау әкелуде – тауарлар мен көлік құралдарын шығару сәтінде; әкелуде – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту сәтінде аяқталады.

       

   1.2 Кеден бақылауының әдістері және түрлері

 

Кеден заңының маңызды  бөлімдерін құрайтын кеден құқығының  келесі институтына кеден рәсімдеуі мсн кеден бақылауын жатқызуға болады.

Кедендік рәсімдеуі  нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мол көлік кұралын  тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мен осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяктауды білдіреді.

Қазакстанның кеден  шекарасы аркылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары  кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген  ережелер бойынша жүргізіледі.

Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.

Кедендік бақылау Қазақстан Республикасыны кедендік органдарының лауазымдық тұлғалары арқылы жүзеге асырылады және мына түрлерге жіктеледі:

    • тауарларды (импорт,экспрот және транзиттік) кедендік бақылау;
    • көлік құралдарын (теңіз, өзен және әуе жолы көліктері, теміржол

құралдары, автокөлік құралдары) кедендік бақылау.

Кеден рәсімдеуі кеден  шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарынын заңдылығын аныктайды және бекітуге жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын  анықтайды, баска да шаралар сырткы сауда мәмілесінің заңга сәйкестігін нактылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді.

Кеден бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын  заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі.

Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан тұрады:

-жалпы ережелер;

 - алдын-ала жүргізілетін операциялар;

- уақытша сақтау;

- кедендік тасымалдау;

- мәлімдеу.

Кеден рәсімдеуі кеден органына кеден рәсімдеуіне бөлініп берілген орынға тауар мен көлік қүралдарының жеткізілгендігі жөнінде хабардар етілгеннен кейін және кедендік жүк  декларациясын және басқа құжаттарды ұсынғаннан соң басталады. Кеден рәсімдеуі тиісті кеден органының қалауы бойынша сол жерде және оның қызмет орнының аймақтарында немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша басқа да орындарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда жалпы тәртіпті Кеден комитеті бекітеді.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫН ЖҮРГІЗУ  ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ

 

Кеден рәсімдеуін жүргізуде (кеден органының талап етуі бойынша  міндетті) тауарлар мен көлік құралдары  иесінің өкілетті өкілі катысуға құқылы.

Кеден рәсімдеуін жүргізу  барысында заңдарда көзделген тиісті органдар жүзеге асыратын малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттік бақылаудың т. б. түрлері ескеріледі.

Рәсімделген немесе рәсімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік  қүралдарын пайдалану мен оларға иелік етуге тыйым салынады. Нақты жағдаяттардың туу оқиғаларына байланысты шектеулер мен тыйым салуды пайдалану шарттарын кеден органы бекітеді.

Арнайы экономикалық аймақта (АЭА) кеден реттеулерін, соның  ішінде кеден рәсімдеуін жүргізу  өзекті проблема болып отыр. 1996 жылдың 16 қаңтарында Президенттің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Заң күші бар жарлығы (бұдан кейін - "Арнайы экономикалық аймақ туралы" жарлық) қабылданды.

Арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймағы деп  жариялау, осы аймақтан экспортталған және осы аймаққа импортталған тауарларға арнайы режим енгізу кез келген уақытта жалған қүжаттарды рәсімдеу мен айналысатын контрабанданың етек алуына әкеледі.

Әр түрлі елдерде  түрлі атауларға және жеңілдік режимдерге ие еркін экономикалық аймақтар бар, бірақ ондай аймақтарда мемлекеттің экономиканы көтеруге талпынуын және ішкі резервтердің жеткіліксіздігі кезінде инвесторларға экономикалық босаңсудағы шетел капиталының қүйылуына арналған бағыттарды көрсету арқылы біріктіреді.

Экономикалық аймақтын сипатты белгілері халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, уақытша салық төлеуден босатумен; экспортқа өндіру үшін пайдаланатын тауарлар импортын кеден бажынан босатумен; валюталық бақылаудың босаңдауымен; біріңғай әкімшілік орталық құрумен, толыктай шетелдік меншікке жататын фирмалар құруға рұксат етілуімен байланысты.

"Арнайы экономпкалық аймақ  туралы" жарлық арнайы экономикалық  аймақты еркін кеден аймақты  режимі әрекет ететін Қазақстан  Республикасының кеден аумағынан  тыс орналасқан аумақ ретінде  бекітеді.

Еркін кеден аймағы режимі аумақ шегінде шаруашылық қызмет жүргізетін барлық жеке және заңды тұлғаларға отандық және импорттық өндіріс тауарларын бажсыз және салық салынбаған әкелім құкығына мүмкіндік береді. АЭА аумағында өндірілген немесе жеткілікті ұқсатылған тауарлар әкетілу негізінде алып шығу кеден баждарынан босатылады, сарапшы қызметкерлері қатыстырылады. Сынама мен үлгілерді кеден органдарының рұқсатымен мемлекеттік өкілеттігі бар басқа органдар да алуы мүмкін. Заң бойынша сынамалар мен үлгілер зерттеу мумкіндігін қамтамасыз ететіндей аз мөлшерде алынатындығы анықталған.

Сараптама кызметінің әрекетінің заңдылығы, олардың кызмет тәртібі ведомстволық актілермен анықталады, оған 1995 ж. Кеден  комитеті бекіткен кеден сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы, зерттеу немесе сараптама үшін тауарлар сынамалары мен үлгілерін алу, оларды сактау мен кайтару тәртібі туралы нүсқаулары жатады.

Әкелінген немесе әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары мен  басқа да алымдарының дұрыс есептелуі  мен кеден бақылауының жеткіліктігі шыққан шешімге байланысты болады. Сынама мен үлгі алу кеден рәсімдеуі үшін тауар мен оның жолдама қүжаттары ұсынылған жағдайда, сондай-ақ контрабанда және кеден ережесі бұзылғандығы туралы істі жүргізу мен қарау кезінде де алынады.

Негізгі кеден рәсімдеуі  мен тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кеден режиміне орналастыруға  алдын ала кеден рәсімдеуі  жатады, әкелінуге (әкетілуге) тыйым  салынған тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге (әкетуге) жол бермеуге, кедендік құралдарды сәйкестендіруге бағытталған алдын-ала жүргізілетін операцялар болып табылады.

Мүдделі түлғаның тілегі бойынша кеден органдары нақты  тауарды немесе нақты шаруашылық операциясына байланысты топтастырылуына, кедендік бағасына, тауардың шыққан еліне  байланысты алдын-ала шешім қабылдайды. Мұндай шешім қабылданғаны үшін Үкімет бекіткен мөлшерде төлем алынады.

Егер алдын-ала шешім  шығаруға негіз болған фактілер мен  жагдайлар өзгеріссіз қалатын болса, алдын-ала шығарылған шешім басқа  да кеден органдары үшін міндетті болып табылады, онда заңдық күшін үш жыл (тауардың шыққан еліне қатысты) және бір жыл (басқа мәселелерге қатысты) ішінде жалғастырады.

Кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу кезінде  сондай-ақ кеден аумағынан  тыс әкету кезіде коммерциялық мақсатын пайдаланбай әрі карай кеден органы бекіткен жерге белгіленген бағыт бойынша жеткізу кезінде тасымалдаушы кеден органдарына хабарлама бе-руге міндетті.

Кеден рәсімдеуі барлық мәліметтерді, бақылау үшін немесе үсынылған тауарды тексеру үшін талап етілген барлық қүжаттардың қолда барлығын тексеруден соң аяқталады.

Сыртқы экономикалык кызметтің бұдан кейінгі заңдастырылуы  Қазақстанда Үкіметтің біраз  қаулылары бойынша мемлекет бақылауындағы  (мысалы, 1996 жылгы 12 кашардағы № 298 каулы) экспорт пен импорпык стратегиялык маңызды өтімдер тізбесі сақталғанымен, Қазақстанда тауарлар мен көлік құралдарының экспортқа арналған кедендік босаңсуға әкеліп соғуы мүмкін.

Қазакстанда кедеп шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен  көлік қүралдары мәлімдеуге жатады. Мәлімдеу жөнінде алғаш рет 1993 жылғы 13 ақпандағы Министірлер Кабинетінің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы аркылы тауарларды өткізу тәртібі мен мәлімдеу туралы" Қаулысында айтылған, осыған сәйкес 1993 жылдың 1 наурызынан бастап кеден органына кедендік жүк декларациясын ұсыну жолымен мәлімдеу енгізілді. Мәлімдеу тауарлар мен көлік қүралдарын кеден шекарасы арқылы тасымалдаушы тұлғанын кеден органына тауар туралы, мәмілеттің сипаты мен мазмұны жөніндегі барлық мәліметтерді заң, белгіленген (жазбаша, ауызша, электронды түрдегі беріліс және өзге де түрде) үлгі бойынша дәл мәлімдемені қүрайтын арыз арқылы жүргізілсді.

1995 жылы Кеден комитеті  «Кедендік жүк декларациясын  толтыру тәртібі туралы» нұсқауды  бекітті.

Информация о работе Кедендік бақылау